Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және ақша аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 38 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 сәуірде № 38400 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және ақша аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 38
Қаулыға қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Банктік шот ашу арқылы қашықтықтан іскерлік қатынастар орнату кезінде банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда жұмыс істеуі көзделген Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы клиентке биометриялық сәйкестендіру жүргізеді.

      СДАО арқылы биометриялық сәйкестендіруді жүргізу тәртібі, сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру нәтижелерін сақтау мерзімдері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен бекітілген Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларында белгіленеді.";

      60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Банк өзіне басқа банк берген клиенттердің банктік шоттарын жүргізген кезде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 68, 97, 98 және 106-баптарында көзделген жағдайларда банк көрсетілген банктік шоттарға жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын береді және Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен салық органдарына хабарлайды.

      61. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе банктік шоттағы ақшаға тыйым салу Азаматтық кодекстің 740-бабына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 125-бабына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 161-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 156-бабына, Салық кодексінің 86-бабына, Банктер және банк қызметі туралы заңның 70-бабына, КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабына, "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32, 62, 123-баптарына, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабы 11-тармағына сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері немесе клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілері негізінде жүзеге асырылады.";

      63-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктің және оның клиентінің деректемелері Банктер және банк қызметі туралы заңның 68, 97, 98 және 106-баптарында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұрын қабылданған шешімдерінде және (немесе) өкімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеe жағдайларын қоспағанда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) сәйкес банктің және оның клиентінің деректемелері уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімінде және (немесе) өкімінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайда;".

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      7-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидалардың мақсаттары үшін балама сәйкестендіргіш деп жекелеген деректемелер, оның ішінде клиентті сәйкестендіруге және төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әріптік-цифрлық символдар түсініледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-3-тармақпен толықтырылсын:

      "7-3. Штрих-кодты, биометриялық сәйкестендіру құралдарын, балама сәйкестендіргіштерді пайдалана отырып, банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын банкаралық мобильді төлемдер жүйесі арқылы жүргізу кезінде банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 4-1-тармағына сәйкес белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      76 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Салық кодексінің 185 және 186-баптарында, Кеден кодексінің 129 және 130-баптарында, Әлеуметтік кодекстің 256-бабында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 61-бабында, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 58-бабында, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және (немесе) банктік шот шартында көзделген жағдайларда банктің орындау үшін қабылдаған төлем құжаты не ақша жөнелтушінің келісімінсіз орындалатын төлем құжаты негізінде банк ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарады.";

      80-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер төлем құжатында мына:

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 68, 97, 98 және 106-баптарында көзделген жағдайларды;

      құқық иеленуші-банк Банктер және банк қызметі туралы заңның 68, 97, 98 және 106-баптарында көзделген операциялар шеңберінде бенефициарға қызмет көрсететін жағдайларда ақша жөнелтушінің банктік шоттарына бұрын берілген инкассолық өкімдерді орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзетілген жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдерді орындау бенефициар мен бенефициар банкінің деректемелерін растайтын құқық иеленуші-банктің құжаты негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (бенефициар банкінің ЖСК, атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;

      бенефициарға мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банкте қызмет көрсетілетін немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банк бенефициар болып табылатын жағдайларда, ақша жөнелтушінің банктік шоттарына бұрын берілген инкассолық өкімдер мен төлем талаптарын орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзеткен жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдер мен төлем талаптарын орындау бенефициар мен бенефициар банкінің деректемелерін растай отырып, бенефициардың жаңа банктік шоты ашылған банк құжатының негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (бенефициар банктің ЖСК, атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;

      3) Банктер және банк қызметі туралы заңның 68, 97, 98 және 106-баптарында көзделген жағдайларда ақша жөнелтуші банкінің төлем құжаттарында клиенттің ЖСК түзетуін қоспағанда, Қағидаларда көзделген жағдайларда клиенттің басқа банктік шоттарынан төлем құжатын орындау кезінде ақша жөнелтушінің ЖСК, ЖСН (БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) Азаматтық кодекстің 741-бабына, Банктер және банк қызметі туралы заңның 61-бабына, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабына, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 58 және 98-баптарына сәйкес осындай өндіріп алуға шектеулер болған кезде банктік шоттардан ақшаны өндіріп алу туралы талап қойылған;";

      171 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Клиенттің ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, сот орындаушыларының немесе әділет органдарының тиісті шешімдері негізінде ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу, банктік шоттардағы ақшаға (мүлікке) иелік етуге уақытша шектеу қою, сондай-ақ банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Азаматтық кодекстің 740-бабында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 161-бабында, Салық кодексінің 86-бабында, Кеден кодексінің 125-бабында, Банктер және банк қызметі туралы заңның 70-бабында және Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 62, 123-баптарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.";

      177-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк сот орындаушысының не әділет органының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы қаулысын алған жағдайда, осындай қаулыны алған күннен кейін операциялық үш күннен кешіктірмей сот орындаушысын не әділет органын тыйым салынған ақша сомасын көрсете отырып, оның толық не ішінара орындалғаны не қаулының орындауға қабылданғаны туралы хабардар етеді, қаулы аясында талап етілетін ақпаратты Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабында белгіленген тәртіпте жолдайды және уәкілетті органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тыйым салу туралы шешімдері не шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері туралы хабардар етеді.".

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқасқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Ұлттық Банкте "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 35-бабында белгіленген қағидаттарды сақтай отырып, ислам банкінің операцияларын, сондай-ақ банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы екінші корреспонденттік шот ашқан кезде, мынадай жағдайлардың бірі:

      1) егер № 207 қағидаларға сәйкес корреспонденттік шот ашу үшін қажетті толық құжаттар топтамасының болуы туралы растау болған;

      2) егер корреспонденттік шотты ашу сәтінде клиенттің досьесінде өзгерістер болмаған жағдайларда банктік шот ашу үшін көзделген құжаттарды (әмбебап банктік лицензияны не исламдық банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензияны қоспағанда) қайта ұсыну талап етілмейді.".

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Банктің корреспонденттік шотына ұсынылатын инкассолық өкімдер Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, Банктер және банк қызметі туралы заңда, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және № 208 қағидаларда белгіленген тәртіппен орындалады.".

      4. "Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 219 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14340 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын мынадай талаптар бекітілсін:

      1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 69-бабының 11, 12, 17, 20 және 21-тармақтарында көзделген банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтамалар банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрі – банктер) клиенттің банктік шоты болған кезде ресімделеді және онда мыналар қамтылады:

      анықтама күні;

      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды;

      клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды;

      банктік шоттағы қалдық туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда сұратылатын күнгі шығыс қалдық.

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабы 12-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын банктік шоттарда ақшаның болуы туралы мәліметтер өндіріп алынатын сома шегінде көрсетіледі. Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабы 17-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын банктік шоттарда ақшаның болуы туралы мәліметтер өндіріп алынатын сома шегінде көрсетіледі, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда – атқарушылық іс жүргізуді қозғаған сәттен бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер де көрсетіледі.

      Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмірлері, банктік шоттары бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (бұдан әрі – үзінді-көшірме) нысанында жіберіледі;

      2) үзінді-көшірмеде мыналар қамтылады:

      үзінді-көшірме күні;

      үзінді-көшірме берілетін кезең;

      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды;

      клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды;

      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты ол болған жағдайда және егер клиент ақша жөнелтуші (бенефициар) болып табылған жағдайда, бенефициардың (ақша жөнелтушінің) жеке сәйкестендіру коды;

      теңгемен банктік шот бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банктің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы және жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.

      Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде бенефициар банктің (ақша жөнелтуші банктің) атауы және (немесе) банктік сәйкестендіру коды қойылмайды;

      үзінді-көшірме берілетін кезеңнің басында және соңында келіп түсетін және жіберілетін қалдық.

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабы 17-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын үзінді-көшірмелерде банктік шотта ақша жеткіліксіз болған кезде атқарушылық іс жүргізу қозғалған сәттен бастап келіп түсетін және (немесе) жіберілетін қалдық туралы ақпарат қамтылады;

      төлемнің белгіленуі;

      үзінді-көшірме берілетін кезеңдегі дебет және кредит бойынша айналымдар.

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабы 17-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын үзінді-көшірмелерде банктік шотта ақша жеткіліксіз болған кезде атқарушылық іс жүргізу қозғалған сәттен бастап дебет және кредит бойынша айналымдар туралы ақпарат қамтылады;

      банктік шоттың валютасы;

      банктің уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және мөртабан (қағаздағы нұсқасы үшін).

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабының 12, 17-тармақтарында көзделген үзінді-көшірмелерді ұсынған кезде, мынадай мәліметтер болған жағдайда қосымша беріледі:

      үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңында банктік шотқа қойылған, орындалмаған инкассолық өкімдер сомасы;

      үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңында банктік шотқа қойылған, орындалмаған төлем талаптарының сомасы;

      үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңында банктік шотқа қойылған, болашақтағы валюталау күні бар орындалмаған төлем тапсырмаларының сомасы;

      үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шоттардағы ақшаға салынған өзге ауыртпалықтар (тыйым салу) сомасы;

      уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ұсынылған өкімдерінің саны;

      банктік шот бойынша орын алған ауыртпалықтарды шегергенде, үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңындағы ақша сомасының қалдығы (оң немесе теріс).

      Банктік шоттың мақсаты туралы ақпарат Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабының 11, 12 және 17-тармақтарына сәйкес, Азаматтық кодекстің 741-бабында және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда ақшасы өндіріп алуға жатпайтын банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтамаларды және банктік шоты бойынша үзінді-көшірмелерді ұсынған кезде қосымша көрсетіледі.".

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам платежей и переводов денег

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 10 апреля 2026 года № 38. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 апреля 2026 года № 38400

      Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения по вопросам платежей и переводов денег.

      2. Департаменту платежных систем и цифровых финансовых технологий Национального Банка Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка Республики Казахстан государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент Национального Банка Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

  Приложение
к постановлению Председатель
Национального Банка
Республики Казахстан
от 10 апреля 2026 года № 38

Перечень некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения по вопросам платежей и переводов денег

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14422) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить частями пятой и шестой следующего содержания:

      "При установлении деловых отношений дистанционным способом путем открытия банковского счета банк проводит биометрическую аутентификацию клиента посредством Центра обмена идентификационными данными (далее – ЦОИД), функционирование которого предусмотрено Законом о платежах и платежных системах.

      Порядок проведения биометрической аутентификации посредством ЦОИД, а также сроки хранения результатов биометрической аутентификации устанавливаются Правилами оказания банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, электронных банковских услуг, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 212, зарегистрированными в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14337.";

      пункты 60 и 61 изложить в следующей редакции:

      "60. При ведении банком банковских счетов клиентов, переданных ему другим банком в случаях, предусмотренных статьями 68, 97, 98 и 106 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон о банках и банковской деятельности), банк присваивает указанным банковским счетам новые индивидуальные идентификационные коды и уведомляет налоговые органы в порядке, определенном подпунктом 1) пункта 2 статьи 55 Налогового кодекса.

      61. Приостановление расходных операций по банковским счетам или арест денег, находящихся на банковском счете, осуществляется в соответствии со статьей 740 Гражданского кодекса, статьей 125 Кодекса Республики Казахстан "О таможенном регулировании в Республике Казахстан", статьей 161 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, статьей 156 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан, статьей 86 Налогового кодекса, статьей 70 Закона о банках и банковской деятельности, статьей 13 Закона о ПОДФТ, статьями 32, 62, 123 Закона Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей", пунктом 11 статьи 27 Закона о платежах и платежных системах на основании решений и (или) распоряжений уполномоченных государственных органов или должностных лиц о приостановлении расходных операций по банковскому счету клиента или актов о наложении ареста на деньги, находящиеся на банковском счете клиента.";

      подпункт 1) пункта 63 изложить в следующей редакции:

      "1) в случае несоответствия реквизитов банка и его клиента реквизитам, указанным в решении и (или) распоряжении уполномоченного государственного органа или должностного лица о приостановлении расходных операций по банковскому счету клиента, в соответствии с Правилами осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 208, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14419 (далее – Правила осуществления безналичных платежей), за исключением случаев их несоответствия реквизитам, указанным в ранее предъявленных решениях и (или) распоряжениях уполномоченного государственного органа или должностного лица о приостановлении расходных операций по банковскому счету клиента в случаях, предусмотренных статьями 68, 97, 98 и 106 Закона о банках и банковской деятельности;".

      2. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 208 "Об утверждении Правил осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14419) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах осуществления безналичных платежей и (или) переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      часть вторую пункта 7-1 изложить в следующей редакции:

      "Для целей Правил под альтернативным идентификатором понимаются отдельные реквизиты, в том числе в виде буквенно-цифровых символов, которые позволяют идентифицировать клиента и осуществить платеж и (или) перевод денег.";

      дополнить пунктом 7-3 следующего содержания:

      "7-3. При проведении межбанковских платежей и (или) переводов денег посредством межбанковской системы мобильных платежей с использованием штрихового кода, средств биометрической аутентификации, альтернативных идентификаторов банк обеспечивает соблюдение требований, установленных в соответствии с пунктом 4-1 статьи 5 Закона о платежах и платежных системах.";

      пункт 76 изложить в следующей редакции:

      "76. Списание денег банком с банковского счета отправителя денег производится на основании принятого банком к исполнению платежного документа либо платежного документа, исполняемого без согласия отправителя денег, в случаях, предусмотренных статьями 185 и 186 Налогового кодекса, статьями 129 и 130 Таможенного кодекса, статьей 256 Социального кодекса, статьей 61 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон о банках и банковской деятельности), статьей 58 Закона об исполнительном производстве, статьей 31 Закона Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании", Законом о платежах и платежных системах и (или) договором банковского счета.";

      в пункте 80:

      подпункты 2) и 3) изложить в следующей редакции:

      "2) если платежный документ содержит исправления, дополнения и помарки, за исключением:

      случаев, предусмотренных статьями 68, 97, 98 и 106 Закона о банках и банковской деятельности;

      исполнения ранее предъявленных инкассовых распоряжений к банковским счетам отправителя денег, в случаях, когда бенефициар обслуживается в банке-правопреемнике в рамках операций, предусмотренных статьями 68, 97, 98 и 106 Закона о банках и банковской деятельности. Исполнение таких инкассовых распоряжений осуществляется с исправлением банковских реквизитов бенефициара (ИИК, наименование и банковский идентификационный код банка бенефициара), на основании документа банка-правопреемника, подтверждающего реквизиты бенефициара и банка бенефициара;

      исполнения ранее предъявленных инкассовых распоряжений и платежных требований к банковским счетам отправителя денег, в случаях, когда бенефициар обслуживается в банке, находящемся в процессе принудительной ликвидации, или бенефициаром является банк, находящийся в процессе принудительной ликвидации. Исполнение таких инкассовых распоряжений и платежных требований осуществляется с исправлением банковских реквизитов бенефициара (ИИК, наименование и банковский идентификационный код банка бенефициара) на основании документа банка, в котором открыт новый банковский счет бенефициара, с подтверждением реквизитов бенефициара и банка бенефициара;

      3) несоответствия ИИК, ИИН (БИН) отправителя денег реквизитам, указанным в платежном документе, за исключением исправления банком отправителя денег в платежных документах ИИК клиента в случаях, предусмотренных статьями 68, 97, 98 и 106 Закона о банках и банковской деятельности, при исполнении платежного документа с других банковских счетов клиента, в случаях, предусмотренных Правилами;";

      подпункт 14) изложить в следующей редакции:

      "14) предъявления требования о взыскании денег с банковских счетов, при наличии ограничений на такое взыскание в соответствии со статьей 741 Гражданского кодекса, статьей 61 Закона о банках и банковской деятельности, статьей 27 Закона о платежах и платежных системах, статьями 58 и 98 Закона об исполнительном производстве;";

      пункт 171 изложить в следующей редакции:

      "171. Наложение ареста на деньги, находящиеся на банковском счете отправителя денег, на основании соответствующих решений уполномоченных государственных органов, должностных лиц, судебных исполнителей или органов юстиции, обладающих правом наложения ареста на деньги клиента, временное ограничение на распоряжение деньгами (имуществом), находящимися на банковских счетах, а также приостановление расходных операций по банковским счетам отправителя денег на основании соответствующих решений уполномоченных государственных органов или должностных лиц, обладающих правом приостановления расходных операций по банковскому счету, осуществляется в порядке и случаях, предусмотренных статьей 740 Гражданского кодекса, статьей 161 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, статьей 86 Налогового кодекса, статьей 125 Таможенного кодекса, статьей 70 Закона о банках и банковской деятельности и статьями 62, 123 Закона об исполнительном производстве.";

      часть вторую пункта 177 изложить в следующей редакции:

      "В случае получения постановления судебного исполнителя либо органа юстиции об истребовании информации о номерах банковских счетов и наличии денег на них, сведений о характере и стоимости имущества, находящегося в банках, организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций, а также в страховых организациях, и наложении ареста на них банк не позднее трех операционных дней после получения такого постановления уведомляет судебного исполнителя либо орган юстиции о его полном либо частичном исполнении, с указанием суммы денег, на которую наложен арест либо о принятии к исполнению постановления, направляет истребуемую в рамках постановления информацию в порядке, установленном статьей 69 Закона о банках и банковской деятельности и уведомляет об имеющихся решениях уполномоченных органов или должностных лиц о наложении ареста либо распоряжениях о приостановлении расходных операций.".

      3. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 209 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между Национальным Банком Республики Казахстан и банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14336) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах установления корреспондентских отношений между Национальным Банком Республики Казахстан и банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, а также организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, утвержденных указанным постановлением:

      дополнить пунктом 23-1 следующего содержания:

      "23-1. При открытии в Национальном Банке второго корреспондентского счета банком, филиалом исламского банка-нерезидента Республики Казахстан, филиалом банка-нерезидента Республики Казахстан с универсальной банковской лицензией, осуществляющими исламские банковские операции, а также банковские и иные операции с соблюдением принципов, установленных статьей 35 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон о банках и банковской деятельности), не требуется повторного предоставления документов, предусмотренных для открытия банковского счета (за исключением универсальной банковской лицензии либо лицензии на осуществление исламских банковских и иных операций) в одном из следующих случаев:

      1) если имеется подтверждение о наличии полного пакета документов, необходимых для открытия корреспондентского счета в соответствии с Правилами № 207;

      2) если отсутствуют изменения в досье клиента на момент открытия корреспондентского счета.";

      пункт 44 изложить в следующей редакции:

      "44. Инкассовые распоряжения, предъявляемые к корреспондентскому счету банка, исполняются в порядке, установленном Гражданским кодексом, Налоговым кодексом, Законом о банках и банковской деятельности, Законом о платежах и платежных системах, Законом Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" и Правилами № 208.".

      4. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 219 "Об утверждении требований к оформлению и содержанию справки о наличии и номере банковского счета и выписки об остатке и движении денег по банковскому счету" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14340) следующее изменение:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить следующие требования к оформлению и содержанию справки о наличии и номере банковского счета и выписки об остатке и движении денег по банковскому счету:

      1) справки о наличии и номере банковского счета, предусмотренные пунктами 11, 12, 17, 20 и 21 статьи 69 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее – Закон о банках и банковской деятельности), оформляются при наличии в банке, филиале банка-нерезидента Республики Казахстан, организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций (далее – банки), банковского счета клиента и содержат:

      дату справки;

      наименование юридического лица и (или) его структурного подразделения, фамилию, имя, отчество (при его наличии) физического лица и индивидуальный идентификационный код клиента;

      наименование и банковский идентификационный код банка, в котором обслуживается клиент;

      исходящий остаток на запрашиваемую дату в случае указания сведений об остатке на банковском счете.

      Сведения о наличии денег на банковских счетах, предоставляемые в соответствии с подпунктами 6) и 7) пункта 12 статьи 69 Закона о банках и банковской деятельности, указываются в пределах взыскиваемой суммы. Сведения о наличии денег на банковских счетах, предоставляемые в соответствии с подпунктами 6) и 7) пункта 17 статьи 69 Закона о банках и банковской деятельности указываются в пределах взыскиваемой суммы, а в случае недостаточности денег – также о движении денег на этих счетах с момента возбуждения исполнительного производства.

      Справки о наличии и номерах банковских счетов, остатках и движении денег по банковским счетам клиента, представляемые на бумажном носителе, направляются в форме выписки об остатке и движении денег по банковскому счету (далее – выписка);

      2) выписка содержит:

      дату выписки;

      период, за который выдается выписка;

      наименование юридического лица и (или) его структурного подразделения, фамилию, имя, отчество (при его наличии) физического лица и индивидуальный идентификационный код клиента;

      наименование и банковский идентификационный код банка, в котором обслуживается клиент;

      наименование юридического лица и (или) его структурного подразделения, фамилию, имя, отчество (при его наличии) физического лица и индивидуальный идентификационный код бенефициара (отправителя денег) в случае, если клиент является отправителем денег (бенефициаром);

      по банковскому счету в тенге – наименование, банковский идентификационный код банка бенефициара (банка отправителя денег), наименование и индивидуальный идентификационный (бизнес-идентификационный) номер бенефициара и отправителя денег.

      Наименование и (или) банковский идентификационный код банка бенефициара (банка отправителя денег) не проставляется при осуществлении платежей и переводов денег между клиентом и обслуживающим его банком;

      входящий и исходящий остаток на начало и конец периода, за который выдается выписка.

      Выписки, предоставляемые в соответствии с подпунктами 6) и 7) пункта 17 статьи 69 Закона о банках и банковской деятельности при недостаточности денег на банковском счете, содержат информацию о входящем и (или) исходящем остатке с момента возбуждения исполнительного производства;

      назначение платежа;

      обороты по дебету и кредиту за период, за который выдается выписка.

      Выписки, предоставляемые в соответствии с подпунктами 6) и 7) пункта 17 статьи 69 Закона о банках и банковской деятельности при недостаточности денег на банковском счете, содержат информацию об оборотах по дебету и кредиту с момента возбуждения исполнительного производства;

      валюту банковского счета;

      фамилию, имя, отчество (при его наличии) уполномоченного лица банка и штамп (для бумажного варианта).

      При представлении выписок, предусмотренных пунктами 12, 17 статьи 69 Закона о банках и банковской деятельности, при наличии дополнительно прилагаются следующие сведения:

      сумма неисполненных инкассовых распоряжений, предъявленных к банковскому счету, на конец периода, за который выдается выписка;

      сумма неисполненных платежных требований, предъявленных к банковскому счету, на конец периода, за который выдается выписка;

      сумма неисполненных платежных поручений с будущей датой валютирования, предъявленных к банковскому счету, на конец периода, за который выдается выписка;

      сумма иных обременений (арестов), наложенных на деньги, находящиеся на банковских счетах, на конец периода, за который выдается выписка;

      количество выставленных распоряжений уполномоченных государственных органов о приостановлении расходных операций;

      остаток суммы денег на конец периода, за который выдается выписка, за вычетом имеющихся обременений по банковскому счету (положительный или отрицательный).

      Информация о назначении банковского счета дополнительно указывается при представлении в соответствии с пунктами 11, 12 и 17 статьи 69 Закона о банках и банковской деятельности справок о наличии и номере банковского счета и выписки по банковскому счету, деньги на котором не подлежат взысканию в случаях, предусмотренных статьей 741 Гражданского кодекса и пунктом 9 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О платежах и платежных системах".".