Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
Т. Ешенкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 Бұйрығына қосымша |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібін айқындайды.
2. Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады
3. Осы Қағидалар мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке тұлға;
2) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;
4) ғылыми ұйым – қызметінің негізгі түрі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу болып табылатын заңды тұлға;
5) конкурстық комиссияның жұмыс орган (бұдан әрі – жұмыс орган) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді, конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
6) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Көтермелеу мақсатында ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынады:
1) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
2) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қоса алғанда қырық жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.
5. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруді уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 09.08.2024 № 401 (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Ғылым саласындағы сыйлықтар (бұдан әрі – сыйлықтар) мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурстық негізде беріледі.
7. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруге арналған конкурстарға осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
8. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру тәртібі
9. Сыйлықақыларды алу жұмыстарын меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) консультативтік – кеңесші органдары ұсынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Сыйлыққа ұсынылатын жұмыстар жұмыс орындалған ұйымда қабылданады.
Жұмыс бірнеше ұйымдарда орындалған жағдайда, жұмысты ұсыну туралы шешім оның ең үлкен бөлігі орындалған ұйымда қабылданады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Сыйлық алуға жеке авторлар, сондай-ақ саны бес адамнан аспайтын авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылады. Әр автор және авторлар ұжымы конкурсқа бiр жұмыс ұсынады.
12. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетiн сыйлықтарға ие болған жұмыстар осы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Сыйлыққа жұмыс екi реттен артық ұсынылмайды.
Осы сыйлықтар лауреатының жаңа жетiстiктерi болған жағдайда, сыйлықтар оған соңғы тағайындалғаннан кейiн бес жыл өткен соң қайталанып берiледі.
Ұжымдық жұмыстардың авторларына сыйлықтың ақшалай бөлiгi тең үлеспен төленедi.
13. Сыйлықтарды алуға жарияланған жұмыстар, оның ішінде нөлдік емес импакт факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған, конкурсты жариялау алдындағы жылды қоса алғанда, соңғы бес жыл ішінде орындалған, тиісті шешімді қабылдай отырып, ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарында жан-жақты талқылаудан өткен жұмыстар ұсынылады.
14. Жас ғалымдарға арналған сыйлықтарды алуға арналған конкурсқа қоса алғанда қырық жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.
Жас ғалымдардың жұмыстары конкурс жарияланғанға дейiнгi жылды қоса алғанда соңғы үш жыл ішінде орындалған болуы керек.
15. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Сыйлықтарды алу конкурсына ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне) ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) орналастырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Конкурстық құжаттарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі бойынша шешімдер дайындау үшін уәкілетті органның (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және министрліктер, ведомстволар және басқада мемлекеттік органдардың өкілдерінен, республиканың әртүрлі ғылым салаларының жетекші ғалымдары мен мамандары құрамынан құрылады.
Егер осы сыйлықтарды алуға конкурстық комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда, олар комиссияның жұмысына қатыспайды.
19. Конкурстық комиссия тақ саннан, бірақ конкурстық комиссияның кемінде 11 мүшесінен тұрады.
Конкурстық комиссияның отырыстары оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
20. Сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн конкурстық комиссия мүшелерінен секциялар құрылады. Секциялар кандидаттардың жұмыстарын уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар бойынша бағалайды.
21. Конкурстық комиссия секциялардың қорытындылары негізінде оларды алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне) сыйлықақылар беру жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Уәкілетті орган (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі) конкурстық комиссия шешімінің негізінде сыйлықтарды беру туралы шешім қабылдайды.
23. Сыйлықтарды беру жөніндегі конкурстардың нәтижелері уәкілетті органның және жұмыс органының (аграрлық ғылымдар саласындағы сыйлықтар бойынша – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің) интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Сыйлықақы беру туралы дипломдарды лауреаттарға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі (аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылар бойынша - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі) тапсырады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Қайтыс болғаннан кейін наградталған сыйлықақы лауреатына сыйлықақы беру туралы диплом мұрагерлеріне беріледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру тәртібі
26. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға кандидаттарды ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдары ұсынады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы шешiм стипендия алу үшiн ұсынылатын үміткер жұмыс істейтін ұйымда белгiленген тәртiппен қабылданады.
28. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болған ғалымдар осы стипендияларды алуға алдыңғы тағайындалған жылдан кейін кемінде үш жыл өткен соң қайта жіберілуі мүмкін.
29. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар бір жылға дейінгі мерзімге ғылым саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады.
30. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа ұсынылған материалдар конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жұмыс органына ұсынылады. Онда конкурстық құжаттар тiркеледi және құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға қарауға берiледi.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен құжаттар конкурсқа жіберілмейді.
33. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтаруға жатпайды.
34. Конкурс материалдарын қарау және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау мәселесі жөніндегі шешімдерді дайындау үшін уәкілетті органның бұйрығымен конкурстық комиссия құрылады.
Конкурстық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның басшы қызметкерлерінен, республикадағы ғылымның әртүрлі салаларының жетекші ғалымдары мен мамандарынан құрылады.
Осы стипендияларды алуға конкурстық комиссия мүшелерін ұсынған кезде соңғылары комиссия жұмысына қатыспайды.
35. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру үшін үміткерлерді іріктеу шарттарын уәкілетті орган әзірлеп бекітеді.
36. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған кандидаттардың жұмыстарын алдын ала қарау үшін конкурстық комиссия мүшелерінен сараптау топтары құрылады.
37. Конкурстық комиссия сараптау топтардың қорытындылары негізінде оларды алғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Уәкілетті орган конкурстық комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру туралы шешім қабылдайды.
39. Мемлекеттік ғылыми стипендия республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасы Президентінің өмір бойғы стипендиясын алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигіне тағайындалмайды.
40. Конкурстан өткен стипендиаттардың тізімі уәкілетті органның және жұмыс органының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2024 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы сертификаттарды уәкілетті орган береді.
| Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Ғылым саласындағы сыйлық алуға үміткердің сауалнамасы
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.