"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы С.Тулегеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Н.Тұрашбеков |
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2023 жылғы " 31 " қаңтардағы № 24 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" қаулысына қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде белгіленетін үй-жайлар тізімі
1. Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі н/з, № 2 "Хамза" атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;
2. Түркістан қаласы, Шойынбет би көшесі н/з, № 23 жалпы орта мектебінің акт залы;
3. Түркістан қаласы, Көктонды Әулие көшесі № 13, № 24 жалпы орта мектебінің акт залы;
4. Түркістан қаласы, Сығанақ көшесі № 2а, № 27 жалпы орта мектебінің акт залы;
5. Түркістан қаласы, Н.Оңдасынов көшесі н/з, № 17 Ататүрік атындағы мектеп гимназиясының акт залы;
6. Түркістан қаласы, Ататүрік көшесі № 114, № 5 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;
7. Түркістан қаласы, Төле би көшесі № 119а, № 16 Т.Бигельдинов атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;
8. Түркістан қаласы, Сандыбай көшесі № 54, № 18 Ж.Еділбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залы.
