ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37926 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мотор майларын таңбалау және қадағалау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы | |
| Энергетика министрі | |
| 2026 жылғы 24 тамыздағы | |
| № 316-н/қ Бұйрығына | |
| қосымша | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Энергетика министрінің | |
| 2026 жылғы 30 қаңтардағы | |
| № 44-н/қ бұйрығымен | |
| бекітілген |
Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалау және қадағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін (бұдан әрі – Жағармай материалдарын) сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін және олардың Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалануын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) агрегаттау – көрсетілген қаптаманы ашпай-ақ, оның ішіндегі енгізілгенді қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында таңбаланған тауарлардың жекелеген бірліктерінің сәйкестендіру кодтары мен топтық немесе тасымалдау қаптамасына енгізілген сәйкестендіру коды арасындағы логикалық өзара байланысты белгілеуге бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы;
2) аппараттық-бағдарламалық кешен – тауарларды таңбалаумен және оларды қадағалаумен байланысты белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
3) деректерді беру хаттамасы – деректерді беру желісі құрылғылары арасында ақпараттық пакеттер құрылымына және ақпараттық пакеттермен алмасу алгоритміне қойылатын техникалық талаптардың ресми түрде қалыпқа келтірілген жиынтығы;
4) ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
5) жағармай материалдарының айналымы – жағармай материалдарын Қазақстан Республикасына әкелу, сақтау, тасымалдау, алу және беру, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу және өткізу (сату);
6) жағармай материалдары айналымының қатысушысы (бұдан әрі – жағармай материалдары айналымының қатысушысы) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және таңбаланған жағармай материалдарын айналымға енгізуді және (немесе) айналымын және (немесе) айналымнан шығаруды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
7) жағармай материалдары – "жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлері" тауар тобына жататын және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ бұйрығымен бекітілген Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі және оны енгізу күніне енгізілген өнім (бұдан әрі – Тауарлар тізбесі);
8) импорттаушы – жағармай материалдарын ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелуді жүзеге асыратын, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушысы;
9) көлік қаптамасы – таңбаланған жағармай материалдарының тұтыну қаптамаларын және (немесе) топтық қаптамаларды біріктіретін және жағармай материалдарын сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын, оларды тасымалдау кезінде зақымданудан қорғау мақсатында дербес көлік бірлігін құрайтын қаптама;
10) көлік қаптамасының сәйкестендіру коды – осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес қалыптастырылатын әрбір жеке көлік қаптамасы үшін бірегей таңбалар комбинациясы;
11) қолдану коды – элементтік жолдың басында орналасқан және префикстен кейінгі деректер өрісінің мақсаты мен форматын бірмәнді айқындайтын екі (2) немесе одан да көп таңбадан тұратын префикс;
12) өндіруші – жағармай материалдарын кейіннен өткізу үшін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті;
13) сәйкестендіру коды – тауар кодының (GTIN – Global Trade Item Number (сауда бірлігінің ғаламдық нөмірі)) және тауар бірлігінің жеке сериялық нөмірінің бірегей комбинациясын білдіретін таңбалар тізбегі;
14) сәйкестендіру құралы – тұтыну және (немесе) топтық қаптамаға немесе жағармай материалдарының тұтыну немесе топтық қаптамасына тікелей орналастырылатын жапсырмаға түсірілетін екі өлшемді матрицалық штрих-код түрінде ұсынылған машинамен оқу нысанындағы мотор майын таңбалау коды;
15) таңбаланған жағармай материалдары – осы Қағидаларға сәйкес сәйкестендіру құралы енгізілген және тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде (оның ішінде оған енгізілген сәйкестендіру құралы және (немесе) сәйкестендіру құралын қамтитын материалдық жеткізгіш туралы мәліметтер) дұрыс мәліметтер көрсетілген жағармай материалдары;
16) таңбаланған жағармай материалдарын айналымнан шығару –"Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37238 болып тіркелген) сәйкес тіркелген деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы арқылы жеке тұтыну үшін жеке тұлғаға таңбаланған жағармай материалдарын өткізу (сату), алып қою (тәркілеу), кәдеге жарату, бүліну, жою, қайтарымсыз жоғалту және жағармай материалдарының одан әрі айналымын тоқтатуды көздейтін өзге де себептер;
17) таңбалау коды – жағармай материалдарының тұтыну қаптамасын сәйкестендіру мақсаты үшін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы қалыптастыратын тауардың сәйкестендіру коды мен тексеру кодынан тұратын бірегей таңбалар тізбегі;
18) тауардың жеке сериялық нөмірі – тауарлардың номенклатуралық тобы шеңберінде тауар бірлігін бірегей сәйкестендіретін таңбалар тізбегі;
19) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізу мен жаңартуды қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдаланушылық қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
20) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі – сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарларды таңбалау және олардың айналым процесінде одан әрі қадағалау мәселесі бойынша цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;
21) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі қатысушыларының уәкілетті тұлғаларының тізілімі – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелген жағармай материалдары айналымы қатысушысының уәкілетті тұлғаларының тізбесі;
22) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің құжаттар тізілімі – жағармай материалдары айналымының қатысушылары қалыптастырған, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелген құжаттардың тізбесі;
23) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің сәйкестендіру құралдарының тізілімі – жағармай материалдары айналымы қатысушыларының тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелген сәйкестендіру құралдарының тізбесі;
24) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің тауарлар айналымы қатысушыларының тізілімі – тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелген жағармай материалдары айналымының қатысушыларының тізбесі;
25) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің тауарлар тізілімі – жағармай материалдары айналымының қатысушылары қалыптастырған, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелген тауарлардың тізбесі;
26) тексеру коды – тауардың сәйкестендіру кодын криптографиялық түрлендіру нәтижесінде қалыптастырылған және сәйкестендіру кодының қолдан жасалғанын анықтауға мүмкіндік беретін таңбалар тізбегі;
27) топтық қаптама – жағармай материалдарының белгілі бір санын құрайтын тұтыну қаптамаларын біріктіретін қаптама;
28) тұтыну қаптамасы – жағармай материалдарын соңғы тұтынушыға бастапқы орау және өткізуге арналған қаптама;
29) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі – жағармай материалдары айналымы қатысушыларының аппараттық-бағдарламалық құралдары мен тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің өзара іс-қимыл тәсілдерінің сипаттамасы;
30) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
31) ASCII – American Standard Code for Information Interchange (Ақпарат алмасуға арналған америкалық стандартты код) – басып шығарылатын және басып шығарылмайтын таңбаларға сандық кодтар сәйкес келетін ақпаратты кодтау әдісі;
32) ASCII 232 (FNC1) – ASCII Function 1 Symbol Character (1-басқару функциясының символы), кодталған тізбектің GS1 коды екенін көрсететін арнайы символ;
33) DataMatrix – мәтін немесе басқа түрдегі деректерді кодтауға арналған, төртбұрыш немесе шаршы түріндегі топта орналастырылған, шаршы нысанында салынған, қара-ақ элементтер немесе түрлі жарықтық дәрежесіндегі элементтерді білдіретін екі өлшемді матрицалық штрих-код;
34) DataMatrix ECC200 – код 30 пайызға дейін зақымданған жағдайда кодталған ақпараттың барлық тізбегін қалпына келтіруге мүмкіндік беретінді, сканерленген 10 миллион таңбаға 1-ден аз қателердің пайда болу жиілігі бар қателердің алдын алу және зақымданған ақпаратты қалпына келтіру технологиясын пайдаланатын DataMatrix нұсқасы;
35) GCP – Global Company Prefix (кәсіпорынның жаһандық префиксі) – Global Standards 1 (GS1) жүйесінде кәсіпорынға берілетін халықаралық кәсіпорын нөмірі (префикс);
36) GPC – Global Product Classification (өнімдердің жаһандық жіктеуіші) – өнімдерді олардың негізгі сипаттамалары негізінде санаттар бойынша жіктейтін, сондай-ақ олардың басқа өнімдермен байланысын сипаттайтын жүйе;
37) GS1 – Global Standards 1 – логистикалық бірліктерді есепке алу және штрихкодтау саласында стандарттаумен айналысатын халықаралық ұйым;
38) GS1-128 – GS1 стандарттау жөніндегі жаһандық ұйымның кәсіпорындар арасында жүк туралы ақпаратты беру үшін арналған штрих-код форматы;
39) GTIN – Global Trade Item Number (сауда бірлігінің жаһандық нөмірі) – GS1 жүйесінің белгіленген стандарттарына сәйкес ұлттық (өңірлік) GS1 ұйымы тауарлар тобына беретін, әлемдік экономикалық кеңістікте оны бірмәнді сәйкестендіру мақсатында және тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тауар коды ретінде пайдаланылатын жаһандық сәйкестендіру нөмірі;
40) SSCC (Serial Shipping Container Code) – жеткізу тізбегінде жүктің қадағалануын қамтамасыз ету үшін қолданылатын, GS1 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін көлік қаптамасының сериялық коды.
2-тарау. Сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушылары
3. Өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жағармай материалдарын сәйкестендіру құралымен оларды жаңа меншік иесіне немесе өзге тұлғаға иеліктен шығару мақсатында не кейіннен өткізу үшін алғашқы өтеулі немесе өтеусіз берілгенге дейін таңбалауды жүзеге асырады, бұл оларды таратуға және (немесе) пайдалануға қолжетімді етеді.
Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген жағармай материалдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе оларды ішкі тұтыну үшін шығару не кері импорт кедендік рәсімдеріне орналастырғанға дейін сәйкестендіру құралымен таңбалануын қамтамасыз етеді.
Сәйкестендіру құралы жоғалған немесе зақымдалған жағдайда жағармай материалдарын көтерме немесе бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушысы осы Қағидалардың 7 және 8-тарауларына сәйкес сәйкестендіру құралын жағармай материалдарының тұтынушылық қаптамасына немесе тікелей жағармай материалдары тауарының қаптамасынада орналасқан жапсырмаға қайта енгізуді қамтамасыз етеді.
4. Жағармай материалдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 1 наурыздағы Заңымен ратификацияланған 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 8-бабында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.
3-тарау. Жағармай материалдары айналымы қатысушыларының қызметін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде жүзеге асырудың техникалық шарттары
5. Жағармай материалдары айналымы қатысушыларының тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде қызметін жүзеге асыру шарттары:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаның;
2) байланыс арналары арқылы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне қосылған, таңбалау кодтарын алу бөлігінде Операторға деректерді автоматтандырылған түрде беруді, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді жіберуді, кейіннен сәйкестендіру құралдарын агрегаттау туралы ақпаратты (агрегаттау қолданылған жағдайда), сондай-ақ таңбаланған жағармай материалдарын айналымға енгізу, айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі шарттарына сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне беруді қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы болып табылады.
Осындай аппараттық-бағдарламалық кешен болмаған немесе тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесімен интеграция болмаған кезде жағармай материалдары айналымының қатысушысы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің жеке кабинеті арқылы Операторға жібереді.
6. Жағармай материалдарын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушысы осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шарттардан басқа мыналардың:
1) деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаның;
2) сәйкестендіру құралдарын оқу үшін бақылау-кассалық машинаға қосылу мүмкіндігі бар сканерлеу құрылғысының;
3) жағармай материалдарының әрбір өткізілген бірлігі бойынша бақылау-кассалық машинаны пайдалана отырып таңбаланған жағармай материалдарынн айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру үшін фискалдық деректер операторымен жасалған шарттың болуын қамтамасыз етеді.
7. Жағармай материалдарын өндірушілер мен импорттаушылар:
1) таңбаланған жағармай материалдарын айналымға енгізуге және (немесе) айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде дербес тіркеуді жүзеге асырады;
2) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын жағармай материалдарын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады;
3) аппараттық-бағдарламалық кешеннің (болған жағдайда) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі шарттарына сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесімен цифрлық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;
4) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын жағармай материалдарын таңбалау туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-13-тарауларына сәйкес таңбаланған Жағармай материалдарын айналымға енгізу, айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізеді.
8. Жағармай материалдарын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушылары:
1) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын Жағармай материалдарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі туындаған күннен бастап осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде дербес тіркеуді жүзеге асырады;
2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің (болған жағдайда) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі шарттарына сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесімен цифрлық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;
3) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын таңбаланған жағармай материалдарын айналымға енгізу туралы мәліметтерді (қажет болған жағдайда), сондай-ақ жағармай материалдарының айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде осы Қағидалардың 10-13-тарауларына сәйкес тауарларды таңбалау және қадағалау цифрлық жүйесіне енгізеді.
9. Жағармай материалдарын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушылары:
1) таңбаланған жағармай материалдарын айналымнан шығару және қайта айналымға енгізуге байланысты қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде дербес тіркеуді жүзеге асырады;
2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің (болған жағдайда) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі шарттарына сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесімен цифрлық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;
3) сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құрылғыларының екі өлшемді DataMatrix кодын оқу мүмкіндігін тексеруді жүргізеді;
4) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын таңбаланған жағармай материалдарын айналымға енгізу туралы мәліметтерді (қажет болған жағдайда), сондай-ақ таңбаланған жағармай материалдарының айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 10-13-тарауларына сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізеді.
4-тарау. Жағармай материалдары айналымы қатысушыларын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркеу тәртібі
10. Жағармай материалдары айналымы қатысушыларын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркеуді және оларға жеке кабинетке қолжетімділікті беруді Оператор тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізілген мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
11. Жағармай материалдары айналымының қатысушысы өз атынан тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде мәліметтерді ұсынуға және сұратуға уәкілетті тұлғаларды айқындайды.
12. Жағармай материалдары айналымы қатысушысын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркеу нәтижелері бойынша Оператор 24 (жиырма төрт) сағат ішінде:
1) тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына тіркелу туралы ақпаратты жібереді;
2) жағармай материалдары айналымының қатысушысын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі қатысушыларының тізіліміне енгізеді;
3) жағармай материалдары айналымының қатысушысына тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің жеке кабинетіне қолжетімділік береді.
5-тарау. Жағармай материалдарын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркеу тәртібі
13. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде жағармай материалдарын тіркеуді:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жағармай материалдарын өндіру кезінде – өндіруші (оның ішінде келісімшарттық өндіріс шеңберінде және (немесе) еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік шикізаттан өндірілетін жағармай материалдарын қоса алғанда);
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жағармай материалдарын өндіру кезінде – импорттаушы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін).
14. Жағармай материалдарын тіркеу үшін жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жағармай материалдары айналымы қатысушысының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) тауардың толық атауы;
3) сақтау мерзімдері туралы мәліметтер;
4) тауар белгісі, айналым белгісі және сәйкестік белгісі туралы мәліметтер;
5) тауардың өндірушісі және дайындаушысы туралы мәліметтер;
6) тауардың GTIN коды;
7) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішінің коды;
8) ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды;
9) GPC коды;
10) өнімнің маркасы;
11) функционалдық мақсаты;
12) жағармай материалдарынның ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы декларация туралы мәліметтер;
13) SAE J300 стандарты бойынша тұтқырлық класы (мотор майлары үшін);
14) өнімнің көлемі және өлшем бірлігі (нетто салмағы) туралы мәліметтер;
15) тауар түрі;
16) құрамы;
17) қаптама түрі;
18) қаптама материалы;
19) тауардың бейнесі.
15. Жағармай материалдарын сәйкестендіру құралын жағармай материалдарының тұтынушылық қаптамасына немесе тікелей жағармай материалдары тауарының қаптамасынада орналасқан жапсырмаға қайта енгізу кезінде жағармай материалдарын көтерме немесе бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) тауардың толық атауы;
2) өнімнің маркасы;
3) өнімнің көлемі және өлшем бірлігі (нетто салмағы) туралы мәліметтер;
4) ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды;
6) өндірілген мемлекеті;
7) өндірушінің атауы.
16. Осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген және Тауарлар тізбесіне енгізілген ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы тізбесіндегі тауарларға қатысты ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды мен тауар атауын бірге басшылыққа алу қажет.
17. Жағармай материалдары туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркеу мынадай жағдайларда:
1) көрсетілген GTIN тауар коды бар жағармай материалдары тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде бұрыннан тіркелген болса;
2) GS1 цифрлық ресурсының деректері бойынша GTIN тауар коды жағармай материалдары айналымының қатысушысы үшін пайдалануға жатпайтын болса;
3) GS1 цифрлық ресурсының деректері бойынша GTIN тауар коды жоқ болса жүзеге асырылмайды.
18. Жағармай материалдарын тіркеу нәтижелері бойынша Оператор жағармай материалдары туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің тауарлар тізіліміне енгізеді және жағармай материалдары айналымының қатысушысына аталған тауардың тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелгені туралы ақпаратты жібереді.
6-тарау. Сәйкестендіру құралының сипаттамалары
19. Жағармай материалдарының сәйкестендіру құралы машинамен оқу үшін жарамды DataMatrix GS1 екі өлшемді штрих-код түрінде тұтыну және (немесе) топтық қаптамаға немесе тұтыну қаптамасына және (немесе) топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын жапсырмаға сәйкестендіру құралын зақымдамай ажыратуға жол бермейтін тәсілмен енгізіледі. Сәйкестендіру құралы тұтыну қаптамасының зақымдамай конструктивті түрде ажыратылатын бөліктеріне енгізілмейді.
Таңбаланған жағармай материалдарын топтық қаптамаға жинақтау кезінде мұндай қаптамаға қажет болған жағдайда оған орналастырылған тауарлардың сәйкестендіру құралдарын агрегаттай отырып, сәйкестендіру құралы енгізіледі.
Тұтыну және (немесе) топтық қаптамаға немесе тұтыну қаптамасына немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын жапсырмаға сәйкестендіру құралын енгізу сапасына қойылатын техникалық шарттар мыналарды қамтиды: DataMatrix ECC200 қателерді түзету әдісін пайдалана отырып баспа арқылы енгізу; ASCII кодтауды пайдалану.
Сәйкестендіру құралының өлшемін Жағармай материалдары айналымының қатысушысы дербес айқындайды. Бұл ретте сәйкестендіру құралы машинамен оқу үшін жарамды болуы тиіс.
20. Тұтыну және топтық қаптаманың сәйкестендіру құралы төрт деректер тобын қамтитын таңбалау кодын қамтиды, оның ішінде алғашқы екі деректер тобы жағармай материалдарының сәйкестендіру кодын құрайды, бұл ретте:
таңбалау коды жолының басында GS1 ASCII 232 (FNC1) символикасының белгісі болады;
бірінші деректер тобы "01" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және он төрт сандық таңбадан тұратын GTIN-ді қамтиды;
екінші деректер тобы "21" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және сандық немесе әріптік-сандық реттілікті (латын әліпбиінің әріптері), сондай-ақ арнайы символдарды (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?) қамтитын он үш таңбадан тұратын жағармай материалдары бірлігінің жеке сериялық нөмірін қамтиды. Бірінші таңба ретінде осы код эмиссияланған мүше мемлекеттің сәйкестендіргіші көрсетіледі (C (с) - Қазақстан Республикасы). Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесіндегі 29 коды бар арнайы бөлгіш символ пайдаланылады;
үшінші деректер тобы "91" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және төрт таңбадан (сан, латын әліпбиінің бас және кіші әріптері) тұратын тексеру кілтін қамтиды. Осы топ үшін соңғы таңба ретінде ASCII таңбалар кестесіндегі 29 коды бар арнайы бөлгіш символ пайдаланылады;
төртінші деректер тобы "92" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және сандық немесе әріптік-сандық реттілікті, (латын әліпбиінің әріптері, сондай-ақ арнайы символдарды (!” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?)) қамтитын қырық төрт таңбадан тұратын тексеру кодын қамтиды.
21. Көлік қаптамасының сәйкестендіру коды жағармай материалдары айналымының қатысушысына МемСТ ISO/IEC 15417-2013 "Цифрлық технологиялар. Автоматты сәйкестендіру және деректерді жинау технологиялары. Code 128 штрих-код символикасының спецификациясы" талаптарына сәйкес GS1-128 халықаралық стандартына сай бір өлшемді штрих-код түрінде ұсынылады, көлік қаптамасының бірегей сәйкестендіргіші ретінде көлік қаптамасының сериялық коды (Serial Shipping Container Code) (SSCC-код) пайдаланылады және AI=’00’ қолдану кодымен сәйкестендіріледі. Көлік қаптамасының сәйкестендіру кодының құрамын жағармай материалдарын көлік қаптамасына агрегаттауды жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушысы айқындалады.
22. Штрих-код форматындағы сәйкестендіру құралдары мыналарды қамтамасыз етеді:
1) сәйкестендіру құралын іріктеу арқылы қолдан жасау ықтималдығы 10 000 (он мың) ішінде 1 (бір)-ден аз;
2) қателерді тану және түзету функциясы DataMatrix ECC200 деңгейінде немесе одан жоғары деңгейде.
23. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі жағармай материалдарының тұтыну және (немесе) топтық қаптамасына немесе тауардың қаптамасына немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын жапсырмаға енгізілген сәйкестендіру құралында қамтылған таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.
7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру тәртібі
24. Жағармай материалдарын сәйкестендіру құралымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі арқылы Операторға таңбалау кодтарын алуға сұрау салу (бұдан әрі – сұрау салу) жібереді.
Таңбалау кодын беруден мынадай:
1) Жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелмеген;
2) ұсынылған сәйкестендіру коды бұрын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелген;
3) GTIN тауар коды тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің тауарлар тізілімінде тіркелмеген және (немесе) оны мәлімдеген жағармай материалдары айналымының қатысушысы үшін пайдалануға жатпайтын;
4) GTIN тауар коды "жағармай материалдары" тауар тобына сәйкес келмейтін жағдайларда бас тартылады.
25. Сұрау салу тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелген сәттен бастап Оператор 4 (төрт) сағат ішінде:
1) жағармай материалдары айналымының қатысушысынан алынған деректер негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып сұрау салуда көрсетілген мөлшердегі таңбалау кодтарын эмиссиялауды (генерациялауды) жүзеге асырады;
2) тиісті сәйкестендіру кодтарын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің сәйкестендіру құралдары тізіліміне енгізеді;
3) жағармай материалдары айналымының қатысушысына эмиссияланған таңбалау кодтарының құрамы туралы мәліметтерді ұсынады.
26. Жағармай материалдары айналымының қатысушысы таңбалау кодын алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей оны сәйкестендіру құралына түрлендіреді, оны тұтыну және (немесе) топтық қаптамаға немесе жағармай материалдарының тұтыну қаптамасына немесе топтық қаптамасына тікелей орналастырылатын жапсырмаға енгізуді қамтамасыз етеді және жағармай материалдарына енгізілген сәйкестендіру құралдарында қамтылған сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне береді.
Қағидалардың осы тармағында көзделген талаптарға және мерзімдерге сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне мәліметтері берілмеген таңбалау кодтары жойылады.
27. Таңбалау кодын (сәйкестендіру құралын) ұсыну бойынша көрсетілетін қызмет, оның құны Заңның 7-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес айқындалатын, Оператормен жасалған шарт негізінде тиісті таңбалау кодынан түрлендірілген жағармай материалдарына сәйкестендіру құралын енгізу туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізгенге дейін жағармай материалдары айналымының қатысушысы төлейді.
Таңбалау кодын (сәйкестендіру құралын) ұсыну бойынша көрсетілетін қызметі Қағидалардың осы тарауында көзделген талаптарға сәйкес тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне берілген жағармай материалдарына сәйкестендіру құралын енгізу туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне тіркелген сәтте Оператор тарапынан көрсетілген болып танылады.
8-тарау. Сәйкестендіру құралдарын енгізу тәртібі
28. Жағармай материалдарын Қазақстан Республикасының аумағында өндіру және айналымы кезінде сәйкестендіру құралын тұтыну және (немесе) топтық қаптамаға немесе тұтыну қаптамасына немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын жапсырмаға енгізу жағармай материалдарын өндіру немесе сақтау орындарында жүзеге асырылады, ал әкелу кезінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нақты кесіп өткенге дейін, оларды ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт кедендік рәсімдеріне орналастырғанға дейін жүзеге асырылады.
29. Жағармай материалдары сәйкестендіру құралын тұтыну және (немесе) топтық қаптамаға немесе тұтыну қаптамасына немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын жапсырмаға басып шығару немесе жапсырмалау әдісімен енгізу арқылы таңбаланады.
Сәйкестендіру құралы мөлдір орауыш пленкаға немесе кез келген өзге сыртқы орауыш материалға басып шығарылмайды, сондай-ақ басқа ақпаратпен жабылмайды.
9-тарау. Жағармай материалдарын агрегаттау тәртібі
30. Жағармай материалдары айналымының қатысушысы агрегатталған қаптаманы келесі қатысушыға бергенге дейін қаптамаларды агрегаттау туралы ақпаратты тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне ұсынады.
31. Таңбаланған жағармай материалдарын көлік қаптамасына агрегаттау кезінде мұндай көлік қаптамасына қажет болған жағдайда оған орналастырылған сәйкестендіру құралдарын агрегаттай отырып, көлік қаптамасының сәйкестендіру коды енгізіледі. Көлік қаптамасын таңбалау кезінде көлік қаптамасына енгізілетін міндетті емес цифрлық өрістердің құрамы жағармай материалдарын көлік қаптамасына жинақтауды жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушысы арқылы айқындалады.
Көлік қаптамасы жағармай материалдарын біріктіру мақсатында, сондай-ақ мөлшері (көлемі) кіші басқа көлік қаптамаларын бір көлік қаптамасына шоғырландыру үшін қолданылады.
32. Жағармай материалдарының топтық және (немесе) көлік қаптамаларын басқа көлік қаптамасына қайта орналастыру кезінде жағармай материалдары айналымының қатысушысы агрегаттау туралы ақпаратты тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне ұсынады.
33. Оператор агрегаттау туралы ақпаратты алғаннан кейін оны сәйкестендіру құралдарының тізілімінде көрсетуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ бұл ақпараттың жағармай материалдары айналымының қатысушысына тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
10-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таңбаланған жағармай материалдарын айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне мәліметтер ұсыну тәртібі
34. Қазақстан Республикасының аумағында жағармай материалдарын айналымға енгізу болып мыналар табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жағармай материалдарын өндіру кезінде – таңбаланған жағармай материалдарын өндірушіден жаңа меншік иесіне не өзге тұлғаға иеліктен шығару мақсатында немесе кейіннен өткізу үшін, оны таратуға және (немесе) пайдалануға қолжетімді ететін бастапқы өтеулі немесе өтеусіз беру немесе жағармай материалдарына енгізілген сәйкестендіру құралдарында қамтылған таңбалау кодтарын енгізу туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізу нәтижесінде;
2) жағармай материалдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде – жағармай материалдарын Қазақстан Республикасына әкелу туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізу нәтижесінде.
35. Жағармай материалдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушысы жағармай материалдарын Қазақстан Республикасына әкелу туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізеді.
36. Жағармай материалдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізу жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде техникалық қателер себебі бойынша мәліметтерді енгізудің мүмкін еместігі туралы Оператордың интернет-ресурсындағы ақпаратты растаған жағдайда, мұндай мәліметтерді қағаз жеткізгіште ресімдеген және жіберген жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште жіберілген жағармай материалдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізу импорттаушы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ жағармай материалдарын үшінші тұлғаларға берген күннен кешіктірмей тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде енгізуге тиіс.
11-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таңбаланған жағармай материалдарының айналымы кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне мәліметтер ұсыну тәртібі
37. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген таңбаланған жағармай материалдарының айналымы, Тауарлар тізбесінде белгіленген жағармай материалдарын Қазақстан Республикасында сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізген күнінен кейін олардың айналымы туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне бере отырып жүзеге асырылады.
38. Таңбаланған жағармай материалдарын жаңа меншік иесіне өтеулі немесе өтеусіз беру кезінде жағармай материалдары айналымының қатысушысы оларды өткізу күнінен кешіктірмей олардың айналымы туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізеді.
39. Жағармай материалдарын қабылдауды жағармай материалдары айналымының қатысушысы олардың айналымы туралы мәліметтер тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген тауарлардың айналымы туралы мәліметтерді растау арқылы жүзеге асырады.
40. Жағармай материалдарының айналымы туралы мәліметтер жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде техникалық қателер себебі бойынша айналым туралы мәліметтерді енгізудің мүмкін еместігі туралы Оператордың интернет-ресурсындағы ақпаратты растаған жағдайда, мұндай мәліметтерді қағаз жеткізгіште ресімдеу жағдайын қоспағанда, электрондық нысанда енгізіледі.
Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген айналым туралы мәліметтер жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ тауарды үшінші тұлғаларға берген күннен кешіктірмей тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізуге тиіс.
41. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде таңбалау кодының меншік иесінің ауысуы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде жағармай материалдарының айналымы туралы екі тарап растаған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
12-тарау. Таңбаланған жағармай материалдарын айналымнан шығару кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне мәліметтер ұсыну тәртібі
42. Таңбаланған жағармай материалдарын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жағармай материалдары айналымының қатысушысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 "Бақылау-кассалық машиналарды қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37238 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 626 бұйрық) сәйкес тіркелген бақылау-кассалық машинамен өзара байланысқан техникалық құрылғылар арқылы оларды айналымнан шығаруды тек тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде олардың қабылданғаны туралы мәліметтер расталған жағдайда ғана тұтыну және (немесе) топтық қаптамаға немесе тұтыну қаптамасына немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын жапсырмаға енгізілген сәйкестендіру құралын сканерлеу және тану жолымен жүргізеді.
Тұтыну және (немесе) топтық қаптамаға немесе тұтыну қаптамасына немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын жапсырмаға енгізілген сәйкестендіру құралында қамтылған сәйкестендіру коды туралы мәліметтер бақылау-кассалық машина қалыптастыратын бақылау-кассалық машинаның чегіне енгізіледі.
43. Таңбаланған жағармай материалдарын бөлшек саудада сату кезінде айналымнан шығару жағармай материалдары айналымының қатысушысы әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне берілген таңбаланған жағармай материалдарын өткізу туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
44. Таңбаланған жағармай материалдарын бөлшек саудада сату болып табылмайтын негіздер бойынша айналымнан шығару кезінде жағармай материалдары айналымының қатысушысы жағармай материалдарын айналымнан шығарған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне тиісті себепті көрсете отырып, жағармай материалдарын айналымнан шығару туралы ақпаратты ұсынады.
45. Көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге (сатуға) байланысты емес мақсаттар үшін жағармай материалдарын сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жағармай материалдарын сатушыдан сатып алушыға қабылдауды жүзеге асырады және таңбаланған жағармай материалдарын айналымнан шығарған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне жағармай материалдарын айналымнан шығару туралы ақпаратты ұсынады.
13-тарау. Таңбаланған жағармай материалдарын қайта айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне мәліметтер ұсыну тәртібі
46. Тұтынушы таңбаланған жағармай материалдарын қайтарған кезде жағармай материалдары айналымының қатысушысы:
1) мұндай тауарды одан әрі өткізу және (немесе) беру үшін қайта айналымға енгізуді жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығында көзделген Бақылау-кассалық машиналар техникалық талаптарына сәйкес бақылау-кассалық машина чегін қайтару рәсімдерін жүргізеді.
47. Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілгендерден өзге себептер бойынша бұрын айналымнан шығарылған жағармай материалдарын қайта айналымға енгізу үшін жағармай материалдары айналымының қатысушысы көрсетілген жағармай материалдарын қайта айналымға енгізу туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне енгізеді.
48. Жағармай материалдарын қайта айналымға енгізу туралы ақпарат Операторға жағармай материалдарын қайта айналымға енгізу үшін негіздер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.
49. Сәйкестендіру құралы зақымданбаған жағармай материалдарын айналымға қайтару кезінде жағармай материалдары қайта таңбаланбайды.
14-тарау. Жағармай материалдары айналымы қатысушысының Операторға ақпарат ұсыну тәртібі
50. Жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің Операторына ақпаратты цифрлық технологиялар арқылы Оператор әзірлеген электрондық өзара іс-қимыл интерфейстері арқылы не тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырады.
51. Таңбаланған жағармай материалдарын айналымға енгізу, айналымы және айналымнан шығаруды жүзеге асыру кезінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне мәліметтерді ұсыну жағармай материалдары айналымының қатысушысы дәйекті түрде жүзеге асырады.
Жағармай материалдары айналымының қатысушысының көлік қаптамасы және (немесе) топтық қаптама туралы мәліметтерді беруі тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің деректері бойынша көлік қаптамасында және (немесе) топтық қаптамада қамтылған жағармай материалдарының әрбір бірлігі (тұтыну қаптамасы) туралы мәліметтерді беруге тең деп есептеледі.
52. Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі шарттарына сәйкес жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне жіберген және Оператор алған барлық құжаттар мен мәліметтер тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде көрсетілуге тиіс.
53. Егер ұсынылған ақпарат осы Қағидалардың 4, 5, 7, 9-14-тарауларында көзделген дұрыс емес мәліметтерді қамтыса, Оператор жағармай материалдары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне ұсынған мәліметтерді қабылдаудан бас тартады.
54. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне мәліметтерді ұсыну күні ретінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің жеке кабинетінде тіркеп-белгіленген күн танылады.
55. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне жіберілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылығы үшін ақпаратты ұсынатын жағармай материалдары айналымының қатысушылары жауапты болады.
56. Таңбаланған жағармай материалдарының айналымын мониторингтеуді қамтамасыз ету мақсатында Оператор тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде мынадай:
1) жағармай материалдары айналымының қатысушысы туралы;
2) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын жағармай материалдары туралы;
3) жағармай материалдары айналымының қатысушысына берілген сәйкестендіру кодтары туралы;
4) таңбаланған жағармай материалдарының айналымы және олардың айналымнан шығарылуы туралы мәліметтердің болуын қамтамасыз етеді.
57. Оператор тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі шеңберінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің мынадай тізілімдерін ұйымдастырады және жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің құжаттар тізілімі;
2) жағармай материалдары айналымы қатысушыларының тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің тізілімі;
3) жағармай материалдары айналымы қатысушыларының уәкілетті тұлғаларының тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің тізілімі;
4) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің тауарлар тізілімі;
5) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінің сәйкестендіру құралдары тізілімі.
58. Бұрын ұсынылған мәліметтер өзгерген кезде жағармай материалдары айналымының қатысушысы өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі арқылы Операторға көрсетілген мәліметтердің өзгеруі туралы ақпаратты жібереді.
15-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу
59. Оператор Интернет желісінде еркін пайдалану үшін тегін мобильдік қосымшаны әзірлейді және орналастырады, ол мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
1) сәйкестендіру құралын оқу;
2) сәйкестендіру құралында қамтылған ақпаратты тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінен беру;
3) тексерілетін жағармай материалдары туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінен алу;
4) мобильдік қосымша пайдаланушысының осы Қағидалар талаптарының ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне жіберуі.
60. Қадағалау процесінде қалыптастырылған және тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде қамтылған ақпарат шектеулі қолжетімді ақпарат болып табылады және мынадай жағдайларда тек мынадай тұлғаларға:
1) осы жағармай материалдары айналымының қатысушысы жасаған тауармен мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде жағармай материалдары айналымының қатысушысына;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау мақсаты үшін осындай сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарға;
3) тауарлардың сипаттамалары, өндірушісі немесе тауарлардың сатушысы туралы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесінде қамтылған ақпарат бөлігінде тұтынушы