БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына:
64-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы мынадай жалпы мәліметтерді:
жобаның атауын;
конкурсты ұйымдастырушының атауын;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің қысқаша сипаттамасын;
жобаны іске асыру орнын;
инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің қысқаша мазмұнын;
кезеңдерге бөлінген жобаны іске асыру мерзімін;
инвестициялардың болжамды сомасын қамтитын жобаның паспортын;";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүргізген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың бір немесе бірнеше шараларын, республикалық бюджеттен шығыстарға әкеп соғатын шығындарды өтеу және жекеше әріптестің кірістерін алу көздерін ұсынуды конкурстық құжаттамаға енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келіскен жағдайда, уәкілетті тұлға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлама жібереді.";
Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме):
19 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара әрекеттесуден болатын әсер жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жобасын іске асыру үшін t уақыт кезеңінде сатып алатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін қазақстандық жеткізушілерге түсетін түсімдердің сомасы ретінде есептеледі:
EEt қз = ∑Int тау + ∑Int жұм + ∑Int қыз, (4), мұндағы:
EEt қз – қазақстандық тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтерді өндірушілермен өзара іс-қимыл жасасудан болатын әсер;
Int тау – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін сатып алатын қазақстанда шығарылған тауарлар үшін жеткізушілерге түсетін түсімдер;
Int жұм – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін сатып алатын қазақстанда шығарылған жұмыстар үшін жеткізушілерге түсетін түсімдер;
Int қыз – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін сатып алатын қазақстанда шығарылған қызметтер үшін жеткізушілерге түсетін түсімдер.";
Әдістемеге 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық әсерлерінің болжалды тізбесі
Базалық әлеуметтік әсерлер | |
барлық салалардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | бюджеттен тыс қорларға ақша қаражатын ағымының ұлғаюынан болатын әсер |
жаңа жұмыс орындарын құрудан болатын әсер | |
Салалық әлеуметтік әсерлер | |
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | халықты медициналық-әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер |
көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтердің сапасын арттырудан болатын әсер | |
науқастардың жедел сауығуынан болатын әсер | |
өлім-жітім деңгейін төмендетуден болатын әсер | |
өмір сүру ұзақтығын арттырудан болатын әсер | |
медициналық немесе әлеуметтік қызметтерді алу мақсатында өңірге (елге) шетелдік туристер ағынын арттырудан болатын әсер | |
білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | халықты білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер |
білім сапасын арттырудан болатын әсер | |
Қазақстандық оқушылар алатын гранттар санын арттырудың әсері | |
халықтың әл-ауқатының деңгейін арттырудан болатын әсер | |
қылмыс деңгейін азайтудан болатын әсер | |
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | облысты (елді) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер |
халықтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне қанағаттану деңгейінен болатын әсер | |
абаттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | қалалық аумақтарды жасылдандырудан болатын әсер |
атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайтудан болатын әсер | |
мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | халықты спорт және мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер |
халықтың денсаулық жағдайын жақсартудан болатын әсер | |
халықтың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттырудан болатын әсер | |
өңірдің (елдің) туристік тартымдылығын арттырудан болатын әсер | |
қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | қауіпсіздік деңгейін арттырудан болатын әсер |
қылмыс деңгейін азайтудан болатын әсер | |
жол-көлік оқиғаларының ауырлығы мен зардаптарын азайтудан болатын әсер | |
цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | жаңа инновациялық технологияларды енгізуден болатын әсер |
өңірдің, елдің ғылыми әлеуетін дамытудан болатын әсер | |
процестерді автоматтандырудан, оның ішінде халыққа қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын арттырудан, сыбайлас жемқорлықты азайтудан және т.б. болатын әсер | |
көлік саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | халықты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер |
жолаушыларды тасымалдау уақытын қысқартудан болатын әсер | |
халықтың қоғамдық көлікпен қанағаттанушылық деңгейінен болатын әсер | |
автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қанағаттанушылық деңгейінен болатын әсер | |
жол төсеміне байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайтудан болатын әсер | |
туризм саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | өңірге (елге) шетелдік туристер ағынының ұлғаюынан болатын әсер |
ішкі туристік ағынның ұлғаюынан болатын әсер | |
өңір (ел) халқының өмір сүру жағдайын жақсартудан болатын әсер | |
жалданбалы қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартудың әсері | |
"гудвилл" әсері (іскерлік бедел) | |
өзге де әсерлер | |
Базалық экономикалық әсерлер | |
барлық салалардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | мемлекеттік бюджетке ақша түсімдерінің ұлғаюынан болатын әсер |
Қазақстанда шығарылған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасасудан болатын әсер | |
қазақстандық қаржы институттарымен өзара іс-қимылдан болатын әсер | |
тікелей шетелдік инвестициялардан болатын әсер | |
Салалық экономикалық әсерлер | |
Әртүрлі салалардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін | бюджет қаражатын үнемдеуден болатын әсер |
өңір (ел) халқының қаражатын үнемдеуден болатын әсер | |
салаға қосымша инвестиция тартудан болатын әсер | |
өңір (ел) халқының табысын арттырудан болатын әсер | |
экспорттың ұлғаюынан болатын әсер | |
жаңа инновациялық технологияларды енгізуден болатын әсер | |
импортты алмастырудан болатын әсер | |
өзге де әсерлер |
Экономикалық таза келтірілген құн (Economic net present value – ENPV), экономикалық ішкі кірістілік нормасының (Экономикалық ішкі кірістілік нормасы – EIRR) көрсеткіштерін есептеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық моделі (таза қоғамдық пайда көрсеткіштері)
Ескертпе: 13. Экономикалық таза келтірілген құн (ENPV) және экономикалық ішкі кірістілік нормасын (EIRR) есептеу үшін осы Әдістеменің 23-тармағына сәйкес дисконттау мөлшерлемесі қолданылады.