ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 31.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 18 маусымдағы № 572 Бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17325 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларында:
8-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған Қазақстан Республикасының азаматтары";".
2."Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17322 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларында:
1-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-1 қосымша осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-1 қосымша осы тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы тізбенің 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-1 қосымша осы тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық жетістіктердің өтінімдеріне алдын ала сараптама жүргізу қағидаларында:
29-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы өтініш берушілерге өзгерістер енгізу туралы құжаттарды, ал патенттік сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхат осы іс-шараларды орындау туралы нұсқауды қамтиды.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды рәсімдеу тәртібін бұзған жағдайда жаңа өтінім берілмеді деп есептеледі және өзгерістер енгізу жүргізілмейді, сараптама жасау ұйымы өзгерістер енгізу туралы мәселені қарағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлама жіберіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларында:
153-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік заңды тұлғалар патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы авторлардың құрамына өзгерістер енгізу туралы құжаттарды, ал патенттік сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхат осы шараларды орындауды қамтиды.";
154-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының шегінен тысқары тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда тіркелген патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы өзгерістер енгізу туралы құжаттарды, ал патенттік сенім білдірілген өкілдің атына берілген сенімхат осы іс-шараларды орындау жөніндегі нұсқаулықты қамтуы тиіс.".
4."Өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттарын және олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 17415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттарын және олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында:
2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) құзыретті орган (бұдан әрі – құзыретті орган): емдік дәрі-дәрмекке қатысты – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
пестицидқа (улы химикатқа) қатысты өсімдіктерді қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттілігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
13-қосымша осы тізбенің 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5."Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17416 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында:
11-қосымша осы тізбенің 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6."Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20153 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4.Құқық иелері мен пайдаланушылар үшін қажетті Қазақстан Республикасының өңірлерінде осындай ұйымның атынан уәкілеттігі бар тұлғалар туралы мәліметтер.".
7. "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 100 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37918 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидаларында:
2.1-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3.1-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
8."Тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37905 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тауар белгісін немесе белгілемені жалпыға бірдей белгілі деп іс жүзінде тану мәліметтер маркетингтік және социологиялық зерттеулер жүргізу кәсіби тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес әдістемесі бар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын мамандандырылған тәуелсіз ұйым өткізетін тұтынушыларға сауалнама нәтижелерімен есеп түрінде расталады.
Сауалнама астананы, республикалық маңызы бар қалаларды және кемінде облыстық маңызы бар бес қаланы қамтиды. Бір елді мекендегі респонденттердің жалпы саны кемінде екі жүз адамды құрады.".
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Мені тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары салаласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Мені өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер салалары бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша ___ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша аттестаттауға рұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш
Мені тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешімнен кейін Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша аттестаттауға рұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш
Мені өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешімнен кейін Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш
Маған тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: ___ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер салсындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш
Маған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: ____ парақта.
Қазақстан Республикасы азаматының ______________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қорғау құжатын күшінде ұстап тұру үшін төлем туралы хабарлама / Уведомление об оплате за поддержание охранного документа в силе № ____ қорғау құжаты/охранный документ № ____ ________________________________________________________________ (Атауы) (Наименование)
"Қазақстан Республикасының патент заңы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қорғау құжатының жарамдылығы оның күші сақталған жағдайда ғана іске асады. Заңның 11-бабының 15-тармағына сәйкес патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн жыл сайын өтінім берген күнге сәйкес келетін күні төлем жүргізуге мiндеттi. Қорғау құжатын күшiнде ұстап тұру үшiн алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінім берілген күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды. |
Уведомляем Вас, что охранный документ в соответствии с Законом Республики Казахстан "Патентный закон Республики Казахстан" (далее – Закон) действует при поддержании его в силе. Согласно пункту 15 статьи 11 Закона патентообладатель обязан ежегодно производить оплату за поддержание охранного документа в силе на дату, соответствующую дате подачи заявки. |
№ _____________ от | Адресат |
Хабарлама / Уведомление об оплате за поддержание охранного документа в силе охранный документ № ____ ___________________________________________________________________ (Название)
"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қорғау құжатының жарамдылығы оның күші сақталған жағдайда ғана іске асады. Заңның 14-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес патент иеленушi патенттi күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi. Аталған қорғау құжатының жарамдылығын күшінде сақтау төлемақысы, құжаттың берілуі туралы мәліметтердің жарияланған күнінен бастап екі ай ішінде төленеді және төлемақысының төленгенін растайтын құжаттар ҚР ӘМ ЗМҚК "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК жіберіледі. |
Уведомляем Вас, что охранный документ в соответствии с пунктом 5 Закона Республики Казахстан "Об охране селекционных достижений" (далее – Закон) действует при поддержании его в силе. Согласно подпункта 3) пункта 5 статьи 14 Закона патентообладатель обязан ежегодно производить оплату за поддержание патента в силе. Оплата за поддержание в силе указанного охранного документа производится в течение двух месяцев с даты публикации сведений о его выдаче и документ подтверждающий оплату предоставляется в РГП на ПХВ "НИИС" КИС МЮ РК. |