Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 қазанда № 37029 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 147-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 99 бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі (бұдан әрi – Әдiстеме) оларды есептеу тетiгiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 147-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – жасалған "толық бітіріп берілетін" құрылыс шарттары бойынша белгілі бір күнге тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған қаржылық міндеттемелердің бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша тапсырыс берушінің және өнім берушінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

      2) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиттері – "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша өтелмеген мемлекеттік міндеттемелердің жыл сайынғы төлемдерін ескере отырып, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау бойынша лимиттер белгіленетін тиісті қаржы жылына арналған мән.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін айқындау

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.

      4. Тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимитiн республикалық бюджеттiң кiрiсiн ескере отырып, бюджет саясаты жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қалыптастырады және жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның шеңберiнде бекiтуге енгiзiлетiн шектi шектеу болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Lgo = Binc * 0,10, мұндағы:

      Binc – республикалық бюджеттің кірістері;

      Lgo – тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау және мемлекеттік міндеттемелердің қабылданған және өтелмеген лимиті сомасынан тұрады.

      Тиісті қаржы жылына "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Lfree = Lgo - Lact, мұндағы:

      Lfree – тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті;

      Lact – тиiстi қаржы жылының басына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттiк мiндеттемелерi.

      6. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимитiн нақтылау тиiстi қаржы жылының iшiнде республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде жүргiзiледi.

3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін айқындау

      7. Жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін қабылдау тиісті жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің белгіленген лимитімен шектеледі.

      8. Жергiлiктi атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимитi облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң кiрiсiн ескере отырып, бюджеттік саясат жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады және жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның шеңберiнде бекiтуге енгiзiлетiн шектi шектеу болып табылады.

      9. Жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті салықтық және салықтық емес түсімдердің және жалпы сипаттағы трансферттерді есепке ала отырып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің кірістерін негізге ала отырып қалыптастырылады.

      10. Жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі:

      Lgom = Bincm * k, мұндағы:

      Lgom – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті, ол жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мен мемлекеттік міндеттемелердің қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұрады;

      Bincm – жалпы сипаттағы трансферттер ескерілген жергілікті атқарушы органның меншікті кірістерінің көлемі;

      k – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:

      облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,10;

      республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,20.

      Тиісті қаржы жылына арналған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі:

      Lfreem = lgom-lactm, мұндағы:

      Lfreem – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті;

      Lactm – тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері .

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері туралы ақпарат береді.

      Жергілікті атқарушы органның "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін қабылдау лимитінің төмендеуіне әкеп соғатын болжамды кірістері төмендеген жағдайда, егер осы лимит шеңберінде барлық сомаға міндеттемелер қабылданған жағдайда өткен жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.

      11. Жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша міндеттемелерін өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстарының көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс.

      12. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде облыс бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде жүргізіледі.

Об утверждении Методики определения лимитов государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов

ПриказЗаместителя Премьер-Министра - Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 октября 2025 года № 99. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 октября 2025 года № 37029

      В соответствии с пунктом 2 статьи 147-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику определения лимитов государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов.

      2. Департаменту развития отраслей экономики и мониторинга инвестиционных проектов Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
– Министр национальной экономики
Республики Казахстан
С. Жумангарин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждена приказом
Заместитель Премьер-Министра
– Министр национальной экономики
Республики Казахстан
от 1 октября 2025 года № 99

Методика определения лимитов государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика определения лимитов государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 2 статьи 147-1 Бюджетного кодекса Республики Казахстан в целях определения механизма их расчета.

      2. В настоящей Методике используются следующие основные понятия:

      1) государственные обязательства по проектам строительства "под ключ" – совокупность прав и обязанностей заказчика и поставщика по сумме, выделяемой из бюджета, на определенную дату принятых и не исполненных заказчиком финансовых обязательств по заключенным договорам строительства "под ключ", которое одобрено Республиканской бюджетной комиссией или бюджетной комиссией местного исполнительного органа;

      2) лимиты государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" – значение на соответствующий финансовый год, которым устанавливаются лимиты по принятию государственных обязательств по проектам строительства "под ключ", с учетом ежегодных выплат непогашенных государственных обязательств по проектам строительства "под ключ".

Глава 2. Определение лимита государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан

      3. Принятие Правительством Республики Казахстан государственных обязательств по проектам строительства "под ключ", ограничивается лимитом, установленным законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      4. Лимит государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан на соответствующий финансовый год формируется центральным уполномоченным органом по бюджетной политике с учетом дохода республиканского бюджета и является предельным ограничением, ежегодно вносимым на утверждение в рамках закона о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      5. Лимит государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан устанавливается по следующей формуле:

      Lgo = Binc * 0,10, где:

      Lgo – лимит государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан на соответствующий финансовый год, состоящий из суммы лимита принятия и принятых и непогашенных государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан;

      Binc – доходы республиканского бюджета;

      Лимит принятия государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" на соответствующий финансовый год производится по следующей формуле:

      Lfree = Lgo - Lact, где:

      Lfree – лимит принятия государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан на соответствующий финансовый год;

      Lact – принятые и непогашенные государственные обязательства по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан на начало соответствующего финансового года.

      6. В случае необходимости, уточнение лимита государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" Правительства Республики Казахстан производится при уточнении республиканского бюджета в течение соответствующего финансового года.

Глава 3. Определение лимита государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местных исполнительных органов

      7. Принятие местным исполнительным органом государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" ограничивается установленным лимитом государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" соответствующего местного исполнительного органа.

      8. Лимит государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местных исполнительных органов формируется уполномоченным органом по бюджетной политике с учетом дохода бюджета области, бюджетов города республиканского значения, столицы и является предельным ограничением, ежегодно вносимым на утверждение в рамках закона о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      9. Лимит государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местных исполнительных органов формируется исходя из доходов бюджета местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы, соответствующих объему налоговых и неналоговых поступлений и поступлений от продажи основного капитала с учетом трансфертов общего характера.

      10. Лимит государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местных исполнительных органов устанавливается согласно следующему расчету:

      Lgom = Bincm * k, где:

      Lgom – лимит государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местного исполнительного органа на соответствующий финансовый год, состоящий из суммы лимита принятия и принятых и непогашенных государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местного исполнительного органа;

      Bincm – объем собственных доходов местного исполнительного органа c учетом трансфертов общего характера;

      k – поправочный коэффициент для местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, в том числе:

      k = 0,10 для местных исполнительных органов областей;

      k = 0,20 для местных исполнительных органов городов республиканского значения, столицы.

      Лимит принятия государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" на соответствующий финансовый год производится согласно следующему расчету:

      Lfreem = Lgom – Lactm, где:

      Lfreem – лимит принятия государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местного исполнительного органа на соответствующий финансовый год;

      Lactm – принятые и непогашенные государственные обязательства по проектам строительства "под ключ" местного исполнительного органа на начало соответствующего финансового года.

      Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета предоставляет информацию в центральный уполномоченный орган по бюджетной политике о принятых и непогашенных государственных обязательствах по проектам строительства "под ключ" местного исполнительного органа на начало соответствующего финансового года.

      В случае снижения прогнозных доходов местного исполнительного органа, которое ведет к снижению лимита принятия государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местного исполнительного органа, в случае если в рамках данного лимита приняты обязательства на всю сумму, применяется утвержденный лимит принятия предыдущего года.

      11. Объем расходов на погашение и обслуживание обязательств по проектам строительства "под ключ" местных исполнительных органов не должен превышать размера, равного десяти процентам от доходов местного бюджета на соответствующий финансовый год.

      12. В случае необходимости, уточнение лимита государственных обязательств по проектам строительства "под ключ" местных исполнительных органов производится при уточнении бюджета области, бюджетов города республиканского значения, столицы в течение соответствующего финансового года.