БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі | Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 20 тамыздағы № 310-н/қ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9958 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларында:
Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы Тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеде:
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде, мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесі Комиссияның басқа мүшелерін туындаған мүдделер қақтығысы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссияның басқа мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің өтініші бойынша мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша уақтылы мынадай шаралар қабылдайды:
1) мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін Комиссия жұмысына қатысудан шеттетеді. Мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесін шеттету туралы шешімді Комиссия жазбаша нысанда ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің көпшілік дауысымен жазбаша нысанда қабылдайды және ол мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі. Дауыстар саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;
2) 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде Комиссия құрамын қайта қарайды.".
3. "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларында:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары газбен жабдықтау объектілері орналасқан астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың табиғи-климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып есептеледі және бекітіледі.";
35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"35. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын Заңның 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) бекітеді.".
Қағидаларға 6-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
1. | Астана қаласы | -35 | -8,1 | 216 | 1591 | 5,2 |
";
Қазақстан Республикасының өңірлерінде ғимараттар қабырғаларының материалдары бойынша тұрғын үй қорын бөлу кестесі және қабырғалардың материалдары мен конструкцияларының ауа өткізгіштігіне орташаланған кедергісі:
реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
1. | Астана қаласы |
";
Қазақстан Республикасының өңірлерінде жылдар бойынша ғимараттарды салу, табиғи тозуы бойынша тұрғын үй қорын бөлу кестесі және пайдаланылатын тұрғын үй ғимараттарындағы нормаланған ауаның өткізгіштігін асыру коэффициенттері:
реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
1. | Астана қаласы |
".
4. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"1) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) ұсынған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің сұйытылған мұнай газына болжамды қажеттіліктерінің негізділігі мен толықтығын айқындайды;
2) өнім беруші уәкілетті органға ұсынған сұйытылған мұнай газын өндірудің болжамды көлемдерінің өзгерістерін және (немесе) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға ұсынған сұйытылған мұнай газының болжамды тұтынылуын мақұлдайды;";
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Комиссия шешіміне мүдделі тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес шағым жасай алады.".
5. "Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларында:
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"3) өтінім – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) өтініш;";
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті органның цифрлық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған цифрлық жүйесі.";
4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың алушылары арасында сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлген кезде Заңның 27-1-бабының 7-тармағына сәйкес кейіннен бөлшек саудада өткізу мақсаттары үшін сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған өтінімдерді орындауға басымдық беріледі:";
4-1, 4-2 және 4-3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"4-1. Осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалатын тәртіппен сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
4-2. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін цифрлық жүйе арқылы бөлуді жалғастыруға кедергі келтіретін цифрлық жүйенің жұмысқа қабілеттілігі жоғалған (бұдан әрі – техникалық ақаулық) кезде, жергілікті атқарушы орган сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді тоқтата тұрады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.
Цифрлық жүйенің жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтірілгеннен кейін цифрлық жүйеде сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу қайта басталады.
4-3. Цифрлық жүйенің техникалық ақаулығы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып жойылмаған кезде, жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органды хабардар етеді және осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес қағаз түрінде сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді жүргізеді.";
30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"30. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу:
қосымша көлем 1000 (бір мың) тоннадан кем болған және теміржол көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген әкімшілік-аумақтық бірліктің газ толтыру станцияларының иелері арасында;
қосымша көлем 1000 (бір мың) тоннадан артық болған және теміржол көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында;
автомобиль көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында жүзеге асырылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін астана және республикалық маңызы бар қалалар үшін әкімшілік-аумақтық бірліктің газ толтыру станцияларына астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында да, олармен шекаралас тиісті облыстардың аумағында да орналасқан газ толтыру станциялары жатады.";
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"41. Сұйытылған мұнай газы көлемдерінің іс жүзінде өткізілгені туралы мәліметтерді растау үшін осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар өтініммен бір мезгілде жергілікті атқарушы органға есепке алу жүйесі бар топтық резервуарлық қондырғылар мен тұрмыстық баллондар арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу көлемдерін қоспағанда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірліктегі газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары арқылы өтініш берілген айдың алдындағы қатарынан үш күнтізбелік айдағы сұйытылған мұнай газын өткізу туралы ақпаратты растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Сондай-ақ осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар жергілікті атқарушы органға сұйытылған мұнай газын сатып алу көлемін растайтын құжаттардың көшірмелерін (жеткізу шарттарын, электрондық шот-фактураларды, электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесіндегі тіркеу нөмірлері бар тауарға ілеспе жүкқұжаттарды немесе қорларды сыртқа босатуға арналған жүкқұжаттар, тауарлық-көлік немесе теміржол жүкқұжаттары), сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өткізу жүзеге асырылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген барлық объектілерге "Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37238 болып тіркелген) бекітілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкаларының көшірмелерін ұсынады.
Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан сұйытылған мұнай газы импортталған жағдайда осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар жергілікті атқарушы органға тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесін және мемлекеттік кірістер органының салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарламаны электрондық түрде ұсынады.
Бұдан басқа, Заңның 7-бабы 5-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органның сұрау салуы бойынша осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан автогаз құю станциялары арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу фактісін растайтын бақылау-касса машиналарының тәуліктік есептерінің (Z-есептерінің) көшірмелерін ұсынады.".
6. "Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33670 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесінде:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Ауыстырудың өңірлік коэффициенті газбен жабдықтау объектілері орналасқан астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың табиғи-климаттық міндеттерін ескере отырып есептеледі және бекітіледі.";
5-тармақтың жиырма үшінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Рбар – ҚР ҚЖ 2.04-01 "Құрылыстық климатологияға" сәйкес осы елді мекен үшін орташа барометрлік қысым, гектопаскаль (бұдан әрі – гПа).";
6-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Заңның 7-бабы 5-тармағының 6-4) тармақшасына сәйкес сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициенттерін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) бекітеді.".
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасын айқындау
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға шикі газды өткізген жағдайда, оның шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
Pc = Cp + TC + R мұндағы,
РС – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Ср – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, бір мың текше метрі үшін теңгемен, ол алдыңғы күнтізбелік жыл үшін мына формула бойынша есептеледі:

СF – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығарумен және оларды бастапқы өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты алдыңғы күнтізбелік жыл үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
Gp – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
Op – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;
0,857 – шикі газдың бір мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r – 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады :
![]()
Gp – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
Op – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;
AEPG – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін, Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың алдыңғы күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
AEPо – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін, Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың алдыңғы күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңгемен;
*Ескертпе: шикі мұнай өндірілмеген жағдайда, r құндық коэффициенті 1-ге тең;
ТС – тарифтер негізінде айқындалатын, шикі газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін тасымалдау шығыстары, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
R – ұлттық операторға N % мөлшеріндегі шикі газды өткізу кезіндегі жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
R = Cp x N мұндағы,
N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасын айқындау
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газды өткізген жағдайда, оның шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
PC = Cp * r1 + [CRE + TC] x r2 + R мұндағы,
Рс – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Ср – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, бір мың текше метрі үшін теңгемен, ол алдыңғы күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

СF – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығарумен және оларды бастапқы өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты, алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
Gp – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
Op – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;
0,857 – шикі газдың бір мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r1 – 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалатын:
![]()
Gp – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
Op – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;
AEPG – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін, Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың алдыңғы күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
AEPo – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін, Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың алдыңғы күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңгемен;
*Ескертпе: шикі мұнай өндірілмеген жағдайда, r1 құндық коэффициенті 1-ге тең;
CRE –алдыңғы күнтізбелік жылы өндірілген шикі газдан тауарлық газ өндірудің өзіндік құны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
![]()
СFG – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, шикі газды өңдеуге тікелей байланысты және мұнай мен шикі газ өндірудің өзіндік құнының құрамына кірмейтін, алдыңғы күнтізбелік жылы шикі газды өңдеудің жалпы өзіндік құны, бір мың текше метрі үшін теңге;
QG – тауарлық газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
QCG – өңдеуге жіберілген шикі газдың көлемі көлемі, бір мың текше метр;
ТС – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтер негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға оны өткізудің жоспарланатын орнына дейін тасымалдау шығыстары, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
r2 – бірнеше көрсеткішті көрсететін коэффициент;
газ өндіру көлемі;
тауарлық газ сапасы;
газ өндіру көлеміне қосымша өнім (сұйытылған мұнай газы) өндіру көлемі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
r2 = r2.1*r2.2* r2.3 мұндағы,
r2.1 – алдыңғы күнтізбелік жылдағы газ өндіру көлемінің коэффициенті, мынадай диапазондарда есептеледі:
газ өндіру көлемі 1000 млн м³ дейін болғанда коэффициент 0,7-ге тең;
газ өндіру көлемі 1000 млн м³-тен 2000 млн м³-ке дейін болғанда коэффициент 1-ге тең;
газ өндіру көлемі 2000 млн м³-тен 3000 млн м³-ке дейін болғанда коэффициент 2-ге тең;
газ өндіру көлемі 3000 млн м³-тен 4000 млн м³-ке дейін болғанда коэффициент 4,5-ке тең;
газ өндіру көлемі 4000 млн м³-тен асқанда коэффициент 5,7-ге тең;
r2.2 – тауарлық газ сапасының коэффициенті, мынадай формула бойынша есептеледі:
r2.2 = r2.2.1*r2.2.2*r2.2.3* r2.2.4*r2.2.5*r2.2.6*r2.2.7*r2.2.8 мұндағы,
Негізгі көрсеткіштер (ҚР СТ 1666 "Магистральдық газ құбырлары арқылы жеткізілетін және тасымалданатын жанғыш табиғи газдар. Техникалық шарттары" бойынша нормаланады):
r2.2.1 – күкіртсутек массасының коэффициенті, г/м³, мынадай диапазондарда есептеледі:
0,007 нормадан асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, 0,007 норма шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.2 – меркаптанды күкірт массасының коэффициенті, г/м³, мынадай диапазондарда есептеледі:
0,016 нормадан асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, 0,016 норма шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.3 – ылғалдағы шық нүктесінің С коэффициенті, мынадай диапазондарда есептеледі:
қоңыржай макроклиматтық аудан үшін 1 мамырдан бастап 30 қыркүйекті қоса алған кезеңде нормадан минус 3 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, норма минус 3 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
қоңыржай макроклиматтық аудан үшін 1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алған кезеңде нормадан минус 5 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, норма минус 5 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
суық макроклиматтық аудан үшін 1 мамырдан бастап 30 қыркүйекті қоса алған кезеңде нормадан минус 10 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, норма минус 10 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
суық макроклиматтық аудан үшін 1 қазаннан 30 сәуірге дейінгі кезеңде нормадан минус 20 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, норма минус 20 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.4 – төменгі жану жылуының коэффициенті, МДж/м³, мынадай диапазондарда есептеледі:
мәні кемінде 32,5 болған кезде коэффициент 1-ге тең, мәні кемінде 32,5 болған кезде коэффициент 0,7-ге тең;
Қосалқы көрсеткіштер:
r2.2.5 – метан құрамының коэффициенті, моль %, мынадай диапазондарда есептеледі:
92-ден кем болғанда коэффициент 0,85-ке тең, 92-ден жоғары болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.6 – этан құрамының коэффициенті, моль %, мынадай диапазондарда есептеледі:
нормадан 6 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,85-ке тең, норма 6 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.7 – – пропан құрамының коэффициенті, моль %, мынадай диапазондарда есептеледі:
нормадан 3 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,85-ке тең, норма 3 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.8 – азот құрамының коэффициенті, моль %, мынадай диапазондарда есептеледі;
нормадан 2 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,85-ке тең, норма 2 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.3 – алдыңғы күнтізбелік жылғы қосымша өнім бойынша коэффициент (сұйытылған газды өткізуден түскен кірістің газ өндіру көлеміне қатынасы), бір мың текше метрі үшін теңгемен, мынадай диапазондарда есептеледі:
мәні 5000-нан көп болғанда коэффициент 0,7-ге тең, мәні 5000-нан аз болғанда коэффициент 1-ге тең;
R – ұлттық операторға N % мөлшерінде тауарлық газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
R=(Cp+CRE)хr1хN мұндағы,
N – – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.
Көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге де келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың бағасын, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газ көлемдерінің, осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға 2023 жылдың алдындағы қатарынан бес күнтізбелік жылдағы тауарлық газды өткізудің жылдық көлемінің орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдерін айқындау
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газды өткізген жағдайда, оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
PC = [70%] * (Pэкспорт – MHO – Tэкспорт – Tinvest) * Cij + [30%] * Pвнутр .
мұндағы,
PC – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын, көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге де келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың, осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға 2023 жылдың алдындағы қатарынан бес күнтізбелік жылдағы тауарлық газды өткізудің жылдық көлемінің орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдерінің бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Pэкспорт – ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде айқындалатын Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы тауарлық газдың ағымдағы экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Pвнутр – ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің ағымдағы күнтізбелік жылға бекітілген шекті бағаларының орташа арифметикалық мәні, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
MHO – жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасы шекарасына дейін магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы тауарлық газды тасымалдау шығыстарын шегере отырып, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы тауарлық газдың ағымдағы экспорттық бағасының 10%-ына дейінгі ұлттық оператордың рентабельділігі, мың текше метрі үшін теңгемен;
Tэкспорт – тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасы шекарасына дейін магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы тасымалдау шығыстары, мың текше метрі үшін теңгемен;
Tinvest – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін тасымалдау шығыстары, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Cij – кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті:
егер кен орны "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 36-бабының 1-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген параметрлерге сәйкес келмесе, онда кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті 0,8-ге тең;
егер кен орны "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 36-бабының 1-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген параметрлердің біріне сәйкес келсе, онда кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті 1-ге тең.
Егер 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша ұлттық операторға тауарлық газды өткізу қатарынан бес күнтізбелік жылдан аз уақыт жүзеге асырылса, онда осындай өткізу кезеңі үшін ғана жылдық көлемнің орташа арифметикалық мәні қолданылады.

