"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 242 "Қызылқоға ауданының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне (К.Камаладенов) жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы |
Е. Иғали |
