Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 маусымда № 38967 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 15 маусымдағы
№ 242 бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12498 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12601 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларында:

      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары, оларға мыналар жатады:

      Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;

      бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары;

      астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы;

      мемлекеттік еңбек инспекторлары – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;";

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне

      ____________________________________________________________________

                  (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың атауы)

                  Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша жұмыс берушінің

                              қызметі туралы өтініш-декларация".

      3. "Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12534 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларында:

      19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңдарға, мемлекеттік стандарттары және нормативтік құқықтық актілері өзгертілгенде;".

      4. "Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12621 болып тіркелді):

      1-қосымшада:

      еңбек кітапшасының нысанында:

      "Әкесінің аты (ол болған кезде) _____________________________________

      Отчество (при его наличии)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________________

      Отчество (при его наличии)";

      "Жұмысқа қабылдау туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы (лауазымы көрсетіледі) және еңбек шартының тоқтатылуы (себептері мен заңнамалық актілерге сілтемелер көрсетіледі) туралы мәліметтер

      Сведения о приеме на работу, о переводах на другую работу (с указанием должности) и прекращении трудового договора (с указанием причин и ссылок на законодательные акты)"

      деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмысқа қабылдау туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы (лауазымы көрсетіледі) және еңбек шартының тоқтатылуы (себептері мен заңдарға сілтемелер көрсетіледі) туралы мәліметтер

      Сведения о приеме на работу, о переводах на другую работу (с указанием должности) и прекращении трудового договора (с указанием причин и ссылок на законы)".

      5. "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінің нысанында:

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жазатайым оқиғаға әкеп соққан әрекеттер немесе әрекетсіздікке жауапты адамдар сақтамаған белгіленген тәртіппен бекітілген заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтардың баптарын, параграфтарын, тармақтарын көрсете отырып, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, кәсіптері;".

      6. "Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 342 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21150 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық қызметші өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сондай-ақ осы Кодекстің ережелерін қатаң сақтайды.".

      7. "Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 317 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33204 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларында:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдарға және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкестігі.".

      8. "Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктіліктерді тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 366 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33383 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктіліктерді тануда еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тану қажеттілігін қалыптастыратын жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін еңбек нарығының жай-күйін ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігі тұрғысынан талдауды жүзеге асырады және мемлекеттік органдарға енгізеді.

      Еңбек нарығын талдау кезінде кәсіптің ағымдағы кезеңдегі өзектілігі бір жыл, болашақ кезеңде – жиырма жыл ескеріледі.".

      9. "Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 қыркүйектегі № 381 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33407 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларында:

      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) салалық жұмыс тобы – өтініш берушілер оларды аккредиттеу кезінде ұсынған материалдарды қарау мақсатында құрылған астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлер палатасы жанындағы консультативтік-кеңесші орган;";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – өңірлік палата) мынадай құжаттарды қағазда немесе цифрлық платформа арқылы электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде ұсынады:";

      14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығына, тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қауіпсіздігіне байланысты бұзушылықтар анықталған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы қайта басталмайды.".

      10. "Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 391 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33449 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларында:

      3-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Ұлттық палата және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);".

      11. "Интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару қағидалары, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару қағидалары мен талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджетке аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 392 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35173 болып тіркелді):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет-платформа операторының жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу және аудару қағидалары, сондай-ақ интернет-платформа операторы төлеген сомаларды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бөлу және аудару қағидалары мен талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджетке аударымдар мен жарналардың мөлшерінен асатын төлем сомасын бірыңғай төлемді төлеушіге, интернет-платформа операторына қайтару қағидаларында:

      4-тармақтың 1-бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

  Тізбеге қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 904 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге: ______________________
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда), тұрақты тұрғылықты
жерінің мекенжайы немесе
тұрғылықты жері бойынша тіркеу
туралы мәліметтер, жеке
сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі –
ЖСН), егер жұмыс беруші заңды
тұлға болған жағдайда – оның
атауы, тұрғылықты жері, бизнес-
сәйкестендiру нөмiрi
Елдi мекеннің атауы

                  Жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы
                              НҰСҚАМА
                        № ___ 20__ жылғы "__" __________

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 193-бабы 4) тармақшасына сәйкеc 20___
жылғы "___" ______________ мерзіміне дейін келесі жұмыскерге (жұмыскерлерге):
      1) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ___ ___________ ____________ ж.т., ЖСН:
____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________
_________________ теңге мөлшерінде;
      2) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН:
____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________
_________________ теңге мөлшерінде;
      3) Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ___ ____________ ____________ ж.т., ЖСН:
____________________, тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________ ____________ теңге
мөлшерінде жалақы төленсін деп нұсқама беремін.
      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына
сәйкес 20__ жылғы "__" _______ дейін осы нұсқаманың орындалуы туралы
жазбаша ақпарат мына мекенжайға: ____________________________________ берілсін.
      Мемлекеттік еңбек инспекторы
      _________ ____________________________________________
      қолы             Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
      Нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторына немесе сотқа оны алынған
күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шағым жасалуы мүмкін.
      Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда
және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса, әрбір
жұмысшыға қатысты нұсқаманың данасы көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс
күнінен кешіктірмей "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына
не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
      Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, әрбір жұмысшыға қатысты
нұсқаманың данасы сот актісі заңды күшіне еңген күнінен бастап үш жұмыс күнінен
кешіктірмей "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке
сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 12) тармақшасының
негізінде бұл нұсқаманың міндетті күші бар.
      Нұсқаманы алдым:
      ____________ _______________________________
            қолы             Тегі, аты, әкесінің аты
                        (ол болған жағдайда), алған күні

О внесении изменений в некоторые приказы

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 15 июня 2026 года № 242. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июня 2026 года № 38967

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.07.2026

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту труда и социального партнерства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официальной публикации;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения подпунктов 1) и 2) настоящего пункта представление информации в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
А. Ертаев

  Утвержден приказом
Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 15 июня 2026 года № 242

Перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения

      1. В приказе Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 904 "Об утверждении форм актов государственного инспектора труда" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12498):

      приложение 2 к указанному приказу изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему перечню.

      2. В приказе Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 909 "Об утверждении Правил декларирования деятельности работодателя" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12601):

      в Правилах декларирования деятельности работодателя, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 7) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "7) государственные инспекторы труда – должностные лица уполномоченного государственного органа по труду и его территориальных подразделений, к которым относятся:

      главный государственный инспектор труда Республики Казахстан – должностное лицо уполномоченного государственного органа по труду;

      главные государственные инспекторы труда – должностные лица уполномоченного государственного органа по труду;

      главный государственный инспектор труда столицы, области, города республиканского значения – руководитель соответствующего территориального подразделения уполномоченного государственного органа по труду;

      государственные инспекторы труда – должностные лица территориальных подразделений уполномоченного государственного органа по труду столицы, области, города республиканского значения;";

      в приложении 1 к указанным правилам:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "В территориальное подразделение уполномоченного государственного органа по труду
_____________________________________________________________
(наименование столицы, области, городов республиканского значения)

      Заявление-декларация о деятельности работодателя по соблюдению трудовых прав работников".

      3. В приказе Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 927 "Об утверждении Правил разработки, утверждения и пересмотра инструкции по безопасности и охране труда работодателем" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12534):

      в Правилах разработки, утверждения и пересмотра инструкции по безопасности и охране труда работодателем, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "1) при изменении законов, государственных стандартов и нормативных правовых актов Республики Казахстан;".

      4. В приказе Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 929 "Об утверждении формы, Правил ведения и хранения трудовых книжек" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12621):

      в приложении 1:

      в форме трудовой книжки:
строку:
"Әкесінің аты (ол бар болса) ________________________________________
Отчество (при его наличии)"
изложить в следующей редакции:
"Әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________________
Отчество (при его наличии)";

      графу:

      "Жұмысқа қабылдау туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы (лауазымы көрсетіледі) және еңбек шартының тоқтатылуы (себептері мен заңнамалық актілерге сілтемелер көрсетіледі) туралы мәліметтер

      Сведения о приеме на работу, о переводах на другую работу (с указанием должности) и прекращении трудового договора (с указанием причин и ссылок на законодательные акты)"

      изложить в следующей редакции:

      "Жұмысқа қабылдау туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы (лауазымы көрсетіледі) және еңбек шартының тоқтатылуы (себептері мен заңдарға сілтемелер көрсетіледі) туралы мәліметтер

      Сведения о приеме на работу, о переводах на другую работу (с указанием должности) и прекращении трудового договора (с указанием причин и ссылок на законы)".

      5. В приказе Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1055 "Об утверждении форм по оформлению материалов расследования несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12655):

      в форме акта специального расследования несчастного случая, связанного с трудовой деятельностью, утвержденного указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "3) фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность, профессия лиц, ответственных за действия или бездействия, которые привели к несчастному случаю, с указанием статей, параграфов, пунктов законов и иных нормативных правовых актов, а также должностных инструкций ответственных лиц, утвержденных в установленном порядке и не соблюденных ими;".

      6. В приказе Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 августа 2020 года № 342 "Об утверждении Кодекса служебной этики гражданских служащих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21150):

      в Кодексе служебной этики гражданских служащих, утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. При осуществлении своей деятельности гражданский служащий соблюдает требования Конституции Республики Казахстан, Трудового кодекса Республики Казахстан, законов Республики Казахстан и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан, а также положения настоящего Кодекса.".

      7. В приказе Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 июля 2023 года № 317 "Об утверждении Правил принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33204):

      в Правилах принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 7) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "7) соответствие законам и другим вышестоящим нормативным правовым актам в области безопасности и охраны труда, в том числе международным договорам, ратифицированным Республикой Казахстан.".

      8. В приказе Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 366 "Об определении правил формирования потребности рынка труда в признании профессиональных квалификаций с учетом актуальности профессий в текущем и будущем периодах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33383):

      в Правилах формирования потребности рынка труда в признании профессиональных квалификаций с учетом актуальности профессий в текущем и будущем периодах, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Местный исполнительный орган столицы, областей и городов республиканского значения ежегодно, до 1 декабря года, предшествующего году формирования потребности рынка труда в признании профессиональных квалификаций, проводит анализ состояния рынка труда на предмет актуальности профессий в текущем и будущем периодах, результаты которого вносит в государственные органы.

      При анализе рынка труда учитывается актуальность профессий в текущем периоде один год, в будущем периоде – двадцать лет.".

      9. В приказе Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 9 сентября 2023 года № 381 "Об утверждении Правил аккредитации центров признания профессиональных квалификаций, переоформления, отзыва, возобновления и прекращения действия аттестата аккредитации, а также типовой формы и условий постаккредитационного договора" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33407):

      в Правилах аккредитации центров признания профессиональных квалификаций, переоформления, отзыва, возобновления и прекращения действия аттестата аккредитации, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 10) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "10) отраслевая рабочая группа – консультативно-совещательный орган при палате предпринимателей столицы, областей, городов республиканского значения созданный в целях рассмотрения материалов, представленных заявителями при их аккредитации;";

      часть первую пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Заявитель для прохождения аккредитации представляет в палату предпринимателей столицы, областей, городов республиканского значения (далее – региональная палата) в бумажной или электронной форме через цифровую платформу следующие документы на казахском и русском языках:";

      часть третью пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "Действие аттестата аккредитации не возобновляется в случае выявления нарушений, связанных со здоровьем, жизнеобеспечением и безопасностью граждан Республики Казахстан.".

      10. В приказе Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 18 сентября 2023 года № 391 "Об утверждении Правил формирования, сопровождения и системно-технического обслуживания цифровой платформы Национальной системы квалификаций, интеграции с иными информационными системами, а также анализа и обработки данных по вопросам Национальной системы квалификаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33449):

      в Правилах формирования, сопровождения и системно-технического обслуживания цифровой платформы Национальной системы квалификаций, интеграции с иными информационными системами, а также анализа и обработки данных по вопросам Национальной системы квалификаций, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 3) части второй пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3) Национальная палата и палаты предпринимателей столицы, областей, городов республиканского значения (далее – региональные палаты);".

      11. В приказе Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 сентября 2024 года № 392 "Об утверждении Правил удержания и перечисления оператором интернет-платформы индивидуального подоходного налога, обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, социальных отчислений и взносов на обязательное социальное медицинское страхование, а также правила и случаи распределения и перечисления сумм, уплаченных оператором интернет-платформы в Государственный фонд социального страхования, социального медицинского страхования, единый накопительный пенсионный фонд, и правила возврата плательщику единого платежа, оператору интернет-платформы суммы, превышающей размеры взносов и отчислений в Государственный фонд социального страхования, социального медицинского страхования, единый накопительный пенсионный фонд" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35173):

      в Правилах удержания и перечисления оператором интернет-платформы индивидуального подоходного налога, обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, социальных отчислений и взносов на обязательное социальное медицинское страхование, а также правила и случаи распределения и перечисления сумм, уплаченных оператором интернет-платформы в Государственный фонд социального страхования, социального медицинского страхования, единый накопительный пенсионный фонд, и правила возврата плательщику единого платежа, оператору интернет-платформы суммы, превышающей размеры взносов и отчислений в Государственный фонд социального страхования, социального медицинского страхования, единый накопительный пенсионный фонд, утвержденных указанным приказом:

      часть первую пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "4. На основании переданных сведений, в том числе по чекам специального мобильного приложения, КГД МФ РК осуществляет исчисление сумм индивидуального подоходного налога, СО, ОПВ, ОПВР и взносов (далее - социальные платежи) и (или) пени за их несвоевременную и (или) неполную уплату (округленную до теңге).".

  Приложение к перечню
  Приложение 2 к приказу
Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 904
  Форма
  Кому: ______________________
____________________________
Фамилия, имя и отчество
(при его наличии), адрес
постоянного места жительства
или сведения о регистрации
по месту жительства,
индивидуальный
идентификационный номер
(далее – ИИН), если
работодателем является
юридическое лицо – его
наименование, место
нахождения, бизнес-
идентификационный номер
Название населенного пункта

ПРЕДПИСАНИЕ
№ __ о выплате работодателем заработной платы от "__" ______20__ года

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 193 Трудового кодекса Республики Казахстан
предписываю в срок до "__" ______20___ года выплатить заработную плату
следующему (им) работнику (ам):

      1) Фамилия, имя, отчество (при его наличии),
"___" ____________ ____________ г.р.,
ИИН: ____________________, адрес местожительства: _____________________
в размере _________________ теңге;

      2) Фамилия, имя, отчество (при его наличии),
"___" ____________ ____________ г.р., ИИН: __________________
адрес местожительства: ________________________
в размере _________________ теңге;

      3) Фамилия, имя, отчество (при его наличии), "___" ____________ ____________
г.р., ИИН: __________________ адрес местожительства: ________________________
в размере __________________ теңге.
В соответствии с подпунктом 12) пункта 2 статьи 23 Трудового кодекса Республики
Казахстан предоставить к "___" ___________ 20___ года письменную информацию
об исполнении настоящего предписания по адресу:
_______________________________________________________________
Государственный инспектор труда
__________ ____________________________________________________
подпись Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Предписание может быть обжаловано вышестоящему государственному инспектору
труда или в суд в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня его получения.
В случае неисполнения предписания в установленный государственным инспектором
труда срок и после истечения срока на обжалование, если оно не было обжаловано,
экземпляр предписания в отношении каждого работника не позднее трех рабочих
дней по истечении указанных сроков направляется для принудительного взыскания
в соответствующий орган юстиции либо региональную палату частных судебных
исполнителей по территориальности в соответствии с Законом Республики Казахстан
"Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей".
В случае обжалования предписания в судебном порядке, экземпляр предписания
в отношении каждого работника не позднее трех рабочих дней со дня вступления
судебного акта в законную силу о признании предписания законным направляется
для принудительного взыскания в соответствующий орган юстиции либо
региональную палату частных судебных исполнителей по территориальности
в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об исполнительном производстве
и статусе судебных исполнителей".
На основании подпунктом 12) пункта 2 статьи 23 Трудового кодекса Республики
Казахстан настоящее предписание имеет обязательную силу.
Предписание получил:
__________ _______________________________________________
подпись Фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата получения