Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 279/36-VII бірлескен шешіміне және Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1-3728 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 292/37-VIII және Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 510-1501 бірлескен шешімі және қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 23 мамырда № 1410-01 болып тіркелді

      Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 279/36-VII бірлескен шешіміне және Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1-3728 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен мәслихат шешімі мен әкімдік қаулысының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жалпы ауданы 18 927 гектар болатын Астана қаласының жаңа ауданының шекаралары белгіленсін.";

      көрсетілген бірлескен мәслихат шешімі мен әкімдік қаулысының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жалпы ауданы 20 431 гектар шекараны белгілей отырып, Астана қаласының жаңа ауданының шекарасына 18 927 гектар беру жолымен Астана қаласының "Есіл" ауданының шекарасы өзгертілсін".

      2. Осы бірлескен мәслихат шешімі мен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек
     
      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады