Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республкасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 27.12.2022 № 132/627 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.1. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ереже бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ. Тұрғанқұлов |
Хатшы |
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 40/137 қаулысымен бекітілген |
Депутаттарға жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30.06.2026 № 23/37 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Депутаттарға жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына байланысты, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыру мәселелері жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 55-бабы 5-тармағын, "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 54-бабы 4-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 47-бабы 3-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 23) тармақшасын іске асыру мақсатында бекітілді.
2. Ереже Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Орталық сайлау комиссиясы) депутаттарға Конституцияның 55-бабы 1-тармағының талаптарын бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануды, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауын, депутаттардың өкілеттігін тоқтатуды, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруды Қазақстан Республикасы Құрылтайының (бұдан әрі – Құрылтай) қарауына дайындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыруын регламенттейді.
2-тарау. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға байланысты мәселелерді қарау
3. Депутаттардың Құрылтайдың, оның үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстарына келуiн, сондай-ақ депутаттың өз даусын басқа бiреуге беруiне жол бермеуiн бақылау Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен жүзеге асырылады:
1) Орталық сайлау комиссиясы мүшесiнің Құрылтай, оның үйлестіру және жұмыс органдары отырыстарына бару барысында Конституциялық заңның 10-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, жүзеге асыратынын тексеруі;
2) Құрылтай отырыстарына қатысып отырған депутаттарды тіркеу туралы ақпаратты сұрату;
3) Құрылтай органдары отырыстарының жұмысына депутаттардың қатысуы туралы хаттамалардың көшірмелерін сұрату;
4) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) депутаттарға уақытша еңбекке қабілетсіздік парақтарын бергені, депутаттардың демалыста немесе іссапарда болғаны туралы мәліметтерді сұрату нысанында жүзеге асырылады.
4. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері депутаттардың Парламент, оның Палаталары мен олардың органдарының отырыстарына келуі туралы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасына ақпарат беріп отырады.
5. Депутаттың Құрылтай, оның үйлестіру және жұмыс органдары отырыстарына бір сессия ішінде дәлелдi себептерсiз үш реттен артық, Парламент Палаталары мен олардың органдарының бірлескен отырыстарына бір айдан аса қатыспауы, дауыс беру құқығын басқаға беруi аталған мәселелерді Орталық сайлау комиссиясының отырысында қарау үшін негіздер болып табылады.
6. Аталған бұзушылықтар расталған жағдайда, қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Құрылтай Бюросына жіберілетін, депутатқа Конституциялық заңның 54-бабында белгіленген жазалау шараларын қолдану туралы ұсыным дайындалады.
3-тарау. Депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді сақтау туралы мәселелерді қарау
7. Құрылтай депутатының басқа өкілді органның депутаты болуына шектеулердің сақталуын бақылауды Орталық сайлау комиссиясының мүшесі "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі деректерді тексеру жолымен жүзеге асырады.
8. Құрылтай депутатының оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаратыны, оның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратыны, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамында екені туралы ақпарат келіп түскен кезде Орталық сайлау комиссиясы қаралатын мәселемен тікелей байланысты тұлғаларды шақыра отырып, Орталық сайлау комиссиясының отырысында қаралатын, мәселеге қатысты құжаттар мен өзге ақпаратты талап ете отырып, мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға жүгінеді.
9. Конституцияның 55-бабы 2-тармағында белгіленген шектеулерді Құрылтай депутатының сақтамау фактілері расталған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайға қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде депутаттың өкілеттігін тоқтату туралы ұсыным енгізеді.
4-тарау. Парламент депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін сақтауына байланысты мәселелерді қарау
10. Құрылтайдың жазбаша өтініші Қазақстан Республикасы Құрылтай Регламентімен белгіленген депутаттық әдеп ережелерiн Құрылтай депутаттарының бұзғаны туралы мәселелерді Орталық сайлау комиссиясының қарауына дайындау негіздемесі болып табылады.
11. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін бұзуына себепші болған нақты жағдаяттарды тексереді.
Тексеру кезінде Құрылтай отырыстарының стенограммалары, оның үйлестіру және жұмыс органдарының хаттамалары, уәкілетті органдардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және өзге материалдар пайдаланылуы мүмкін.
12. Тексеру Құрытайдан жазбаша өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
13. Құрылтай депутаттарының депутаттық әдеп ережелерін сақтауымен байланысты мәселелер Орталық сайлау комиссиясының отырысында қаралады.
14. Құрылтай депутатының депутаттық әдеп ережелерін бұзған фактілері расталған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы ұсыным дайындайды және оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны Құрылтай Төрағасының қарауына енгізеді.
15. Аталған фактілер расталмаған жағдайда, қорытынды дайындалады және оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Құрылтайдың қарауына енгізіледі.
5-тарау. Депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа қолсұғылмаушылықтан айыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына кандидаттарды қолсұғылмаушылықтан айыруға байланысты мәселелерін қарау
16. Құрылтай депутаты отставкаға кеткен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған, депутатты саяси партияның басшы органының шешімімен кері шақырып алануы, ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен, оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Конституциялық заңмен көзделген басқа да жағдайларда, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутатының өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздердің туындау фактісі көрсетілген қаулы қабылдайды және Құрылтайға, Құрылтай депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізу туралы шешім қабылдайды.
17. Құрылтай депутатының саяси партиядан шыққаны немесе шығарылғаны, ол партиялық тізім негізінде сайланған саяси партия қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен кезде Орталық сайлау комиссиясы тиісті адамның Құрылтай депутатының өкілеттігінен айрылу фактісі көрсетілген қаулы қабылдайды.
18. Қаулының көшірмесі ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Құрылтайға жіберіледі.
19. Құрылтайдың жіберген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге немесе сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу туралы ұсынымы ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
20. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынымын қарау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылады, ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Құрылтайға жіберіледі.
21. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге немесе сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу туралы ұсынымы Орталық сайлау комиссиясымен ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
22. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынымын қарау нәтижелері бойынша Орталық сайлау комиссиясы қорытынды шығарады, ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.