Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 250 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5101 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 шілдеде электрондық түрде жарияланған) 2 тармағы алынып тасталсын;
2) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 252 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5100 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 шілдеде электрондық түрде жарияланған) 2 тармағы алынып тасталсын;
3) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 469 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4776 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 8 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) 2 тармағы алынып тасталсын;
4) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 251 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5102 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 шілдеде электрондық түрде жарияланған) 2 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | М.Отаршиев |
