"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 шiлдедегi № 551 қаулысының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алғанын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарын ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алған, төтенше жағдай режимін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізудің қажеттілігін, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстарының тиісті негіздемелері мен есеп-қисаптарды айқындайтын материалдардың тізбесі бекітілсін.
2. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын негіздейтін материалдарды, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидаларын және тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 170 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 22543 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 416 бұйрығына 1-қосымша |
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алғанын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарын ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алғанын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Резервтерді бөлу және пайдалану қағидалары) 12-тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алғанын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарын ұсыну тәртібін айқындайды.
2-бөлім. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы өңірлік немесе жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайдың орын алғанын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарын ұсыну тәртібі
2. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы өңірлік немесе жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайдың орын алғанын, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде, тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – тиісті органдар) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы өңірлік немесе жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайдың орын алғанын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін, уәкілетті органдармен бекітілген Материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстарды, тиісті негіздемелер мен есеп-қисаптарды айқындайтын материалдарды, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алғанын және төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес ұсынады.
3. Уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және толық емес мәліметтер анықталған жағдайда, тиісті органдарға ескертулер жолдайды.
Тиісті органдар уәкілетті органның ескертулерін есепке ала отырып, материалдарды толықтырады және (немесе) ескертулермен келіспеген жағдайда, өз негіздемелерін ұсынады.
4. Осы Қағидаларда көзделген шарттар сақталған кезде, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен бірге қолдаухат жолдайды және мемлекеттік органдардың интернет-порталы арқылы тиісті қаулы жобасын ұсынады.
5. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және қажетті негіздемелер мен есеп-қисаптар болмаған жағдайда, интернет-портал арқылы қаулы жобасын келіспей, себептерін көрсете отырып кері қайтарады.
Осы Қағидаларда көзделген шарттар сақталған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы жобасын келіседі.
3-бөлім. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайдың және олардың салдарын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарын ұсыну тәртібі
6. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдары туындаған жағдайда, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар құралымдары мен тиісті саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органның аумақтық органы (бұдан әрі – ЖБ-дан қаржыландырылатын аумақтық орган және атқарушы орган) тиісті Тізбеге сәйкес органдар уәкілетті органның аумақтық органдарына әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының орын алғанын, оны оқшаулау мен жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізудің қажеттілігін, сондай-ақ материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстары бойынша тиісті негіздемелер мен есептеулерді айқындайтын материалдарды ұсынады.
7. Уәкілетті органның аумақтық органы екі жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және толық емес мәліметтер анықталған жағдайда, тиісті органдарға ЖБ-дан қаржыландырылатын аумақтық органдар және атқарушы органдар ескертулер жолдайды.
Тиісті органдар уәкілетті органның ескертулерін есепке ала отырып, ЖБ-дан қаржыландырылатын аумақтық органдар және атқарушы органдар материалдарды толықтырады және (немесе) ескертулермен келіспеген жағдайда, өз негіздемелерін ұсынады.
8. Осы Қағидаларда көзделген шарттар сақталған кезде, уәкілетті органның аумақтық органы үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының төтенше резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға негіздемелермен және есеп-қисаптармен бірге қолдаухат жолдайды және тиісті қаулы жобасын ұсынады.
9. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған материалдардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және қажетті негіздемелер мен есеп-қисаптар болмаған жағдайда, қолдаухатты жазбаша негіздемемен кері қайтарады.
10. Осы Қағидаларда көзделген шарттар сақталған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның төтенше резервінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы жобасын келіседі.
бұйрығына 2-қосымша |
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптары тізбесі
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін негіздейтін материалдарды, тиісті негіздемелер мен материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптары тізбесі:
1) әкімнің, (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) аудан (қала) әкімі немесе Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасы мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия мүшелері және әкімнің өкімімен құрылған мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен зардап шеккен халықты және объектілерді тексеру жүргізу туралы шешімі;
2) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік орган басшысының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін жекелеген аумақтарда енгізу жөніндегі жедел штабының шешімі;
3) комиссия мүшелерінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған (болған төтенше жағдай туралы негізгі деректер, төтенше жағдай аймағының аумағы, ғимараттар мен құрылысжайлардың бүліну және қирау дәрежесі мен сипаты, зардап шеккендер саны, залал көлемі, төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды көрсете отырып), төтенше жағдай туындаған аумақтар мен объектілерді тексеру актісі;
4) қалпына келтіру жұмыстарының құнын алдын ала есеп-қисабымен қоса алғанда, зардап шеккен тұрғын және әкімшілік ғимараттардың саны туралы мәліметтер;
5) өтініш берушінің қолдау хатында көрсетілген сомаға, комиссия мүшелері мен әкімнің (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (қала) әкімінің қаржы-экономикалық қызметінің басшысы қол қойылған шығыстардың жиынтық сметалық есеп-қисабын қоса бере отырып, төтенше жағдайларды жою жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарға арналған жобалау-сметалық құжаттама (бірінші кезектегі жұмыстардың түрлері бойынша сомаларды егжей-тегжейлі толық ашып жазумен және материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарымен).
Жобалау-сметалық құжаттамаға жоғалған тауар-материалдық құндылықтардың құны енгізілмейді;
6) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 60-бабының 2-тармағында көзделген іс-шаралар орындалған жағдайда, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін растайтын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес жасалған ақау ведомостері, сондай-ақ "Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығына сәйкес жасалған алдын ала шығыстар қоса беріледі;
7) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (ауылдық округ) әкімі немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (қала) әкімдігінің қаржы-экономикалық қызметінің басшысы қол қоятын жергілікті бюджетте бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізуге көзделген қаражаттың жоқтығы туралы ақпарат;
8) төтенше резервтен қаражатты қираған объектілерді салуға немесе күрделі жөндеуге бөлу қажет болған жағдайда, құжаттарда құрылыс жөніндегі уәкілетті органның еркін нысандағы оң қорытындысы ұсынылады;
9) зардап шеккен ғимараттар, құрылысжайлар, азаматтардың мүлкі мен егер болған жағдайда сақтандыру өтемақылары туралы мәліметтер;
10) төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жасалатын, әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтардың тізімі, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (қала) әкімі атына жолданады;
11) әлеуметтік көмекке үміткер, төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың алдын ала саны туралы мәліметтер;
12) болған төтенше жағдайдың ауқымын, келтірілген залалды және төтенше жағдайдың салдарын растайтын, басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен және мөрімен расталған мүдделі мемлекеттік органдардың еркін нысандағы қорытындысы;
13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу туралы негіздеме және материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстар бойынша есеп-қисаптар (жұмыс түрлері мен сұратылатын сомаларды көрсете отырып).
Ескертпе: Үкімет резервінен әлеуметтік көмекке, қираған объектілерді салуға немесе күрделі жөндеуге ақша бөлінген жағдайда, бастапқы кезеңде алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8), 10), 11), 12)-тармақта көзделген құжаттар ұсынылады.