Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 103 "Тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-96 тіркелген, 2009 жылы 18 ақпандағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауында, мәтінінде және 1 қосымшасындағы "ставкасын", "ставкасы", "ставкалары", "№ 1 қосымшаға", "1 қосымша" сөздері "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі", "мөлшерлемелері", "қосымшаға" және "қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |
