Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 15 шілдедегі № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 шілдеде № 39309 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 127 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-28) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс).

      2. Мемлекеттік тапсырыс дене шынықтыру және спорт бойынша балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламасын жарғысына (құрылтай шартына) сәйкес жүзеге асыратын, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде (бұдан әрі – Ұйым) орналастырылады.

      3. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алушы бір мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне таңдаған спорт түрі бойынша қабылданады.

      Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің контингенті – "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес тұрақты құрам контингентіне басшының бұйрығымен қабылданған спортшылар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген).

      Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің контингентін есепке алу дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі

      4. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру және бір білім алушыға шаққандағы орташа күтіп ұстаудың құнын анықтау астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асырылады (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган).

      5. Мемлекеттік тапсырыс көлемі "Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39274 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      6. Мемлекеттік тапсырыс көлемінде білім алушылар санына байланысты шығындар өтеледі:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысы;

      2) "Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 82 бұйрығына сәйкес спорттық киім-кешек, спорттық мүкәммал мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар, сондай-ақ спорттық іс-шараларға дайындық және жарысқа қатысу кезеңінде жылқылармен және құстармен қамтамасыз етуге арналған шығындар;

      3) "Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) спортшыларды фармакологиялық қамтамасыз етуге арналған шығындар;

      4) "Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20488 болып тіркелген) оқу-жаттығу жиындарын өткізуге және спорттық жарыстарға қатысуға арналған шығындар.

      7. Шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезеңінде, соның салдарынан білім алушылар дене шынықтыру және спорт бойынша балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламасын іске асыратын Ұйымға бармаған жағдайда мемлекеттік тапсырыс жергілікті атқарушы органдардың шешімімен айқындалатын көлемде және мөлшерде қаржыландырылады.

      8. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын өзінің ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін Ұйымдардың өтініштерін қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты 1 маусымға дейін жариялайды.

      9. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін Ұйым Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін Ұйымдардың өтініштерін қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда жергілікті атқарушы орган жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішін қоса берілген құжаттармен бірге ұсынады.

      10. Ұйым өтінішпен бірге жергілікті атқарушы органға келесі құжаттарды ұсынады:

      1) дене шынықтыру және спорт бойынша балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын Ұйымның жарғысының (құрылтай шартының) көшірмесі;

      2) Ұйымның меншігінде және (немесе) өзге де заңды негізде болатын, Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

      3) "Спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 129 бұйрығына сәйкес жүргізілетін спорт түрлерінен дене шынықтыру және спорт бойынша балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;

      5) мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін құжаттарды тапсырған күнге дейін бір айдан ерте емес мерзіммен, мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      6) Ұйым басшысының қолы және мөрімен расталған, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы;

      7) Ұйым басшысының қолы және мөрімен расталған бейнежазбаларды кемінде 30 күн сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесін орналастыру схемасы;

      8) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі.

      11. Ұйымдар басшының қолы қойылып, мөрімен расталған құжаттарды электрондық форматта хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесіне қағаз нұсқасында жолдайды.

      12. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін Ұйымдардың өтініштері мен қоса берілген құжаттарын тіркеу күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ұйымдардың өтініштері мен қоса берілген құжаттарын қарау кезінде жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      13. Осы Қағидаларға Ұйымның өтініші мен (немесе) қоса берілген құжаттардың сәйкес келмейтін фактісі анықталса, жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген электрондық поштаға немесе электрондық пошта көрсетілмеген жағдайда өтініштегі пошталық мекенжайға сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама электрондық поштаға жіберілген немесе пошталық мекенжай бойынша алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұйым осы Қағидаларға сәйкестендірілген өтініш пен қоса берілген құжаттарды жергілікті атқарушы органға қайта ұсынады.

      Жергілікті атқарушы орган Ұйымның қайта ұсынған өтініші мен қоса берілген құжаттарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

      14. Осы Қағидалардың 9, 10-тармақтарына сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі қайта анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Ұйымға өтініште көрсетілген пошталық мекенжайға немесе электрондық поштаға мемлекеттік тапсырысты орналастырудан бас тарту жөнінде негізделген және дәлелді жауап жолдайды.

      Жергілікті атқарушы органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      15. Жергілікті атқарушы орган Ұйымдардың өтініштерін қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда жарияланған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей, орындар санын көрсете отырып, мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін Ұйымдардың тізбесін қалыптастырады және оны интернет-ресурстарда жариялайды.

      16. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ұйымдардың тізбесіне енгізілген Ұйыммен шарт жасасу рәсімін жүзеге асыру арқылы мемлекеттік тапсырысты орналастырады.

  Мемлекеттік балалар-
жасөспірімдер
спорт мектептерінде
мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
қосымша
  Форма
(құжат бланкісінде
толтырылады)
Жергілікті атқарушы органның
атауы______________________

Өтініш

      Мен ___________________________________________________________
(Ұйымның атауы, БСН) мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша тізбеге
енгізуді сұраймын.
1. Осы арқылы Ұйым төмендегіні хабарлайды:
1) Ұйымдағы орындар саны ________________________________
2) ұсыну күні бойынша нақты контингент: _____________
3) бұрын мемлекеттік тапсырыс_____________________

      (орналастырылған/орналастырылмаған)
2. Осы арқылы Ұйым:

      1) санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың, соның ішінде Ұйымға балаларды Ұйымның нақты мүмкіндіктері шегінде қабылдау бойынша талаптарды сақтауға;

      2) білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      3) мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастырудың осы Қағидаларының талаптарын сақтауға кепілдік береді.     
Осы арқылы сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу үшін пошталық мекенжайды _____________________ және электрондық поштаны: ____________ растаймын: Қосымша: __парақта.
Ұйым басшысы ____________________________________
(Ұйым атауы) (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Толтырылған күні: "____" __________ 20__ жыл

      Мөр орны (бар болса)

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалған мәлімет бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар екенімді растаймын.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялық мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Об утверждении Правил размещения государственного заказа в государственных детско-юношеских спортивных школах

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 15 июля 2026 года № 127. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июля 2026 года № 39309

      В соответствии с подпунктом 65-28) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила размещения государственного заказа в государственных детско-юношеских спортивных школах.

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения подпунктов 1) и 2) пункта 2 настоящего приказа, представление информации об исполнении в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

  Утверждены приказом
Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
от 15 июля 2026 года № 127

Правила размещения государственного заказа в государственных детско-юношеских спортивных школах

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила размещения государственного заказа в государственных детско-юношеских спортивных школах (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 65-28) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" и определяют порядок размещения государственного заказа в государственных детско-юношеских спортивных школах (далее – государственный заказ).

      2. Государственный заказ размещается в государственных детско-юношеских спортивных школах, созданных в форме государственного предприятия (далее – Организация), реализующих образовательные программы дополнительного образования детей по физической культуре и спорту в соответствии с уставом (учредительным договором).

      3. Обучающийся в рамках государственного заказа зачисляется в одну государственную детско-юношескую спортивную школу по выбранному виду спорта.

      Контингент государственной детско-юношеской спортивный школы –спортсмены, зачисленные приказом руководителя в постоянный состав в соответствии с приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года № 106 "Об утверждении перечня видов физкультурно-спортивных организаций и правил их деятельности, в которых осуществляется учебно-тренировочный процесс по подготовке спортивного резерва и спортсменов высокого класса" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10012).

      УчҰт контингента государственных детско-юношеских спортивных школ осуществляется посредством цифровой платформы физической культуры и спорта.

Глава 2. Порядок размещения государственного заказа в государственных детско-юношеских спортивных школах

      4. Размещение государственного заказа и определение средней стоимости содержания в расчете на одного обучающегося осуществляется местными исполнительными органами столицы, областей, городов республиканского значения (далее – местный исполнительный орган).

      5. Объем государственного заказа определяется в соответствии с приказом Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 10 июля 2026 года № 120 "Об утверждении Методики подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 39274).

      6. В объеме государственного заказа возмещаются затраты на количество обучающихся:

      1) оплата труда работников государственных организаций, реализующих образовательные программы дополнительного образования детей в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий";

      2) расходы на приобретение спортивной экипировки, инвентаря и оборудования, также расходы на обеспечение лошадьми и птицами в период подготовки и участия в спортивных мероприятиях в соответствии с приказом Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 9 июня 2025 года № 82 "Об утверждении натуральных норм обеспечения спортсменов, тренеров и специалистов в области физической культуры и спорта, военнослужащих и сотрудников правоохранительных органов в период подготовки и участия в спортивных мероприятиях, проводимых на территории Республики Казахстан и за ее пределами";

      3) расходы на фармакологическое обеспечение спортсменов, в соответствии с приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года № 107 "Об утверждении Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10005);

      4) расходы, связанные с проведением учебно-тренировочных сборов и участие в спортивных соревнованиях в соответствии с приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 100 "Об утверждении Правил расходования денег, выделяемых на спортивные мероприятия, в том числе на учебно-тренировочные сборы для физкультурно-спортивных организаций, финансируемых из республиканского и местного бюджетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20488);

      7. На период действия ограничительных мероприятий, в том числе карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, в результате которых обучающиеся не посещают Организацию, реализующую образовательную программу дополнительного образования детей по физической культуре и спорту, государственный заказ финансируется в объеме и размере, определяемом по решению местных исполнительных органов.

      8. Местный исполнительный орган ежегодно размещает на своих официальных интернет-ресурсах информацию о начале принятия заявлений Организаций для размещения государственного заказа до 1 июня календарного года.

      9. Для размещения государственного заказа Организация представляет в местный исполнительный орган заявление, по форме согласно приложению к Правилам, с прилагаемыми документами в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня размещения местным исполнительным органом на интернет-ресурсах информации о начале принятия заявлений Организаций для размещения государственного заказа.

      10. С заявлением Организация предоставляет местному исполнительному органу следующие документы:

      1) копию устава Организации (учредительного договора), реализующую образовательную программу дополнительного образования детей по физической культуре и спорту;

      2) копии правоустанавливающих документов на недвижимое имущество, находящееся в собственности Организации и (или) ином законном основании, используемое Организацией;

      3) копии образовательных программ дополнительного образования детей по физической культуре и спорту по культивируемым видам спорта в соответствии с приказом Министра туризма и спорта от 14 июля 2025 № 129 "Об утверждении национальных стандартов спортивной подготовки";

      4) справку о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, а также сведения о зарегистрированных правах (обременениях) на недвижимое имущество и его технических характеристиках;

      5) сведения об отсутствии (наличии) задолженности, учет по которым ведется в органах государственных доходов с датой не раньше месячного срока до подачи документов на размещение государственного заказа;

      6) схему плана эвакуации при пожаре, заверенное подписью и печатью руководителя Организации и согласованного уполномоченным органом в области пожарной безопасности;

      7) схему размещения видеонаблюдения, заверенное подписью и печатью руководителя Организации с сохранностью видеоархива не менее 30 дней;

      8) копию санитарно-эпидемиологического заключения в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-336/2020 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных актов под № 22004).

      11. Организации направляют документы, подписанные руководителем и заверенные печатью, в электронном формате на электронную почту, указанную в объявлении или в бумажном виде в канцелярию местного исполнительного органа.

      12. Местный исполнительный орган рассматривает заявления Организаций с приложенными документами для размещения государственного заказа в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня их регистрации.

      При рассмотрении заявлений Организаций с приложенными документами местный исполнительный орган осуществляет проверку полноты представленных документов.

      13. При выявлении факта предоставления Организацией заявления и (или) приложенных документов, не соответствующих настоящим Правилам, местный исполнительный орган в течение 2 (двух) рабочих дней направляет Организации на электронную почту, указанную в заявлении, либо, при отсутствии электронной почты, на почтовый адрес, указанный в заявлении, уведомление о необходимости устранения несоответствий.

      В течение 3 (трех) рабочих дней со дня направления уведомления на электронную почту либо получения его на почтовый адрес, Организация повторно предоставляет местному исполнительному органу приведенные в соответствие с настоящими Правилами заявление и приложенные документы.

      Местный исполнительный орган в течение 3 (трех) рабочих дней со дня поступления повторного заявления Организации с приложенными документами осуществляет их рассмотрение.

      14. При повторном выявлении факта предоставления Организацией заявления и (или) приложенных документов, не соответствующих пунктам 9, 10 настоящих Правил, местный исполнительный орган направляет Организации на почтовый адрес или электронную почту, указанные в заявлении, обоснованный и мотивированный отказ в размещении государственного заказа.

      Решения, действия (бездействие) местного исполнительного органа и его должностных лиц могут быть обжалованы в порядке, установленном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      15. Местный исполнительный орган не позднее 30 (тридцати) рабочих дней со дня размещения на интернет-ресурсах информации о начале принятия заявлений Организаций, формирует перечень Организаций для размещения государственного заказа с указанием количества мест и публикует его на интернет-ресурсах.

      16. Местный исполнительный орган размещает государственный заказ путем осуществления процедуры заключения договора с Организацией, включенной в перечень Организаций для размещения государственного заказа в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках".

  Приложение
к Правилам размещения
государственного заказа
в государственных
детско-юношеских
спортивных школах
  Форма
(заполняется на бланке)
Наименование местного
исполнительного органа
_______________________

Заявление

      Прошу включить ___________________________________________________________
(наименование Организации, БИН) в перечень для размещения государственного заказа.
      1. Настоящим Организация сообщает следующее:
      1) количество мест в Организации____________________________________________
      2) фактический контингент по состоянию на дату подачи: ________________________
      3) ранее государственный заказ_______________________________________________
                                          (размещался/не размещался)
      2. Настоящим Организация гарантирует:
      1) соблюдение санитарно-эпидемиологических требований, в том числе по зачислению в Организацию детей в пределах фактической мощности Организации;
      2) соблюдение требований законодательства Республики Казахстан по обеспечению охраны жизни и здоровья обучающихся;
      3) соблюдение требований данных Правил размещения государственного заказа в государственных детско-юношеских спортивных школах.
      Настоящим подтверждаю почтовый адрес: _____________________ и электронную почту ____________, для направления уведомления о необходимости устранения несоответствий.
      Приложение на ___ листах.
      Руководитель Организации ____________________________________
      (наименование Организации) (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      Дата заполнения "______" __________20____год
      Место печати (при наличии)
      Подтверждаю достоверность представленной информации и осведомлен(а) об ответственности за предоставление недостоверных сведений в соответствии с законами Республики Казахстан.
      Согласен(а) на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в цифровых системах.