Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1126 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 808 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12657 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңорынбасары – Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі ‒ Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
3) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық шаруашылығы субъектілері беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;
6) өрескел бұзушылықтар – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлік фактісінің болуы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;
7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (ары қарай – объективті өлшемшарттары) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) таңдау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
12) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
13) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
14) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2-тарау. Объективті өлшемшарттар
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.4. Объективті критерийлер бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел тобына бөлінген:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне - аңшылық шаруашылығын жүргізумен, айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне - әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастырумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);
3) тәуекелдің төмен дәрежесіне - жануарлар дүниесі объектілерін қоршау және жартылай еркін ұстаумен, өсірумен, бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері), сондай-ақ азаматтарды аңшылық минимумға оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бағы, биологиялық орталықтар.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.5. Тәуекел айқындалғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.
Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілерінің) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.6. Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
7. Субъективті өлшемшарттар мынадай көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:
1) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) алдыңғы тексерулер мен оларға бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
2) бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы. Қолайсыз оқиғаларға жануарлар дүниесі объектілерінің жаппай қырылуы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы жатады;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным);
6) мемлекеттік органдармен ұсынылатын меліметтерді талдау нәтижесінің қорытындысы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.8. Талаптарды бұзу дәрежесі осы өлшемшарттардың 1-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі айқындалады.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті критерийлер көрсеткіштерінің маңыздылығы осы өлшемшарттардың 4-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.10. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.11. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Бақылау және қадағалау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша (SC) айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
Алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.12. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРе = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап ететін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
13. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРе + SРб,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде бұрын ескерілген және нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылған субъективті өлшемшарт деректері қолданылмайды.
14-1. Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
Ескерту. 3-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.15. Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.16. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері олардың басымдығы ескеріле отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткішімен жасалады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.17. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына екі реттен жиі болмауға тиіс.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.4-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары
Ескерту. Өлшемшарттар 4-тараумен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
18. Осы өлшемшарттар шеңберінде қолданылатын жедел ден қою шараларына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру жатады.
19. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруға тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу талаптарын бұзу негіз болып табылады, тоқтата тұру мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күн.
| Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
№ | Өлшемшарттар атауы | Бұзушылық дәрежесі |
1 | Орнатылған аншлагтардың болуы | Елеулі |
2 | Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу | Өрескел |
3 | Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактісінің болмауы | Өрескел |
4 | Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алу мәліметтерінде толық және дұрыс ақпарат | Елеулі |
5 | Браконьерлікпен күрес туралы мәліметтерде толық және дұрыс ақпарат | Елеулі |
6 | Жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы, қызметі салдарынан жануарлар дүниесіне зиян келтіру, экологиялық жағдайдың нашарлауы және аңшылық алқаптарда биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болмауы | Өрескел |
7 | Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындау | Өрескел |
8 | Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 382-бабы) | Елеулі |
9 | Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 385-бабы) | Елеулі |
10 | Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемденуді, өткізуді, алып өтуді, әкелуді, әкетуді, сақтауды (ұстауды) болдырмау (ӘҚБтК 389-бабы) | Елеулі |
11 | Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 390-бабы) | Елеулі |
| Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша |
Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
| Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымша |
Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
| Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 4-қосымша |
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі
Ескерту. Өлшемшарттар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
№ | Субъективті критерий көрсеткіші | Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі |
Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), | Шарттар / мәндер, xi | ||
1-шарты / мәні | 2-шарты / мәні | 3-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | ||||||
1 | Есептілікті уақтылы және (немесе) сапасыз ұсыну | Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 40 | 0 | 1 | 2 |
0 | 100 | - | ||||
2 | ҚР ӘҚБтК-нің 382, 385, 389, 390-баптары (2-бөлім) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің саны | Бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы. | 60 | 0 | 1-5 | 6+ |
0 | 50 | 100 | ||||
3 | Бақылау нәтижелері бойынша келусіз анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың белгіленген мерзімде орындалмағаны туралы мәліметтердің болуы |
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар | Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу | 0 | 1 | - |
0 | 100 | - | ||||
| Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 5-қосымша |
Балық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі
Ескерту. Өлшемшарттар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен; алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тексеру/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылау тағайындаған мемлекеттік орган _______________________
__________________________________________________________________________
Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт _______________________________
_________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы ________________________
__________________________________________________________________________
(бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке
сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Орналасқан мекенжайы ____________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Орнатылған аншлагтардың болуы | ||
2 | Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу | ||
3 | Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактісінің болуы |
Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________ _______
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)
Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 02.10.2025 № 265 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2025 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

