Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 қаңтарда № 37921 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 27 қаңтардағы
№ 3 Қаулыға қосымша

Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптарды айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Өмірді жинақтаушы сақтандыру, ауырған жағдайдан сақтандыру, оның ішінде шетелге шығатындарды сақтандыру өнімдерін қамтымайтын ерікті сақтандыру сыныптары бойынша жеке тұлғалар үшін сақтандыру тарифтерін есептеуді жүзеге асырған кезде жүктеме нетто-мөлшерлеменің мәнінен аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Жинақтаушы сақтандыру мен ауырған жағдайдан сақтандыру, оның ішінде шетелге шығатындарды сақтандыруды қоспағанда, сақтандырудың ерікті сыныптары (түрлері) бойынша жеке тұлғалар үшін белгіленетін сақтандыру тарифінің ең төмен базалық және ең жоғары базалық мөлшерінің арасындағы айырма 50 (елу) пайыздан аспайды.";

      2. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобы үшін нормативтік мәндер Заңның 46-бабына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 48) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдайтын есептілік негізінде есептеледі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы"";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "A.M. Best (Эй.Эм.Бест) агенттігінің рейтингтік бағалары қайта сақтандырушының рейтингтік бағасын тану және сақтандыру ұйымының өзінің ақша ұстап қалуын есептеу мақсатында ғана пайдаланылады.";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру" (бұдан әрі – КҚИ АҚЖМС) сыныбы бойынша қабылдаған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы 50 (елу) пайызға ұлғаюға тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы КҚИ АҚЖМС сыныбы бойынша:

      КҚИ АҚЖМС сыныбы бойынша лицензиясы бар 80 (сексен) пайыз және одан да астам сақтандыру ұйымдарының қатысуымен сақтандыру пулының шеңберінде қабылдаған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы ұлғайтуға жатпайды;

      КҚИ АҚЖМС сыныбы бойынша кемінде 50 (елу) және 80 (сексен) пайыздан аспайтын сақтандыру ұйымының қатысуымен сақтандыру пулының шеңберінде қабылдаған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы 25 (жиырма бес) пайызға ұлғаюға тиіс;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері мынадай сомаларға:

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптар бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезең соңында сақтандырудың осы сыныптары бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға;

      сақтандыру объектісі сақтанушы, сақтандырылушы немесе үшінші тұлға арасында жасалған шарт бойынша сақтанушы (сақтандырылушы) өз міндеттемелерін орындамау (тиісінше орындамау) нәтижесінде шығындарды өтеумен байланысты сақтанушының немесе пайда алушының мүліктік мүдделері болып табылатын Заңның 6-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезең соңында сақтандырудың осы сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға;

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14) 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптар шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың қаржы шығындарын өтеуді көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезеңнің соңында қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға қосымша ұлғаяды.

      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген талап кемінде 5 сақтандыру ұйымы қатысатын сақтандыру пулы шеңберінде Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысандағы сыныптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау жағдайларына қолданылмайды.";

      21-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін алдыңғы қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының алдыңғы қаржы жылының соңындағы қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы сомасына қатынасы ретінде есептелген сақтандыру резервтері мен түзету коэффициенті сомасының 4 (төрт) пайызының көбейтіндісіне тең. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,85-тен (нөл бүтін жүзден сексен бестен) аз болса, онда есептеу үшін 0,85 (нөл бүтін жүзден сексен бес) қабылданады.";

      34-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Нормативтердің 38-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) және 30) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары – Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мынадай активтері өтімділігі жоғары активтер ретінде танылады:

      1) қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының 1 (бір) пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақша;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның шоттарындағы ақшасы;

      3) Нормативтердің осы тармағының 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның шоттарындағы ақшасы;

      5) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған, мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін салымдар:

      акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар секторының "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттер болып табылады;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының еншілес резидент-банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктері болып табылады;

      6) халықаралық қаржы ұйымдарында орналастырылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар салымдар, Еуразия Даму Банкінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында орналастырылған салымдар;

      7) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктерде орналастырылған салымдар;

      8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланған);

      9) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

      10) жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      11) "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары және Еуразиялық даму банкі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      12) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      13) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      14) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте бар) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      15) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      16) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары;

      17) шетелдік эмитенттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар (эмитентінде бар) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      18) негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      19) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      20) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары;

      21) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      22) мынадай:

      қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын;

      жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акциялары;

      23) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

      24) активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) (Exchange Traded Funds) пайлары;

      25) Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдызынан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары;

      26) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте бар), Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары;

      27) бас ұйымдары Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары;

      28) тазартылған бағалы металдар және металл шоттар;

      29) бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің өтуіне байланысты туындаған бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеу жөніндегі талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген);

      30) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген және "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамның кепілдігі бар, сомасы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар.

      Нормативтердің мақсаттары үшін негізгі қор индекстері деп мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі:

      САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индекс);

      DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс);

      DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индекс);

      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);

      HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс);

      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);

      MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс);

      NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс);

      TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс).

      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдары Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің кестесінде көрсетілген көлемдерде өтімділігі жоғары активтердің есебіне енгізіледі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Нормативтердің мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мына ұйымдар түсініледі:

      Азия Даму банкі (Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);

      Африка Даму банкі (African Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропа инвестициялық банкі (European Investment Bank);

      Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпоарция (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (Islamic Development Bank);

      Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі (the Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation);

      Қаратеңіз сауда және даму банкі (The Black Sea Trade and Development Bank);

      Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (Asian Infrastructure Investment Bank).";

      мынадай мазмұндағы 41-3-тармақпен толықтырылсын:

      "41-3. Пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормалары мен лимиттерінің көрсеткіштерін есептеу үшін есепті күнге Нормативтерге 6-қосымшаға сәйкес қосымша мәліметтер қалыптастырылады, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірілмей электрондық форматта ұсынылады.

      Қосымша мәліметтердегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын ұйым басшысы немесе қосымша мәліметтерге қол қою функциясы жүктелген тұлға қамтамасыз етеді".;

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерді әртараптандырудың мынадай нормативтерін сақтайды:

      1) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банкінің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банкі болып табылатын екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы, Қазақстанның Даму Банкіндегі және оның үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны, салымдар мен ақша мыналарды құрайды:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - жалпы сақтандыру резервтері сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкала бойынша "В"-тан "В+"-ке дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік рейтингтердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны, салымдар мен ақша мыналарды құрайды:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - жалпы сақтандыру резервтері сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайды;

      3) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкала бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны, салымдар мен ақша мыналарды құрайды:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      4) Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын бір заңды тұлғадағы және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны және ақша мыналарды құрайды:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      5) "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесіне кіретін және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BBB-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бір заңды тұлғадағы және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны және ақша жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      6) тазартылған бағалы металдар мен металл шоттарға жиынтық орналастыру жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      7) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларына қарыздардың жиынтық мөлшері жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      8) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      9) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 5 (бес) пайызынан артық емес;

      10) Нормативтердің 39-тармағында белгіленген тізбеге кіретін халықаралық қаржы ұйымының бағалы қағаздарына ("кері репо" операцияларын есептегенде) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      11) Нормативтердің 38-тармағының 24) және 25) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін пайларға инвестициялардың жиынтық баланстық құны құнсыздануға арналған резервті шегергенде жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      12) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларына инвестициялардың жиынтық баланстық құны құнсыздануға арналған резервті шегергенде жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      13) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарға инвестициялардың негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегендегі жиынтық баланстық құны құнсыздануға арналған резервті шегергенде жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      14) Нормативтердің 38-тармағының 26) және 27) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін исламдық қаржыландыру құралдарына инвестициялардың жиынтық баланстық құны құнсыздануға арналған резервті шегергенде жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борыштық бағалы қағаздарға инвестициялары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің бір эмиссиядағы облигацияларының жалпы көлемінің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген активтерді әртараптандыру нормативтерін есептеу кезінде екінші деңгейдегі банктің және оның үлестес тұлғаларының активтеріне жиынтық орналастыру осы үлестес тұлғалардың тобында активтерді орналастырудың барынша жол берілетін лимитіне қарай нормативтердің бірінде көрсетіледі.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. КТР есептеу өмірді сақтандыру сыныбы мен сақтандырудың жинақтаушы түрлерін қоспағанда, сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке жүргізіледі. КТР-дің жалпы шамасы өмірді сақтандыру сыныбы мен сақтандырудың жинақтаушы түрлерін қоспағанда, сақтандырудың барлық сыныбы бойынша есептелген КТР-ді жинақтау жолымен айқындалады.

      49. КТР бір мезгілде мынадай талаптар сақталған жағдайда ай сайын есептеледі:

      таза сақтандыру төлемдері, сақтандыру зиянын реттеу шығыстары мен зиян резервінің (қайта сақтандырушының үлесін есептемегенде) өзгерісі сомасының таза сақтандыру сыйлықақыларының және КТР (қайта сақтандырушының үлесін есептегенде) өзгерісінің айырмасына қатынасы сақтандыру сыныбы бойынша 105 (бір жүз бес) пайыздан асатын болса;

      сақтандыру сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының көлемі есепті кезеңдегі жағдай бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 5 (бес) пайызынан асатын болса.

      Бұл ретте таза сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі өмірді сақтандыру сыныптары мен сақтандырудың жинақтаушы түрлерін қоспағанда, сақтандырудың барлық сыныбы бойынша есепке алынады.

      КТР төмендегідей есептеледі:

     


      КТР – күтпеген тәуекелдер резерві;

      Т – таза сақтандыру төлемдері;

      Ш – сақтандыру шығынын реттеу шығыстары;

      ШР – шығын резервінің (қайта сақтандырушының үлесі есептелмегенде) өзгеруі;

      ТҚ – қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстарды есептегендегі есептелген сақтандыру сыйлықақылары;

      ЕСР – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген ЕСР өзгеруі;

      ЕСР – есептеу күнгі жағдай бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген ЕСР;

      Т, Ш, ШР, ТҚ, ЕСР өлшемдері есепті күннің алдындағы соңғы 12 (он екі) айға есептеледі.";

      3-қосымша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда 6-қосымшамен толықтырылсын.

      3. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің төмендеуі;

      3) сақтандыру резервтерін өтеу үшін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліксіз болуы;

      4) талап етілетін капитал сомасының валюталық тәуекелді өтеу үшін жеткілікті болуы;

      5) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердегі және осы банктердің үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("керi РЕПО" операцияларын ескере отырып), салымдарға және ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) жалпы жиынтық орналастырудың ұлғаюы;

      6) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("керi РЕПО" операцияларын ескере отырып), салымдарға және ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) жиынтық орналастырудың ұлғаюы;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығынды қызметі;

      8) қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі аралас коэффициенттің ұлғаюы;

      9) жалпы және әкімшілік шығыстар, сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу шығыстары және өзге шығыстар сомасының сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға байланысты шығыстар сомасына азайтылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кірістерінің сомасына арақатынасының асып кетуі;

      10) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешектің жалпы сомасының (құнсыздануға резервтерді шегергенде) қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасына арақатынасының асып кетуі;

      11) сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жоғары үлесі кезінде төмен шығындылық коэффициенті;

      12) сақтанушылардың (пайда алушылардың) шағымдары коэффициентінің асып кетуі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 53-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) оның акционерлерінің, сақтандыру холдингінің және (немесе) оның ірі қатысушыларының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және (немесе) оның Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне (сақтандыру тобының қызметіне) байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) мақұлдау тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындамау әдістемесі Тізбеге 5- қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасын, халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Міндетті актуарлық қорытындының мазмұнына және табыс етілу тәртібіне қойылатын талаптарды, Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын және мерзімдерін, Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларын, Тестілеу өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17618 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарда:

      1-қосымша Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларында:

      1-қосымша Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алаяқтық белгілері бар оқыс-оқиғалар базасы - ішкі талдау нәтижелері бойынша және ұйымның ішкі қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес алаяқтық белгілері бар оқыс-оқиғаларға жатқызылған оқыс-оқиғалар туралы мәліметтерді қамтитын ұйым электрондық түрде қалыптастыратын және жүргізетін деректер базасы. Бұл ретте мұндай белгілердің болуы алаяқтық не оны жасау фактісін растау болып табылмайды;

      2) андеррайтинг - актуарий белгілеген шектерде сақтандыру өтемін, сақтандыру талаптарын, франшизаның және сақтандыру тарифінің деңгейін анықтау мақсатымен сақтандыру тәуекелдерін бағалау негізінде мәлімделген сақтандыру объектісін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау бойынша рәсімдер кешені;

      3) басқару есептілігі - ішкі бақылау және ұйымның қызметін бағалау құралы;

      4) гэп-талдау - ұйымның сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерістеріне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыздық тәуекелді және өтімділік тәуекелін өлшеу әдістері;

      5) жосықсыз практика – ұйымның әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) клиенттердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы;

      6) корпоративтік басқару – акционерлер, директорлар кеңесі, атқарушы орган және акционерлердің мүддесі үшін ұйымның өзге де органдары арасындағы қатынастарды қамтитын ұйым қызметін басқаруды қамтамасыз ететін процестер жиынтығы.

      Корпоративтік басқару жүйесі ұйымдағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді;

      7) лимиттеу - қабылданатын тәуекелдердің сапалық, сандық шектеулерін белгілеу, ұйымның мәмілелеріне (операцияларына) шектеулерді белгілеу.

      Лимиттеу кезінде мынадай өлшемдер анықталады:

      лимит белгіленетін көрсеткіш;

      лимит белгіленетін көрсеткішті есептеу әдісі;

      көрсеткіштің шекті (ең жоғары, ең төмен) мәні;

      8) мүдделер қақтығысы - ұйымның лауазымды тұлғаларының және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүддесі мен олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін орындауы немесе ұйымның және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің ұйым және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарлар туындатуы мүмкін мүліктік және өзге де мүдделері арасында қайшылықтар туындататын ахуал;

      9) клиенттің жолданымы - адамның құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға көмек көрсету туралы өтінішхаты не Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарының бұзылуы, ұйымның, оның лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау, сондай-ақ ұйым қызметі бойынша оң пікірлер, үн қосулар, ұсыныстар;

      10) саясат - ұйымның тиімді жұмыс істеуін және оның қызметінің стратегияға және тәуекелдің жол берілетін деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін қажетті өлшемшарттарды, өлшемдерді, тәсілдерді, қағидаттарды, стандарттарды, рәсімдер мен тетіктерді айқындайтын саясатты және (немесе) өзге де ішкі құжаттарды қамтитын ішкі құжаттардың жиынтығы;

      11) стресс-тестілеу - ұйымның қаржылық жағдайына айырықша, бірақ ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдістері;

      12) тәуекел - ұйым қызметінің күтілетін нәтижесін алу сенімсіздігін немесе мүмкін еместігін туындататын жағдаяттардың пайда болу, шығыстардың (зиянның) туындау ықтималдығы;

      13) тәуекел мәдениеті – тәуекелдері ұйымның қаржылық жай-күйіне олардың әсерін азайту мақсатында түсінуге, қабылдауға, басқаруға және бақылауға бағытталған процестер, рәсімдер, ұйымның ішкі қағидалары, сондай-ақ ұйымдық құрылымның барлық қатысушыларының кәсіби қызметінің этикалық нормалары мен стандарттары. Тәуекел мәдениеті ұйымның қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестері мен тетіктерін толықтырады және тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады;

      14) тәуекелдерді бағалау жүйесі - ұйымның қаржылық жай-күйіне кешенді талдау жүргізуге арналған коэффициенттердің жиынтығы;

      15) тәуекелдерді басқару жүйесі - тәуекелдерді және олардың ұйымның мақсаттарына жетуге әсер ететін салдарын анықтау, бағалау, мониторинг жүргізу, төмендету мақсатында бүкіл ұйым шегінде жүзеге асырылатын, ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасы белгілеген тұрақты құрылымдалған процесс;

      16) тәуекелге негізделген талап етілетін капитал – бұл стресс-тестілеуді жүргізуді, тәуекелдердің пайда болу ықтималдығын бағалауды және олардың корреляциясын қамтитын жеке модель негізінде ұйым анықтайтын ықтимал шығындарды өтеуге арналған қаражат сомасы;

      17) тәуекел картасы - бір "ось" бойынша тәуекелдің ықпал ету күші немесе маңыздылығы көрсетілген, ал екіншісінде оның пайда болу ықтималдылығы мен жиілігі көрсетілген кестеде орналастырылған ұйым тәуекелдерінің графикалық және мәтіндік сипаттамасы;

      18) тәуекел лимиті - қабылданатын тәуекелді сандық не сапалық шектеу құралы;

      19) тәуекелді сәйкестендіру - тәуекел элементтерін табу, тізбесін құру, және сипаттау процесі;

      20) тәуекелді өлшеу - оқиғаның басталу салдары мен ықтималдығын математикалық жолмен ықтималдық теориясын және статистикалық деректер негізінде үлкен сандар заңын қолдана отырып бағалау арқылы жүзеге асырылатын тәуекелдің ықтималдығы дәрежесін және әлеуетті шығыстар (зияндар) мөлшерін анықтау;

      21) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      22) ішкі аудит - ішкі аудит қызметі сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына, ішкі құжаттарға, ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына сәйкес келу дәрежесін одан әрі көрсету мақсатында қаржылық есептілікті, сондай-ақ ұйым қызметін сандық және сапалық жағынан бағалауға келетін басқа деректер мен ақпаратты бағалайтын басқарушылық бақылаудың ажырамас элементі;

      23) ішкі бақылау - бұл ұйымның директорлар кеңесі, алқалы органдары, басқармасы, қызметкерлері жүзеге асыратын, мынадай санаттар бойынша мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған процесс:

      қызметінің тиімділігі;

      қаржылық есептіліктің және өзге де басқарушылық есептіліктің сенімділігі, толықтығы мен уақтылығы;

      сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      24) ішкі бақылау жүйесі – мыналарды қамтамасыз ететін бақылау рәсімдерінің, іс-шаралар мен әдістемелердің жиынтығы:

      ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тиімді жүргізу;

      сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;

      жауапкершілікті тиімді бөлу;

      ұйым қызметкерлерінің ішкі құжаттардың талаптарын уақтылы орындауы;

      мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      алаяқтық фактілерін және басқарушылық қателердің алдын алу және анықтау;

      қаржылық есептілікті және өзге басқарушылық есептілікті дайындау уақтылығы, шынайылығы мен толықтығы.

      Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолдану кезінде:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы директорлар кеңесі болып түсініледі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері басқарма болып түсініледі;

      бас офис шотының сомасы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қызметінің резервтері мен нәтижелері капитал болып түсініледі;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік болып түсініледі.

      Қағидалардың 16, 17-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұйымның тәуекелдері мынадай түрде жіктеледі:

      1) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдер:

      андеррайтинг тәуекелі – сақтандыруға қабылданатын тәуекелдерді бұрыс (қате) бағалау тәуекелі;

      сақтандыру резервтерінің тәуекелі – жеткіліксіз (барабар емес) сақтандыру резервтерін құру тәуекелі;

      сақтандыру төлемдерінің тәуекелі – сақтандыру шарттарының талаптарын бұзумен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты тәуекел;

      апаттық тәуекел – елеулі мөлшердегі бір оқиға әдеттегіден жоғары сақтандыру төлемдеріне әкеліп соқтыратын тәуекел;

      қайта сақтандыру тәуекелі – жеткіліксіз қайта сақтандыру өтемінің немесе қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты бойынша төлемді жүзеге асыруға қабілетсіздігі тәуекелі;

      2) инвестициялық тәуекелдер:

      қайта сақтандыру және инвестициялық қызмет процесінде туындайтын тәуекелдер;

      кредиттік тәуекел – дебиторлардың дәрменсіздігі, ұйымның инвестициялық портфеліндегі облигациялар эмитенттерінің кредиттік рейтингтерінің өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      өтімділік тәуекелі – ұйымның міндеттемелерін орындау мерзімдері басталған кезде оларды уақтылы орындай алмау салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      нарықтық тәуекел – қаржы құралдарының нарықтық құнының, пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, бағалы металдар құнының өзгеруі салдарынан қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) ықтималдығы.

      Нарықтық тәуекелге мыналар жатады:

      валюталық тәуекел – шетел валюталары бағамдарының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      баға тәуекелі – нарықтық факторлардың әсерінен қаржы құралдарының және туынды қаржы құралдарының нарықтық бағасының қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың шығындардың) туындау тәуекелі;

      пайыздық тәуекел – ұйымның активтері, міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруі салдарынан қаржылық шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      3) операциялық тәуекел:

      ұйымның ішкі процестеріндегі іркілістер немесе бұзушылықтар, қызметкерлердің іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі салдарынан, сондай-ақ ұйымның қызметіне тәуелді емес оқиғалар салдарынан шығындардың туындау тәуекелі;

      4) комплаенс-тәуекел:

      ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарын және (немесе) ұйымның қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттердің заңнамасын сақтамауы немесе уәкілетті органның шаралар қолдану не беделін жоғалту және (немесе) мүдделер қақтығысы тәуекелі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      5) стратегиялық тәуекел:

      басқарушылық шешімдердің дұрыс еместігі, қабылданған басқарушылық шешімдердің тиісінше іске асырылмауы және (немесе) ұйымның бизнес-ортаның өзгерістеріне бейімделе алмауы салдарынан шығындардың туындау тәуекелі;

      6) ілеспе тәуекелдер:

      аудиторлық тәуекел – аудитор аудиторлық тексеру қорытындылары бойынша қаржылық есептілікте оның дұрыстығы расталғаннан кейін анықталмаған маңызды бұрмаланулар болуы мүмкін не шын мәнінде мұндай бұрмаланулар болмаған кезде маңызды бұрмаланулар болуы мүмкін деп танудың субъективті айқындалған ықтималдығы;

      топтың тәуекелі – ұйымның беделіне, маркетингіне және қаржылық жағдайына теріс әсер ету, ұйым құрамына кіретін сол топтың ұйымының қаржылық жағдайының нашарлау тәуекелі;

      жүйелік тәуекел – басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату нәтижесінде ұйымға шығыстар (шығындар) келтіруге байланысты тәуекел;

      алаяқтық тәуекелі – үшінші тұлғалар және (немесе) ұйымның қызметкерлері тарапынан алаяқтық әрекеттер салдарынан қаржылық шығындар мен бедел тәуекелдерінің туындау ықтималдығы;

      бедел тәуекелі – теріс қоғамдық пікір немесе ұйымға деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      елдік тәуекел – шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары енгізген шектеулердің және (немесе) тиісті юрисдикциядағы қызметті жүзеге асыру шарттарына байланысты себептер бойынша шетелдік контрагенттердің міндеттемелерді орындай алмауының салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ұйым жыл сайын клиенттердің өтініштеріне талдау жүргізеді.

      Клиенттердің өтініштерін талдау ұйымға есепті кезеңде келіп түскен өтініштер негізінде жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:

      өтініштердің түрлері мен негіздері бойынша жіктелуі;

      ұйымның ішкі процестерінде жүйелі бұзушылықтардың бар екендігін куәландыратын қайталанатын өтініштер мен өтініштерді анықтау;

      анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған түзету шараларының тізбесін дайындау.

      Талдау нәтижелері есеп түрінде ресімделеді және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту және олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, клиенттердің өтініштері үшін негіз болып табылатын себептерді жою жөнінде шешім қабылдау үшін Директорлар кеңесіне ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "18-1. Жеке тұлға-клиенттердің құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында ұйым құрылымдық бөлімшелердің қандай да бір қызметінен тәуелсіз бөлімшенің болуын қамтамасыз етеді, оның функцияларына мыналар кіреді:

      1) ұйымның қызметкерлері мен агенттерінің ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сақтандыру шарттарына қорытынды сатып алуды жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйым клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру;

      2) сақтандыру талаптарының ашықтығын және сатылымдардығң дұрыстығын тексеру (жарамсыз өнімдерді сату);

      3) ұйым клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша директорлар кеңесіне басқарушылық есептілік беру;

      4) ұйымның сақтандыру өнімдерін ілгерілету және жарнамалау практикасын талдау;

      5) сақтандыру омбудсманы шешімдерінің орындалуын мониторингтеу;

      6) жолданмдарды, оның ішінде жолданымдар беруге арналған арналарды (интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаны қоса алғанда) қарау процестерінің тиімділігін бағалау;

      7) клиенттердің жолданымдарына талдау жүргізу;

      8) сақтандыру қызметтерін ұсыну процестерінде, оның ішінде интернет-ресурста және мобильді қосымшада жүйелі проблемаларды анықтау;

      9) сақтандыру қызметтерін көрсету, жолданымдарды, оның ішінде сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы жолданымдарды қарау процестерінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;

      10) жосықсыз практикаларды идентификаттау және алдын алу рәсімдері.

      Директорлар кеңесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бөлімшенің қызмет тәртібі мен функцияларын регламенттейтін ішкі құжатты бекітеді.

      18-2. Директорлар кеңесі келесілер кіретін ұйым клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдерін бекітеді:

      1) клиенттерді адастыруға, елеулі ақпаратты жасыруға және сақтандыру өнімдерін таңуға тыйым салуды қоса алғанда, клиенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде ұйым қызметкерлерінің және сақтандыру агенттерінің мінез-құлқына қойылатын талаптар;

      2) сақтандыру шарты жасалғанға дейін, оны жасасу кезінде және шарттың қолданылу кезеңінде клиентке міндетті түрде ашылуға жататын ақпарат тізбесін қоса алғанда, сақтандыру өнімдерін ұсыну тәртібі;

      3) сақтандыру өнімдерін ұсыну және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде қолданылатын жосықсыз практикаларды анықтау және болғызбау тәртібі.";

      28-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) мыналардың:

      Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес андеррайтинг тәуекелін басқаруға қойылатын талаптардың;

      Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қайта сақтандыру тәуекелін басқаруға қойылатын талаптардың;

      Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдерінің тәуекелін басқаруға қойылатын талаптардың;

      Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сақтандыру резервтері жеткіліксіздігінің тәуекелін басқаруға қойылатын талаптардың;

      Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес инвестициялық тәуекелді басқаруға қойылатын талаптардың;

      Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес алаяқтық тәуекелін қоспағанда, операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптардың;

      Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес комплаенс-тәуекелді басқаруға қойылатын талаптардың;

      Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес алаяқтық тәуекелін басқаруға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;";

      45-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде бөлімше басшысы немесе корпоративтік хатшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар;";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Ішкі аудит мәселелері жөніндегі алқалы орган:

      1) ішкі аудит саясатын, ішкі аудит қызметі туралы ережені, ішкі аудиттің жылдық жоспарын және бағдарламасын әзірлеуді және келісуді қамтамасыз етеді;

      2) ұйымның және оның қызметкерлерінің ішкі аудит саясаты сақтауына мониторинг және бақылау жүзеге асырады;

      3) ішкі аудит қызметінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының басшысы мен қызметкерлері кандидатураларын іріктеуді жүзеге асырады;

      4) ұйымның қызметі туралы ұсынылатын ақпараттың сапасы, сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын қарау, анықталған ескертулердің жойылуын бақылау, сондай-ақ әрі қарай ұйымның директорлар кеңесінің алдын ала бекітуіне шығару үшін аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілікті қарау мәселелері бойынша сыртқы аудитор мен өзара іс-қимыл жасайды;

      5) мына:

      сыртқы аудиторды іріктеу өлшемшарттары мен талаптарын;

      қаржылық есептілік аудиті, сондай-ақ аудит мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүйелерін анықтауды қоса алғанда, әрі қарай директорлар кеңесіне бекітуге шығару үшін сыртқы аудиторды тарту саясатын (рәсімдерін) әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      6) сыртқы аудитордың қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін қарау;

      7) уәкілетті органның тексеру актілерін және ұйымның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың жалпы жүйесінің құрылымы мен тиімділігіне қатысты өзге де сарапшылардың қорытындыларын қарау;

      8) ішкі аудит қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін қарау.";

      13-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алаяқтық тәуекелін қоспағанда, операциялық және ілеспе тәуекелдерді басқаруға қойылатын талаптар";

      Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда 15-қосымшамен толықтырылсын.

      6. "Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29623 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру қағидалары:

      мынадай редакциядағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Сақтандыру омбудсманы жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күніне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде уәкілетті органға әрбір сақтандыру ұйымы бойынша сақтандыру сыныптары бөлінісінде қабылданған шешімдердің жалпы санынан өтініш берушілердің негізделген және негізсіз жолданымдарының үлесін көрсете отырып, күнтізбелік жыл ішіндегі Өтініштер бойынша сақтандыру омбудсманының қабылданған шешімдерінің саны туралы ақпаратты ұсынады.".

      7. "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32831 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі кемінде 8 (сегіз) пайыз мөлшерінде белгіленсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде ұлттық валютада жылдық кемінде 9 (тоғыз) пайыз болатын және 12 (он екі) пайыздан аспайтын мөлшерде кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі пайдаланылады.".

  Сақтандыру нарығын жетілдіру
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне 1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндеріне және оларды есептеу
әдістемелеріне 3-қосымша

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларынан ұлғаю кестесі

Қайта сақтандыру ұйымының атауы

Қайта сақтандырушының халықаралық немесе ұлттық шкала бойынша рейтингтік бағасы (төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларының сомасы, барлығы (мың теңгемен)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақылары сомасынан пайызы

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін ұлғайту сомасы (мың теңгемен) (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

1-топ

"АА-" немесе жоғары


0%


2-топ

"А+" – "А-" аралығы


0%


3-топ

"ВВВ+" – "ВВВ-" аралығы


0,2%


4-топ

"ВВ+" – "ВВ-" аралығы


0,75%


5-топ

"В+" – "В-" аралығы


3,8%


6-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%


Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандырушыларымен, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының қайтар сақтандырушы-қатысушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

7-топ

"В" немесе "kzBB" төмен емес


0%


8-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"


0,2%


9-топ

> 1,75


0,05%


10-топ

> 1,5


0,1%


11-топ

> 1,25


0,2%


12-топ

> 1,1


0,5%


13-топ

>= 1,0


3,8%


14-топ

< 1,0


5%


Кемінде сегіз (кемінде 8) Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымдары құрған "қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" сыныбы бойынша қайта сақтандыру пулына қатысу шеңберінде жасалған қайта сақтандыру шарттары

14-1-топ

>= 1,0 немесе жоқ


0%


14-2-топ

< 1,0


5%


ЕАЭО туралы шартқа қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

15-топ

"ВВВ+" "ВВВ-" аралығы


0%


16-топ

"ВВ+" "ВВ-" аралығы


0,2%


17-топ

"В+" "В-" аралығы


0,5%


18-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%


Жиынтығы:





Әр түрлі мемлекеттерде (елдерде) тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезиденті кемінде үш сақтандыру ұйымы құрған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысу шеңберінде жасалған қайта сақтандыру шарттары

19-топ

"ВВВ+" "ВВВ-" аралығы


0%


20-топ

"ВВ+" "ВВ-" аралығы


0,2%


21-топ

"В+" "В-" аралығы


0,5%


22-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%


Жиынтығы:





"Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушы-қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

23-топ

"В" немесе "kzBB" төмен емес


0%


24-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"


0,2%


25-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"-тен төмен немесе жоқ


5%


  Сақтандыру нарығын жетілдіру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
  2-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндеріне және оларды есептеу әдістемесіне
  4-қосымша

Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесі

Көрсеткіштің атауы

Есепке алынатын көлем

1

2

3

1

Ақша - барлығы, оның ішінде:


1.1

қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтері сомасының 1 (бір) пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақша

100%

1.2

жолдағы ақша, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ақша

100%

1.3

осы қосымшаның 2.1 және 2.2-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

100%

1.4

осы қосымшаның 2.3-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

90%

1.5

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдағы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі шоттарындағы ақшасы

100%

1.6

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдағы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттарындағы ақшасы

100%

2

Салымдар – барлығы, оның ішінде:


2.1

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылған жағдайда, осы банктердегі салымдар

100%

2.2

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктерінің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банктері болып табылады

100%

2.3

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осынған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

90%

2.4

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық даму банкіндегі салым

100%

2.5

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктердегі салымдар

100%

3

Борыштық бағалы қағаздар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) – барлығы, оның ішінде


3.1

басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

100%

3.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары және Еуразиялық даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.5

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.6

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген және сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар

95%

3.7

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

60%

3.8

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВB-"төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzА-"-тен төмен емес рейтингі немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.9

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-дан "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.10

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес рейтингтің бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.11

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

100%

3.12

шет мемлекеттердің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары

90%

3.13

шет мемлекеттердің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары

80%

3.14

шетелдік эмитенттердің (эмитентте) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.15

шетелдік эмитенттердің (эмитентте) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

3.16

шетелдік эмитенттердің (эмитентте) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

70%

4

Акциялар және депозитарлық қолхаттар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын акциялар мен депозитарлық қолхаттарды есепке алмағанда) – барлығы, оның ішінде:


4.1

негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.2

заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.3

Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген акциялары немесе осы қосымшаның 4.4-жолында көрсетілген акциялар және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

4.4

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген акциялары немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Аймақтық акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

4.5

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.6

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

85%

4.7

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

4.8

заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің) акциялары:
қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын;
жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін

30%

5

Өзге де бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде:


5.1

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары

70%

5.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары

90%

5.3

Mornіngstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары

80%

5.4

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингті немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан төмен емес рейтингті немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған исламдық қаржыландыру құралдары

100%

5.5

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAA+"-тен "kzA-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.6

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының (эмитентінде) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzВВ-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар исламдық қаржыландыру құралдары

80%

5.7

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, бас ұйымдарының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.8

орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері Репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар

100%

6

өзге де активтер – барлығы, оның ішінде:


6.1

тазартылған бағалы металдар және металл шоттар

100%

6.2

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларына негізгі борыш сомасының 100 (жүз) пайызы көлеміндегі қарыздар

100%

6.3

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтері сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтар

100%

6.4

Нормативтердің 34-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомадағы қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сома, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары

100%

6.5

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын олардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген)

100%

6.6

сақтанушы: дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға не; Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "ВВ+"-тен төмен емес рейтингі бар заңды тұлға не: өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен түсім соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 50 (елу) миллиард теңгені құрайтын; салық аударымдары соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 3 (үш) миллиард теңгені құрайтын өлшемшарттарға сәйкес келетін ірі жүйе құраушы кәсіпорын болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтері сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын сомада алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары

100%

  Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
  3-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелеріне
  5-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің кестесі

Көрсеткіштің атауы

Есепке алынатын көлем

1

2

3

1

Ақша-барлығы, оның ішінде:


1.1

қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтері сомасының 1 (бір) пайызынан аспаған сомадағы кассадағы ақша

100%

1.2

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдағы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі шоттарындағы ақшасы

100%

1.3

осы қосымшаның 2.1 және 2.2-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

100%

1.4

осы қосымшаның 2.3-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

90%

1.5

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдағы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттарындағы ақшасы

100%

2

Салымдар – барлығы, оның ішінде:


2.1

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылған жағдайда, осы банктердегі салымдар

100%

2.2

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктерінің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банктері болып табылады

100%

2.3

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осынған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

90%

2.4

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық даму банкіндегі салымдар

100%

2.5

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктердегі салымдар

100%

3

Борыштық бағалы қағаздар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) – барлығы, оның ішінде:


3.1

басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

100%

3.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары және Еуразиялық даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.5

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.6

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген және сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры"акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар

95%

3.7

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

60%

3.8

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ""ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA-"-тен төмен емес рейтингі немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес бағалы қағаздары

100%

3.9

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.10

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес рейтингтің бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

100%

3.12

шет мемлекеттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары

90%

3.13

шет мемлекеттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары

80%

3.14

шетелдік эмитенттердің (эмитентте) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.15

шетелдік эмитенттердің (эмитентте) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

3.16

шетелдік эмитенттердің (эмитентте) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

70%

4

Акциялар және депозитарлық қолхаттар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын акциялар мен депозитарлық қолхаттарды есепке алмағанда) – барлығы, оның ішінде:


4.1

негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.2

заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.3

Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің ""Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген акциялары немесе осы қосымшаның 4.4-жолында көрсетілген акциялар және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

4.4

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген акциялары немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Аймақтық акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

4.5

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.6

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

85%

4.7

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

4.8

заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезидентінің) акциялары:
қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын;
жасанды интеллект, блокчейн және басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін

30%

5

Өзге бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде:


5.1

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары

70%

5.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары

90%

5.3

Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары

80%

5.4

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингті немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан төмен емес рейтингті немесе ұлттық шкала бойынша басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған исламдық қаржыландыру құралдары

100%

5.5

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAA+"-тен "kzA-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.6

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының (эмитентінде) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzВВ-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар исламдық қаржыландыру құралдары

80%

5.7

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, бас ұйымдарының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.8

орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар

100%

6

Өзге де активтер – барлығы, оның ішінде:


6.1

тазартылған бағалы металдар және металл шоттар

100%

6.2

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын олардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген)

100%

  Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
  4-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелеріне
  6-қосымша

20 ___ жылғы "___" __________ жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтері және сақталуға міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің көрсеткіштерін есептеуге арналған қосымша мәліметтер

      (мың теңге)

Атауы

Жол коды

Сомасы

1

2

3

Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған активтер
(реттеуші активтер), оның ішінде:

100


Ақшалай қаражат және ақшалай қаражаттың баламалары

101


Орналастырылған салымдар

102


Өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар

103


Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар

104


"Кері репо" операциялары

105


Аффинирленген қымбат металдар

106


Туынды қаржы құралдары

107


Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

108


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша қайта сақтандыру активтері
(құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

109


Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

110


Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

111


Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

112


Сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

113


Пруденциялық нормативтерге қойылатын талаптарды ескере отырып қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кірістер

114


Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

115


Басқа да дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

116


Сақтанушыларға берілген қарыздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

117


Болашақ кезеңдердің шығыстары

118


Ағымдағы салық активі

119


Кейінге қалдырылған салық активі

120


Амортизацияланған құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар

121


Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар

122


Қорлар

123


Негізгі құрал-жабдықтар

124


Пайдалану құқығы нысанындағы активтер

125


Инвестициялық мүлік

126


Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

127


Материалдық емес активтер

128


Басқа да реттеуші активтер

129


Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған міндеттемелер (реттеуші міндеттемелер), оның ішінде:

200


Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві

201


Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын резерві

202


Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын резерві

203


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын резерві

204


Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын резерві

205


Алынған қарыздар

206


Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

207


Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша делдалдармен есеп айырысу

208


Дивидендтер бойынша акционерлермен есеп айырысу

209


Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлеуге берілетін шоттар

210


Басқа да кредиторлық берешек

211


Бағалау міндеттемелері

212


Жалдау бойынша міндеттемелер

213


Репо операциялары

214


Туынды қаржы құралдары

215


Шығарылған облигациялар

216


Болашақ кезеңдердің кірісі

217


Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттеме

218


Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі

219


Басқа да реттеуші міндеттемелер

220


Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған капитал (реттеуші капитал), оның ішінде:

300


Жарғылық капитал (құрылтайшылардың жарналары)

301


Алынған капитал (құрылтайшылардың жарналары)

302


Резервтік капитал

303


Қосымша төленген капитал

304


Күтпеген тәуекелдердің реттеуші резерві

305


Тұрақтандыру реттеуші резерві

306


Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздарды қайта бағалау резерві

307


Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құнсыздану резерві

308


Басқа да реттеуші резервтер

309


Сақтандыру резервтерін ескере отырып бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын)

310


оның ішінде:



алдыңғы жылдардың

310.1


есепті кезеңнің

310.2


Пруденциялық нормативтерді ескере отырып есептелген кіріс (реттеуші кіріс), оның ішінде:

400


Сақтандыру қызметінен түсетін кіріс

401


Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары

402


Қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары

403


Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары

404


Сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы

405


Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін өзгерту

406


Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

407


Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы

408


Пруденциялық реттеу талаптарын ескере отырып есептелетін сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кіріс

409


Сақтандыру қызметінен түсетін басқа да реттеуші кіріс

410


Инвестициялық қызметтен түсетін кіріс

411


Сыйақы алуға байланысты кіріс

412


оның ішінде:



бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кіріс

412.1


орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түріндегі кіріс

412.2


Қаржы активтерімен операциялар бойынша кіріс (шығыс) (нетто)

413


оның ішінде:



бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

413.1


репо операцияларынан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

413.2


аффинирленген қымбат металдармен жасалатын операциялардан түсетін кіріс (шығыс)

413.3


туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялардан түсетін кіріс (шығыс)

413.4


Қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

414


оның ішінде:



өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын
бағалы қағаздар құнының өзгеруінен түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

414.1


шетел валютасын қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

414.2


аффинирленген қымбат металдарды қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс)

414.3


туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс)

414.4


Басқа заңды тұлғалардың капиталына қатысудан түсетін кіріс

415


Инвестициялық қызметтен түсетін басқа да кіріс

416


Өзге де қызметтен түсетін кіріс

417


Активтерді сатудан және активтерді алудан (беруден) түсетін кіріс (шығыс)

418


Өзге де қызметтен түсетін басқа да кіріс

419


Басқа да реттеуші кіріс

420


Пруденциялық нормативтерді ескере отырып есептелген шығыс (реттеуші шығыс), оның ішінде:

500


Сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша реттеуші шығыс

501


Қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша реттеуші шығыс

502


Қайта сақтандыруға берілген тәуекелдер бойынша реттеуші шығысты өтеу

503


Регрессиялық талап бойынша өтемақы (нетто)

504


Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша таза реттеуші шығыс

505


Сақтандыру шығынын реттеу бойынша реттеуші шығыс

506


Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын резервін өзгерту

507


Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша
қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

508


Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын резервін өзгерту

509


Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

510


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын резервін өзгерту

511


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

512


Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын резервін өзгерту

513


Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

514


Сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша реттеуші шығыс

515


Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға байланысты шығыс

516


Сыйақы төлеуге байланысты шығыс

517


оның ішінде:



бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы түріндегі шығыс

517.1


Жалдау міндеттемелері бойынша пайыздық шығыс

518


Құнсыздану бойынша резервтерге арналған шығыс

519


Құнсыздану бойынша резервтерді қалпына келтіру

520


Құнсыздану бойынша резервтерге арналған таза шығыс

521


Жалпы және әкімшілік шығыс

522


оның ішінде:



еңбекақы төлеуге және іссапарға арналған шығыс

522.1


корпоративтік табыс салығын қоспағанда, ағымдағы салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

522.2


ағымдағы жалдау бойынша шығыс

522.3


жарнамаға арналған шығыс

522.4


үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер

522.5


аудиторлық, консультациялық қызметтерге және ақпараттық шығысқа арналған шығыс

522.6


амортизациялық аударымдар

522.7


Басқа да реттеуші шығыс

523


Кезең ішіндегі пайда (шығын)

524


Тоқтатылған қызметтен пайда (шығын)

525


Корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі таза пайда (шығын)

526


Корпоративтік табыс салығы

527


оның ішінде:



негізгі қызметтен

527.1


өзге де қызметтен

527.2


Салық төлегеннен кейінгі таза пайда (шығын) жиынтығы

528


  Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
  5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі
  Басқармасының
  2018 жылғы 27 сәуірдегі
  № 75 қаулысына
  2-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесі

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 53-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

      1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мәнінің "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 304 қаулы) белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден төмен 0,1 тармаққа төмендеуі;

      2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі мәнінің № 304 қаулымен белгіленген өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден төмен 0,2 тармаққа төмендеуі;

      Осы тармақшаның талабы "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;

      3) 1 (бір) жылға дейінгі орындау мерзімімен қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, айналыс мерзімі 1 (бір) жылға дейін болатын өтімділігі жоғары активтердің құнының сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасының 1,2 мәнге төмендеуі және (немесе) 1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейінгі орындау мерзімімен қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, айналыс мерзімі 1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейін болатын өтімділігі жоғары активтердің құнының сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасының 1,05 мәнге төмендеуі.

      Осы тармақшаның талабы "жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      Сақтандыру резервтерін орындау мерзімдері бойынша бөлу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына 25-қосымшаның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;

      4) қатарынан 3 (үш) ай ішінде есепті күні валюталық тәуекелді өтеу үшін талап етілетін капитал сомасының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін есептеу кезінде пайдаланылатын төлем қабілеттілігінің нақты маржасының мәні мен төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері мәнінің арасындағы айырмасынан мынадай формула бойынша айқындалатын асып кетуі:

     


      Әрбір шетел валютасы бойынша валюталық тәуекелдің орнын толтыру үшін талап етілетін капитал мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      мұнда:

      CREi – i-шетел валютасы бойынша валюталық тәуекелдің орнын толтыру үшін талап етілетін капитал;

      А – есепті күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық активтері;

      L - есепті күні баланс бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық міндеттемелері;

      a i – есепті күні i-шетел валютасында активтер сомасы;

      li - есепті күні i-шетел валютасында баланс бойынша міндеттемелер сомасы;

      5) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мәнінің № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден 0,2 тармаққа төмен болған кезде бағалы қағаздарға ("кері РЕПО" операцияларын ескергенде), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "B-" және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердегі салымдар мен ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) және осы банктердің үлестес тұлғаларына жалпы жиынтық орналастырудың меншікті капиталдан 30 (отыз) пайыз мәнінен асуы;

      6) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мәнінің № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден 0,2 тармаққа төмен болған кезде бағалы қағаздарға ("кері РЕПО" операцияларын ескергенде), Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "B-" және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі салымдар мен ақшаға (күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде) және осы банктердің үлестес тұлғаларына жалпы жиынтық орналастырудың меншікті капиталдан 10 (он) пайыз мәнінен асуы;

      7) № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден 0,5 тармаққа төмен төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының соңғы 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша шығынды қызметі.

      Осы тармақшаның талабы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша бизнес-жоспарда айқындалған мерзім өткенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кіріс алған жағдайларын қоспағанда, "жалпы сақтандыру" саласында 3 (үш) жылдан кем қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, "өмірді сақтандыру" саласында 5 (бес) жылдан кем қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды;

      8) № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын деңгейден 0,5 тармаққа төмен төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәні кезінде қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда аралас коэффициент мәнінің 100 (жүз) пайыздан асуы.

      "Ауырған жағдайдан сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесі есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астам болатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін осы фактор бойынша шекті мәні 120 (бір жүз жиырма) пайызды құрайды;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға байланысты шығыстар сомасына азайтылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының соңғы 12 (он екі) айдағы кіріс сомасына соңғы 12 (он екі) айдағы "Жалпы және әкімшілік шығыстар" бабында көзделген жалпы және әкімшілік шығыстар, сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар және өзге де шығыстар сомасының арақатынасынан асып кету 50 (елу) пайыздың мәні;

      10) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің деңгейден төмен мәні № 304 қаулымен белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен 0,5 тармаққа төмен болған кезде сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешегінің (қайта сақтандырушылардан, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс соманың) (құнсыздануға резервтерді шегергенде) қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасына арақатынасының 5 (бес) пайыз мәнінен асуы;

      11) ұйымның ерікті сақтандыру сыныптары бойынша жеке тұлғалардың сақтандыру сыйлықақыларының 20 (жиырма) пайызынан астамын жеке тұлғалардың сақтандыру сыйлықақыларының сомасы құрайтын автомобиль көлігін ерікті түрде сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандырушының үлесін есепке ала отырып полистік жыл бойынша есептелген, шығындылықты сипаттайтын коэффициенттің 30 (отыз) пайыздан төмен азаюы.

      Бұл көрсеткіш есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледі.

      12) сақтанушылардың (пайда алушыларының) шағымдар коэффициентінің 1-көрсеткіштен артуы.

      Сақтанушылардың (пайда алушылардың) шағымдар коэффициенті ретінде мына формула бойынша есептелген мынадай шамалардың ең үлкені қабылданады:

     


      Н1емесе

     


      шағымдар – жеке тұлғалардың сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымына қатысты сақтандыру омбудсманы қараған есептік жыл үшін сақтанушылардың (пайда алушылардың) негізделген өтініштерінің саны;

      сақтандыру шарттары – есептік жыл үшін жеке тұлғалар жасаған барлық сақтандыру шарттарының саны;

      төлемдер – жеке тұлғаларды сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған есептік жыл үшін жеке тұлғаларға жасалған барлық сақтандыру төлемдерінің саны.

      Сақтандыру омбудсманы шешім шығарғанға дейін залал сомасын айқындаумен байланысты келіспеушіліктерді сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру омбудсманы реттеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру омбудсманының сақтанушының (пайда алушының) талаптарын ішінара немесе толығымен қанағаттандыру туралы шешім шығарылған өтініш негізделген болып есептеледі.

      Сақтанушылардың (пайда алушылардың) шағымдарының коэффициенті есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша күнтізбелік жылға сақтандыру омбудсманының қабылданған шешімдері бойынша есептеледі.

      3. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

      1) № 304 қаулыда белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын деңгейден төмен төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәнін 0,1 тармаққа төмендету;

      2) соңғы 4 (төрт) есепті тоқсанның қорытындысы бойынша шығынды қызмет;

      3) сақтандыру тобына қатысушылар арасындағы мәмілелер көлемінің сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасының 10 (он) пайызынан асып кетуі.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

      1) резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік нормативін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтері және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейтін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің деңгейін 0,1 тармаққа төмендету;

      2) резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік нормативін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтері және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейтін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативінің ең төменгі мәнінен асатын төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің деңгейін 0,2 тармаққа төмендету.

  Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
  6-қосымша
  Актуарийдің біліктілігін растауға қойылатын талаптарға
  1-қосымша

Кәсіби даму бағдарламасы

Қызмет бағыты

Балл саны

1

Халықаралық актуарийлер конгресіне қатысу

800

2

Актуарлық пәндер (семестрдегі) бойынша кемінде 30 сағат оқытушылық қызметті жүзеге асыру

800

3

"Актуарий" мамандығы бойынша кемінде 30 сағат магистерлік диссертациялардың жетекшісі ретіндегі қызметті жүзеге асыру

400

4

"Актуарий" мамандануы бойынша бітіру жұмыстарының (бакалавриаттың дипломдық/жобалық жұмысы, магистрлік диссертациялар) басшысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру

500

5

Лектор ретінде Қазақстан Республикасының аумағында немесе шетелде семинарға, вебинарға, шеберлік кластарға, оқытуларға қатысу

400

6

Уәкілетті орган растаған Қазақстанның актуарлық және сақтандыру қызметін дамытуға қосқан үлесі және жұмыс топтарына қатысу

400

7

Қазақстан актуарийлерінің бірлестігі растаған Қазақстанның актуарлық қызметін дамытуға қосқан үлесі

300

8

Сақтандыру және актуарлық қызмет мәселелері бойынша мақаланы шетелдік кәсіби қаржы басылымында жариялау

800

9

Республикалық кәсіби қаржы басылымында сақтандыру және актуарлық қызмет мәселелері бойынша мақала жариялау

500

10

Актуарлық қызмет бойынша оқулықтар, оқу құралдарын жазу

800

11

skills.enbek.kz платформасында тыңдалған курстар бойынша актуарлық қызмет бойынша емтихандар өткізуге қатысу

600

12

Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша актуарлық қорытындылар дайындау (тарифтер, зерттеулер)

800

13

Қазақстанның актуарийлер бірлестігінде 3 жыл бойы үздіксіз мүшелік

300

  Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
  7-қосымша
  Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру қағидаларына
  1-қосымша

"Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
Лицензияның телнұсқасын алу
Лицензияны қайта ресімдеу

1

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Барлық кіші түрлер бойынша:
"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

лицензияны берген кезде - жиырма жұмыс күні ішінде
лицензияны қайта ресімдеген кезде - үш жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – екі жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер бойынша:
Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлер бойынша:
1) актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру - актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия;
2) лицензияның телнұсқасын алу - актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия;
3) лицензияны қайта ресімдеу - актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Кіші түрлер бойынша:
1) актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия берілгені үшін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган – Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжат мен мәліметтердің тізбесі

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (Республикасының бейрезидент – жеке тұлғалары үшін);
3) жоғары білімі туралы дипломның нотариаттық куәландырылған көшірмесі (электрондық көшірмесі ұсынылады;
4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) электрондық түрде төмендегі құжаттардың бірі ұсынылады:
мына ұйымдардың бірі:
халықаралық актуарийлер қауымдастығының мүшесі болып табылатын ұйым;
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы әзірлеген актуарийлерді оқыту бойынша онлайн платформа;
"Актуарий" мамандануы бойынша оқу бағдарламасы актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасына сәйкес келетін университет берген өтініш берушінің емтихандар тапсыру уақытында қолданылатын актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасында көзделген курстар бойынша оқытудан өткенін және емтихандарды табысты тапсырғанын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмесі.
"Актуарий" мамандануы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломының (қосымшаларымен бірге) немесе "Актуарий" мамандануы бойынша "Қаржы" мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дипломының оқу және емтихан тапсыру сәтінде қолданыстағы актуарийлерді оқытудың міндетті ең төмен бағдарламасына жататын әрбір курс бойынша кемінде сексен пайыз рейтингі бар дипломының көшірмесі.
Актуарлық қызметпен немесе актуарлық ғылыммен (Actuarial science) байланысты оқыту бағдарламасы бойынша "Актуарий", "Актуарлық іс" мамандануы бойынша бакалавр немесе магистр дипломының көшірмесі (қосымшаларымен бірге) және мынадай халықаралық кәсіби біліктілік сертификаттарының бірінің болуы: CFA (Chartered Financial Analyst (Чартеед Файнаншл Аналист), FRM (Financial Risk Manager)(Файнаншл тәуекел менеджері), PRM (Professional Risk Manager) (Файншл тәуекел менеджері), CERA (Chartered Enterprise Risk Analyst) (Кәсіби тәуекел менеджері), DipIFR (ACCA) (Diploma in International Financial Reporting), Chartered Insurance Institute (CII) (Certificate, Diploma немесе Advanced Diploma біліктілігі).
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары үшін - осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Халықаралық актуарийлер қауымдастықтарының тізбесіне және оларға қойылатын талаптарға сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмелері, актуарийдің мәртебесін және халықаралық актуарийлер қауымдастықтарында мүшелігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
7) өтініш берушінің лицензия алуға осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (бар болса).
Осы қаулыға 1-қосымшада көзделген актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасының мазмұнына енгізілген бөлімдердің ең төменгі тізбесін жабатын емтихандар халықаралық емтихандар болып танылады;
8) қаржы ұйымдарында, уәкілетті органда актуарлық зерттеулер және (немесе) актуарлық есептер жүргізу саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) 40-бабының 3-тармағында көзделген талаптар сақталған жағдайда беріледі.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) Заңның 60-бабы 1-тармағының 2-1), 2-2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректердің болуы;
3) уәкілетті орган жүргізген тестілеудің теріс нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Лицензияны қайта ресімдеу:
уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс не техникалық ақаулықтар анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
  8-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына 15-қосымша

Алаяқтық тәуекелдерін басқаруға қойылатын талаптар

      1. Ұйымның директорлар кеңесі нарықтық жағдайға, стратегияға, активтер көлеміне, ұйым операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін және сақтандыру қызметтерін көрсету кезінде алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында тиімді анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылауды қамтамасыз ететін және төмендегілерді қосқанда, бірақ олармен шектелмейтін алаяқтық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді:

      1) алаяқтықпен күрес бойынша саясат және рәсімдер;

      2) басқарушылық есептілік жүйесі.

      2. Алаяқтық тәуекелдерін басқару саясаты мен рәсімдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қызметкерлерге, клиенттерге және үшінші тұлғаларға қатысты алаяқтық тәуекелін бағалау;

      2) қарауға жататын операциялардың тізбесі;

      3) алаяқтық белгілері бар күдікті операциялардың өлшемшарттары;

      4) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлерді кезеңдік оқытуды жүргізу тәртібі;

      5) нақты немесе болжамды алаяқтық оқиғаға жауап беру жоспары, оған ішкі тергеу жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдау кіреді;

      6) мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін тергеу тәртібі:

      ұйым бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      шұғылдықты, маңыздылықты бағалау, ақпаратты жинау және талдау;

      алаяқтықпен байланысты оқиғалардың мән-жайларын анықтауға бағытталған қабылданған әрекеттерді құжаттау;

      алаяқтық фактісін бағалау және тергеу аяқталған күн;

      қабылданған шаралар, оның ішінде егер қолданылса, клиентке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар.

      7) алаяқтық тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау, оның ішінде ұйымның ішкі аудит қызметінің бағалауы.

      3. Басқару есептілігі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) алаяқтық тәуекелдерін бағалау нәтижелері, алаяқтық тәуекелдеріне бейімділік көрсеткіштері және шекті мәндер мен лимиттерге сәйкестігі;

      2) алаяқтық фактілері бойынша қабылданған шаралар;

      3) ұйымның ішкі және сыртқы алаяқтықпен байланысты операциялық шығындары.

      4. Алаяқтық тәуекелдерді басқару шеңберінде ұйым бөлімшелерінің функцияларына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, ол мыналарды ашады, бірақ олармен шектелмейді:

      ресурстарға қажеттілікті анықтау, оның ішінде алаяқтыққа қарсы іс-қимыл процестерін іске асыру үшін қажетті бюджетті анықтау;

      алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша талап етілетін іс-шаралардың мерзімдері мен оларды іске асыруға жауаптыларды көрсете отырып, осындай іс-шаралардың сипаты.

      2) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл процестерін және қаржы өнімдерін және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсынудың цифрлық арналарын енгізу, қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және үздіксіз жақсартып отыру;

      3) бизнес-процестерді және енгізілетін қаржы өнімдерін және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді алаяқтық тәуекелдер тұрғысынан бағалау;

      4) сыртқы және ішкі деректерді анықтау және талдау, сондай-ақ алаяқтықтың жаңа схемаларының алдын алу;

      5) алаяқтық белгілері бар күдікті операциялардың типологиясын әзірлеу;

      6) алаяқтық белгілері бар оқыс оқиғалар дерекқорын жүргізу және үздіксіз жаңартып отыру;

      7) ішкі және сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеу және талдау;

      8) ішкі тексерулерге қатысу, ішкі тексеру нәтижелері бойынша түзету шаралары мен ұсынымдар әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау және ішкі тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар жасау;

      9) алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алқалы органның шешімдер қабылдауы үшін ұсыныстар дайындау (қажет болған жағдайда);

      10) ішкі құжаттарға сәйкес алаяқтық тәуекелдерін іске асыру туралы, сондай-ақ олардың салдарларын жою туралы басқарушылық есептілікті дайындау және ұсыну.

      5. Ұйым бөлімшелері алаяқтық тәуекелдерін басқару шеңберінде алаяқтық тәуекелдерін басқару тәртібін анықтайтын ішкі құжат әзірлейді, ол мынадай рәсімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) алаяқтық тәуекелдерін сәйкестендіру және ерте айқындалған сценарийлерді есепке ала отырып, операциялардың, өнімдердің алаяқтық тәуекелдеріне әлеуетті ұшырағыштығын көрсететін типтік белгілерді айқындау;

      2) бағалаудың сапалық және (немесе) сандық әдістерін қолдана отырып, оның ішінде оларды іске асыру туралы деректер негізінде барлық анықталған алаяқтық тәуекелдердің ықтималдығы мен салдарларын бағалауды;

      3) алаяқтықтың елеулі тәуекелдерін іске асыру туралы мәліметтерді жинау және сақтауды;

      4) алаяқтық тәуекелдерді қамтитын тәуекелдер тізілімін қалыптастыруды;

      5) алаяқтық тәуекелдерді барынша азайту шараларын әзірлеуді;

      6) алаяқтық тәуекелдерді өңдеу жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеуді қамтиды.

      6. Алаяқтық белгілері бар инциденттердің дерекқорында келесі ақпарат бар (соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді): инциденттің идентификаторы, анықталған күні, оқиғаның сипаттамасы, қатысушылар (қызметкерлер/клиенттер/контрагенттер), залал сомасы (әлеуетті), залал сомасы (нақты), өтелген залал, қаржылық емес салдарлар, басқа инциденттермен байланыс, пайдаланылған осалдықтар, қабылданған шаралар, тергеу нәтижелері, жауапты тұлғалар.

      7. Ұйым ішкі тексеру нәтижелерімен расталған сақтандыру алаяқтығының негізделген фактілерін анықтаған кезде нақты залал сомасы 500 (бес жүз) АЕК-тен асатын жағдайда уәкілетті органға және (сәйкес негіздер болған жағдайда) қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге де шаралар қабылдайтын уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады