Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қазанда № 37249 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 169-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 627 Бұйрығына 1-қосымша

Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 169-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың ережелері:

      1) Салық кодексінің 156-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, оның ішінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының дұрыстығын растау мәселесі бойынша және Салық кодексінің 156-бабы 5-тармағында көрсетілген негіздерде салық төлеушіге қатысты жүргізілетін;

      2) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайта қарау туралы жүгінуіне байланысты бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық өтінішінің негізінде тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің сомаларын есептеуге, шығындарды азайтуға әкеп соқтыратын салықтық тексерулерге қолданылады.

      3. Осы Қағидалардың щеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жазбаша қарсылық – салықтық тексерудің алдын ала актісінің нәтижелерімен жазбаша келіспеушілік;

      2) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      3) салық агенті – Салық кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен салық агенті деп танылатын жеке тұлға, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, интернет-платформа операторы;

      4) салықтық тексерудің алдын ала актісі – тексеруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасаған және салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат;

      5) салық төлеуші – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.

2-тарау. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету тәртібі мен мерзімдері

      4. Салық кодексінің 170-бабында көзделген салықтық тексеру актісін жасағанға дейін мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қолын қойғызып табыс етеді.

      5. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 65-бабында белгіленген мерзімдерді және осы Қағидаларда көзделген салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты дайындау, осындай қарсылықты қарау және ұзарту мерзімдерін ескере отырып, Салық кодексінің 163-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету мерзімін айқындайды.

      Салықтық тексерудің алдын ала актісімен бір мезгілде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 163-бабы 6-тармағына сәйкес салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабархат табыс етіледі.

      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген, орналасқан жері бойынша болмауына байланысты салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 181-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісін жасай отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізеді.

3-тарау. Салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық берудің тәртібі мен мерзімдері

      7. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты алдын ала актіні табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Салық төлеуші (салық агенті) жазбаша қарсылықты мына тәсілдердің бірімен:

      1) өзі келу тәртібімен.

      Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы осындай қарсылықты қабылдаған және тіркеген күні жазбаша қарсылық келіп түскен күн болып табылады.

      2) электрондық тәсілмен ұсынады.

      Бұл тәсіл "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық тәсілмен мемлекеттік кірістер органымен өзара іс-қимылда болатын салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылады.

      Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына осындай қарсылықты жіберген күн жазбаша қарсылықтың электрондық тәсілмен келіп түскен күні болып табылады.

      8. Жазбаша қарсылықта:

      1) салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының атауы;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) Салық кодексінің 38-бабына сәйкес жазбаша қарсылықты беретін заңды не уәкілетті өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      3) сәйкестендіру нөмірі;

      4) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылыққа қол қойған күні;

      5) жазбаша қарсылықты беретін тұлғаның осы мән-жайларды растайтын өзінің талаптары мен дәлелдемелері негізделген мән-жайлар;

      6) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі қамтылады.

      9. Салық төлеуші (салық агенті) бұрын берген жазбаша қарсылығын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған кезде салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      10. Салықтық тексеру Салық кодексінің 15-тарауы 2-параграфында белгіленген тәртіппен:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен бастап жазбаша қарсылықты ұсынбаған кезде;

      2) салықтық тексерудің алдын ала актісінің нәтижелерімен жазбаша келісімді ұсынған жағдайда;

      3) жазбаша қарсылықты кері қайтарып алған жағдайда;

      4) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген салықтық зерттеп-қарау актісін жасаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде аяқталуға тиіс.

      Бұл ретте салықтық тексеруді аяқтағанға дейін, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) Салық кодексінің 163-бабында белгіленген тәртіппен салықтық тексеруді жүргізу мерзімін қайта бастау туралы хабархат табыс етіледі.

4-тарау. Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімі

      11. Cалықтық тексеруді жүзеге асыратын Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жазбаша қарсылықты, онда көрсетілген мәселелер шегінде ол тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Бұл ретте жазбаша қарсылықты қарау мерзімі мынадай:

      1) осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер департаментіне (бұдан әрі – Департамент) сұрау салу жолдаған жағдайда – осындай сұрау салу жолданған күннен бастап осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне;

      2) осы Қағидалардың 12-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) сұрау салу жолдаған жағдайда – осындай сұрау салу жолданған күннен бастап осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген мерзімде жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне;

      3) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының уәкілетті (мемлекеттік) органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға сұрау салу жолдаған жағдайда, бірақ сұрау салу жолданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Жазбаша қарсылықты қарау мерзімін ұзарту туралы салық төлеушіге (салық агентіне) сұрау салу жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      12. Салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығымен келіспеген жағдайда, салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарма осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде:

      1) Департаментке – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілмеген салық төлеушілерге қатысты;

      2) Комитетке – мынадай:

      Салық кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ деңгейлес мониторинг бойынша келісім жасасқан тұлғаларға;

      Салық кодексінің 144-бабының 3-тармағына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;

      инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасқан салық төлеушілерге қатысты сұрау салу жолдайды.

      Сұрау салуға мынадай құжаттар:

      салықтық тексерудің алдын ала актісі;

      салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығы;

      салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың жазбаша қарсылықта көрсетілген қорытындымен келіспеу негіздерін көрсете отырып, ұстанымы;

      есептер, сондай-ақ салықтық тексеру барысында алынған, сондай-ақ жазбаша қарсылықта жазылған мәселелерді қозғайтын, жазбаша қарсылықты қарау барысында алынған құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.

      13. Департамент салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың сұрау салуын, ол Департаментте тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, қарсылық берген тұлға өзінің талаптары мен осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді негіздейтін мән-жайлар шегінде, сондай-ақ салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың ұстанымында көрсетілген дәлелдемелер мен негіздемелер шегінде қарайды.

      Департамент Басқарманың сұрау салуын қарау кезінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салу жолдайды.

      Бұл ретте сұрау салуды қарау мерзімі сұрау салу жолданған күннен бастап жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне, бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Сұрау салуды қарау қорытындысы бойынша Департамент салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқармаға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша Департаменттің ұстанымы жазылған жауапты жолдайды.

      Департаменттің ұстанымында жазылған қорытындыны салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарма салықтық тексеруді аяқтаған кезде міндетті түрде қолданады.

      14. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілмеген жазбаша қарсылығын қарау кезінде салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарма жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салулар жолдайды.

      15. Комитет салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың сұрау салуын, ол Комитетте тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, қарсылық берген тұлға өзінің талаптары мен осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді негіздейтін мән-жайлар шегінде, сондай-ақ салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың ұстанымында көрсетілген дәлелдемелер мен негіздемелер шегінде қарайды.

      Комитет Басқарманың сұрау салуын қарау кезінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салу жолдайды.

      Бұл ретте сұрау салуды қарау мерзімі сұрау салу жолданған күннен бастап жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне, бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Комитет сұрау салуды қарау қорытындысы бойынша ведомстволық бағыныстылығына салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқармаға кіретін Департаментке көшірмесін жолдай отырып, салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқармаға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша Комитеттің ұстанымы жазылған жауапты жолдайды.

      Комитеттің ұстанымында жазылған қорытындыны салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарма салықтық тексеруді аяқтаған кезде қолданады.

      16. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын Басқарманың Салық кодексінің 170-бабына сәйкес жазбаша қарсылық бойынша қабылданған шешімді, оның ішінде Департаменттің не Комитеттің осы Қағидалардың 13 және 15-тармағында көзделген жауабын ескере отырып, жасаған салықтық тексеруді аяқтауы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қараудың нәтижесі болып табылады.

      Салықтық тексеру Салық кодексінің 15-тарауының 2-параграфында белгіленген тәртіпте аяқталады.

5-тарау. Мемлекеттік кірістер департаментінің салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімі

      17. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департамент жазбаша қарсылықты, онда көрсетілген мәселелер шегінде ол тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Бұл ретте жазбаша қарсылықты қарау мерзімі:

      1) осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес Комитетке сұрау салу жолдаған жағдайда – осындай сұрау салуды жолдаған күннен бастап осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімде жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне;

      2) осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының уәкілетті (мемлекеттік) органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға сұрау салуды жолдаған жағдайда, бірақ сұрау салу жолданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Жазбаша қарсылықты қарау мерзімін ұзарту туралы салық төлеушіге (салық агентіне) сұрау салу жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      18. Салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығымен келіспеген жағдайда, салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департамент осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көзделген жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде Комитетке:

      1) Салық кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ деңгейлес мониторинг бойынша келісім жасасқан тұлғаларға;

      2) Салық кодексінің 144-бабының 3-тармағына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;

      3) инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасқан салық төлеушілерге қатысты сұрау салу жолдайды.

      Сұрау салуға мынадай құжаттар:

      салықтық тексерудің алдын ала актісі;

      салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылығы;

      салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаменттің жазбаша қарсылықта көрсетілген қорытындымен келіспеу негіздерін көрсете отырып, ұстанымы;

      есептер, сондай-ақ салықтық тексеру барысында алынған, сондай-ақ жазбаша қарсылықта жазылған мәселелерді қозғайтын, жазбаша қарсылықты қарау барысында алынған құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.

      19. Комитет салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаменттің сұрау салуын, ол Комитетте тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, қарсылық берген адам өзінің талаптары мен аталған мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді негіздейтін мән-жайлар шегінде, сондай-ақ салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаменттің ұстанымында көрсетілген, сондай-ақ жазбаша қарсылықты қарау барысында алынған дәлелдемелер мен негіздемелер шегінде қарайды.

      Комитет Департаменттің сұрау салуын қарау кезінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салу жолдайды.

      Бұл ретте сұрау салуды қарау мерзімі сұрау салу жолданған күннен бастап жауапты алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне, бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Сұрау салуды қарау қорытындысы бойынша Комитет салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаментке жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша Комитеттің ұстанымы жазылған жауапты жолдайды.

      Комитеттің ұстанымында жазылған қорытындыны салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департамент салықтық тексеруді аяқтаған кезде қолданады.

      20. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілмеген жазбаша қарсылықтарын қарау кезінде салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департамент жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және (немесе) өзге де ұйымдарға жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат не түсіндірме беру туралы сұрау салулар жолдайды.

      21. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын Департаменттің Салық кодексінің 170-бабына сәйкес жазбаша қарсылық бойынша қабылданған шешімді, оның ішінде Комитеттің осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жауабын ескере отырып, жасаған салықтық тексеруді аяқтауы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қараудың нәтижесі болып табылады.

      Салықтық тексеру Салық кодексінің 15-тарауының 2-параграфында белгіленген тәртіпте аяқталады.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 627 Бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жойлуға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16295 болып тіркелген).

      2. "Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 726 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17351 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 1002 бұйрығымен бекітілген өзгерістер және толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19402 болып тіркелген).

      4. "Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11741 болып тіркелген).

Об утверждении Правил и сроков вручения налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки, представления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, а также рассмотрения такого возражения

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 октября 2025 года № 627. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2025 года № 37249

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2026 г.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 169 Налогового кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила и сроки вручения налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки, представления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, а также рассмотрения такого возражения согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Приложение 1 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 октября 2025 года № 627

Правила и сроки вручения налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки, представления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, а также рассмотрения такого возражения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и сроки вручения налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки, представления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, а также рассмотрения такого возражения (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 169 Налогового кодекса Республики Казахстан (далее – Налоговый кодекс) и определяют порядок и сроки вручения органами государственных доходов налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки, представления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, а также рассмотрения такого возражения.

      2. Положения Правил распространяются на налоговые проверки, приводящие к начислению сумм налогов и других обязательных платежей в бюджет, а также социальных платежей, уменьшению убытков, за исключением тематических проверок:

      1) в соответствии с подпунктом 20) пункта 2 статьи 156 Налогового кодекса по вопросу подтверждения достоверности сумм превышения налога на добавленную стоимость, в том числе предъявленных к возврату и проводимых в отношении налогоплательщика на основании, указанных в пункте 5 статьи 156 Налогового кодекса;

      2) по вопросу возврата подоходного налога из бюджета на основании налогового заявления нерезидента в связи с применением положений международного договора об избежании двойного налогообложения, а также в связи с обращением нерезидента о повторном рассмотрении такого налогового заявления.

      3. В рамках настоящих Правил используются следующие понятия:

      1) письменное возражение - письменное несогласие с результатами предварительного акта налоговой проверки;

      2) орган государственных доходов - государственный орган, в пределах своей компетенции осуществляющий обеспечение поступлений налогов и платежей в бюджет, таможенное регулирование в Республике Казахстан, полномочия по предупреждению, выявлению, пресечению и раскрытию административных правонарушений, отнесенных законодательством Республики Казахстан к ведению этого органа, а также выполняющий иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      3) налоговый агент - физическое лицо, индивидуальный предприниматель, лицо, занимающееся частной практикой, юридическое лицо, структурное подразделение юридического лица, оператор интернет-платформы, которые в случаях и порядке, которые установлены Налоговым кодексом, признаются налоговым агентом;

      4) предварительный акт налоговой проверки - документ о предварительных результатах налоговой проверки, составленный проверяющим в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан и вручаемый налогоплательщику (налоговому агенту) до составления акта налоговой проверки;

      5) налогоплательщик - лицо, структурное подразделение юридического лица, являющиеся плательщиками налогов и других обязательных платежей в бюджет.

Глава 2. Порядок и сроки вручения налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки

      4. До составления акта налоговой проверки, предусмотренного статьей 170 Налогового кодекса, должностное лицо органа государственных доходов вручает налогоплательщику (налоговому агенту) под роспись предварительный акт налоговой проверки.

      5. Срок вручения предварительного акта налоговой проверки определяется органом государственных доходов, осуществляющим налоговую проверку, в соответствии с требованиями, установленными статьей 163 Налогового кодекса с учетом сроков, установленных статьей 65 Налогового кодекса и сроков подготовки налогоплательщиком (налоговым агентом) письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, рассмотрения такого возражения и продления, предусмотренных настоящими Правилами.

      Одновременно с предварительным актом налоговой проверки вручается извещение о приостановлении срока проведения налоговой проверки в соответствии с пунктом 6 статьи 163 Налогового кодекса, за исключением случая, указанного в пункте 6 настоящих Правил.

      6. При невозможности вручения налогоплательщику (налоговому агенту) предварительного акта налоговой проверки в связи с отсутствием его по месту нахождения, указанному в регистрационных данных налогоплательщика (налогового агента), органом государственных доходов в соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 181 Налогового кодекса проводится налоговое обследование с составлением акта налогового обследования.

Глава 3. Порядок и сроки представления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки

      7. Письменное возражение к предварительному акту налоговой проверки представляется налогоплательщиком (налоговым агентом) в орган государственных доходов, осуществляющий налоговую проверку, в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня, следующего за днем вручения предварительного акта.

      Налогоплательщиком (налоговым агентом) письменное возражение представляется следующими способами:

      1) в явочном порядке.

      При этом датой поступления письменного возражения является дата приема и регистрации такого возражения органом государственных доходов, осуществляющим налоговую проверку.

      2) электронным способом.

      Данный способ распространяется на налогоплательщика (налогового агента), взаимодействующего с органами государственных доходов электронным способом в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи".

      Датой поступления письменного возражения электронным способом, является дата отправки такого возражения в орган государственных доходов, осуществляющим налоговую проверку.

      8. Письменное возражение содержит:

      1) наименование органа государственных доходов, осуществляющего налоговую проверку;

      2) фамилию, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) либо полное наименование налогоплательщика (налогового агента) и (или) законного либо уполномоченного представителя в соответствии со статьей 38 Налогового кодекса, подающего письменное возражение, его место жительства (место нахождения);

      3) идентификационный номер;

      4) дату подписания письменного возражения налогоплательщиком (налоговым агентом);

      5) обстоятельства, на которых лицо, подающее письменное возражение, основывает свои требования и доказательства, подтверждающие эти обстоятельства;

      6) перечень прилагаемых документов.

      9. Налогоплательщик (налоговый агент) при принятии решения об отзыве ранее поданного письменного возражения, сообщает о принятом решении в орган государственных доходов, осуществляющий налоговую проверку.

      10. Налоговая проверка подлежит завершению в порядке, установленном параграфом 2 главы 15 Налогового кодекса в течение 1 (одного) рабочего дня в следующих случаях:

      1) при непредставлении письменного возражения со дня истечения срока, установленного пунктом 7 настоящих Правил;

      2) представления письменного согласия с результатами предварительного акта налоговой проверки;

      3) отзыва письменного возражения;

      4) следующего за днем составления акта налогового обследования, указанного в пункте 6 настоящих Правил.

      При этом до завершения налоговой проверки, в случаях, указанных в подпунктах 1), 2) и 3) настоящего пункта, налогоплательщику (налоговому агенту) вручается извещение о возобновлении срока проведения налоговой проверки в порядке, установленном статьей 163 Налогового кодекса.

Глава 4. Порядок и сроки рассмотрения письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки управлением государственных доходов

      11. Письменное возражение рассматривается Управлением государственных доходов (далее – Управление), осуществляющим налоговую проверку, в пределах, указанных в нем вопросов в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента его регистрации.

      При этом срок рассмотрения письменного возражения продлевается, в случаях направления запроса:

      1) в Департамент государственных доходов (далее – Департамент) в соответствии с подпунктом 1) пункта 12 настоящих Правил – на период времени с даты направления такого запроса до даты получения ответа в сроки, установленные пунктом 13 настоящих Правил;

      2) в Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет) в соответствии с подпунктом 2) пункта 12 настоящих Правил – на период времени с даты направления такого запроса до даты получения ответа в сроки, установленные пунктом 15 настоящих Правил;

      3) налогоплательщику (налоговому агенту) и (или) в уполномоченные (государственные) органы Республики Казахстан, а также в соответствующие органы иностранных государств и (или) иные организации, в соответствии с пунктом 14 настоящих Правил, но не более чем на 30 (тридцать) календарных дней с даты направления запроса.

      О продлении срока рассмотрения письменного возражения сообщается налогоплательщику (налоговому агенту) в течение 2 (двух) рабочих дней со дня направления запроса.

      12. При несогласии с письменным возражением налогоплательщика (налогового агента) Управление, осуществляющее налоговую проверку, в течение срока рассмотрения письменного возражения, предусмотренного пунктом 11 настоящих Правил, направляет запрос:

      1) в Департамент – в отношении налогоплательщиков, не указанных в подпункте 2) настоящего пункта;

      2) в Комитет – в отношении следующих налогоплательщиков:

      подлежащих налоговому мониторингу в соответствии с пунктом 2 статьи 143 Налогового кодекса, а также лиц, заключивших соглашение по горизонтальному мониторингу;

      подлежащих мониторингу крупных налогоплательщиков в соответствии с пунктом 3 статьи 144 Налогового кодекса;

      заключивших инвестиционные и (или) специальные инвестиционные контракты.

      К запросу прилагаются следующие документы:

      предварительный акт налоговой проверки;

      письменное возражение налогоплательщика (налогового агента);

      позиция Управления, осуществляющего налоговую проверку с изложением оснований несогласия с доводами, изложенными в письменном возражении;

      расчеты, а также документы и сведения, полученные в ходе налоговой проверки, а также полученные в ходе рассмотрения письменного возражения, затрагивающие вопросы, изложенные в письменном возражении.

      13. Департамент рассматривает запрос Управления, осуществляющего налоговую проверку, в течение 10 (десяти) рабочих дней, со дня его регистрации в Департаменте, в пределах обстоятельств, на которое лицо, подавшее возражение, основывает свои требования и доказательств, подтверждающих данные обстоятельства, а также в пределах доказательств и обоснований, указанных в позиции Управления, осуществляющего налоговую проверку, а также полученных в ходе рассмотрения письменного возражения.

      Департамент при рассмотрении запроса Управления, направляет запросы налогоплательщику (налоговому агенту) и (или) в государственные органы Республики Казахстан, а также в соответствующие органы иностранных государств и (или) иные организации о предоставлении информации либо пояснения по вопросам, изложенным в письменном возражении.

      При этом срок рассмотрения запроса продлевается на период времени с даты направления запроса до даты получения ответа, но не более чем на 30 (тридцать) календарных дней.

      По итогам рассмотрения запроса, Департамент направляет в Управление, осуществляющее налоговую проверку, ответ с изложением позиции Департамента по вопросам, изложенным в письменном возражении.

      Выводы, изложенные в позиции Департамента, подлежат обязательному применению при завершении налоговой проверки Управлением, осуществляющим налоговую проверку.

      14. При рассмотрении письменных возражений налогоплательщика (налогового агента), не указанных в пункте 12 настоящих Правил, Управление, осуществляющее налоговую проверку, направляет в течение срока рассмотрения письменного возражения налогоплательщику (налоговому агенту) и (или) в государственные органы Республики Казахстан, а также в соответствующие органы иностранных государств и (или) иные организации запросы о предоставлении информации либо пояснения по вопросам, изложенным в письменном возражении.

      15. Комитет рассматривает запрос Управления, осуществляющего налоговую проверку, в течение 10 (десяти) рабочих дней, со дня его регистрации в Комитете, в пределах обстоятельств, на которое лицо, подавшее возражение, основывает свои требования и доказательств, подтверждающих данные обстоятельства, а также в пределах доказательств и обоснований, указанных в позиции Управления, осуществляющего налоговую проверку.

      Комитет при рассмотрении запроса Управления, направляет запросы налогоплательщику (налоговому агенту) и (или) в государственные органы Республики Казахстан, а также в соответствующие органы иностранных государств и (или) иные организации о предоставлении информации либо пояснения по вопросам, изложенным в письменном возражении.

      При этом срок рассмотрения запроса продлевается на период времени с даты направления запроса до даты получения ответа, но не более чем на 30 (тридцать) календарных дней.

      По итогам рассмотрения запроса, Комитет направляет в Управление, осуществляющее налоговую проверку, ответ с изложением позиции Комитета по вопросам, изложенным в письменном возражении, с направлением копии ответа в Департамент, в подведомственность которого входит Управление, осуществляющее налоговую проверку.

      Выводы, изложенные в позиции Комитета, подлежат применению при завершении налоговой проверки Управлением, осуществляющим налоговую проверку.

      16. Результатом рассмотрения письменного возражения налогоплательщика (налогового агента) к предварительному акту налоговой проверки Управлением, осуществляющим налоговую проверку, является завершение налоговой проверки в соответствии со статьей 170 Налогового кодекса, составленного с учетом принятого решения по письменному возражению, в том числе ответов Департамента либо Комитета, предусмотренных пунктами 13 и 15 настоящих Правил.

      Налоговая проверка завершается в порядке, установленном параграфом 2 главы 15 Налогового кодекса.

Глава 5. Порядок и сроки рассмотрения письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки Департаментом государственных доходов

      17. Письменное возражение рассматривается Департаментом, осуществляющим налоговую проверку, в пределах, указанных в нем вопросов в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента его регистрации.

      При этом срок рассмотрения письменного возражения продлевается, в случаях направления запроса:

      1) в Комитет в соответствии с пунктом 18 настоящих Правил – на период времени с даты направления такого запроса до даты получения ответа в сроки, установленные пунктом 19 настоящих Правил;

      2) налогоплательщику (налоговому агенту) и (или) в уполномоченные (государственные) органы Республики Казахстан, а также в соответствующие органы иностранных государств и (или) иные организации, в соответствии с пунктом 20 настоящих Правил, но не более чем на 30 (тридцать) календарных дней с даты направления запроса.

      О продлении срока рассмотрения письменного возражения сообщается налогоплательщику (налоговому агенту) в течение 2 (двух) рабочих дней со дня направления запроса.

      18. При несогласии с письменным возражением налогоплательщика (налогового агента) Департамент, осуществляющий налоговую проверку, в течение срока рассмотрения письменного возражения, предусмотренного подпунктом 1) пункта 17 настоящих Правил, направляет запрос в Комитет в отношении следующих налогоплательщиков:

      1) подлежащих налоговому мониторингу в соответствии с пунктом 2 статьи 143 Налогового кодекса, а также лиц, заключивших соглашение по горизонтальному мониторингу;

      2) подлежащих мониторингу крупных налогоплательщиков в соответствии с пунктом 3 статьи 144 Налогового кодекса;

      3) заключивших инвестиционные и (или) специальные инвестиционные контракты.

      К запросу прилагаются следующие документы:

      предварительный акт налоговой проверки;

      письменное возражение налогоплательщика (налогового агента);

      позиция Департамента, осуществляющего налоговую проверку с изложением оснований несогласия с доводами, изложенными в письменном возражении;

      расчеты, а также документы и сведения, полученные в ходе налоговой проверки, а также полученные в ходе рассмотрения письменного возражения, затрагивающие вопросы, изложенные в письменном возражении.

      19. Комитет рассматривает запрос Департамента, осуществляющего налоговую проверку, в течение 10 (десяти) рабочих дней, со дня его регистрации в Комитете, в пределах обстоятельств, на которое лицо, подавшее возражение, основывает свои требования и доказательств, подтверждающих данные обстоятельства, а также в пределах доказательств и обоснований, указанных в позиции Департамента, осуществляющего налоговую проверку, а также полученных в ходе рассмотрения письменного возражения.

      Комитет при рассмотрении запроса Департамента, направляет запросы налогоплательщику (налоговому агенту) и (или) в государственные органы Республики Казахстан, а также в соответствующие органы иностранных государств и (или) иные организации о предоставлении информации либо пояснения по вопросам, изложенным в письменном возражении.

      При этом срок рассмотрения запроса продлевается на период времени с даты направления запроса до даты получения ответа, но не более чем на 30 (тридцать) календарных дней.

      По итогам рассмотрения запроса, Комитет направляет в Департамент, осуществляющий налоговую проверку, ответ с изложением позиции Комитета по вопросам, изложенным в письменном возражении.

      Выводы, изложенные в позиции Комитета, подлежат применению при завершении налоговой проверки Департаментом, осуществляющим налоговую проверку.

      20. При рассмотрении письменных возражений налогоплательщика (налогового агента), не указанных в пункте 17 настоящих Правил, Департамент, осуществляющий налоговую проверку, направляет в течение срока рассмотрения письменного возражения налогоплательщику (налоговому агенту) и (или) в государственные органы Республики Казахстан, а также в соответствующие органы иностранных государств и (или) иные организации запросы о предоставлении информации либо пояснения по вопросам, изложенным в письменном возражении.

      21. Результатом рассмотрения письменного возражения налогоплательщика (налогового агента) к предварительному акту налоговой проверки Департаментом, осуществляющим налоговую проверку, является завершение налоговой проверки в соответствии со статьей 170 Налогового кодекса, составленного с учетом принятого решения по письменному возражению, в том числе ответа Комитета, предусмотренного пунктом 19 настоящих Правил.

      Налоговая проверка завершается в порядке, установленном параграфом 2 главы 15 Налогового кодекса.

  Приложение 2 к приказу
Министр финансов
Республики Казахстан
от 24 октября 2025 года № 627

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан

      1. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 20 "Об утверждении Правил и сроков вручения налогоплательщику предварительного акта налоговой проверки, предоставления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, рассмотрения такого возражения, а также категории налогоплательщиков, в отношении которых применяются нормы по предварительному акту налоговой проверки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16295).

      2. Приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 1 августа 2018 года № 726 "О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 20 "Об утверждении Правил и сроков вручения налогоплательщику предварительного акта налоговой проверки, предоставления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, рассмотрения такого возражения, а также категории налогоплательщиков, в отношении которых применяются нормы по предварительному акту налоговой проверки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17351).

      3. Пункт 1 Перечня некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 16 сентября 2019 года № 1002 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19402).

      4. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 мая 2021 года № 445 "О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 января 2018 года № 20 "Об утверждении Правил и сроков вручения налогоплательщику предварительного акта налоговой проверки, предоставления письменного возражения к предварительному акту налоговой проверки, рассмотрения такого возражения, а также категории налогоплательщиков, в отношении которых применяются нормы по предварительному акту налоговой проверки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22741).