ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 8 мамырдағы |
|
| № 420 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17325 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тiзiлiмі (бұдан әрі – Тізілім) – авторлардың немесе құқық иеленушілердің өтініштері негізінде енгізілген авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе;
3) (автордың немесе құқық иесінің) жеке кабинеті – пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) уәкілетті органның Интернетте бөлінген байланыс арналарындағы, оның пайдаланушыларының (қаржы мониторингі субъектілерінің) уәкілетті органмен цифрлық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін профилі;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және оларға өзгерістерді енгізу" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, көрсету нысаны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.";
7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Төлем көрсетілетін қызметті берушінің newcab.qazpatent.kz цифрлық жүйесімен интеграцияланған екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган тиісті нормативтік құқықтық акт Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
17-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларының 1-қосымша Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларының 2-қосымша Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларының 3-қосымша Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20153 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес әзірленді және "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға цифрлық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.";
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3, және 8-4 тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
8-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық, материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.
8-3. Осы Қағидалардың 8-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесі мемлекеттік орган шешім қабылданғанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
8-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі.".
9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.";
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган "цифрлық үкіметтің" ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";
"Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша осы Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
"Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша осы Тізбенің 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 100 "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37918 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидаларында:
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Осы Қағидалардың 58-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді ҚҰБҰ сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау ағымдағы шотына түскен күннен бастап үш жыл өтпей тұрып ұсынған немесе өзектендірген жағдайда, ҚҰБҰ құқық иеленуші бірыңғай цифрлық платформа арқылы сұрау жолдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті сыйақыны құқық иеленушіге төлейді.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Бөлінбеген сыйақы сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін ҚҰБҰ ағымдағы шотына түскен күннен бастап үш жыл бойы ҚҰБҰ шотында сақталады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. "Нақты құқық иеленушілерге бөлінген және есептелген жиналған сыйақы сомалары сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін ҚҰБҰ ағымдағы шотында сақталады және сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін ҚҰБҰ ағымдағы шотында осындай сомалардың сақталу мерзіміне қарамастан, осындай адамдар болған немесе өтініш білдірген жағдайда тиісті құқық иеленушіге төленеді.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ҚҰБҰ осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес мәліметтерді қамтитын, ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау ағымдағы шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы туралы есепті бірыңғай цифрлық платформада қалыптастырады.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Бірыңғай цифрлық платформа субъектісі бастапқы бетте ЖСН бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, сондай-ақ "цифрлық үкімет" веб-порталының авторизация жүйесі арқылы бірыңғай цифрлық платформада авторизациядан өтеді".";
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидаларына 1-қосымшада:
3.3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жиналған және бөлінген сыйақыны ҚҰБҰ-ның ағымдағы шотында тиісті құқық иеленуші табылғанға немесе оның өтініші түскенге дейін, мұндай сомалардың ағымдағы шотта сақталу мерзіміне қарамастан, сақтауға;".
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидаларына 14-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ҚҰБҰ жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін ағымдағы ағымдағы шоттағы ақша қаражатының қалдығы.";
Р/с № | Есептелген сыйақы сомасы | Төленуге тиісті сома | Нақты төлем сомасы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
";
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсыну қағидаларына 15-қосымшада:
Тақырыбы манадай редакцияда жазылсын:
"ҚҰБҰ сыйақысын жинауға, бөлуге, төлеуге және сақтауға арналған ағымдағы шоттағы ақша қалдығы туралы ЕСЕП"
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 99 "Туындыны жеке мақсата көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеудің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37917 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу қағидалары:
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Сараптамалық ұйым нақты құқық иеленушілерге бөлген, алайда құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оны пайдалануға бірыңғай қолжетімділік беру қағидаларының ережелеріне сәйкес талап етілмеген деп танылған жиналған сыйақы сомалары ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған ағымдағы шотында сақталады және осындай тұлғалар анықталған немесе жүгінген кезде, аталған сомалардың ҚҰБҰ шотында сақталу мерзіміне қарамастан, тиісті құқық иеленушіге төленеді.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Құқық иеленушілерге сыйақыны төлеу ҚҰБҰ тарапынан осындай ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған ағымдағы шотына ақша қаражаты түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43.Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша бірыңғай цифрлық платформада сараптамалық ұйым мен ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған ағымдағы шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы туралы есеп қалыптастырылады, онда осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес мәліметтер қамтылады.":
Туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу қағидаларға 2-қосымшасында:
2.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.5. Құқық иеленушілерге сыйақыны төлеу ҚҰБҰ тарапынан осындай ҚҰБҰ-ның сыйақыны жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін арналған ағымдағы шотына ақша қаражаты түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
Туындыны жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу қағидаларға 7-қосымшасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. ҚҰБҰ жинау, бөлу, төлеу және сақтау үшін ағымдағы шоттағы ақша қаражатының қалдығы туралы мәліметтер
Р/с № | Атауы | Есепті кезең үшін | Алдыңғы кезеңдер үшін | Бүкіл кезең үшін |
1. | Түсімдер, барлығы: | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
1.1. | жиналған сыйақы сомасы | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
1.2. | қайта бөлуге жататын алдыңғы есепті кезең(дер) үшін бөлінбеген сыйақы сомасы | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
2. | Шығу, барлығы: | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
2.1. | сараптама ұйымының нақты шығыстарының сомасы | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
2.2. | ҚҰБҰ нақты шығыстар сомасы | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
2.3. | нақты төлем сомасы | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
3. | Ақша қаражаттарының қалдығы | |||
3.1. | бөлінбеген сыйақы сомасы | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
3.2. | талап етілмеген сыйақы сомасы | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар | ||||
3.3. | төленбеген сыйақы сомасы | |||
авторлық құқық | ||||
сабақтас құқықтар |
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың
мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы өтініш
Мен (Біз) ________________________________________________________________
(автор (лар) дың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе)) жеке сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
жасаған _________________________________________________________________________
(объектінің жасалған күні, айы, жылы)
________________________________________________________________________________
деп аталатын жарияланбаған
________________________________________________________________________________
(авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын
(растаймыз) және мәліметтерді Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың
мемлекеттік тізіліміне енгізуді өтінемін (өтінеміз).
Мәліметтердің Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың
мемлекеттік тізіліміне енгізу фактісінің заңды мағынасы Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты"
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорында маған (бізге)
түсіндірілді.
20____жылы "____"__________ ______________________
(автор(лар)дың қолы)
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі "Дербес деректер және
оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңымен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___жылғы "___" _________
_______________________
(автордың (авторлардың) қолы)
Құқық иеленушіден Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге
құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы
өтініш
___________________________________ БСН (ЖСН) ____________________________
(автор (лар) дың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе)
________________________________________________________________________________
(авторлық құқық объектісінің түрі) өзім (-із) құрқан ерекше мүліктік
құқықтардың иесі(-лердің) екенімді (екенін)
_____________________________________________________________________деп аталатын
автор екенімді растаймын (-айды)
________________________________________________________________________________
және авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне
мәліметтер енгізуді сұраймын (-мыз).
Автордың (-лардың) (тегі, аты, әкесінің аты , ЖСН ____________________________________
Аталатын авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың Мемлекеттік тізіліміне
мәліметтерді енгізуді сұраймын (-мыз).
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын
(растаймыз) және мәліметтерді Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың
мемлекеттік тізіліміне енгізуді өтінемін (өтінеміз).
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелердегі "Дербес деректер және
оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңымен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік қызметтің атауы | "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу" |
2. | Мемлекеттік қызметтің қосалқы түрінің атауы (бар болған жағдайда) | жоқ |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
4. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz , www.qazpatent.kz/. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) мәліметтер енгізу туралы куәлік беру (осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес), сондай-ақ мәліметтерді Тізілімге енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу бөлігінде көрсетілетін қызметтердің бағаларына (бұдан әрі – бағалар) сәйкес құқық иесі ретінде тізілімге енгізуге өтініш берген уәкілетті органның ww.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.qazpatent.kz және ресми сайттарда орналастырылатын жағдайда ақылы негізде көрсетіледі. |
9. | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Мәліметтерді Тізілімге енгізу кезінде: |
11. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады: |
12. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет. |
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеуден өту үшін ұсынылатын өтініш
Бірлестік мүшелерінің атынан "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының тәртібінде аккредиттеуді сұраймын:
___________________________________________________________________________
(құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымының толық атауы) мекенжайы:
_____________________________________________________________________
(ұйымның орналасқан жері) тіркеу нөмірі:
______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның тіркеу нөмірі) БСН:
________________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бар болған жағдайда)
ұжымдық басқарудың мынадай саласы бойынша: ________________________
("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
43-бабының 3-тармағына сәйкес)
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған,
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
| Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтар тізбесіне 5-қосымша "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Мемлекеттік қызметтің атауы | "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" |
2. | Мемлекеттік қызметтің қосалқы түрінің атауы (бар болған жағдайда) | Жоқ |
3. | Қызмет көрсетушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Осы "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 4-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
9. | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші- дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда 08.00-ден 17.30-ға дейін,түскі үзіліс – 12.00-ден 13.30-ға дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа. |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
11. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады: |
12. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |