"Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 306 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда жазылып бекітілсін.

      2. "Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген мерзімдерде әділет органдарында тіркеуді жүргізсін.

      3. "Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 389 қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулы заңнамамен белгіленген мерзімдерде қолданысқа енгізіледі.

      Ауданының әкімі Т. Исабаев

  Қаулымен бекітілген
  Федоров ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы "18" мамыр
  № 152

"Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 18.05.2026 № 152 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Ленин ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар.

      4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.

      5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.

      6. Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі.

      7. Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат акима Ленинского сельского округа Федоровского района", қазақ тілінде "Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Ленинн ауылы, Жеңіс күні көшесі, 29 үй, пошта индексі 111911.

      "Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, демалу және тамақтану үшін сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін (сенбі, жексенбіден басқа) үзіліспен белгіленеді.

      8. "Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.

      9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа тұруға тыйым салынады.

2-тарау. Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары және міндеттері

      11. Міндеттері:

      әкімнің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалды-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті мақсатта мәселелерді шешу;

      мемлекет егемендігін, конституциялық қатарын қорғау және нығайту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, азаматтарды құқықтарымен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, ауылдағы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясатын және әлеуметтік және экономикалық процесін басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

      қоғамдық келісімнің конституциялық принциптерін және саяси тұрақтылықты өмірге әкелу, мемлекеттік өмірдің ең қажетті мәселелерін демократиялық әдіспен шешу;

      заң және құқық тәртібін нығайту бойынша шараларды жүзеге асыру, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі азаматтардың құқықтық санасын және олардың белсенді азаматтық тұғыр деңгейін көтеру;

      қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпараттық құралдармен өзара қарым-қатынас жасау.

      12. Қызметтер:

      1) Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыреті шеңберінде:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл тұрғындарының, көшелердің, көп пәтерлі тұрғылықты үйлердің жергілікті қоғамдастардың бөлек жиындарын, жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының, жергілікті қоғамдастықтың жиналысын және жиынын шақыруының уақыты, орны және қаралатын мәселелері туралы оның өткізілуіне он күнтізбелік күн қалғаннан кешіктірмей бұқаралық ақпараттық құралдар немесе басқа да тәсілдермен хабарлайды;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және Ленин ауылдық округі әкімімен мақұлданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      Ленин ауылдық округінің бюджетінің жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      Ленин ауылдық округінің бюджетін орындау туралы есебін аудандық мәслихатқа және жергілікті қоғамдастық жиналысына береді;

      Ленин ауылдық округінің бюджетін жүзеге асыру туралы шешімді қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамытудың бағдарламасын жергілікті қоғамдастық жиналысына бекітуге береді және дайындайды;

      Ленин ауылдық округінің коммуналдық мүлігіне қатысты объектілердің құрылысы, қайта жаңарту және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүліктерін мақсатты және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналды заңды тұлғаларға қатысы бойынша коммуналдық жекеменшіктің құқығын субъектінің құқығын жүзеге асырады;

      Ленин ауылдық округінің коммуналдық меншігіндегі, мүлікті, коммуналдық мемлекеттік мекемені (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі), ұстау мерзімін белгілейді және алда баланстан шығарумен алынған мүлікті басқа тұлғаға беруге дейін алынған мүлікті сақтауды қамтамасыз етеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттік мүддесін береді, Ленин ауылдық округінің жеке меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық жекеменшігі);

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін сенім басқармасының шарты бойынша міндеттерді сенім басқармасының орындауына бақылауды жүзеге асырады;

      Ленин ауылдық округінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) мүліктерді, коммуналдық мемлекеттік мекеменің даму жоспарларын орындауын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүліктерін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды жүзеге асырады;

      аппараттың жұмысын, отырыстарды, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, олардың дайындалуын және өткізуін ұйымдастырады;

      ауылдық округ әкімінің шешім және өкім жобаларын дайындайды;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің, ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын және актілерін орындауға бақылауды жүзеге асырады;

      анықталған бұзушылықтарды, заңнамаларды сақтамауды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      әкіммен шығарылған актілерге тіркеу жүргізеді;

      әкім актілерін дұрыс ресімдеуін және таратуды қамтамасыз етеді;

      ауылдық округ әкімі аппаратындағы жоспарларға сәйкес іс жүргізу ұйымдастырады;

      қызметтік құжаттарды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      жеке және заңды тұлғаларға қабылдауды ұйымдастырады;

      мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;

      жұмыстардың стильдерін және әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды игеру бойынша жұмыстарды өткізеді.

      2) Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша:

      өз құзыреті шеңберінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін басқару саласында құқықтық актілер жобасын дайындайды;

      егер Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілмеген болса, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігіне жекешелендіруді жүзеге асырады және шешімдер қабылдайды, сондай-ақ жекешелендіруге объектіні дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарының қорытындысын және дайындауын жүзеге асырады және сатып алу-сату шарттарын сақтауға бақылау жасайды;

      Ленин ауылдық округінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) коммуналдық меншігіндегі мүлік, коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары мен затын, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) түрін анықтайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналды заңды тұлғасына берілген немесе онымен жеке шаруашылық қызметі қорытындысында алынған мүлікті қайта бөлу немесе алуды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мақсатты емес пайдалануы немесе пайдаланбайтын артық мүлікті алып қоюын жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналды мүлігін алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз немесе алдағы уақытта сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), жеке тұлғалардың сенімді басқаруына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға береді;

      аудан әкімінің келісімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта құру, атауының өзгеруі және жою туралы шешімдер қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға шектеуге немесе мүлікке бекітілген басқа да тәсілдермен өкім (олардың шығарған азық-түліктерін сатудан басқа), филиалдармен өкілдердің құрылуына, сондай-ақ дебиттік қарыздарды беру және жоюға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін) оған енгізілген өзгерістермен толықтыруларды бекітеді;

      Ленин ауылдық округінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) коммуналдық меншігіндегі мүлік, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, бюджеттен қаржыландырылатын жұмыс (қызмет) міндетті көлемдерімен қызметтеріне бастамашылық бағыттарды анықтайды;

      Ленин ауылдық округінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) коммуналдық меншігіндегі мүлікті, мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарын бекітеді және "Мемлекеттік мүліктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жағдайда қарайды, және олардың орындалулары бойынша есептерді келіседі;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мүліктерін пайдалану, сондай-ақ оны кепілге, жалға, төлеусіз пайдалануға және сенімдік басқармаға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналды заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігіне шектеу қою туралы шешімді қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

      13. Әкімнің аппараты өзінің құзыреті шеңберінде:

      мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

      осы мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық базаларын, мұрағаттарын, ғылыми мекемелігін пайдалануға;

      шарттар, келісімдер жасауға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген басқа да құқықтарға құқығы бар.

      14. Өз құзыреті шеңберінде әкім аппаратының міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуге;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдарының, облыс, аудан (облыс мақсатындағы қала) әкімдерінің және әкімдіктердің, аудандық мақсаты бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тапсырмаларын және актілерін уақытында және сапалы орындауға;

      көрсетілген қолданыстағы заңнамамен басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

3-тарау. Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

      15. Әкімнің аппаратын әкім басқарады.

      16. Әкімнің өкілеттіктері:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

      мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      Ленин ауылдық округінің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша Камышин ауылдық округінің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.

      18. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

      19. Әкімнің аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

4-тарау. Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының мүлкі

      20. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік Ленин ауылдық округінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

5-тарау. Ленин ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады