Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ставкаларды", "ставкаларымен", "ставкалар", "проценттік", "процентінен" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерді", "мөлшерлемелерімен", "мөлшерлемелер", "пайыздық", "пайызынан" деген сөздермен ауыстыру көзделген - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық жүйесі", "ақпараттық жүйесіне", "ақпараттық жүйесінің", "электрондық ақпараттық ресурстарының", "электрондық ақпараттық ресурстарды", "ақпараттық-коммуникациялық технологияларды" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйесі", "цифрлық жүйесіне", "цифрлық жүйесінің", "цифрлық ресурстарының", "цифрлық ресурстарды", "цифрлық технологияларды" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау;
3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және аквашаруашылық өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың цифрлық жүйесі (бұдан әрі – сақтандырудың цифрлық жүйесі) – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың электрондық шарттарын жасасуды, тараптарды белгілі бір уақыт кезіне сәйкестендіруді және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың жасалған электрондық шарттары мен олардың тараптары туралы дерекқорды (мәліметтер жиынтығы) жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе;
3-2) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг құрамына кіретін акционерлік қоғам;
4) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, цифрлық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
6-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелер – мемлекеттік қолдау шараларын алған кезде қабылданатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің міндеттемелері;
6-2) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);6-3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6-5) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар – өзіне:
мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды;
терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды;
топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені;
7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз;
8) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік - республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы;
9) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі;
10) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған, азық-түлік тауарларының жедел қоры;
10-1) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);10-2) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10-3) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10-4) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) азық-түлік тәуелсіздігі - азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі;
12) алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын қызмет;
13) ауыл шаруашылығы өнімі – бал ара шаруашылығын, аквашаруашылықты, аң-құс өсіруді қоса алғанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының, оның ішінде органикалық өндіру арқылы алынған шикізаты және өнімі, сондай-ақ оларды бастапқы қайта өңдеу және балық аулау объектілерін қайта өңдеу (өңдеу) арқылы алынған өнімдер;
14) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы өнімін оның физикалық-механикалық қасиеттерін өзгерте отырып, қайта өңдеудің технологиялық процесі;
15) ауыл шаруашылығы санағы - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ;
16) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елді мекендердің ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы;
17) ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы;
18) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілеттік орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
19) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қоса алғанда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жүйесі;
19-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
20-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігі – мынадай: тұрақтандыру қорларының қызметі; кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асыру;
21) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;
22-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылығы бар жеке тұлға немесе осындай жеке тұлғаның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың мүшесі ретінде есепке алынған отбасы мүшесі;
22-2) инвестициялық салымдар – жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
22-3) кепілдендірілген сатып алу бағасы – өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден ауылшаруашылық өнімін сатып алу жүзеге асырылатын баға;
22-4) қайта өңдеуші кәсіпорындар – ауылшаруашылық өнімін бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері;
23) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;
23-1) мелиорацияланған жерлер – мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;
24) мемлекеттік техникалық инспекция – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық қарап-тексеру, оларды басқару құқығына емтихан қабылдау және куәліктер беру, оларды пайдалану қағидаларының сақталуын қадағалау;
24-1) сарапшылық кеңес – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылуының және қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де тұлғалардың өкілдерінен тұратын алқалы орган;
24-2) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін қайта өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өніміне ұсына алатын баға;
25) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);26) сервистік-дайындау орталығы – ауыл шаруашылығы кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі және ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы, аквашаруашылық өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсетуге арналған объект;
26-1) алып тасталды – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;26-2) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
26-3) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
27) тұтынудың физиологиялық нормалары - сау адамның физиологиялық қажеттілігі толық қанағаттандырылатын тағамдық өнімдердің азықтық және энергетикалық құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тағамдық өнімдерді тұтынудың ғылыми негізделген нормалары;
28) фитосанитариялық қауіпсіздік - ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімдік зиянкестерінен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйі;
28-1) химиялық мелиорациялық іс-шаралар – ауыл шаруашылығы дақылдарының қасиетін жақсарту және шығымдылығын арттыру үшін топыраққа химиялық әсер ету амалдарының жүйесі;
29) ішкі азық-түлік ресурстары - белгілі бір уақыт кезеңінде республика аумағында өндірілетін азық-түлік тауарларының болуы.
30) электрондық алаң – тұғырнамасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері өздерінің ауыл шаруашылығы тәуекелдерін шығаратын және орналастыратын, сақтандырудың цифрлық жүйесі базасында жұмыс істейтін ұйымдастырылған электрондық алаң.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Eгep Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
1. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
1) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;
4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау;
5) органикалық өнім өндірісін және айналымын дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) экономикалық өсу әлеуеті бар aгpo-өнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытудың басымдығы;
2) ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық келісімдердің талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестік;
3) мемлекет жүзеге асыратын іс-шаралардың ашықтығы;
4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің атаулылығы;
5) отандық агроөнеркәсіптік өндірістің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;
6) ішкі нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы;
7) мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату;
8) агроөнеркәсіптік кешен қызметінің және тұрғындардың ауылдық елді мекендерде тұруының экологиялық қауіпсіздігі;
9) кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтарымен (одақтарымен) өзара іс-қимыл;
10) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі;
11) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажетті көлемін қамтамасыз ету;
12) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 90-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
4-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Ескерту. 4-бап алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне:
1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
1-1) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;2) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
2-1) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
3) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
4) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;5) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау тәртібін айқындау;
9) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);10) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекіту кіреді.
11) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);12) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 дейін қолданыста болады); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 90-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
Ескерту. 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2-1) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру;
3) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасын әзірлеу және бекіту;
3-1) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
3-2) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдау, өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске асыру;
4-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекіту;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
6-1) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
7) мыналардың:
агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың;
азық-түлік тауарларының;
азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттеу;
8) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту;
9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеусіз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;
10) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
12) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттің саясаты саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
13) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
14) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
15) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
20) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);ЗҚАИ-ның ескертпесі!
21) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
21-1) алып тасталды – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;ЗҚАИ-ның ескертпесі!
22) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
22-1) алып тасталды – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;23) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
25) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекіту;
26) ауыл шаруашылығы өнімінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзірлеу және бекіту;
27) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
28) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
28-1) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;
28-2) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;
28-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
28-4) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;
29) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
30) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасау;
31) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
32) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру;
33) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;
34) "Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
35) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
36) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;
37) алып тасталды – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;38) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
39) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
39-1) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
40) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асыру;
40-1) алып тасталды – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;40-2) алып тасталды – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
41) мыналарды:
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!41) тармақшаның алтыншы абзацын алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
отандық ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үлесін ұлғайтуды;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;
облигациялар бойынша купондық сыйақыны;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!41) тармақшаның оныншы абзацын алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге шығындардың құнын;
органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-1) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;41-2) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
41-3) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
41-4) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;ЗҚАИ-ның ескертпесі!
41-5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41-5) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-6) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
41-7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекіту;
41-8) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторды айқындау;
41-9) сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-10) сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту тәртібін айқындау;
41-11) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;
41-12) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының бөлінуі мен орналастырылуын бекіту;
41-13) 01.01.2023 дейін қолданыста болды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII Заңымен;41-14) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асыру;
41-15) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру кезінде комиссияның бір бөлігін және қарыздарын сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін өтеу;
41-16) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит және лизинг беру кезінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялауды жүзеге асыру;
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2. Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
3-1) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі мен мөлшерін айқындау;
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
3. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту кіреді.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.26 № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 дейін қолданыста болады); 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 90-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 06.04.2024 № 71-VIII (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) және жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының (мәслихаттарының) құзыретіне:
1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту;
2) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті, онда агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздей отырып бекіту;
3) жергілікті атқарушы органдар басшыларының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2. Облыстардың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыретіне:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
1-1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
1-2) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
1-3) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;
1-4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;
1-5) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
1-6) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;
1-7) 01.01.2023 дейін қолданыста болды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII Заңымен.1-8) мыналарға:
агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына;
азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу;
1-9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
2-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария, өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастыру;
2-3) нормативтік құқықтық базаны, баға, техникалық, кедендік, салықтық, кредиттік, сақтандыру қызметін жетілдіру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттің саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
2-4) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тауарлық ілгерілету жүйесін ұйымдастыру;
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
6) шығарылатын өнім түрлері бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
6-1) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
7) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
8) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
9) азық-түлік тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
10) өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
10-1) өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтерді және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
12) асыл тұқымды жануарларды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру;
12-1) қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
12-2) алып тасталды – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;12-3) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
12-4) құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
12-5) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
12-6) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
12-7) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-9) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2024 № 90-VIII (01.01.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-9) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
12-10) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен.12-11) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
12-12) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
12-13) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
12-14) тиісті жергілікті өкілді органның бекітуіне ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын ұсыну;
12-15) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
13) мыналар:
агроөнеркәсіптік кешен салаларына инвестициялар мен екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін тарту;
бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне көшіру үшін жағдай жасау;
балық шаруашылығын, аквашаруашылықты және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
15) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдай жасау;
16) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
17) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға беру;
17-1) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
17-2) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);17-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
17-4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
17-5) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;17-6) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
17-7) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
17-8) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;
17-9) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
17-10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17-11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту;
17-12) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
17-13) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;
17-14) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;17-15) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру;
17-16) органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;
17-17) алып тасталды - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;17-18) алып тасталды - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдарының (мәслихаттарының) құзыретіне:
1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту;
2) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті, онда агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы іc-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздей отырып бекіту;
3) жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) басшыларының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау;
4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, архив ісі, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы жұмыскерлерге өзге де әлеуметтік көмек шараларын айқындау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
4. Аудандардың (облыстық маңызы бap (қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыретіне:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
4-1) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу, күтіп-ұстау және реконструкциялау;
5) елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын әзірлеу;
5-1) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлеу;
6) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6-1) алып тасталды – ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
7-1) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) есептілік ұсыну;
7-2) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағалары мен нарықтарына мониторинг жүргізу;
7-3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
8-1) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
5. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне:
1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;2) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге қатысу;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтерді және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) беру;
6) ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысу;
7) микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтау;
8) ауылдық елді мекендерді абаттандыру, жарық беру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
8-1) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың қарауына жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 27.03.2007 № 242, 24.12.2008 № 111-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 дейін қолданыста болады); 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 06.04.2024 № 71-VIII (31.12.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 90-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2025 № 188-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыреті
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы құзыретіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге халықтың қатысуын қамтамасыз ету кіреді.
3-тарау. АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ
ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
9-бап. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
1. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын қолдауға, сондай-ақ өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын және аквашаруашылықты, ауыл шаруашылығы шикізаты мен тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді дамыту;
2) агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
3-1) ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
4) мамандандырылған ұйымдар құру;
5) агроөнеркәсіптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
6) агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру;
7) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету;
8) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
9) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
10) ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
11) ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
11-1) алып тасталды - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;12) салықтық, бюджеттік, кедендік-тарифтік, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де шараларды қолдану;
13) агроөнеркәсіптік кешенде технологиялық міндеттерді мониторингтеу, болжау және технологиялар трансфертін ұйымдастыру;
14) қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қоса қаржыландыруға тарту арқылы жүзеге асырылады.
3. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудің осы баптың 2-тармағында белгіленген іс-шаралары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.
Осы іc-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттардың жергілікті бюджет туралы шешімдерімен белгіленеді.
4. Агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік ынталандыру осы Заңға және "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.10-бап. Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді дамыту
1. Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді дамытуды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді дамыту осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып:
1) ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын құру және дамыту;
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының, балық шаруашылығы мен аквашаруашылыққа арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингі;
3) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;
4) ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлеріне кредит беру;
5) aуыл шаруашылығы өнімін сатып aлу, өндіру, қайта өңдеу және өткізу;
5-1) аквашаруашылық және балық өнімін өңдеу;
6) ауыл халқына микрокредит беруді, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеуді ұйымдастыру жасалған шарт негізінде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.10-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды қолдау
1. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақыларын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандырушылар):
1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор бекіткен сақтандыру өнімдерінің шеңберінде;
2) сақтандырудың цифрлық жүйесі арқылы жасасқан агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары субсидиялауға жатады.
3. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бюджет қаражаты бөлінеді.
Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шартқа сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін.
4. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың кіріс бөлігі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган шарт негізінде беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кірістер есебінен қалыптастырылады.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлігі Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомаларын, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеуге арналған шығыстарды қамтиды.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражаттың қаржы жылының соңына есептелетін қалдықтары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, келесі қаржы жылы сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға жұмсалады.
5. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың функцияларына:
1) сақтандырудың цифрлық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оны қолдап отыру;
2) бюджет қаражатын сақтандыру сыйлықақылары бойынша субсидиялар түрінде бөлу процесін әкімшілендіру;
3) субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдерін әзірлеу, сараптама жүргізу және бекіту кіреді. Сақтандыру өнімдерін агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор немесе сақтандырушылар әзірлейді. Субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі;
4) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласының мониторингі;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастыру кіреді.
6. Сақтандырудың цифрлық жүйесіне қойылатын талаптар:
1) құқықтық және жер кадастрларының деректерімен, сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқормен, рұқсаттар және хабарламалар, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік салаларындағы орталық атқарушы органдардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының деректерімен интеграциялану;
2) Жерді қашықтан зондтау түсірілімдерін алу және өңдеу мүмкіндігі.
Сақтандырудың цифрлық жүйесінің функционалы:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне сақтандыру өнімдері және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар жөнінде толық ақпарат орналастырылатын бірыңғай ақпараттық ресурсты ұсыну;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сақтандыру өнімін сатып алуға өтінімдер беруі;
3) егер сақтандырудың цифрлық жүйесінің иесі мен сақтандырушы арасында тиісті келісім жасалған болса, сақтандырушы мен сақтанушы арасында агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттарын жасасу;
4) сақтандыру сыйлықақысының субсидияланатын бөлігіне ақы төлеу үшін жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша тізілімді (деректерді) қалыптастыру;
5) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға нақты уақыт режимінде электрондық нысанда жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша тізілімді (деректерді) беру;
6) сақтандырушылардың жасалған агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары шеңберінде сақтандыру сыйлықақылары бойынша субсидияны алуға өтінімдер беруі;
7) электрондық алаңда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өздері сақтандыруды қалайтын тәуекелдері туралы ақпаратты орналастыру;
8) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат алмасу.
Ескерту. 3-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау
1. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау:
1) агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиімділігі;
2) өндірілген өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелерді қабылдау жағдайында агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
2. Агронеркәсіптік кешенді субсидиялау агронеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
1-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;
1-2) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);1-3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
1-4) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамыту;
4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
4-1) алып тасталды – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;5) басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін дамыту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2024 № 90-VIII (01.01.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-1) қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
5-2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандату;
5-3) алып тасталды – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;5-4) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
6) органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
8) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау;
8-2) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-3) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
8-4) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
8-5) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
8-6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
8-7) 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен;ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығыстарын субсидиялау;
8-9) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-10) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-10) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау;
8-11) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау;
8-12) балық өнімін қайта өңдеуді субсидиялау;
9) агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау:
1) субсидия алушы мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайын жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілеттік орган белгілеген нысан бойынша міндеттеме қабылдаған жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен.6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша, сондай-ақ суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.03.27 № 242, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2024 № 90-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2025 № 188-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Аграрлық азық-түлік нарықтарын мемлекеттік реттеу
1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында аграрлық азық-түлік нарықтарын мемлекеттік peттеу:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларымен ішкі нарықты қорғау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері іске асырылады.
3. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2025 № 188-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін халықаралық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүргізу;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтерді және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағын қорғауға және мал мен адамға ортақ аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық іс-шараларды;
5) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғауға, сондай-ақ олардың таралу ошақтарын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялық іс-шараларды;
6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою салдарынан агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне келтірілген залалды өтеу;
7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеу іс-шараларын жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-1-бапты алып тастау көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның функциялары:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу;
топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады.
3. Алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету
Ескерту. 13-2-бап алып тасталды – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-бап. Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық қамтамасыз ету
Ескерту. 14-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу:
1) машина-трактор паркін және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;
2) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желісін дамыту және олардың қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
3) ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық және шетелдік өндірісі өнімдерін сынақтан және міндетті сертификаттаудан өткізу;
4) мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
5) технологиялар трансферті жөніндегі мамандандырылған ұйымның озық отандық және шетелдік технологияларды іздеуі, трансферті және ендіруі арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14-1-бап. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу
Ескерту. 3-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-бап. Агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
1) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;
1-1) агроөнеркәсіптік кешенді агрометеорологиялық және ғарыштық мониторинг деректерімен қамтамасыз ету;
2) кемінде он жылда бір рет ауыл шаруашылығы санағын жүргізу;
3) ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтарды, журналдарды, тақырыптық басылымдарды басып шығару;
4) цифрлық технологияларды және ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;
5) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өніміне жарнамалық қолдау көрсету;
6) оқытып-үйрету семинарларын ұйымдастыру;
7) электрондық қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеусіз негізде беруіне жататын ақпарат пен қызметтердің тізбесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.03.27 № 242, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2025 № 188-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар
Мамандандырылған ұйымдарды құру тәртібі, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар
Ескерту. 16-1-бап 31.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен.
17-бап. Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ғылыми және кадрмен қамтамасыз етуді мемлекеттік қолдау:
1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды;
2) агроөнеркәсіптік кешен мен аграрлық ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру, олардың инфрақұрылымын жаңғырту, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды, аттестаттауды;
3) климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған әзірлемелерді қоса алғанда, өндіріске ғылыми әзірлемелерді тарату мен енгізуді;
4) өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдары мен түрлерінің тектік қорларын сақтауды және дамытуды;
5) агроөнеркәсіптік кешенге кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін машина-трактор паркін құруды және технологиялық жабдықты жаңартып отыруды;
6) ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялауды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту
1. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік peттеу ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) ауылдық елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі және экологиялық жай-күйі бойынша сыныптау;
3) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуінің және ауылдық елді мекендердің экологиялық жай-күйінің нормативтерін әзірлеу;
4) мыналардың:
ауыл тұрғындарының ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қызметтерімен қамтылу жай-күйінің;
ауылдық елді мекендердің экологиялық жай-күйінің мониторингін жүргізу;
5) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын құру және дамыту;
6) ауылды оңтайлы қоныстандыру;
7) ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінің, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік қызметшілерінің тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.
3. Экологиялық жағдайы қолайсыз және экономикалық әлеуеті төмен ауылдық елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарының, өздерінің келісімімен қоныс аударған кезде Қазақстан Pecпубликасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауға құқығы бар.
4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша белгіленуі мүмкін.
5. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде көрсетіледі.
6. Ауылдық елді мекендерге тартуға ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) шешімі бойынша қызметтік тұрғын үймен не қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жаймен қамтамасыз етіледі.
7. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленеді.
8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
9. Осы баптың күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.24 № 111-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.16 № 186-IV, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-бап. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету ғылыми негізделген ауыл шаруашылығы технологияларын және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу технологияларын қолдану, ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсететін инфрақұрылымның тиімділігін арттыру бәсекеге қабілетті өнім шығару, бюджеттік қаржыландыруды оңтайландыру, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетін арттыру, ауылдық елді мекендердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл халқын оңтайлы орналастыру схемасын әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету уәкілетті мемлекеттік органның стандарттарды, нормативтерді, нұсқаулықтарды, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлеуі арқылы жүзеге асырылады.
3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу
Ескерту. Заң 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары
1. Мыналар:
1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік;
2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік;
3) тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі азық-түлік қауіпсіздігінің өлшемдері болып табылады.
2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары:
1) ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін өндірушілерді қолдау арқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі;
3) азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау;
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен өзара іс қимылы болып табылады.
Ескерту. 19-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі
1. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі:
1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;
2) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.
2. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жергілікті атқарушы органдардың, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік статистика саласында басшылықты, оның ішінде нақты уақыт режимінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның деректері негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілеттік орган жүргізеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілеттік орган азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі негізінде азық-түлік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастырады.
Ескерту. 19-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
1. Азық-түлік қауіпсіздігі:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
2) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі;
5) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына генетикалық түрлендірілген тамақ өнімдерінің, құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар азық-түлік тауарларының сатып алынуын болғызбау арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастырады және пайдаланады.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі нәтижелерін талдау мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттік мемлекеттік орган ұсынатын азық-түлік тауарларының өндірісі, тауар қозғалысы, ассортименті және бағалары туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 08.07.2026 № 342-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Егер республикадағы азық-түлік тауарларының жылдық өндірісі физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес халықтың жылдық қажеттілігінің сексен пайызынан төмен болса, онда Қазақстан Республикасының азық-түлік тауарларының түрлері бойынша тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген деп есептеледі.
Ескерту. 19-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия
Ескерту. 19-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі комиссияны құрады және оның құрамын бекітеді. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік пен сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссияның мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуға тиіс. Комиссияның хатшысы оған мүше болып табылмайды.
4. Комиссияның құзыретіне:
1) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындау;
3) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);4) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субьектісін айқындау;
7) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі ұсыныстарын қарау жатады.
Ескерту. 3-1-тарау 19-4-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
20-1-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.1. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсіптік кешенді басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1991 ж., № 8, 93-құжат, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 327-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; 2004 ж., № 23, 242-құжат) күші жойылды деп танылсын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |