Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зайсан ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Е. Загипаров |
| Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы "16" қазандағы № 27/1-VIII шешіміне қосымша |
Зайсан ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Үйлер: жайлы | 1 тұрғын | 1,73 |
жайлы емес | 1,75 | ||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,2 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,26 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 1,32 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,57 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0076 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,47 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,20 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратынорын | 1,19 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратынорын | 0,33 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,06 |
13 | Спорт, би жәнеойынзалдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,60 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,22 |
16 | Базарлар, саудапавильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,37 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,32 |
18 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,53 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпыалаңы 1 м2 | 0,41 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көшесыпырындысы | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,33 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,39 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,75 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,05 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,08 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,11 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,93 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,30 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,47 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,53 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
