Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 8 қарашадағы №02-08-04/161 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің "Тірітам" қыстағының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.
2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 154 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің м.а |
Қ. Ізбағанбет |
