Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Абжиков |
| Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 қазандағы № 7С-33/3-22 шешіміне қосымша |
Ерейментау аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы" Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 5С-23/6-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4084 болып тіркелген) шешімі.
2. "Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5657 болып тіркелген) шешімі.
3. "Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 07 наурыздағы № 5С-23/6-14 "Ерейментау қаласы жерлерінің аумағындағы жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/3-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6387 болып тіркелген) шешімі.
4. "Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 "Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/4-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген) шешімі.
5. "Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 "Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 6С-50/12-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7937 болып тіркелген) шешімі.
