Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімиятының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі № 20 "Аз қамтамассыз етілген отбасылары мен мұқтаж азаматтарға электр өлшегін тегін беру жөнінде" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 554 санды тіркелген), Ақтау қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 28 қазанында № 110 "Ақтау қаласы маршруттарында қалалық жолаушылар көлігі қызметін көрсету үшін ашық тендер ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1139 санды тіркелген), Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 8 маусымдағы № 631 "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-159 санды тіркелген, 2012 жылдың 14 шілдесінде № 33(40) "Ақтау ақпарат" газетінде жарияланған), Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 8 маусымдағы № 634 "Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-160 санды тіркелген, 2012 жылдың 14 шілдесінде № 33(40) "Ақтау ақпарат" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қала әкімінің м.а. | Б.Шапқан |
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Хайрлиева
"06" 6 2012 жыл
