Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы | А. Бораш |
| Бейнеу аудандық мәслихатының | |
| 2023 жылғы 26 маусымдағы | |
| № 4/45 шешіміне қосымша |
Бейнеу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №21/172 "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3556 болып тіркелген).
2. Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 ақпандағы №16/154 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №21/172 "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімі өзгерістер енгізу туралы" шешімі.
3. Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы №3/25 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №21/172 "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.
