Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мелекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысынның 5-тармағының 3) тармақшасына, облыстық және аумақтық басқармалардың, департаменттердің және ұйымдардың басшыларымен аппаратық кеңестің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 21 хаттамасының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру мақсатында 30% (отыз) үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. "Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданының әкімі | А. Шүйіншалиев |
Алға ауданы әкімінің 2025 жылғы "4" қыркүйегіндегі № 247 шешіміне қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, "Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Орталық) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеудің тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекітеді.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
3. Мемлекеттік басқару органы-жарғыға сәйкес Орталықтың уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
4. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында козделуге тиіс.
2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
5. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Алға ауданының жергілікті бюджетінен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Алға ауданының мәслихатына жібереді.
7. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін Орталық басшысы кызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
8. Орталық басшысы еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.
9. Ынталандырушы үстемеақылар төленбейді:
1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
2) тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
10. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
11. Осы қаулыда корсетілген Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар "Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазакстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы кіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 каулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне косымша төлемдер болып табылады.
12. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т.б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
13. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
14. Ыпталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
15. Алға ауданының жергілікті бюджеті Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
16. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.