БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 29 тамыздағы № 261 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32681 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма алтыншы абзацына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау мақсатында қолданылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
2-1) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;
3) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар:
протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы.";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
9-1. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді көрсеткені үшін машина-сағаттың құны негізінде кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:
КС = МС (ММ) * С (М), мұндағы:
МС - бір машина-сағаттың құны (теңге);
ММ - бір машина-минутының құны (теңге);
С – жұмсалған сағат саны;
М – жұмсалған минут саны.
1) Бір машина-сағаттың құны:
МС = ∑Ш _жалпы/ ∑С _ай, мұндағы:
МС - бір машина-сағаттың құны (теңге);
∑Ш_жалпы - айына 1 машинаға арналған жиынтық шығыстар (теңге);
∑С _ай - айына машина-сағаттарының жалпы саны.
Айына жиынтық шығыстар формула бойынша есептеледі:
∑Ш _жалпы = тікелей шығындар + жанама шығындар, мұндағы:
тікелей шығындар:
- қыметкерлердің жалақысы;
- еңбекақы төлеу қорына салынатын салықтар;
- автомобильдің амортизациясы;
- сақтандыру;
- жалға алу (бар болса), диспетчерлеу;
- абоненттік байланыс ақысы.
жанама шығындар:
- жанармай;
- техникалық қызмет көрсету;
- шығын материалдары;
- GPS жүйесінің шығындары.
Айына машина-сағаттардың жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:
∑С _ай = күніне сағат × айдағы күндер.
2) Бір машина-минутының құны:
ММ = МС/60 мин, мұндағы:
ММ - бір машина-минутының құны (теңге);
МС - бір машина-сағаттың құны (теңге).";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Әдістеменің 4-тарауында көзделген мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, келесі қаржы жылына арналған кепілдік берілген соманы айқындауды уәкілетті орган құратын комиссия ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген соманы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия айқындайды.".
2. "Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма үшінші абзацына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібін айқындайды.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;";
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) порталдағы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар;
7) уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, областық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өнім берушілерге портал арқылы сатылған ОТҚ-ның, арнаулы жүріп-тұру құралдарының (бұдан әрі – тауарлар), сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерінің, санаторийлік-курорттық емдеудің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын өтеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өнім берушіге тауарлар мен қызметтердің құнын өтеу:
1) жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері;
2) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері;
3) санаторийлік-курорттық емдеу;
4) арнаулы жүріп-тұру құралдары;
5) ОТҚ;
6) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырылады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті орган тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өнім берушіге өтеуді Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алушының өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтініші (бұдан әрі – өтініш) және порталда ұсынылған және өнім берушінің ЭЦҚ-мен расталған өнім берушінің растайтын мына құжаттары негізінде жүзеге асырады:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 562 бұйрық) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің ілесіп жүру парақтарын, ымдау тілі маманының ілесіп жүру парақтарын, санаторийлік-курорттық емделуден өткен тізімдерін, протездік-ортопедиялық құралдарға арналған ведомостарын, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген, бұдан әрі – № 859 бұйрық) бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша портал арқылы инватакси қызметтерін көрсетудің маршруттық парағын қоса бере отырып, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мыналарды:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін;
2) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жеке көмекшінің бірге еріп жүру парағын;
3) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32992 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсету парағын;
4) шот-фактураны ұсынады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеу уәкілетті орган Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерінің құнын өтеуге құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. ОТҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдарының өнім берушісі уәкілетті органға мынадай құжаттардың топтамасын:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ОТҚ-ны және арнаулы жүріп-тұру құралдарын өз бетінше алып кеткен жағдайда – тауарды босату фактісін растайтын қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжатты;
2) алушы кепілдік берілген сома мен ОТҚ және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлеген жағдайда – шот-фактураны, сондай-ақ чекті ұсынады.";
19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) протездік-ортопедиялық құралдарды жеке сипаттамалар бойынша дайындаған жағдайда "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдарға тапсырыс бланкісін;";
мынадай мазмұндағы 5-параграфпен толықтырылсын:
"5-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету құнын өтеу тәртібі
22. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
1) № 562 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;
2) № 859 бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршруттық парақ;
3) шот-фактура.
23. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге арналған құжаттарды өнім берушінің пысықтауына кері қайтарып алу және уәкілетті органның өнім берушіге пысықтауға қайтаруы:
өтеуге арналған өтінішке қол қойған алушыға осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттарда ұсынылған мәліметтердің дұрыс еместігі негіз болып табылады.
24. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі құжаттарды пысықтайды және ағымдағы айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қайта жібереді.
25. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу уәкілетті орган осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
25-1. Өнім берушіге төлем елді мекен шегінде нақты көрсетілген уақыт үшін есеппен жүзеге асырылады:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істейтіндерге бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына жиырма бес сағат;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
кресло-арбамен қозғалатын екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар болып табылатын білім алушыларға, білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына жиырма бес сағат;
3) № 859 бұйрықпен бекітілген Тізбеге сәйкес бағыттар бойынша мүгедектігі бар өзге адамдарға бір сапардың 30 (отыз) минут ең аз ұзақтығына сүйене отырып айына алты сағат.
Бұл ретте мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге көзделген сағат санын және бір сапардың ұзақтығын көбейтуге № 859 бұйрықтың 28-тармағына сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жол беріледі.
Ағымдағы айда пайдаланылмаған сағаттар келесі айға ауыстырылмайды.
Мүгедектігі бар адамдарды басқа санатқа ауыстыру ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскеннен немесе өтініш берілгеннен кейін келесі айдан бастап жүргізіледі.
Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету мынадай жағдайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады:
мүгедектік тобының өзгеруі;
тұрақты тіркеу орнын ауыстыру;
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға баруы;
мүгедектігі бар адамның қайтыс болуы.".
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма төртінші абзацына сәйкес әзірленді және Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу тәртібін айқындайды.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) инватакси – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған такси;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) порталдағы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Порталда мынадай:
1) сәйкестігі міндетті растауға жататын берілетін тауарларға сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;
2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын ОТҚ мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;
3) берілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдарға берілетін ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдары және көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынған;
4) салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
5) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;
7) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізілмеген;
8) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;
9) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айналысу үшін лицензия алу талап етілетін қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;
10) ымдау тілі маманы қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар;
11) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тұрған және автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін өнім берушілер тіркеледі.
3-тармақтың бірінші бөлігінің талаптары жеке көмекші көрсететін қызметтерге қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларының талаптары мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде өнім беруші растайтын құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, мәліметтерді дербес енгізеді.";
1) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркелгені туралы хабарлама;";
2) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркелгені туралы хабарлама;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) фотосуреттерін қоса бере отырып, өнім беруші объектісінің (лерінің) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі туралы (санаторийлік-курорттық емдеу, есту-протездік және протездік-ортопедиялық көмек, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер кезінде), мүгедектігі бар адамдарға сүйемеледеу қызметтерін ұсыну (болған жағдайда) туралы мәліметтер;";
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) жол жүру бағытын белгілеу, маршруттық парақтарды қалыптастыру және орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін қалыптастыру мүмкіндігімен таксиді мобильді қосымша арқылы шақыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін такси ақпараттық-диспетчерлік қызметінің операторымен қолданыстағы шарт;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарт;
13) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған кемінде он автомобиль көлік құралдарының болуы туралы мәліметтер;
14) мүгедектігі бар адамдарды кресло-арбамен тасымалдауға бейімделген әрбір он автомобиль көлік құралына растайтын құжаттары (мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде) қоса берілген кемінде бір инватаксидің болуы туралы мәліметтер;
15) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет көрсету барысында көмек көрсету мәселелері бойынша оқудан өткен, автомобиль көлік құралдарын басқару өтілі кемінде үш жыл жүргізушілермен тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтер;
16) ұялы байланысты қоса алғанда және өтінімдерді қабылдау үшін Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған мүгедектігі бар адамдардан тапсырыстарды қабылдауға арналған диспетчерлік қызметтің болуы туралы мәліметтер;
17) инватакси тасымалы жүзеге асырылатын, сондай-ақ инватакси қызметтерін көрсететін өнім берушінің автомобиль көлік құралдары бекітіліп берілетін елді мекенде диспетчерлік қызметтің орналасуы туралы мәліметтер.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Кодекстің 167-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын портал мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тіркеуге өтінішті, оның ішінде өнім беруші енгізген және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерді келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.";
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.";
14-тармақ мынадай алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"порталдағы мүгедектігі бар адмадарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер өнім берушілерінің тізілімі қалыптастырылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мүгедектігі бар адам өнім берушінің шарттық қатынастарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірмей порталда тиісті ақпаратты орналастырады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығарған жағдайларда порталда тіркеу осы Қағидалардың 1-параграфында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу өнім беруші ұсынған тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Өнім беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға тауарды (тауарларды) және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жіберуге арналған өтінішті (бұдан әрі – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жіберуге арналған өтініш) қалыптастырған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде осы Қағидалардың 3-тармағының 4) – 7), 9) және 11) тармақшаларының мәліметтері тексеріледі.";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген, бұдан әрі – № 859 бұйрық) Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында көзделген талаптарға және такси қызметін реттейтін мемлекеттік стандарттарға сәйкестігінің болуын қарайды.";
25-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің № 859 бұйрықта көзделген талаптарға және такси қызметін реттейтін мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмеуі.";
26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Комиссия жарты жылда кемінде бір рет Комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес порталда тіркелген өнім берушілердің, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің Сыныптауышқа, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің № 859 бұйрыққа сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.
27. "ЕРДО" АҚ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияның немесе хабарламаның болуы туралы өнім берушілерге қойылатын талаптар бөлігінде мониторинг жүргізуге қатысады.
28. "ЕРДО" АҚ портал мәселелері жөніндегі комиссияның өнім берішіні порталда тіркеуден шығару туралы хаттамасы негізінде жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін қоспағанда, Сыныптауышта және осы Қағидалардың 22-тармағының талаптарында баяндалған сипаттамаларға сәйкес келмейтін өнім берушілердің тауарларын және (немесе) көрсетілетін қызметтерін алып тастайды.".
Өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтініш
Мен, ___________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабына сәйкес, төменде көрсетілген өнім берушіге кепілдік берілген соманы:
өнім берушінің атауы ____________________________________________
өнім берушінің ЖСН/ БСН ________________________________________
БСК ___________________________________________________________
ЖСК /IBAN (банктік шот нөмірі) ___________________________________
банк атауы ______________________________________________________
өнім беруші уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес растайтын құжаттарды ұсынған кезде
№ _______________ тапсырыс
саны _________ ______________
(саны) (өлшем бірлігі) _______________________________________________
(тауардың, көрсетілетін қызметтің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен
тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің атауы)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 168-бабының 4-тармағына сәйкес:
1.___________________________ теңге (сома);
2. _____________________________ теңге (сома) кепілдік берілген соманы (керегін белгілеу) өтеуді сұраймын.
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде және кепілдік берілген соманы өтеу үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерді пайдалануға, инватакси қызметтерін ұсынуды бақылау мақсатында инватаксиде жүріп-тұру бағытын қадағалауға келісім беремін.
Мынадай шарттар сақталған жағдайда:
- мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірі бар ұялы телефонның (смартфонның) болуы;
- инватакси қызметтерін ұсыну үшін мобильді қосымшаны жүктеу;
- Интернет желісі арқылы мобильді қосымша арқылы таксиге тапсырыс беру;
- сапарды бағалаумен аяқтау бойынша инватакси қызметтерін ұсыну туралы хабардар етілді.
Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларымен таныстым.
Күні 20__ жылғы "__" ____
Алушының/заңды өкілдің ЭЦҚ
Ескерту:
Аббревиатураларды декодтау:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК - банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;
IBAN - банктік шот нөмірі.
Алушыға тауарды курьердің жеткізуі туралы деректер 20__ жылғы "___" _______ № _________ тапсырыс
Алушы туралы мәліметтер
Алушының ЖСН
_________________________________________
Алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)______________________________________
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында сатып алынған тауар туралы мәліметтер
Тауардың атау___________________________
Саны(дана)__________________________________
Тапсырыс сомасы _________ теңге
Кепілдік берілген сомасы _______ теңге
Қосымша ақы (сомасы) _____ теңге
Трек тапсырыс номері_____________________
Тауарды жеткізу туралы мәліметтер ____________________________
(жеткізу мәртебесі)
Жеткізу күні 20__ жылғы "___" _______
Жеткізу мекенжайы ____________________
Құнын өтеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме туралы деректер
(халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар)
БСН/ ЖСН __________________________
Байланыс телефоны +7 ____________________
Мемлекеттік ұйымның атауы_______________________________________
Мемлекеттік ұйымға қызмет көрсететін банктің атауы __________________________________
БСК ____________________________________
БеК _______________________________
Өнім беруші туралы мәліметтер
БИН/ ИИН ____________________________
Байланыс телефоны +7 ( __________________
Ұйымның атауы _________________________
Өнім берушінің БеК ______________________
Өнім берушінің БСК ______________________
Өнім берушінің ЖСY / IBAN ______________
Өнім берушінің ТМК ______________
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
БеК – бенефициардың коды немесе алушының коды;
IBAN – банк шотының нөмірі;
КНП – төлем мақсатының коды.
___________________________