ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 335-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингілеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және аккредиттеу субъектілері қызметіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) аккредиттеу жөніндегі орган – аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
2) аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингілеу (бұдан әрі – мониторингілеу) – аккредиттеу субъектілерінің қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты Заңға сәйкес аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
3) уәкілетті орган – техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
3. Мониторингілеу аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектілері көрсеткен жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және аккредиттеу саласындағы процестердің нәтижелерін аккредиттеу жөніндегі органның бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
4. Мониторингілеу сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі субъектілердің заңсыз қызметінің алдын алу, оған жол бермеу және жолын кесу мақсатында жүргізіледі.
2-тарау. Аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу тәртібі
5. Мониторингілеу аккредиттеу субъектілерінің келесі өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі:
1) заңды тұлға не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі мәртебесінің болуы;
2) мәлімделген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналдың болуы;
3) сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жайдың, жабдықтың және материалдық ресурстардың болуы;
4) аккредиттеу схемасын ескере отырып, сәйкестігіне өздері аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі;
5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды толық көлемде және аккредиттеу саласында бекітілген шекте жүргізуі.
Осы Қағидалардағы нормативтік құжаттар деп стандарттау жөніндегі құжаттар түсініледі.
6. Мониторингілеу жүргізу үшін аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісіне, аккредиттеу өлшемшарттарының сақталуы туралы құжаттар мен ақпарат (бұдан әрі – құжаттар) беру туралы сұрау салу жібереді.
7. Аккредиттеу субъектісі сұрау салуды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды аккредиттеу жөніндегі органға ұсынады.
Аккредиттеу субъектісінің өтініші негізінде аккредиттеу жөніндегі органға құжаттарды ұсыну мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 23.07.2025 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Аккредиттеу жөніндегі орган ұсынылған құжаттарға талдау жүргізеді және талдау нәтижелері бойынша мониторинг қорытындысын жасайды және онда келесі көрсетіледі:
1) жасалған күні;
2) мониторинг жүргізген (жүргізген) адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
3) аккредиттеу субъектісінің атауы;
4) мониторинг жүргізу кезеңі;
5) аккредиттеу субъектісі қызметінің мониторингке жататын кезеңі.
6) мониторинг нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер;
7) мониторинг жүргізген (жүргізген) адамның (адамдардың) қолы қойылады.
Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісін мониторинг нәтижелері туралы құжаттар ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 23.07.2025 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Аккредиттеу субъектісінің құжаттарында техникалық қателер (қате жазулар, қате басылымдар, грамматикалық қателер) анықталған және (немесе) нормативтік құқықтық актілерде және нормативтік құжаттарда көзделмеген, өнімнің және онымен байланысты процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне және (немесе) аккредиттеу субъектісі қызметі нәтижелерінің бақылануына әсер етпейтін мәліметтер көрсетілген жағдайларда мониторинг жүргізілмейді.
10. Құжаттарды талдау нәтижелерімен келіспеген жағдайда аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға нәтижелерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шағым береді.
11. Мониторингілеу мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
12. Аккредиттеу жөніндегі орган өзінің ресми сайтында тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей мониторинг нәтижелері туралы есепті жариялайды және онда келесі көрсетіледі:
1) аккредиттеу субъектілерінің саны туралы статистикалық деректер бойынша мониторинг жүргізілді, мониторинг нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған және анықталмагандар;
2) мониторинг жүргізілген аккредиттеу субъектілерінің атаулары, аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкес остігі туралы ақпарат;
3) сәйкессіздіктер анықталған аккредиттеу субъектілеріне қатысты қабылданған шаралар туралы ақпарат.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 23.07.2025 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Егер аккредиттеу өлшемшарттарына анықталған сәйкессіздіктерде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган, осындай сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап есептелетін, үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті шаралар қабылдау үшін қорытындыны және жиналған материалдарды жібереді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 23.07.2025 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.