"Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 қарашада № 37354 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы №1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызмет беруші тіркеуді жүзеге асырады және орындаушыны тағайындайды.

      Өтінімді және құжаттарды қарау мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызмет алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызмет беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Орындаушы ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге тексеру жүргізу туралы шешім жолдайды.

      Тексеру жүргізу үшін шешім қабылданған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (ұшқышы) және жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру, оны қайтадан бастау, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізу";

      мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2, 20-3, 20-4, 20-5, 20-6 және 20-7-тармақтармен толықтырылсын:

      "20-1. Уәкілетті ұйым ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті мынадай жағдайларда қайтарып алады:

      1) ұсынылған құжаттарды бұрмалау жолымен ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті алу, пайдаланушының сәйкестікті сақтау;

      2) заңсыз әрекеттер жасау немесе ұшуды орындау құқығына куәлікті заңсыз пайдалану;

      3) өтініш берушінің ұшуына тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

      4) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайда.

      5) пайдаланушының жазбаша өтініші.

      Уәкілетті ұйым пайдаланушыны отыз жұмыс күні ішінде ұшуды орындау құқығына куәлікті қайтарып алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

      20-2. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер пайдаланушының өтініші бойынша енгізіледі.

      Пайдаланушының атауы өзгерген, бірдей типтегі әуе кемесін пайдалану тоқтатылған, сондай-ақ әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда пайдаланушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұшуларды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында келтірілген құжаттардың тізбесін қоса береді.

      20-3. Уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізеді.

      20-4. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа үлгідегі әуе кемелерін меншігіне немесе экипажсыз жалға алған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

      1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттардың тізбесін қарайды;

      2) енгізілетін өзгерістерге қатысты пайдаланушыны тексеруді жүргізеді.

      Нәтижелері бойынша ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізіледі.

      20-5. Мәлімделген әуе кемесін ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне енгізуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;

      2) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының сертификаттың (куәліктің) пайдалану ерекшеліктеріне енгізілген.

      20–6. Уәкілетті ұйым өтінім берілген әуе кемесін ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке қосудан бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беріледі.

      20-7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2025 жылғы 5 қарашадағы
№ 361 Бұйрыққа
1-қосымша
  Жалпы мақсаттағы
авиацияны
пайдаланушылардың
ұшуларына рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша

"Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру" (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру" (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1) пайдаланушының атауы өзгерген, әуе кемесін пайдалану тоқтатылған, сондай-ақ бірдей типтегі әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда, куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу;
2) басқа типтегі әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда ұшуларды орындау құқығына куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу.

1

Қызметті көрсетушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
"Электрондық үкіметтің" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Ұшуларды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) (бұдан әрі – куәлік) беру - 60 (алпыс) жұмыс күні.
Пайдаланушының атауы өзгерген, әуе кемесін пайдалану тоқтатылған, сондай-ақ бірдей типтегі әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда ұшуларды орындау құқығына куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Басқа типтегі әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда ұшуларды орындау құқығына куәлікке және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу – 30 (жиырма) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы: электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде, демалыс күндері және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-ден 17:30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін
көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Ұшуларды орындау құқығына куәлік алу үшін (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысы):
1) мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім:
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарттың электрондық көшірмесі;
4) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
5) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
6) пайдалану ерекшеліктерінің жобасының электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттарының (келісімшарттың) электрондық көшірмесі (жалға алынған әуе кемесі болған жағдайда).
8) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу куәліктерінің, азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификаттарының, радиостанцияларға рұқсаттардың (лицензиялардың), әуе кемелерінің шуы туралы куәліктердің көшірмелері.
Жеке тұлға құжаттарды портал арқылы берген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынылады.
2. Атаулар өзгерген кезде пайдаланушы атауының өзгергенін растайтын құжаттар ұсынылады.
3. Пайдаланушы әуе кемесiн меншік құқығына алып, ұшуды орындау құқығына арналған куәлiкке қосу кезiнде:
1) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа;
2) пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттейтін нұсқаулыққа;
3) техникалық қызмет көрсету бағдарламасына;
4) минималды жабдық тізбесіне (MEL);
4. Ұшуларды орындау құқығына куәлікке экипажсыз жалға алынған әуе кемесін енгізген кезде өтініш беруші осы тізбенің 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) әуе кемесінің түрі, үлгісі және сериялық нөмірі туралы мәліметтер;
2) әуе кемесі иесінің тегі (аты) мен мекенжайы;
3) тіркеу мемлекеті, ұлттық және тіркеу белгілері туралы мәліметтер;
4) әуе кемесін пайдалану бақылауына, ұшуға жарамдылығына техникалық қызмет көрсетуге және ұстауға жауапты тараптар, сондай-ақ жалға алудың қолданылу мерзімі көрсетілген әуе кемесін экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді көрсетілетін уәкілетті ұйымның тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі (қажет болған жағдайда) арқылы алады.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" берген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңға сәйкес келмеуі;
3) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының сертификатының (куәлігінің) пайдалану ерекшеліктеріне енгізілген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www. caa. gov. kz.
Өтініш берушінің ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
Өтініш берушінің порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777

  Бұйрыққа 2-қосымша
Жалпы мақсаттағы
авиацияны пайдаланушылардың
ұшуларына рұқсат беру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті ұйым

Ұшуды орындау құқығына куәлікке өзгерістер енгізуге арналған өтініш

      Ұшуды (жалпы авиация) орындау құқығына арналған куәлектердің пайдалану
      сипаттамаларына өзгерістер енгізуді сұраймын
      ___________________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық аты-жөні)
Негіздер: ___________________________________________________________________
(әуе кемесінің бір түрін сатып алу, басқа ұшақ түрін сатып алу, басқа)
Ұшудың жоспарланған басталу күні: ___________________________________________
(өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жоспарланған күн көрсетіледі жаңа
пайдалану жағдайларында ұшуларды бастау).
Басшы _____________________________________________________________________
(лауазымы/қолы/күні)

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2015 года № 1023 "Об утверждении Правил допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 5 ноября 2025 года № 361. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 ноября 2025 года № 37354

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2015 года № 1023 "Об утверждении Правил допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12804) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 41-33) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 41-33) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" (далее – Закон), Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" и Приложения 6 Конвенции о Международной гражданской авиации ратифицированный постановлением Верховного Совета Республики Казахстан от 2 июля 1992 года.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. В день поступления заявки с пакетом документов услугодатель осуществляет регистрацию и назначает исполнителя.

      Срок рассмотрения заявки и документов составляет 20 (двадцать) рабочих дней с момента регистрации заявки.

      При представлении услугополучателем документов с истекшим сроком действия и (или) при установлении факта неполноты представленных документов согласно пункту 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги, услугодатель в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации направляет мотивированный ответ об отказе (далее – отказ) в произвольной форме о дальнейшем рассмотрении заявки.

      Исполнитель рассматривает представленные документы, на предмет соответствия требованиям настоящих Правил.

      При соответствии документов требованиям настоящих Правил, уполномоченной организацией направляется заявителю решение о проведении обследования.

      Для проведения обследования, в течение 4 (четырех) рабочих дней с момента принятия решения, создается Комиссия из числа авиационных инспекторов уполномоченной организации (далее - Комиссия).";

      пункт 8 исключить;

      пункт 14 изложить в следующей редакций:

      "14. Безопасность полетов обеспечивается командиром воздушного судна (пилотом) и владельцем воздушного судна, являющимся эксплуатантом авиации общего назначения.";

      наименование главы 3 изложить в следующей редакций:

      "Глава 3. Приостановление, возобновление действия свидетельства на право выполнения полетов, внесения изменений в свидетельство на право выполнения полетов";

      дополнить пунктами 20-1, 20-2, 20-3, 20-4, 20-5, 20-6 и 20-7 следующего содержания:

      "20-1. Уполномоченная организация отзывает свидетельство на право выполнения полетов в случаях:

      1) получения свидетельства на право выполнения полетов, поддержания соответствия требованиям эксплуатантом путем фальсификации представленных документов;

      2) совершения противозаконных действий или незаконного использования свидетельства на право выполнения полетов;

      3) вступившего в законную силу решения суда, запрещающее заявителю выполнение полетов;

      4) в случае, предусмотренном в пункте 19 настоящих Правил.

      5) письменного заявления эксплуатанта.

      Уполномоченная организация уведомляет эксплуатанта о возможном отзыве свидетельства на право выполнения полетов за тридцать рабочих дней.

      20-2. Изменения в свидетельство на право выполнения полетов вносятся по заявке эксплуатанта.

      При изменении наименования эксплуатанта, прекращения эксплуатации воздушных судов, а также приобретения в собственность, аренды без экипажа одного типа, эксплуатант направляет заявку на внесение изменений в свидетельство на право выполнения полетов посредством веб-портала "электронного правительства" по форме, согласно приложению 7 к настоящим Правилам и прилагает перечень документов, приведенного в пункте 8 приложения 2 к настоящим Правилам.

      20-3. Уполномоченная организация в срок двадцать рабочих дней с момента регистрации заявки рассматривает представленные документы и вносит соответствующие изменения в свидетельство на право выполнения полетов и/или эксплуатационные спецификации эксплуатанта.

      20-4. При приобретении в собственность, аренды без экипажа эксплуатантом воздушных судов других типов, которые ранее не эксплуатировались им, уполномоченная организация в течение тридцати рабочих дней с момента получения заявки:

      1) рассматривает представленные перечень документов, согласно приложению 8 к настоящим Правилам;

      2) проводит обследование эксплуатанта в части, касающейся вносимых изменений.

      По результатам которых вносятся соответствующие изменения в свидетельство на право выполнения полетов и/или эксплуатационные спецификации эксплуатанта..

      20-5. Отказ во внесении заявленного воздушного судна в эксплуатационные спецификации свидетельства на право выполнения полетов производится в случаях, если:

      1) установлено недостоверность документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) заявленное воздушное судно внесено в эксплуатационные спецификации сертификата (свидетельства) другого эксплуатанта.

      20-6. При отказе уполномоченной организацией о внесении заявленного воздушного судна в свидетельство на право выполнения полетов, заявителю в срок двадцать рабочих дней с момента получения заявки дается мотивированный ответ об отказе в письменном виде.

      20-7. При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги, уполномоченная организация уведомляет заявителя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для возможности выразить заявителю позицию по предварительному решению.

      Уведомление о заслушивании направляется не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги согласно статье 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления.";

      приложение 2 изложить в редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      дополнить приложением 7 согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр транспорта
Республики Казахстан
Н. Сауранбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр транспорта
Республики Казахстан
от 5 ноября 2025 года № 361
  Приложение 2
к Правилам допуска
к полетам эксплуатантов
авиации общего назначения

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Выдача свидетельства на право выполнения полетов"
(эксплуатант авиации общего назначения)"

Наименование государственной услуги: "Выдача свидетельства на право выполнения полетов" (эксплуатант авиации общего назначения)".
Наименование подвидов государственной услуги:
1) внесение изменений в свидетельство на право выполнения полетов и/или эксплуатационные спецификации при изменении наименования эксплуатанта, прекращения эксплуатации воздушных судов, а также приобретения в собственность, аренды без экипажа воздушных судов одного типа;
2) внесение изменений в свидетельство на право выполнения полетов и/или эксплуатационные спецификации при приобретении в собственность, аренды без экипажа эксплуатантом воздушных судов других типов.

1

Наименование услугодателя

Акционерное общество "Авиационная администрация Казахстана"

2

Способы предоставления государственной услуги

По всем подвидам:
портал "электронного правительства"

3

Срок оказания государственной услуги

Выдача свидетельства на право выполнения полетов (эксплуатант авиации общего назначения) (далее – свидетельство) – 60 (шестьдесят) рабочих дней.
Внесение изменений в свидетельство на право выполнения полетов и/или эксплуатационные спецификации при изменении наименования эксплуатанта, прекращения эксплуатации воздушных судов, а также приобретения в собственность, аренды без экипажа одного типа – 20 (двадцать) рабочих дней.
Внесение изменений в свидетельство на право выполнения полетов и/или эксплуатационные спецификации при приобретении в собственность, аренды без экипажа эксплуатантом воздушных судов других типов, которые ранее не эксплуатировались – 30 рабочих дней.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная).

5

Результат оказания государственной услуги

Свидетельство на право выполнения полетов эксплуатантам авиации общего назначения либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги: электронная (полностью автоматизированная)

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы

1) портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявки и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем);
2) услугодатель – с понедельника по пятницу включительно, с 08.30 до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

1. Для получения свидетельства на право выполнения полетов (эксплуатант авиации общего назначения):
1) заявку по форме, согласно приложению 1 настоящих Правил, с приложением следующих документов:
2) электронная копия руководства по производству полетов в соответствии с Приложением 6 к Конвенции о международной гражданской авиации ратифицированный постановлением Верховного Совета Республики;
3) электронная копия руководства эксплуатанта по регулированию технического обслуживания или договор на организацию по техническому обслуживанию в соответствии с Приложением 6 к Конвенции о международной гражданской авиации ратифицированный постановлением Верховного Совета Республики Казахстан;
4) электронная копия договоров на обеспечение полетов;
5) электронная копия программ авиационной безопасности эксплуатанта;
6) электронная копия проекта эксплуатационных спецификаций;
7) электронная копия договоров (контракта) на аренду воздушного судна без экипажа (при наличии арендованного воздушного судна);
8) копии свидетельств о государственной регистрации гражданских воздушных судов, сертификатов летной годности гражданского воздушного судна, разрешений (лицензий) на радиостанции, сертификатов по шумам воздушных судов.
При подаче документов физического лица через портал предоставляется заявка по форме, согласно приложению 1 настоящих Правил, с приложением вышеуказанных документов в электронном виде;
2. При изменении наименований представляется документы, подтверждающие изменение наименования эксплуатанта.
3. При внесении воздушного судна приобретенного в собственность в свидетельство на право выполнения полетов представляется изменения и дополнения в:
1) руководство по производству полетов;
2) руководство эксплуатанта по регулированию технического обслуживания;
3) программу технического обслуживания;
4) перечень минимального оборудования (MEL);
4. При внесении арендованного воздушного судна без экипажа в свидетельство на право выполнения полетов заявитель, дополнительно к документам, указанным в пункте 3 настоящего перечня, представляет:
1) сведения о типе, модели и серийном номере воздушного судна;
2) фамилию (название) и адрес собственника воздушного судна;
3) сведения о государстве регистрации, национальных и регистрационных знаках;
4) копию договора об аренде воздушного судна без экипажа, в котором указаны ответственные стороны за эксплуатационный контроль воздушного судна, за техническое обслуживание и поддержание летной годности, а также срок действия аренды.
Сведения о документах, удостоверяющих личность, государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя, свидетельстве на право выполнения полетов (эксплуатант авиации общего назначения), уполномоченная организация получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства" (при необходимости).
При сдаче заявителем всех необходимых документов через портал заявителю в "личный кабинет" направляется статус о принятии запроса для оказания государственной услуги, с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям настоящих Правил, нормам летной годности гражданских воздушных судов Республики Казахстан, Закона;
3) заявленное воздушное судно внесено в эксплуатационные спецификации сертификата (свидетельства) другого эксплуатанта;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги

Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе: Акционерное общество "Авиационная администрация Казахстана" www.caa.gov.kz
Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
Заявитель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.
Телефон Единого контакт центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777

  Приложение 2 к приказу
  Приложение 7
к Правилам допуска
к полетам эксплуатантов
авиации общего назначения
  Форма
  Уполномоченная организация

Заявка на внесение изменений в свидетельство на право выполнения полетов

      Прошу внести изменения в эксплуатационные спецификации свидетельства
на право выполнения полетов (авиация общего назначения)
_________________________________________________________________
(полное название заявителя)
Основания: _______________________________________________________
(приобретение одного типа воздушного судна, приобретение другого типа
воздушного судна, иное)
Планируемая дата начала полетов: ___________________________________
(при внесении изменений и (или) дополнений указывается планируемая
дата начала полетов в новых эксплуатационных условиях).
Руководитель _____________________________________________________
(должность/подпись/дата)