Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қазақ тіліндегі кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы" 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 3; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 5; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен):

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы" 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 1, 2, 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк берген жәбiрленушінің жеке басына, оның саяси, еңбек, тұрғын үй және басқа жеке және мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiне қоғамға қауiптi қолсұғушылықтарды қарау жөніндегі қызметiнде жәбiрленушiлердiң құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету деңгейiн төмендететiн елеулі кемшiлiктер бар екенiне соттардың назар аудару қажет.

      2. Соттар жәбірленушілердің өздеріне жүктелген шақыру бойынша келу және шынайы айғақтар беру жөніндегі міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуі, олардың құқықтарын қатаң және дәйектілікпен сақтау iс бойынша ақиқатты анықтап, заңды, негізді және әдiл шешiм қабылдауға ықпал ететінін ескеруi қажет.

      3. Қоғамға қауiптi iс-әрекеттен моральдық, тәндік немесе мүлiктік зиянды тiкелей шеккен адам бұл іс-әрекетті жасаған адамның анықталған-анықталмағанына, жауаптылыққа тартылған-тартылмағанына қарамастан жәбiрленушi болып танылады. Аяқталмаған қылмыстық әрекет туралы iстер бойынша (қылмыстық құқық бұзушылыққа дайындалу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға оқталу) адамға моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян нақты келтiрiлген кезде ол жәбiрленушi деп танылады.

      Егер моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян адамның зиянды келтiруге өзiнiң ерiктi келісімiнiң (мысалы, криминалдық абортпен байланысты, пара беру кезінде және басқалары) салдарынан пайда болса, оны жәбiрленушi деп тануға болмайды.

      Қылмыстық құқық бұзушылықпен мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін өкілеттігі тиісті сенімхатпен ресімделген заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

      4. Қоғамға қауiптi iс-әрекетпен зиян келтiрiлген адам тек оны жәбiрленушi, азаматтық талапкер деп тану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана тиiстi процестік құқықтарға ие болады және оған заңда белгiленген мiндеттер жүктеледi. Сондықтан сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап адамды жәбiрленушi деп тану, оған құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде білікті заң көмегін алу, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда оларды толық және уақтылы iске асыру мақсатында оны тегін алу құқығын да түсiндiру дереу жүргiзiлуге тиіс.

      Адамды жәбiрленуші деп тану туралы қаулыда оған қандай зиян келтiрiлгенi көрсетiлуге тиіс. Зиянның бiрнеше түрi келтiрiлгенде, бұл мән-жай қаулыда көрсетілуге тиіс.";

      3) 5, 5-1, 6, 7, 8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Материалдық залалды, оның iшiнде асыраушысынан айырылумен, мертігумен немесе денсаулығының басқа да зақымдануымен байланысты келтiрiлген залалдың орнын толтыру туралы, жерлеуге жұмсалған шығыстар туралы, моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеу және басқалары туралы талап қойған жәбiрленушi азаматтық талапкер болып та танылуға тиіс.

      Заңды негiзде иесінде (жалға алушы, сақтаушы және басқалары) болған материалдық құндылықтар жымқырылған, зақымданған немесе жойылған жағдайда меншік иесі де, осы құндылықтардың иесi де, азаматтық талапты қоюға құқылы.

      Азаматтық талапкер болып танылған жәбiрленушi, iске прокурордың қатысуына қарамастан азаматтық талапкер құқығымен соттағы жарыссөздерге қатысуға құқылы.

      5-1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың салдарынан қордан өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушіге келтірілген зиян "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда, тәртіппен және мөлшерде өтеледі.

      Адамда өтемақы алу құқығы ол жәбірленуші деп танылғаннан кейін тікелей бірден туындайды және оның немесе оның өкілінің қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға арыз беруі арқылы іске асырылады (2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Салдарынан адам қайтыс болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің заңда көзделген құқықтарына оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), асырап алушылары, асырап алынғандары ие болады, араларындағы қол жеткізілген уағдаластықты ескере отырып, олардың біреуі жәбірленушінің өкілі емес, жәбірленуші деп танылады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруді аталған адамдардың бірнешеуі талап етсе, олар да жәбірленуші деп танылуы мүмкін. Қаза тапқан адамның жақын адамдарының көзінше жасалған қасақана кісі өлтіру туралы істер бойынша бұл адамдар жәбірленуші деп танылуға тиіс.

      Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда және оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), асырап алушылары, асырап алынғандары болмаған кезде оның құқықтарын қылмыстық сот ісін жүргізуде қорғаншылар, қамқоршылар, өзі қамқорлықта немесе асырауында болған мекемелердің, ұйымдардың және адамдардың өкілдері білдіре алады. ҚПК-нің 7-бабының 11) тармағына сәйкес ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жақын туыстары болып табылады.

      7. Жәбірленуші өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін дербес не қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық процеске қатысуға жіберетін өкіл арқылы жүзеге асыра алады. Бұл жағдайда қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама негізінде адвокат, сенімхат негізінде жәбірленушінің мүдделерін білдіруге заңды түрде құқылы кез келген адам, оның ішінде жақын туыстары да өкіл бола алады.

      Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған адам немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін дербес қорғауға мүмкіндігі жоқ адам болып табылса, заңды өкілдің және өкілдің қатысуы міндетті. Бұл жағдайда жәбірленушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілі таңдап алған адвокат қана өкіл ретінде жіберіледі. Заңды өкілдің ұғымы ҚПК-нің 7-бабының 13) тармағында берілген.

      Осы талап бұзылған кезде қандай жағдайда болмасын соттың үкімінің, қаулысының күші жойылуға жатады.

      Он төрт жасқа дейінгі не он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден жауап алу кезінде заңды өкілдермен қатар педагог пен психолог қатысады.

      8. Жәбiрленушінің, оның заңды өкiлiнiң немесе жақын туыстарының арасынан өкiлдiң іске қатысуы келісіммен болған жәбiрленуші өкiлiнің де осы іске олармен бірге бір мезгілде қатысу мүмкiндігін жоққа шығармайды. Бұл ретте адамды жәбiрленушi деп таныған кезден бастап оған сот iс жүргiзудің кез келген сатысында келісіммен болған өкiлдiң іске қатысуға құқығы түсiндiрілуі тиіс екенін ескеру қажет.

      Қатысуына заңмен тыйым салынған адамдар өкiл бола алмайды.

      Өкiлдер жәбiрленушiмен бірге немесе жәбірленуші болмаған кезде де іске қатысуға жіберіледі. ҚПК-нің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда өкілдердің еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Жәбiрленушінің, азаматтық талапкердiң өкілдері жәбiрленушінің, азаматтық талапкердiң қатысуымен жүргiзілетін тергеу әрекеттерінің басы-қасында болуға және прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға құқылы.

      Жәбiрленушi iс бойынша іс жүргізудің кез келген кезеңінде келісіммен болған өкiлден бас тартуға құқылы.

      9. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың өкілдерінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін берген іспен танысқысы келмейтіні туралы арызы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды аталған адамдарға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарлау және іспен танысу құқығын, өтінішхаттардың мәлімдемесін түсіндіру міндетінен босатпайды.";

      4) 11, 12, 13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жекеше айыптау істері бойынша айыпталушы қарсы айып тағуға құқылы, мұндай жағдайда сот екі айыптауды бір мезгілде шешуге тиіс. Ондай жағдайда екi арыз иесі де бiр процесте тек жәбiрленушi ғана емес, сотталушы да болып есептеледi және сот олардың әрқайсысына заңда көзделген жәбiрленушінің де, сотталушының да барлық процестік құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      12. Сот сотталушыны жәбiрленушінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін, оны масқаралайтын жалған ақпараттар мен мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында таратудан көрінген жала жабу немесе қорлау үшін кінәлі деп таныса, үкiмде жәбірленушінің беделін түсіретін мағлұматтардың жалғандығын баспасөзде жариялау қажеттігі жөніндегі мәселені шешуге міндетті.

      13. Егер жәбiрленушi, азаматтық талапкер, олардың өкiлдерi сот іс жүргiзу тiлін білмейтін болса, олар аудармашымен қамтамасыз етiлуге тиiс. Олардың өтінішхаты бойынша олардың мүдделерін қозғайтын іс материалдары олардың ана тіліне немесе өздері білетін тілге аударылуға тиіс.

      14. Жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне қандай да болсын заңсыз ықпал жасаудан олардың қорғану құқығы бар екендігі уақтылы түсiндiрiлуге тиіс.

      Жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне немесе жақын туыстарына өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту, сотқа келулерiне кедергi келтіруге, айғақтар беруден бас тартуға мәжбүрлейтін не қасақана жалған айғақтар беруге, немесе өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге мәжбүрлеу туралы жеткiлiктi деректер болса, анықтау органдары, тергеушi, прокурор, сот бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, ар-намысын, абыройын және мүлкін қорғауға, сондай-ақ кiнәлi адамдарды анықтауға және оларды жауапқа тартуға заңда көрсетiлген шараларды қабылдауға міндетті.";

      5) 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қылмыстық процесті жүргізетін орган мүліктік, тәндік немесе моральдық зиян келтірілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы әрбір іс бойынша жәбірленушіге қылмыстық істе азаматтық талап қою құқығын түсіндіруге міндетті, ал мұндай талап қойылған кезде оны азаматтық талапкер деп тануға және оған тиесілі құқықтар түсіндірілуге тиіс.

      17. Жәбірленушіге қоғамдық қауіпті іс-әрекетпен келтірілген материалдық залалды өтеу қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес мүліктік зиянға жауапты адам оны азаматтық талапкерге немесе жәбірленушіге заттай (сол сападағы және түрдегі затты ұсыну, бүлінген затты түзету және т.б.) немесе жәбірленушінің мүлкін жымқыруға, жоюға байланысты келтірілген залалды толық өтеуге; зиян келтіруші жәбірленушінің мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты, асыраушысынан айырылуына байланысты - жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеуге; заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жоғары қауіптілік көздерінен келтірілген зиянды оның иесі өтеуге, әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиянды, егер олар зиянның өздерінің кінәсінен туындамағанын дәлелдемесе, оның қамқоршысы немесе қадағалауды жүзеге асыруға міндетті ұйым өтеуге; он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған келтірген зиян үшін, оның мүлкі немесе басқа да жеткілікті кіріс көздері болмаған жағдайда зиянның толық немесе жетіспейтін бөлігінде, егер олар зиянның олардың кінәсінен туындамағанын дәлелдемесе, заңды өкілдер өтеуге міндетті екенін соттардың назарда ұстағаны жөн.

      18. Мүлiктi жымқырумен, зақымдаумен немесе жоюмен келтiрiлген залал жәбiрленушiге оны өтеу туралы шешiм қабылданған күнге қалыптасқан баға ескеріле отырып өтеледi.

      Қажет болған жағдайда мүлiктi жымқыру, зақымдау немесе жою арқылы келтiрiлген залалдың мөлшерiн сот сараптама қорытындысы негiзiнде анықтайды немесе залалды мамандар, сарапшылар анықтауы мүмкiн.

      Сот iс бойынша іс жүргізу кезінде қалыптасқан бағаны ескерiп, өтеуге жататын залалдың мөлшерiн ұлғайтуға құқылы. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн бағаның өзгеруіне байланысты өндіріп алу мөлшерiнiң өзгеруi қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы мен айып көлемiне ықпал етпейді.

      19. Айыптау үкімін шығарған кезде сотталғаннан жәбiрленушінің пайдасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотқа келісім бойынша қатысқан жәбiрленушінің өкiлiнiң еңбегiне ақы төлеумен байланысты шығыстар өндiрiлуге жатады.

      Қылмыстық-процестік заңнамада көзделген жәбiрленушінің, оның өкiлiнiң өзге де шығыстары (процестік әрекеттер жүргiзiлетiн жерге келуге және керi қайтуға жол ақысын төлеу, тұрғын үй жалдау, тәулiктiң төлемақы және басқалары) жоғарыда аталған адамдардың пайдасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының, соттың қаражатынан төленедi және кiнәлi адамнан мемлекет кірісіне өндiрiледi.

      20. Бiрлескен әрекеттерiмен зиян келтiрген сотталған адамдарға егер мұндай өндіріп алу тәртiбі азаматтық талапкердiң мүдделерiне сай келсе және залалды өндiріп алуды қамтамасыз етсе, сот ортақ жауаптылықты емес, үлестік жауаптылықты міндеттеуге құқылы.

      21. Сот жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, олардың өкiлдерiне басты сот талқылауының хаттамасымен танысуға және оған өз ескертпелерiн беруге құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi және бұл басты сот талқылауы хаттамасында көрсетілуге тиiс. Белгіленген мерзiмдердi бұза отырып ресімделген хаттамаға қол қойылған күн туралы аталған адамдар хабардар етілуге тиiс.

      22. Егер сот талқылауы процесінде қоғамға қауiптi іс-әрекетпен жәбiрленушi деп танылмаған азаматқа зиян келтiрiлгенін анықтаса, сот оны жәбiрленушi деп тану туралы қаулы шығаруға, оған құқықтарын, оның iшiнде сот талқылауы материалдарын қоса алғанда, iспен танысуға құқықтарын түсiндiруге және оның құқықтарын iске асыруын қамтамасыз етуге тиiс.

      Көрсетiлген мән-жайлар кеңесу бөлмесiнде анықталса, сот тергеудi қайта бастауға мiндеттi.

      23. Жәбiрленушiге бiрiншi сатыдағы сотқа оның қатысқан-қатыспағанына қарамастан, апелляциялық шағым жасау құқығы қамтамасыз етiлуге тиіс. Жәбiрленушi барлық жағдайларда шығарылған үкiм туралы оған шағым жасау тәртiбi түсiндiріліп, процеске басқа қатысушылардың шағымдары және прокурор келтірген өтінішхат, сондай-ақ iстiң апелляциялық сатыдағы сотта қаралатын күнi мен орны туралы хабарлануға тиiс.

      24. Апелляциялық сатыдағы сот жәбірленушіге прокурор келтірген өтінішхат немесе процестiң басқа қатысушысы берген апелляциялық шағым туралы, сонымен қатар iстiң апелляциялық тәртіппен қаралатын күнi туралы хабарланбағанын, прокурордан келіп түскен өтінішхатпен, шағыммен танысуға, оларға қарсылық беруге мүмкiндік жасалмағанын анықтаса, өзi iстей алатын жағдайларды қоспағанда (мысалы, жәбiрленушiнiң апелляциялық сатыға келуі және өзіне қажеттi құжаттармен танысуы), жiберiлген бұзушылықтарды жою үшiн iстi үкiм шығарған сотқа қайтаруға міндетті.

      25. Неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігiне немесе жазаның жеңiлдiгіне байланысты үкімнің күшін жою, сол сияқты ақтау үкімінің күшін жою жәбiрленушi нақ осы көрсетiлген негiздермен апелляциялық шағым, кассациялық тәртіппен өтінішхат берген жағдайларда ғана орын алуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi үкiмге басқа негiздермен шағымданса (оған келтiрілген мүлiктiк залал мөлшерiнің қате есептелгені, басқа адамдардың жауаптылыққа тартылмағаны және т.б.), онда соттың сотталған адамның жағдайын нашарлатуға немесе ақтау үкімінің күшін жоюға құқығы жоқ.

      26. Жәбiрленушіні құқығынан айыру немесе оны шектеу, егер ол соттың iстi жан-жақты қарауына кедергі келтірсе және заңды, негізді үкiм шығаруына ықпал етсе, үкiмнің күшін жоюға алып келетін қылмыстық-процестік заңды елеулi бұзу деп танылуы мүмкiн.

      Осыған байланысты соттар қылмыстық істерді басты сот талқылауында қарау кезінде де, іс бойынша шыққан сот актілерін апелляциялық, тәртіппен қайта қарау кезінде де, сондай-ақ сотталған адамды жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесін қарау кезінде жәбірленуші мен оның өкілінің қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте соттар оларға іс материалдарымен соның ішінде келіп түскен шағымдармен, прокурор келтірген өтінішхаттармен және өзге де өтінішхаттармен танысу құқығын түсіндіруі, сотқа өздерінің жазбаша қарсылықтарын, арыздарын және өтінішхаттарын жолдау, ал сот отырысына жеке өзі қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзінің өкілін жіберуі не сотқа істі олардың қатысуынсыз қарау туралы жазбаша хабарлауы қажет.

      27. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Жәбiрленушінің қылмыстық сот өндiрiсіндегі қатысуын реттейтiн заңды соттардың қолдану практикасы туралы" 1985 жылғы 1 қарашадағы № 16 КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы қолданылмайды деп танылады.

      28. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      2. "Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 21 шілдедегі № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 5; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды жымқыру, оларды заңсыз сатып алу, алып жүру, сақтау, дайындау немесе өткізу және атыс қаруларын ұқыпсыз сақтау туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы" 1995 жылғы 21 шілдедегі № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды жымқыру, оларды заңсыз иемдену, дайындау, алып жүру, сақтау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз сақтау туралы iстер жөніндегі сот практикасын талқылап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы соттар осы санаттағы iстердi негiзiнен дұрыс шешетiндiгiн атап көрсетедi.

      Сонымен қатар соттар бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың барынша қауiптi санатқа жататынын, қоғамдық қауiпсiздiкке, ең алдымен азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне, өмiрiне, денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретінін, ал өмiрге қауiп төндiретiн заттарды қылмыстық мақсатта пайдалану, көбінесе ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын әр кезде тиiстi деңгейде ескере бермейдi.

      Осы санаттағы iстер бойынша бiрыңғай сот практикасын қалыптастыру мақсатында Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Соттар атыс қаруларын, оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды жымқыруға, оларды заңсыз иемденуге, дайындауға, алып жүруге, сақтауға және өткізуге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғам қауiпсiздiгiне елеулі қауіп төндiретінін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот талқылауының деңгейiн көтеруi, жазаның бұлтартпастығына, атыс қаруларын және оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды қолға түсiру көздерiн анықтауға, оларды тиiсінше күзету мен өндiрiсте жасау фактілерін және осындай қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін басқа себептер мен жағдайларды анықтап жоюда заңда көзделген ықпалды шараларды қолдануы тиiс.

      Соттар қызмет бабымен сенiп тапсырылған лауазымды адамдардың атыс қаруларын сақтауға немқұрайлы қарауының, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтар мен жарылғыш заттарды сақтау орындарын күзетсіз немесе тиісінше жабдықтамай қалдыруының, оларды есепке алу, беру, тасымалдау, оларды дұрыс пайдаланбаудың және қолдану тәртібін бұзудың, әрбір нақты жағдайда әрекеттері немесе әрекетсіздігі қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені талқылаудың әрбір фактісі бойынша принципті түрде ден қойып, жекеше қаулылар шығаруға міндетті.

      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 289-бабында, 287, 288, 290, 291-баптарының тиісті бөліктерінде көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамның кiнәлiлігі туралы мәселенi шешкен кезде кiнәлi адамнан алынған осы немесе басқа заттардың жымқырғаны, алып жүргенi, сақтағаны, иемденгені, жасағаны, өткiзгенi және ұқыпсыз сақтағаны үшiн көрсетілген баптар бойынша жауаптылық белгiленген атыс қаруына, оқ-дәрiлерге, қару-жараққа және жарылғыш заттарға жататынын-жатпайтынын анықтап алу қажет.

      Әртүрлi нысаналар мен нысандарды талқандау, қирату немесе жойып жіберу үшін олардың арнайы мақсаты, сондай-ақ оларды жасаудың, иемденудің, пайдаланудың және сақтаудың ерекше тәртібі бұл заттардың айрықша белгiлерi болып табылады.

      Бұл ретте атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, қару-жарақтың және жарылғыш заттардың зауытта өндірілгенін де, қолдан жасалатынын да ескеру қажет.

      Аңшылық мылтығынан шолақ мылтық жасау, яғни оның тікелей қолданылу сипатын жауынгерлік атыс қаруының сапасына өзгерту, сондай-ақ оларды иемдену, алып жүру, сақтау, өткізу немесе жымқыру ҚК-нің 287, 288, 291-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамына жатады.

      3. ҚК-нің 289-бабына, 287, 288, 290, 291-баптарының тиісті бөліктеріне қатысты атыс қаруы деп автоматтар, карабиндер, винтовкалар, пистолеттер, пулеметтер және конструкциясы жағынан тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға бағытталған құрылғылар мен заттарды, сондай-ақ спорттық, оның iшінде олар іс жүзінде қандай мақсатқа қолданылатынына қарамастан, ату үшін оқ-дәрінің немесе өзге де зарядтың қуатын пайдаланатын ұсақ калибрлi, ойықты аңшылық мылтықтарын да түсінген жөн.

      Оқ-дәрілерге: соғыс зымырандарының атылатын бөлiктерi, бомбалар, миналар, реактивтi снарядтар, артиллериялық, минометтiк, граната атқыштық оқтар, қол және реактивтi гранаталар және олардың тұтатқыштары, атыс қаруына арналған патрондар, жарылғыш пакеттер, детонаторлар, дабыл беру, жарықтандыру, имитациялық құралдар, басқа да бұйымдар, жарылғыш затпен жабдықталған және тиісті түрдегі атыс қаруынан атуға немесе жарылыс жасауға арналған жинақтағы өзге де бұйымдар мен құрастырылған жарылғыш құрылғылар жатады.

      Соттардың ату үшін қолдануға арналмаған пневматикалық мылтықтардың, белгi беру, старттық, құрылыс, газды пистолеттердің, ракетницалардың, сондай-ақ құрамында жарылғыш заттар мен қоспалар бар, бірақ жауынгерлік қолдануға арналмаған пиротехникалық және жарық беретін құралдардың атыс қаруына, оқ-дәрілерге, жарылғыш заттарға жатпайтынын және оларды жымқыру, алып жүру, сақтау, иемдену, жасау немесе өткізу үшін жауаптылық ҚК-нің 289-бабында, 287, 288, 290, 291-баптарының тиісті бөліктерінде көзделмегенін ескеруі тиіс.

      Заңның мәнi бойынша тегiс ұңғылы аңшылық қаруына арналған оқ-дәрілерді алып жүру, сақтау, иемдену, жасау немесе өткізу ҚК-нің 287-бабының тиісті бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамына жатпайды.

      Жарылғыш заттар деп порохты, тротилдi, нитроглицериндi, пироксилиндi, аммоналды және басқа да жарылғыш реакция жасау қабілетіне ие химиялық заттар мен олардың қоспаларын, олардың иемденуге және сақтауға арнайы рұқсат талап етiлетiн заттарды түсінген жөн.

      Қару-жараққа жерүсті, әуе, теңіздік пен өзендік базалаудағы, нысананы зақымдау, мина қою мен штаттық құралдары орнатылған және оны тікелей мақсаты бойынша қолданылуды қамтамасыз ететін құралдар мен (оптикалық құрылғылар радиолокациялық және радиотелефон станциялары және т.б.) жабдықталған жауынгерлік техника жатады.

      4. Соттар ҚК-нің 287, 291-баптарының тиісті бөліктері бойынша пайдалануға жарамды атыс қаруын және оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды жымқырғанда, алып жүргенде, сақтағанда, иемденгенде немесе өткiзгенде, сондай-ақ кінәлі адамның жарамсыз немесе жаттығу қаруын жарамды күйге келтіруге нақты мүмкiндiгi болған кезде жауаптылық туындайтынын ескерулері қажет.

      Егер кінәлі адам пайдалануға жарамсыз атыс қаруын немесе оқ-дәрілерді, қару-жарақты, жарылғыш заттарды жымқырып, оның сапасына қатысты жаңылысқан болып, оларды жарамды деп есептеген жағдайда, жасалған әрекетті осы заттарды жымқыруға оқталу ретінде саралаған жөн.

      5. Атыс қаруларын немесе оқ-дәрiлердi, қару-жарақты иеленіп алу мақсатында атыс қаруын немесе оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, жарылғыш заттарды тікелей мақсаты бойынша қолдануға жарамды етiп құрастырып алуға жеткілікті олардың құрамдас бөлiктерi мен бөлшектерi жымқырылған жағдайларда жасалған әрекет ҚК-нің 291-бабының тиісті бөліктері бойынша аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық ретiнде саралануы тиіс. Бұл ретте қосымша құралдарсыз және өндеуді қажет етпей оқ атуға мүмкіндік беретін олардың жиынтығы (мысалы, ұра-ағытқыш механизмi бар винтовка ұңғысы) бөлшектердiң жеткiлiктi комплектісі, ал оларды тiкелей мақсаты бойынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн жиынтық оқ-дәрiлер мен жарылғыш заттардың жеткiлiктi құрамдас бөлiктері деп түсiну керек.

      Атыс қаруының құрамдас бөліктері мен жекелеген бөлшектерін жымқыру және атуға жарамды қаруды құрастыру үшін қажетті жетіспейтін бөлшектерін кейіннен дайындау бөтеннің мүлкін жымқыру және қаруды заңсыз жасау жиынтығы ретінде саралануы тиіс.

      Кінәлі адамның жекелеген бөлшектердi атыс қаруын жасау үшін пайдалану пиғылын куәландыратын деректер болмаған кезде, оларды сақтауы қылмыстық құқық бұзушылық құрамына жатпайды.

      Жарылғыш заттарды түзетiн оқ-дәрiлердің құрамдас бөлiктерi мен бөлшектерiн (өртегiштер, детонаторлар, жарғышы жоқ гранаталар және т.б.) жымқыруды ҚК-нің 291-бабының тиісті бөліктері бойынша жарылғыш заттарды аяқталған түрде жымқыру ретiнде саралау керек.

      6. Қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратын атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды жасау деп оларды жасауды немесе жоғалған зақымдау қасиетiн қайта қалпына келтiрудi, сондай-ақ нәтижесiнде атыс қаруы сипатына ие болатын қандай да бiр затты (мысалы, ракетницаны, старт және құрылыс пистолеттерiн, тұрмыстық мақсаттағы заттарды) қайта жасауды түсiну керек.

      7. Кінәлі адам жымқырған, заңсыз алып жүрген, сақтаған, иемденген, жасаған немесе өткiзген құралдар атыс қаруына, оқ-дәрілерге, қару-жараққа немесе жарылғыш заттарға жататыны-жатпайтыны жөніндегі мәселенi шешу үшiн арнайы білім қажет болған жағдайларда, сарапшының немесе маманның қорытындысын алу қажет.

      8. Кінәлі адамның жымқырылған заттарды иемденуге не оны басқа адамға беру ниетімен оны кез келген тәсілмен құқыққа қарсы иеленуді, сол сияқты оған өз қалауы бойынша өзге түрде билiк етуді атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқыру деп түсінген жөн.

      Егер адам атыс қаруын өзі жымқырғанын ұғынбай, бөтеннің мүлкін жымқырса (мысалы, ішінде атыс қаруы сақталған сейфті жымқыру), онда адам одан әрі иелену, пайдалану мақсатында қаруды өзінде қалдырған жағдайда, оның әрекеттері атыс қаруын жымқыру болып сараланады.

      9. Мемлекеттік мекемелерден немесе қоғамдық, кооперативтiк- коммерциялық ұйымдардан, сол сияқты оларды заңды және заңсыз иеленген жекелеген адамдардан атыс қаруын, оқ-дәрілерін, қару-жарақтар немесе жарылғыш заттар жымқырған жағдайда, ҚК-нің 291-бабының тиісті бөліктері бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.

      10. Бұрын басқа мүлікті жымқырған болса, ҚК-нің 291-бабының үшінші бөлігінің 2-тармағында көрсетiлгендей, бұл бірнеше рет жасалу белгiсiн құрамайды.

      11. Күзетуге сенiп тапсырылған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқыру саралану белгiсi ретiнде оларды қоймадан немесе өзге де сақтау орнынан тек қорғау-күзету функцияларын атқарушы адамның ғана емес, сондай-ақ қызмет бабымен қарауына берiлген лауазымды және материалдық жауапты адамның да жымқыруын түсiну қажет.

      Әскери қарауыл құрамындағы адамдардың күзететін объектілердің, күзетуге сенiп тапсырылған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқырған жағдайында аталған адамдардың әрекеттері қарауыл қызметiнiң жарғылық қағидаларын бұзушылық ретінде зиянды зардаптарға әкеп соқса, олардың алдын алу үшін осы қарауыл тағайындалған болса, ҚК-нің 290-бабының бірінші бөлігімен қоса, ҚК-нің 446-бабының бірінші бөлігі бойынша саралануы тиіс.

      Қызмет бабын пайдаланып атыс қаруын, оқ-дәрілерді қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқырудың саралану белгiсi ретiнде осы заттарды бақылауды, қадағалауды, есепке алуды және, сақтауды пайдалануды және басқаруды жүзеге асыруға билік өкілеттілігі берiлген лауазымды адамдардың жымқыруын түсiну керек.

      12. Қарақшылық шабуыл жасау жолымен атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқыруды осы заттарды иеленіп алу мақсатында шабуыл жасаған сәтінен бастап аяқталған деп есептеу қажет.";

      3) 14, 15, 16, 16-1, 17, 18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, иемдену, жасау немесе өткізу қылмыстық құқық бұзушылықтардың дербес құрамы болып табылатынын ескере отырып, аталған заттарды жымқыру және оларды одан әрі алып жүру, сақтау, иемдену, жасау немесе өткізу ҚК-нің 287, 291-бабының тиісті бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты жиынтығын құрайды.

      15. Басқа қылмыстық құқық бұзушылықты жасау мақсатымен атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттарды жымқырған, сондай-ақ оларды алып жүрген, сақтаған, иемденген және жасаған жағдайларда жасалған әрекет өзге қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға дайындалу және атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды немесе жарылғыш заттардың аяқталған жымқыру не оларды заңсыз алып жүру, сақтау, иемдену немесе жасау жиынтығы ретiнде саралануы тиiс.

      16. Кінәлі адамның қолындағы заңсыз атыс қаруы ұқыпсыз сақталса, егер оны басқа адам пайдаланып, бұл адамның өліміне немесе ауыр зардаптарға әкеп соқса, онда ҚК-нің 287-бабының бірінші бөлігінің белгілерімен қамтылады және оны ҚК-нің 289-бабы бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ.

      16-1. Соттар ҚК-нің 287-бабына Ескертуде көзделген қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын өз еркiмен тапсыруды Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда осы заттарды тінту алдында ерікті түрде беруден ажыратқаны жөн.

      ҚПК-нің 254-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда тінту алдында осы заттарды ерікті түрде беру өз еркімен тапсыру болып табылмайды және ҚК-нің 287-бабына Ескертудің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп соқпайды, бірақ сот ҚК-нің 53-бабы екінші бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететін мән-жай ретiнде тануы мүмкiн.

      Егер тінту жүргізу кезінде адам тінтілетін жерден тыс жерде (басқа аумақта, өзге адамдарда және т.б.) сақталған оның өзі көрсетпейінше табу мүмкін болмайтын ҚК-нің 287-бабында көзделген қару мен өзге де заттардың өзінде бар екендігін мәлімдесе, онда аталған әрекеттер ерікті түрде тапсыру деп танылады және адам ҚК-нің 287-бабына Ескертуге сәйкес осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

      Тінту процесінде бастапқы заттар табылмаған жағдайда, бірақ тінту аяқталғаннан кейін адам тінту кезінде табылмаған осы заттардың тұрған жерін көрсетсе және олар кейін сол жерден алынса, онда адамның мұндай әрекеттерін де ерікті түрде тапсыру деп тану қажет.

      Заттарды ерікті түрде беру және ерікті түрде тапсыру туралы жоғарыда аталған түсіндірмелер жеке тінтуді, алу мен қарап-тексеруді жүргізу жағдайларына да қолданылады.

      17. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптiлiгi дәрежесiне баға бергенде және жазалау шараларын анықтағанда, кінәлі адамның әрекетiнiң мақсаты мен себептерiн, жымқырған атыс қаруының, оқ-дәрілердің, қару-жарақтардың, жарылғыш заттарды иемдену көзін және иеленіп алу тәсілін, түрiн, санын, жауынгерлік сипаты мен құнын ескеру қажет.

      Атыс қаруы, оқ-дәрілер қару-жарақтар немесе жарылғыш заттарды төтенше жағдай, төтенше ахуал, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздік барысында жымқырғаны үшiн жаза тағайындағанда, соттар ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 11-тармағына сәйкес аталған мән-жайлар жауапкершіліктi ауырлататын мән-жайлар ретінде қаралуы тиіс екенін ескерулері қажет.

      18. Бұл санаттағы iстердi қарағанда сот кінәлі адамның мүлікті қылмыстық жолмен қол жеткізілген қаржыға сатып алған-алмағанын анықтап, үкiмде оны көрсетуi тиіс.

      19. Осы санаттағы істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың қарулары және (немесе) құралдары және заттай дәлелдемелер деп танылған қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі автомобильдерді, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын ҚПК-нің 118-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағының талаптарына сәйкес сот ҚК-нің 48-бабының негізінде мемлекеттің меншігіне тәркілеуге тиіс.

      Заңсыз сатылып алынған, жымқырған, басқа адамдардың меншігіне берілген атыс қаруы, оқ-дәрілер, қару-жарақ пен жарылғыш заттар ҚК-нің 48-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес тәркілеуге жатады. Қалған жағдайларда олар заттай дәлелдемелер ретінде олардың жарамдылығын және құндылығын анықтау кезінде қайтадан пайдалану мәселесін шешу үшін не жою үшін ішкі істер органдарының мамандандырылған құрылымдарына беріледі.

      20. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Атыс қаруларын, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлау, қаруды, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау немесе өткізу және атыс қаруын ұқыпсыз сақтау iстерi жөніндегі сот тәжiрибесi туралы" 1974 жылғы 20 қыркүйектегi №7 СССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысының "Атыс қаруларын, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлау, қаруды, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау немесе өткізу және атыс қаруын ұқыпсыз сақтау iстерi жөніндегі сот тәжiрибесi туралы" 1974 жылғы 20 қыркүйектегi № 2 СССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысын соттардың орындауы туралы" КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1991 жылғы 29 наурыздағы № 2 қаулысымен енгiзген өзгерістермен және толықтырулармен қоса жарамсыз деп танылсын.

      21. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      3. "Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 3; 2004 жылғы 18 маусымдағы № 3; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 7; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Қылмыстық жазаланатын контрабанда туралы заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етедi:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 6-1, 6-2, 7, 8, 8-1, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 234-бабында жасағаны үшін жауаптылық көзделген экономикалық контрабанда деп тауарлардың немесе өзге де құндылықтар мен заттардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуі түсініледі. Контрабанда деп айналымнан алып тасталған заттарды немесе айналымы шектеулі заттарды, қолданылуы шектелген, жасалғаны үшін ҚК-нің 286-бабында жауаптылық көзделген осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өту түсініледі.

      Қылмыстық жазаланатын контрабанданы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген контрабандадан, сондай-ақ тауарларды және заттарды кедендік шекара арқылы өткізумен ұштасқан кедендiк қағидаларды бұзудан шектейтін мән-жайлар iрi мөлшердегi контрабанда немесе заттарға қатысты арнайы қағидалар белгiленген осы заттарды өткізу болып табылады.

      Кедендік және мемлекеттік шекаралар ұғымдары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған.

      Процестік тергеу және сот құжаттарында контрабанданың iрi, аса ірі мөлшерiн және басқа да саралау белгілерiн, оның iшiнде белгiлi бiр заттарға қатысты өткізудің арнайы қағидаларын көрсету мiндеттi болып табылады.

      2. Тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды заңсыз өткізу оларды кеден аумағына әкелу және оларды осы аумақтан әкету жолымен де жасалуы мүмкiн.

      Әкелу және әкету деп контрабанда заттарын кез келген тәсiлмен (кез келген көлік түрінің көмегімен, оның ішінде әуемен алып өту немесе салып жіберу, пошта арқылы салып жiберу қолмен, киімнің қалталарына салып, қол жүгi түрiнде алып өту және басқалары өткізудi түсiнген жөн.

      3. Заңсыз өткізу - өткізу пункттерінде және шекараны кесіп өту үшін заңнамада айқындалған басқа жерлерде (заңды өткізу түрімен), осы жерлерден тыс (заңсыз жолмен) жерлерде де жүзеге асырылады.

      Қылмыстық құқық бұзушылық:

      заңсыз жолмен жүзеге асырылатын әкелу және әкету кезінде – шекараны тiкелей кесіп өткен кезден бастап;

      заңды өткізу түрімен жүзеге асырылатын әкелу кезінде - кедендік декларация тіркелген кезден бастап, ал арнайы қағидалар белгiленген заттарға қатысты - шекара бақылауы рәсiмi аяқталған кезден бастап;

      заңды өткізу түрімен жүзеге асырылатын әкету кезінде - кедендік декларация тіркелген кезден бастап аяқталған деп есептеледі.

      Тауарларды өткізу пункттерінде және заңнамада айқындалған басқа да орындарда, бірақ кеден органдарының белгіленбеген жұмыс уақытында өткізген жағдайларда шекаралық кесіп өткен кезден бастап қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп есептеледі.

      4. Контрабанда объективтiк жағынан:

      тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды кедендік бақылаудан жасырумен;

      оларды кедендiк бақылаудан тыс жерден өткізумен;

      оларды декларацияламаумен немесе көрінеу дұрыс емес декларацияламаумен;

      кедендiк және өзге де құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендіру құралдарын алдап пайдаланумен сипатталады.

      Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште не уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсетумен, оның ішінде жарамсыз, қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен сипатталады.

      Бұл әрекеттерді қылмыстық деп тану үшін қандай да бір зиянды салдарлардың басталуы талап етілмейді. Осыған байланысты тауарларды немесе ірі мөлшердегі өзге де заттарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы "кеден транзиті" кедендік рәсімі бойынша заңсыз алып өту кезінде жасалған іс-әрекетті тауарлардың немесе заттардың аталған одаққа мүше мемлекеттердің (ішкі транзит) не үшінші елдердің (сыртқы транзит) аумағында олардың пайдаланылуы үшін арналғанына қарамастан ҚК-нің 234-бабы бойынша саралаған жөн.

      5. Кедендiк бақылаудан жасыру тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды жасырып қалудан, оларды тасымалдау кезінде жасырын орындарды не оларды тауып алуды қиындататын басқа да тәсілдердi пайдаланудан немесе бiр затқа басқа заттың түрiн беруден тұрады.

      Кедендiк бақылаудан тыс контрабандалық заттарды өткізу оларды кедендiк декларациялауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және кедендiк органдары айқындаған кеден бекеттерінен, өткізу пункттерінен және өзге де орындардан тыс немесе оны өткізу үшін белгіленген уақыттан тыс өткiзiп жiберуді және алып өтуді білдіреді.

      Кедендiк және өзге де құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалану кеден органдарына, сондай-ақ шекаралық бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, қолдан жасалған, сондай-ақ жалған мәлiметтермен толтырылған құжаттарды көрсетуді, қолдан жасалған мөрлерді, пломбаларды, мөртабандарды және кедендiк сәйкестендірудің өзге де ұқсас құралдарын пайдалануды не басқа объектiлерге жататын түпнұсқа сәйкестендіру құралдарын көрсетуді болжайды.

      Декларацияламау немесе дұрыс декларацияламау – бұл декларанттың кедендік декларацияны пайдалана отырып, кеден органына тауарлар (атауы, құны, саны, салмағы және басқалар) туралы, таңдалған кедендік рәсім және (немесе) кедендік мақсаттар үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі не кедендік декларациялауды жүргізу кезінде тауарлар туралы аталған мәліметтермен осындай өтініш беру міндетін орындамауы.

      6. Контрабанда заттары деп кез келген материалдық әлемнің жылжымалы заттарын, оның iшiнде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу немесе энергияның өзге де түрлерi мен көлiк құралдары түсiніледі.

      Оларға сондай-ақ халықтардың көркемдік, ғылыми, тарихи және археологиялық игілігі болып табылатын мәдени құндылықтар, яғни өнер туындылары, көне заттар ретiнде мәнi бар - және көрсетілген мәнi бар өзге де заттар, зияткерлік меншiк объектілері, құрып кету қаупi бар жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерi, олардың бөлiктерi мен дериваттары да (туындылары) жатады. Аталған, сондай-ақ өзге де айналыстан алынбаған заттарды немесе айналысы шектелмеген заттарды (мысалы, азық-түлiк өнімдері, киім, аяқ киім, парфюмерлiк тауарлар және басқалары) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу үшiн жауаптылық ҚК-нің 234-бабында белгiленген.

      Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды мемлекеттік шекара арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекетіне өткізіп Қазақстан Республикасына қайтармау ҚК-нің 203-бабының 1-1-бөлігі бойынша сараланады.

      Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізе отырып, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау адамдардың әрекетінде экономикалық контрабанданың құрамы да болған кезде жиынтығы бойынша ҚК-нің 203-бабының 1-1-бөлігімен және ҚК-нің 234-бабының тиісті бөлігімен сараланады.

      6-1. Соттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар үшін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын әкелу мен әкетудің мынадай тәртібі белгіленгендігін назарға алғаны жөн:

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа құжатты нысанда қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валютаны, вексельдерді, чектерді (оның ішінде жол чектерін), бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету шектеусіз және кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылады.

      Баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын жалпы сомаға қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валютаны (қымбат бағалы металдардан жасалатын монеталарды қоспағанда) және (немесе) жол чектерін Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушылар болып табылмайтын елдердің аумағынан Қазақстан Республикасына біржолғы әкелу немесе Қазақстан Республикасынан осындай елдердің аумағына әкету кезінде аталған құндылықтар әкелінетін немесе әкетілетін құндылықтардың бүкіл сомасына жолаушылардың кедендік декларациясын тапсыру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатады.

      6-2. Адам қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валюта және (немесе) жол чектері контрабандасын жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті жазбаша декларациялауға жатпайтын, яғни баламасы 10 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшердегі олардың бөлігі контрабанда заты болып танылмайды және адамға тағылған айып көлеміне қосылмайды. Бұл сома иесіне қайтарылуға тиіс.

      7. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, күшті әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi заттарды, радиоактивтік қалдықтарды немесе ядролық материалдарды, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарғыш құрылғыларды, атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, ядролық, химиялық, биологиялық және жаппай жою қаруының басқа да түрлерін өткізу ҚК-нің 286-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрайды және жаппай қырып жою қаруын жасау үшін пайдаланылуы мүмкiн, материалдарды, жабдықтарды немесе құрауыштарды өткізу контрабанда заттарының мөлшерi мен санына қарамастан жауаптылыққа әкеп соғады.

      8. Контрабанда заттарының құны маманның (сарапшының) кеден ісі туралы заңнамада және қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген қағидаларға сәйкес қорытындысының негізінде тауарлардың қылмыстық құқық бұзушылық жасалған сәттегі кедендік құны негізге алына отырып айқындалады.

      Контрабанда заттарының кедендік құны туралы мәліметтер болмаған жағдайда олардың құны мемлекеттік реттелетін баға негізге алына отырып айқындалады (мысалы, жасанды спирттік ішімдіктер, басқа да қолдан жасалған тауарлар контрабандасы жағдайларында). Осындай мәліметтер болмаған кезде тауардың бағасы мен оның құны сарапшының (маманның) қорытындысы негізінде айқындалады.

      8-1. ҚК-нің 234-бабында көзделген іс-әрекеттерді ірі және аса ірі мөлшерде жасалған деп тану кезінде кедендік шекарадан кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын, не құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалану арқылы өткізілген тауарлардың немесе өзге де заттардың бөлігінің құны, сондай-ақ өздеріне қатысты кедендік шекара арқылы өткізудің арнаулы қағидалары белгіленген, декларацияланбаған не декларациялануы күмәнді тауарлардың, заттар мен құндылықтардың кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген құны ғана назарға алынуға тиіс.

      Кеден және өзге де заңнама нормаларының талаптары сақтала отырып кедендік шекара арқылы өткізілген тауарлардың немесе өзге де заттардың қалған бөлігі (егер осындай тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынып қоймаса немесе оларға тыйым салынбаса) шығаруға жатады.

      9. Қызметтік борышы бойынша кедендiк немесе шекаралық бақылауды, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды мен немесе өзге де құндылықтар мен заттарды жете тексеру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыруға және шекарадан өтуге рұқсат беруге міндетті адамды өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адам деп санаған жөн.

      Осындай адамдар өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалған контрабанда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейдi.

      Өзiнің қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті не соларға теңестірілген өзге де адамдарға жалпы негiздерде, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық заң нормасын қолдануға жататын және аталған саралау белгiсiне сiлтеме жасамай ҚК-нің контрабанда туралы баптарының тиiстi бөлігі мен көзделген жауаптылыққа тартылады.

      10. Пиғылы әртүрлі адамдарға, оның ішінде өзіне де тиесілі тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды заңсыз өткізуге бағытталған адам контрабанда заттарының барлық бірге алынған (бірлесіп өткізілетін) көлемінің контрабандасы үшін жауапты болуға тиіс. Мұндай көрінеу заңсыз өткізілетін тауардың немесе өзге де құндылықтар мен нәрселердің жекелеген бөлігінің иесі, оның пиғылы басқа адамдардың контрабанда заттарының қалған бөлігін заңсыз өткізу жөніндегі әрекеттерін қамтымайтын болса, өзіне тиесілі мүліктің контрабандасына ғана қылмыстық жауапты болады. Контрабанда заттарының иелері болып табылмаса да, мұндай заттарды кедендік шекара арқылы ақысына, курьер ретінде және т.б. көрінеу заңсыз өткізгені үшін кінәлі адамдардың әрекеттері де саралануға тиіс. "Қылмыстық топ" саралау белгісінің болуы ҚК-нің 3-бабының 24) тармағы мазмұны негізге алынып айқындалады.

      11. Контрабанда жасау объективті түрде кеден органдары алатын міндетті төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарумен байланысты, ол кінәлі адамның тауарларды немесе өзге де құндылықтарды бір мезгілде заңсыз өткізуге тікелей пиғылымен қамтылады және әдетте, осы өткізудің мақсаты болып табылады, сондықтан бұл әрекеттер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтарғаны үшін қосымша саралауға жатпайды.

      Мұндай саралау контрабанда және міндетті төлемдерді төлеуден қылмыстық жалтару құрамдарын құрайтын әрекеттер әртүрлі уақытта жасалған жағдайларда ғана орын алуы мүмкін.

      Кедендік және өзге де құжаттарды (қызметтік жалғандық жасау, төлем белгілерін қолдан жасау, құжаттарды қолдан жасау) алдап пайдаланудың элементтерін білдіретін әрекеттер де қосымша саралауды талап етпейді.

      Контрабандамен қатар, өзге де, атап айтқанда, валютамен, есірткі заттармен, психотроптық заттармен, сол тектестермен, атыс қаруымен және оқ-дәрілермен және т.б. не кедендік (тиісінше шекаралық, валюталық, есірткіні және т.б.) бақылауға қарағанда өзге бақылау объектісі болып табылатын мемлекеттік шекараны бұзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда, жасалған іс-әрекет жиынтығы бойынша қылмыстық заңның тиісті нормаларында көзделген жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар болып саралануға тиіс.

      12. Тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды кедендік декларациялау және оларды шекара арқылы өткізудің рұқсат беру тәртібі мен шарттарын қамтамасыз ету қажеттілігін қозғамайтын кедендік және шекаралық бақылауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдер негізінде қазақстандық нарықты қорғауға және қылмыстық жазаланатын контрабанда заттарының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған басқа да шараларды жою немесе оңайлату қылмыстық заңның қолданылу шегін тарылтпайды.

      Мұндай жағдайларда тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды кедендік шекара арқылы қылмыстық жазаланатын өткізу оларды декларацияламаумен ұштасқан және кедендік бақылаудан тыс жасалған контрабанда ретінде бағалануға тиіс.

      13. Айыпталушының Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі мүлкiне тыйым салу туралы заңның талаптарын орындау оның мүмкiн болатын тәркiленуiн қамтамасыз ету үшiн қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық келісімдер негізiнде ғана және оларға сәйкес жүргiзiледi.

      14. Осы санаттағы iстер бойынша жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабының талаптарын басшылыққа алып, бұл ретте жаза негiздi және әдiл болуы үшiн контрабанда заттарының мөлшерi мен санын ескеруi, жаза негiздi және әдiл болуы үшiн белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, немесе арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, біліктiлiк сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындау туралы мәселені талқылауға тиіс. Заңда көзделген жағдайларда контрабанда заттарын мемлекет кiрiсiне айналдырған жөн.

      Соттардың мемлекет кiрiсiне айналдырылған контрабанда заттарын өткізуден түскен қаржының толық көлемде мемлекеттік бюджетке аударылуға жататынын да ескерген жөн. Сондықтан соттар үкiмдерде контрабанда заттарының мемлекет кiрiсiне айналдырылған құнының белгілi бiр бөлiгiн қандай да бiр арнайы шотқа аудару туралы нұсқауларға жол бермеуге тиіс.

      Егер контрабанда заттарын кінәлі адам өткізген болса, сот сотталған адамнан мемлекет кірісіне олардың құнын және бұл өткізу мемлекетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтарумен ұштасқан жағдайда, төленбеген төлемдердің тиісті сомасын өндіріп алу туралы мәселені шешуге тиіс.

      Контрабандалық тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды ҚК-нің 234, 286-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамдардың көлік құралдарын пайдаланылып, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әкелу немесе әкету жолымен заңсыз өткізу фактілері анықталған кезде контрабанда кезінде пайдаланылған көлік құралдарының тағдыры соңғысы заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылған-танылмағанына байланысты шешілуге тиіс.

      15. Осы қаулының қабылдануына байланысты 1978 жылғы 5 қыркүйектегi № 7 және 1978 жылғы 6 желтоқсандағы № 7 қаулылармен енгiзілген өзгерістермен "Контрабанда туралы iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1978 жылғы 3 ақпандағы № 2 қаулысы қолданылмайды деп танылсын.

      16. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      4. "Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 6; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 2; 2024 жылғы 29 қарашасындағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Сот практикасын зерттеу соттардың қызметiнде азаматтарды негізсіз соттау фактілері әлі күнге орын алып отырғанын көрсеттi. Кейбiр iстер бойынша заңда көзделген қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар болса да, соттар айыптау үкімдерін шығарған.

      Ақтау туралы, сондай-ақ өзге нәтижесiнде адамдардың зиянды өтеттетіруге құқығы туындайтын шешiм шығарған кезде соттар процестік құжаттарда олардың осындай құқықтарын тану туралы көрсетпеген және зиянды өтеткізу тәртібін түсiндiрмеген.

      Зиянды өтеу туралы талаптар мен талап қоюларды қараған кезде соттар қылмыстық процесті жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеудің негiздерi мен тәртібін белгiлейтiн қылмыстық-процестік заң нормаларын кейде дұрыс қолданбаған.

      Аталған кемшiлiктерді жою мақсатында және қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеу тәртібін регламенттейтін заңнаманың өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етедi:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қылмыстық жауаптылыққа негiзсiз тарту, процестік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану, негiзсiз соттау фактілері өрескел заң бұзушылық болып табылатынына және оның салдарынан адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiне елеулi нұқсан тиетiнiне, оларға және мемлекетке материалдық зиян мен моральдық залал келтiрiлетiнiне қылмыстық қудалау органдарының және соттардың назары аударылсын.

      Нормативтік қаулының ережелері бұрын шығарылған айыптау үкімінің күші жойылған және ақтау үкімі шығарылған не қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда жекеше айыптау істеріне де қолданылады.

      2. Қылмыстық процестi жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерi болып мыналар:

      ҚПК-нің 32-бабының төртінші бөлiгiнде санамаланған жағдайлардан басқа, осы баптың екiншi және үшінші бөліктерінде санамаланған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша жекеше айыптаушының шағымы болмаған кезде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

      iсте қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық iстi тоқтату туралы күші жойылмаған қаулысы, сондай-ақ сол айыптау және сол адамға қатысты заңды күшіне енген үкім немесе қылмыстық қудалаудың мүмкiн еместiгiн анықтаған сот қаулысы болған кезде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

      қылмыс оқиғасының немесе адамның іс-әрекетiнде қылмыс жасау оқиғасының болмағанын, прокурордың және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартқанын, жекеше айыптау iсi бойынша жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартқанын (ҚПК-нiң 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа), Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 71 және 88-баптарында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескеру мерзiмiнiң өтуін және адамның осы негiз бойынша iстi тоқтатуға келісімiн, ҚК-нiң 68-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбiрленушiнің айыпталушымен, күдіктімен татуласқанын, адамның жасаған іс-әрекетi үшiн қылмыстық жауаптылықты жоятын жаңа қылмыстық заңның қабылданғанын, жазадан босататын рақымшылық жасау актiсінiң шыққанын және адамның осы негiз бойынша iстi тоқтатуға келісімiн, адамға кешiрiм жасау актiсiнiң қабылдануын растайтын фактiлер анықталғаннан кейiн қылмыстық қудалауды жүзеге асыру танылатыны түсiндiрiлсiн.

      Сондай-ақ қылмыстық процестi жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiне мыналар: қылмыстық құқық бұзушылықты саралау кезiнде қылмыстық заңнама нормаларын дұрыс қолданбау; бұлтартпау шараларын немесе заңда көзделген өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн күдікті ретiнде ұсталған адамды немесе бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау таңдалған адамды оның өмiрiне және денсаулығына қауiптi жағдайда ұстау; күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн бұл туралы сот шешiмi болмаса да, медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру; күш қолдану, қатыгездік таныту немесе адамның ар-намысын қорлау шараларын қолдану; процестік әрекеттердi осы әрекеттерге қатысатын адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндіретін жағдайларда өткізу, жасырын тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізу, қылмыстық процеске қатысатын адамның абыройын түсіретін немесе қадір-қасиетін кемiтетiн шешiмдер шығару мен әрекеттер жасау; ҚПК-де көзделмеген мақсаттар үшiн жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сол сияқты өзге де адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi пайдалану және тарату; заңсыз соттау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын заңсыз қолдану және басқаларболып табылады.

      Қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың әрекеттерiнiң заңсыздығы сот үкімімен немесе қаулысымен немесе анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор шығарған қаулымен белгiленедi.

      3. Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғандарға немесе күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға, сотталғандарға, ақталғандарға қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерiмен зиян келтiрiлген жағдайларда ҚПК-нің 37-42-баптары қолданылатыны түсiндiрiлсiн. Қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар адамдардың ҚПК-нің 38-бабында көрсетiлген тізбесі түпкiлiктi болып табылады. Iс бойынша сот ісін жүргізуге қатысқан өзге адамдарға (куәларға, куәгерлерге, аудармашыларға және т.б.) келтiрiлген зиянды өтеу мәселесi азаматтық iс жүргiзу тәртібімен шешiлуге жатады.

      Жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшырап, ақталған адамдарға зиянды өтеу тәртібі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 2143-XII Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

      4. Адам толық ақталды деп оған қатысты соттың ақтау үкімін шығаруын, сол сияқты ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды немесе анықтау, тергеу органының, прокуратураның қылмыс оқиғасының болмауынан, қылмыс құрамының болмауынан немесе адамның қылмысқа қатысқаны дәлелденбеуiнен қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулыны шығаруын тану керек.

      Адамды ішінара ақтау – оны айыптаудың жеке эпизодтары бойынша кінәсіз деп тануға не ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуға, оның әрекеттерін қылмыстық заңның онша ауыр емес қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бабына қайта саралауға, заңсыз қолданылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының немесе тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларының күшін жоюға негізделеді.

      5. ҚПК-нің 13-бабының екінші бөлiгiне және 14-бабының сегізінші бөлiгiне сәйкес ұстап алынған адам, күдікті, айыпталушы, сотталушы және сотталған адамдар сот iсiн жүргiзу барысында зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе оларға қатыгез қарым-қатынас жасалған жағдайда қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың шешiмдерi немесе әрекеттерi олардың абыройын түсірген немесе қадiр-қасиетiн қорлаған немесе тергеп-тексерудегі iс бойынша адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтер қажетсіз жинақталған, жария етiлген немесе таратылған жағдайда, сол сияқты бас бостандығынан айырылған адам оның өмiріне және денсаулығына қауiптi жағдайда ұсталған кезде де, өздерiне келтiрiлген зиянды өтеткізу құқылы.

      6. Соттың ақтау үкімін шығаруы немесе анықтау, алдын ала тергеу органының, прокурордың ҚПК-нің 38-бабының бірінші бөлiгінде көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулыны, сондай-ақ рақымшылық, кешiрiм жасау актілерін, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жеңiлдететiн жаңа қылмыстық заңды және т.б. қолдану туралы шешiмдi уақтылы қабылдамау фактiсiн белгiлеген қаулыны шығаруы зиянды өтеу туралы талап қоюға себеп болып табылады. Мұндай шешiм қабылданған кезде қылмыстық процесті жүргiзген орган адамның қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеткізуге құқығын анықтап, оған негiздер болған жағдайда ҚПК-нің 42-бабына сәйкес ақтау үкімінде немесе iстi тоқтату туралы қаулыда оның танылатыны туралы көрсетуге тиiс.

      Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде анықтау, алдын ала тергеу органының, прокурордың бұл талапты орындамауына ҚПК-нің 105, 106-баптарының тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

      Ақтау туралы шешiм қабылдаған анықтау, тергеу органы, прокурор немесе сот ҚПК-нің 42-бабына сәйкес адамға ақтау үкімінiң немесе қаулының көшiрмесiн және зиянды өтеу тәртібі түсіндірілген хабарламаны жiберуге мiндеттi. Хабарламада ҚПК-нің 40-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес адам мүлiктiк зиянды өтеудi, моральдық зиянның салдарын жоюды, iс бойынша сот ісін жүргізуге байланысты бұзылған еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiрудi талап етуге құқылы екенiн көрсету қажет. Сонымен бiрге хабарламада зиянды өтеу тәртібін түсiндiру керек, атап айтқанда: адамның талаппен жүгінуге құқығы болатын мерзiмді; мүдделi адамның: ақталуы туралы мәлiметтердi тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарына, жұмыс iстейтiн, оқитын, тұрғылықты жерiне жiберу туралы талапты; мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты;, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiру туралы талапты, келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы туралы талапты; мемлекеттік наградаларын қайтару, құрметтi және өзге де атақтарын, шендерiн, дәрежелерiн, біліктiлiк сыныптарын қалпына келтiру туралы және басқа да талаптарды жiберуге тиiс органдардың атын көрсеткен жөн. Хабарламада шығыс нөмірі мен оны адресатқа жіберу күні қамтылуға тиiс.

      7. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган ҚПК-нің 41-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес келтiрілген зиян үшiн ақталған адамнан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi, ал ол жазбаша түрде білдіруі тиiс екенi түсiндiрiлсiн. Хабарлама ресми сипатта болғандықтан, ол арнайы немесе қызмет бланкiсiне рәсiмделуге және оған ақтау туралы шешiм қабылдаған органның басшысы қол қоюға тиiс. Онда адамды ақтау туралы нақты шешiмге сiлтеме жасалып, қылмыстық қудалаудың заңсыздығы көрсетiлiп, келтiрiлген зиян үшiн ресми түрде кешiрiм сұрау туралы сөздер жазылуға тиiс.

      8. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеткізу құқығы жеке, сонымен қатар заңды тұлғаларға да берiлген. ҚПК-нің 40-бабының үшінші бөлiгiне сәйкес мүлiктiк зиянды өтеудi ҚПК-нің 38-бабының екінші бөлiгiнде көрсетiлген адамдармен бiрге олардың заңды өкiлдерi де талап ете алады. ҚПК-нің 38-бабының үшінші бөлiгiнде санамаланған жағдайларда мұрагерлер және зейнетақы туралы заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етуге құқығы бар адамдар да зиянды өтеткізу туралы талаппен жүгіне алады.

      9. Құқықтарды қалпына келтiру тәртібін түсіндіретін хабарламаны алған күннен бастап алты ай iшiнде адамдар зиянды өтеткізу туралы талаппен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөніндегі талапта қойылған мәселелерді шешуге құзыретті органдарға жүгінуге құқылы екені түсiндiрілсiн. Атап айтқанда еңбек құқықтарын қалпына келтiру туралы талап ақталған адамның қылмыстық жауаптылыққа тартылуына немесе сотталуына байланысты қызметiнен шететтілген сәтінде жұмыс iстеген ұйымға, кәсiпорынға, мекемеге жiберiледi; зейнетақысын немесе жәрдемақысын төлеу туралы - әлеуметтiк қорғау органдарына; тұрғын үй құқығын қалпына келтiру туралы - жергiлiктi атқарушы органдарға; тәркіленген мүлiктi қайтару туралы - сол мүлiк тұрған жердегi органға; мемлекеттік наградаларды қайтару туралы, құрметтi, әскери, арнаулы немесе басқа да атақтарын, сыныптық шенiн, дипломатиялық дәрежесiн, біліктiлiк сыныбын қалпына келтiру туралы талаптар - осы мәселелердi қарауға құзыреттi органдарға жiберiледi.

      Мүліктік зиянды өтеткізу туралы талап ҚПК-нің 40-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген тиісті сотқа тікелей жіберілуі мүмкін.

      ҚПК-нің 40-бабының бірiншi бөлiгiне және "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 қаулысына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген мүлiктiк зиян: айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды; соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi; соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды; заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды; қылмыстық қудалау салдарынан болған өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды. Сонымен қатар қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар адамдардың еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ моральдық зиянның салдарын жойғызуға құқығы бар.";

      3) 9-2, 10, 10-1, 11, 11-1, 12, 13, 14, 15, 15-1, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2. Ақталған адамның арызы бойынша адам айырылған жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, өзге де қаражат және кірістер сомалары бойынша тұрақсыздық айыбы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот шешімі шығарылған күнгі базалық мөлшерлемесінің негізінде өндіріп алынуға тиіс.

      Өзге де жіберіп алынған пайданы өндіріп алу туралы талаптар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс.

      10. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге, моральдық зиянның салдарын жойғызуға ҚПК-нің 38-бабында аталған адамдардың құқығы бар.

      Құқықтарды қалпына келтіру тәртібін түсіндіретін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде жіберілген қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы талапты сот ҚПК-нің 40-бабында көзделген тәртіппен қарайды.

      Егер мүліктік зиянды өтеу туралы талап берілетін алты айлық мерзім өткізіп алынса және қалпына келтірілмесе, онда адам азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы.

      Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай мәнде өтемақы туралы талап қоюлар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ғана қойылуы мүмкін.

      Соттар талап қоюларды қараған кезде мүліктік және моральдық зиянды өтеткізу құқығы қылмыстық процесті жүргізетін органдардың және олардың нақты лауазымды адамдарының кінәсіне қарамастан, мемлекеттің жауаптылығы негізінде туындайтынын және зиян бюджет қаражатынан өтелетінін негізге алуы қажет.

      10-1. Азаптаулар және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің (ал қылмыс салдарынан ол қайтыс болған жағдайда - заңға сәйкес жәбірленушінің құқығын жүзеге асыратын адамдар) материалдық, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қоюы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен бастап және сот тергеуі аяқталғанға дейін қойылуы мүмкін.

      Азаматтық талап қою тікелей күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе олардың әрекеті немесе есі дұрыс емес адамның әрекеті үшін жауаптылық жүктелген адамдарға қойылады.

      ҚПК-нің 168-бабына сәйкес азаматтық талап қою қылмыстық іспен бірге қаралады. Азаматтық талап қою бойынша шешім үкімнің қарар бөлігінде көрсетіледі. Соттың азаматтық талап қою бойынша қабылдаған шешімінің уәждері үкімнің уәждеу бөлігінде міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      11. Зиянды өтеу туралы талапты қараған кезде сот оларды қарау үшiн қажет құжаттарды: жұмыс орны бойынша еңбекақы туралы, көрсетілген заң көмегi үшiн төленген сомалар туралы, заңсыз тәркiленген немесе мемлекет кiрiсiне алынған мүлiктiң бағасы туралы, заңсыз үкiмдi немесе сот қаулысын және басқаларды орындаумен байланысты төлеген сомасының мөлшері туралы құжаттарды сұратуға және өтелуге жататын зиянның мөлшерiн анықтауға мiндеттi. Қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисап сұратылуы мүмкiн.

      11-1. Соттар көрсетілген заң көмегі үшін төленген сомаларды өтеу туралы талаптарды қараған кезде ҚПК-нің 68-бабының қорғалуға құқығы бар күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы екендігі туралы ережелерін ескеруі қажет.

      Ақталған адамға ақталғанға дейін ғана емес, сонымен қатар оның құқықтарын қалпына келтіруге байланысты адвокатқа жұмсаған шығыстары өтеледі.

      12. Зиян мөлшерiн есептеу және оны өтеткізуге құқығы бар адамдардың шеңберiн анықтау зиян келтiрiлген кезде қолданыста болған заңға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн зиянның мөлшерi КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1981 жылғы 18 мамырдағы Жарлығымен бекітілген "Анықтау, алдын ала тергеу органдары, прокуратура мен соттың заңсыз әрекеттерiмен азаматтарға келтiрілген зиянды өтеу тәртібі туралы" Ережеде белгіленген қағидалар бойынша анықталады.

      Зиянның мөлшерiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң нормаларына сәйкес анықтаған кезде қылмыстық процесті жүргiзетiн органдардың әрекеттерi заңсыз болып танылатын сәттер мен мерзiмдердi анықтайтын мән-жайларға назар аударған жөн. Атап айтқанда, ҚПК-нiң 38-бабы екінші бөлiгiнiң 4-тармағына сәйкес жасалған іс-әрекетiнiң саралануы ҚК-нің оны жасағаны үшiн күдік келтiру немесе айыптау кезiнде ұстап алуға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгертілген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптау бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайларда, сол сияқты соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын немесе мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану туралы заңсыз шешiмiнің күші жойылған жағдайда адамның ұсталуға немесе бұлтартпау шарасын қолдануға не қылмыстық жазасын қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде өтеуге байланысты адамның күзетпен ұсталуын заңсыз деп таныған жөн. Бұл ретте күзетпен ұстаудың, қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалаудың нақты өтелген мерзiмi ҚК-нің кiнәлi адам жасаған іс-әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып есептеледі. Егер ҚК-нiң қылмыстық құқық бұзушылық жаңадан сараланған бабында жаза ретiнде қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру көзделмесе, онда күзетпен ұстау, қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру ҚК-нің көрсетілген бабында көзделген жазамен есепке жатқызу мүмкін болмайтын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып саналады.

      13. ҚПК-нің 38-бабының төртінші бөлiгiне сәйкес өзiне-өзi жала жапқан адамға зиянның өтелмейтiнiн ескере отырып, әрбір нақты жағдайда адамның ерiктi түрде өзiне өзi жала жапқан-жаппағанын және iс бойынша ақиқатты ашуға кедергi келтiрген-келтірмегенін анықтау қажет. Іс бойынша тергеу жүргiзудiң рұқсат етiлмеген әдістерiнің қолданылуы немесе күдіктінің, айыпталушының, сотталушының өзiне өзi жала жабуына немесе жалған айғақтар беруiне алып келуі мүмкін басқа да заң бұзушылықтары анықталған жағдайда, заңсыз соттауға немесе қылмыстық процестi жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерiне байланысты адамға келтiрiлген зиян қанағаттандырылуға жатады.

      14. Рақымшылық жасау туралы актiнiң қабылдануына, кешiрiм жасалуына, ескiру мерзiмiнiң өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңiлдететiн заңның қабылдануына байланысты қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда зиянды өтеу туралы талап, егер адамның осы негiздер бойынша iстi тоқтату туралы келісімі болған кезде қылмыстық қудалауды тоқтату туралы, қолданылған процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жою туралы шешiмдер уақтылы қабылданбаған кезеңге ғана қанағаттандырылуға жататыны түсіндірілсін.

      15. Судья мүліктік зиянды өтеу туралы талапты ҚПК-нің 40-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жеке-дара қарайды. ҚПК-нің 38-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің салдарынан адамға келтірілген зиян қылмыстық процестi жүргiзетін органның кiнәсi бар-жоғына қарамастан, толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi. Сот отырысына мемлекеттің атынан Қазақстан Республикасының Бюджет туралы заңына сәйкес ағымдағы жылға қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге қаражат бөлінген мемлекеттік органның өкілі қатысады. Егер Бюджет туралы заңда мұндай орган белгіленбесе, онда өндіріп алу Республиканың Қаржы министрлігінен жүргізіледі. Көрсетілген өкілдің немесе талап еткен адамның сот отырысына келмеуі оны қарауға кедергі келтірмейді.

      Талапты қарау қорытындылары бойынша қаулы шығарылып, онда талапты қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығаруға негізге алынған мән-жайлар көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ қаулыда мыналар: қаулы шығарған органның және оның лауазымды адамының аты, оның шығарылған уақыты мен орны; азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылған, күзетпен қамауға алынған, жазаға немесе өзге де процестік мәжбүрлеу шараларына тартылған кезде негiзге алынған процестік құжаттың күні мен атауы; адам ақталған процестік құжаттың күні мен атауы, ақтау негiздерi; ақталған адамның талаптарының мазмұны; есеп-қисап жүргiзуге негiзге алынған құжаттарға және залалды өтеу туралы шешім қабылданған заңға сiлтеме жасай отырып, өтелуге жататын мүлiктiк зиянның егжей-тегжейлі есеп-қисабы; зиянды өтеу есебiнен төленуге жататын жалпы сома және оны төлеу тәртібі мен мерзiмдерi; зиянды өтеу туралы талапты iшiнара қанағаттандырудың немесе қанағаттандырмаудың негiздерi; шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіру тәртібі мен мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.

      15-1. Ақталған адамның қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы талабын қарауға судья оның қатысуымен қабылданған айыптау үкімінің күші жойылғаннан және адамды ақтағаннан кейін қатыса алмайды.

      16. Моральдық зиянның салдарын жою туралы талапты қанағаттандыру кезінде қаулының қарар бөлiгiнде ҚПК-нің 41-бабына сәйкес заңсыз қылмыстық қудалауға байланысты осы адам жөнiнде бұрын таратылған мәлiметтердi теріске шығару мақсатында қандай нақты әрекеттерді және кiмнің жасау қажеттігі көрсетiлуі тиiс. Қажет болған жағдайларда қаулыда бір ай ішінде баспасөзде жариялануға немесе радио, телевизия және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылуға жататын хабарламаның мәтіні жазылуы мүмкін.

      17. ҚПК-нің 415-бабының екінші бөлігіне сәйкес судьяның зиянды өтеу туралы талапты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысына ҚПК-нің 48-тарауында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.

      18. Қылмыстық процестi жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiнің салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуге байланысты ақшалай төлемдi жүргізу сол органдардың кiнәсiне қарамастан республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Зиянды өтеу туралы талапты қарау нәтижелері бойынша шығарылған, елтаңбалық мөр басылған қаулының көшiрмесiне төлем жасауға мiндеттi органдарға ұсыну үшiн арыз берушіге немесе оның заңды өкіліне жолдануға тиiс.

      19. Егер зиянды өтеу негiзге алынған соттың iстi тоқтату туралы ақтау үкімінің немесе қаулысының күші жойылып, iс жаңадан қаралған кезде айыптау үкімі шығарылса, адамға зиянды өтеу үшiн төленген сомалар одан сот шешiмiнiң орындалуын бұру тәртібімен өндiрiлуге жатады.

      20. Азаматтарды негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тарту, ұстап алу, заңсыз күзетпен ұстау немесе басқа процестік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану не азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қозғайтын өзге де заң бұзушылықтар анықталған жағдайда соттардың қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізуді жүзеге асыру кезінде заң бұзушылықтарына жол бермеуге қатысты шаралар қабылдау үшін тиісті органдар мен олардың лауазымды адамдарына жекеше қаулылар шығарғаны жөн.

      21. Осы қаулының қабылдануына байланысты "Азаматтарды заңсыз соттау фактілерін жою шаралары және қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу тәжірибесі туралы" 1987 жылғы 23 ақпандағы № 2 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының күші жойылды деп және "КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерімен азаматқа келтірілген зиянды өтеу туралы" Жарлығын сот тәжірибесінде қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1988 жылғы 23 желтоқсандағы № 15 КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.

      22. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      5. "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 7; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Есі дұрыс емес адамдарға, сондай-ақ маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істерді және медициналық сипаттағы шараларды қолдануды тоқтату, өзгерту және мерзімін ұзарту туралы ұсыныстарды қарау жөніндегі сот практикасын талқылай отырып, осы санаттағы істерді қарау кезінде кемшіліктерді жою және заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Есі дұрыс емес күйінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін психикасы бұзылған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және психиатриялық жәрдемді немесе маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлі емделуді қажет ететін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын дұрыс қолдану олардың жазылуына немесе денсаулықтарының жақсаруына әсер ететініне, сондай-ақ осы адамдардың қылмыстық заң бойынша жауаптылық белгіленген жаңа іс-әрекеттер жасауының алдын алуға ықпал ететініне соттардың назары аударылсын.

      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, оларды қолданудың мерзімін ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелер осы санаттағы істер бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктерін көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 91-98-баптарында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 54-тарауының баптарында регламенттелгені түсіндірілсін. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолданылуына байланысты медициналық жәрдем көрсетудiң негiздерi мен тәртiбi Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының кодексімен реттеледi.

      3. Адамда психикалық аурудың болуы, соның салдарынан оның өз әрекеттерiнiң іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауiптілігiн түсiну немесе оларды басқару қабілеттігінен айырылуы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн негiз болмайтынын соттардың ескергені жөн. Осыған байланысты әрбір iс бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттің жасалғаны дәлелденген-дәлелденбегенін, адамның оны жасау кезінде есі дұрыс емес күйде болған-болмағанын тексеру қажет. Бұған қоса психикасының бұзылуына байланысты адамның өзiне немесе басқа адамдарға қауiптілігiн немесе оның басқа да елеулi зиян келтiру ықтималдығын куәландыратын нақты деректер анықталуы тиіс.

      Психикасының бұзылуының сипаты мен ауырлығы, осыған байланысты оның басқа адамдарға зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға немесе өзіне зиян келтіруге, қоғамға қауіпті өзге де іс-әрекеттер жасауға (мүлiктi ұрлау, өртеу, жою немесе басқа тәсiлдермен бұзу және т.б.) бейімділігі, сондай-ақ аурудың өзінің қоғамға қауіпті ниеттерін іске асыру мүмкіндігі бағаланатын аурудың физикалық жай-күйі адамның өзі үшін немесе айналадағы адамдар үшін қауіпті екенін куәландыруы мүмкін.

      4. ҚПК-нiң 271-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген адамның психикалық дұрыстығына күмән келтiретiн мән-жайлар анықталған әрбір қылмыстық iс бойынша мiндеттi түрде сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы тиіс. Мұндай мән-жайлар, атап айтқанда, күдіктінің, айыпталушының отбасында психикалық аурумен ауыратын туыстарының болуы туралы, оның ақыл-есі кем адамдарға арналған мекемеде оқуы туралы, бұрын жарақат алғаны туралы, психиатриялық ауруханаларда есепте тұрғаны немесе емделгені туралы, психикасының бұзылуына байланысты бұрын қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылғаны туралы және т.б. деректер болуы мүмкін. Сарапшылардың шешуіне сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулыда адамның бұрын психикасының бұзылуының болуы, заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған кезде немесе тергеп-тексеру не сот істі қарау барысында психикалық ауруының дәрежесi мен сипатын анықтауға, қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған кезде есінің дұрыстығын, күдіктінің, айыпталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн алдын ала тергеу немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе сот талқылауы кезеңінде не сот үкімі бойынша қылмыстық жазаны өтеу кезінде психикалық жай-күйін, сондай-ақ психикасы бұзылуының сипаты мен асқынуын анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтарды қойған жөн. Сонымен қатар сарапшыларға адамның анықталған ауруына байланысты оның өзiне және басқа адамдарға қауiп төндіру-төндірмеуі, басқа да едәуір зиян келтіре алатын-алмайтыны, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын және оның қай түрін қолдануды қажет ететін-етпейтіні, сондай-ақ психикалық ауруының сипаты мен асқынуын ескере отырып, адамның түсiнiктемелер беруге, өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, дәлелдемелер ұсынуға және ҚПК-нің 515-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген басқа да әрекеттерді жасауға мүмкіндігінің бар-жоғы жөнінде мәселелерді қойған жөн.

      Қылмыстық iсте адамның спирттік ішімдіктерді, есiрткi, психотроптық немесе өзге де есеңгiрететiн заттарды жүйелi түрде қолдануы туралы мәлiметтер болған жағдайда қылмыстық процестi жүргiзетін орган осындай адамдарды куәландыруға жіберу туралы қаулы шығарып, iске осы адамның маскүнемдiктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлі емдеудi қажет ететiн-етпейтіні және оған қарсы көрсетілімдердің бар-жоғы туралы медициналық комиссияның қорытындысын қоса тіркегені жөн.

      5. Бiр әрекетке қатысты адамның есiн дұрыс емес деп тану басқа іс-әрекетті жасаған кезде оның есі дұрыс деп тану мүмкiндiгін жоққа шығармайтыны түсiндiрiлсiн. Осыған орай, бұрын есі дұрыс емес деп танылған және қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған жағдайда, жаңадан жасаған іс-әрекетiнiң әр эпизодына қатысты оның есiнiң дұрыстығын немесе дұрыс еместігін анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы және өткiзiлуi тиiс. Қажет болған жағдайда стационарлық сот-психиатриялық сараптама, сондай-ақ психологиялық-психиатриялық сараптама өткiзудi тағайындаған жөн.

      6. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар ҚПК-нiң 14, 279-баптарына сәйкес күзетпен ұсталған күдіктіні, айыпталушыны сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру үшiн бұл туралы тергеушiнiң қаулысы керек екендiгiн, ал күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық ұйымға орналастыру үшiн оның келiсiмi, олай болмаған жағдайда сот қаулысы керек екендiгiн ескергенi жөн.

      7. Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған сәтте адамның есiнің дұрыс еместігі туралы немесе қылмыс жасағаннан кейiн оның психикасының бұзылғаны туралы сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысын алған кезде, тергеуші қылмыстық-процестік заңның алдын ала тергеуді жүргізу тәртібін реттейтiн жалпы нормаларынан басқа, ҚПК-нің 509-518-баптарының: iстi бөлек іс жүргізуге шығару мәселесiн шешу, бұлтартпау шарасының күшін жою және қажет болған жағдайда қауiпсiздiк шарасын қолдану, қорғаушы мен заңды өкiлді, егер олар бұрын басқа негiздер бойынша iске қатыспаса, iске тарту жөніндегі талаптарын дереу орындауға тиiс.

      8. Қылмыстық процесті жүргiзетiн органдардың назары мынаған аударылсын: қоғамға қауiптi іс-әрекеттердi есi дұрыс емес күйде жасаған адамдарға немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылған адамдарға ҚПК-нің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларын қолдануға тыйым салынады. Мұндай адамдарға ҚПК-нің 511-бабының екінші бөлігінде көзделген қауiпсiздiк шаралары қолданылуы мүмкiн: денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, ауруды туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына беру, психиатриялық көмек көрсететін ұйымға немесе мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру. Ауруды туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына беру түріндегі қауіпсіздік шарасы аталған адамдардың келісімімен ғана қолданылуы мүмкін, ал олар бас тартқан жағдайда медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы қолданылуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Iс бойынша анықталған, есi дұрыс емес адамның өзiне немесе өзге де адамдарға қауiпті екендігін немесе басқа да елеулі зиян келтiруi мүмкiн екендігін куәландыратын деректер қауiпсiздiк шараларын қолдануға және оның түрiн таңдауға негiз болады.

      9. Қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда адамдар орналастырылатын мамандандырылған медициналық ұйымдарға: жалпы үлгідегі психиатриялық стационар, мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационар, қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарлар жатады. Сот, тергеу судьясы ҚПК-нің 14-бабының екінші бөлігінде, 279-бабының екінші бөлігінде және 511-бабының екінші бөлігінде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты мамандандырылған медициналық ұйымға мәжбүрлі түрде орналастыру туралы уәжді қаулы шығаруы тиіс.

      10. Егер алдын ала тергеу жүргізу барысында есі дұрыс емес күйінде қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған адамға оның психикалық аурумен ауыру фактiсi анықталғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылып, ол тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн жойылмаса, онда iстi өз іс жүргізуіне қабылдаған прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша оның күші дереу жойылып, қауiпсiздiк шарасын таңдаған кезде адам психиатриялық көмек көрсететiн тиiстi медициналық ұйымға ауыстырылуы немесе бiреудiң қарауына тапсырылуы тиіс.

      Қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты ауруды бiреудiң қарауына тапсыруды немесе мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыруды нақты жүзеге асыру тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жасаған хаттамасы, қаулысы түрінде рәсiмделуi керек. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың мамандандырылған медициналық ұйымдағы адамды сараптама жүргізу үшiн немесе сот отырысына не мәжбүрлі емделетін жерге жеткізу туралы процестік шешімін орындау есі дұрыс емес адам орналастырылған медициналық ұйыммен келiсе отырып, iшкi iстер органдарына жүктеледi.

      11. Сот психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша адам өзiнiң процестік құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылмаған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар ҚПК-нiң 515-бабы екінші бөлігінiң талаптарына сәйкес ондай адамға процестік құқықтарын түсiндiруi және олардың тізбесін жазбаша түрде беруi тиiс.

      12. ҚПК-нiң 517-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы мiндеттi болып табылады. Қорғаушының iске қатысуы, егер ол бұрын ҚПК-нiң 64, 66, 67, 536-баптарында көрсетiлген өзге негiздер бойынша iске араласпаса, адамның есінің дұрыс еместігі немесе психикасының бұзылуы фактiсi анықталған кезден бастап жүзеге асырылуы тиiс.

      13. ҚПК-нің 7-бабының 11) тармағына сәйкес есi дұрыс емес немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикалық ауруға шалдыққан адамдардың ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-iнілерi, апа-сiңлілерi, атасы, әжесi, немерелерi заңды өкiлдерi болып танылуы мүмкiн. Егер адамның жақын туыстары болмаған жағдайда, адвокат немесе iс бойынша іс жүргізу кезінде басқа адамдардың заңды мүддесiн қорғауға құқығы бар, қылмыстық процесті жүргiзетін орган іске қатысуға рұқсат берген адам оның заңды өкiлi бола алады.

      Іске қатысуға заңды өкілді тарту тергеушiнiң қаулысымен, егер ол оны жасамаса, iстi өзінің іс жүргізуіне алған прокурордың қаулысымен не соттың қаулысымен жүзеге асырылады.

      Заңды өкiлдi iске тарту туралы мәселе iсі жүргiзiлiп жатқан адамның есiнің дұрыс еместігі немесе психикасының бұзылу фактiсi анықталған кезден бастап шешілу керек. Қылмыстық процесті жүргiзетін орган заңды өкiлге ҚПК-нің 516-бабының үшінші бөлігінде көрсетiлген құқықтарын түсiндiруге және бұл туралы хаттама толтыруға (сот отырысының хаттамасына жазып қоюға) мiндеттi.

      14. Жақын туысы болып табылатын есi дұрыс емес адамның заңды өкiлi өзiнiң келiсiмімен ғана және басқа адамның заңды өкiлi болып басқа заңда көрсетiлген жақын туысқаны танылғаннан кейiн қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаудың мән-жайлары туралы куә ретiнде жауап бере алады.

      15. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша жасалған іс әрекетке заң тұрғысынан баға берілуіне қарамастан, алдын ала тергеу мiндеттi түрде жүргізіліп, оның барысында ҚПК-нiң 510-бабының екінші бөлігінде көрсетiлген мән-жайлар толық, жан-жақты және объективтi түрде зерттелуi тиiс.

      Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адам психикасының бұзылу сипаты мен дәрежесіне қарай өзiне және басқа да адамдарға қауiп төндірмейтін болса, сондай-ақ өзге де елеулі зиян келтiру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші ҚПК-нiң 35-бабы бірінші бөлігінің 9)-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша iс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ҚПК-нiң 288-бабының екіншіден бастап алтыншыны қоса алғандағы бөліктерінің талаптарына сәйкес келетін қаулы шығаруы тиiс. Басқа жағдайларда алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулы шығаруға және iспен бiрге оны тиiстi прокурорға жiберуi керек.

      16. Егер алдын ала тергеу барысында адамның қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы қылмыстық қудалауды жалғастыруға мүмкiндiк бермейтiнi анықталса, қылмыстық процестi жүргiзетін орган ҚПК-нің 35 және 288-баптарының талаптарын сақтай отырып, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатуы керек. Сонымен қатар, ауырып қалған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұл туралы қаулы шығарып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны тексеру және бекіту үшiн iстi тиiстi прокурорға жiберуге мiндеттi. Прокурор қаулыны бекіткеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қабылданған шешім туралы ҚПК-нің 289-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды хабардар етуге міндетті.

      17. ҚПК-нiң 518-бабының бесінші бөлігіне сәйкес прокурор медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулысымен келiп түскен iстi қарап, онда ҚПК-нің 35 және 288-баптарында көрсетiлген негiздер болған жағдайда iстi тоқтатуға, ал қажет болған жағдайда (мысалы, адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаны фактiсiн растайтын немесе терiске шығаратын мән-жайларды қосымша анықтау үшiн, іс-әрекетке дұрыс заңдық баға беру үшін, iске қорғаушыны, заңды өкілдi тарту үшiн, қауiпсiздiк шараларын қабылдау үшiн, мүдделi адамдардың iспен танысу туралы өтінішхаттарын шешу үшiн және т.б.) қосымша тергеп-тексеруге қайтаруға мiндеттi. Iстi тоқтатуға немесе қосымша тергеп-тексеруге негiз болмаған жағдайда, прокурор аумақтық соттылық қағидаларын сақтай отырып, iстi тиісті сотқа жiберуі тиiс. Прокурор қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттерді жасаған есi дұрыс емес адамдарды немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылған адамдарды сотқа тапсыру туралы қаулы шығармайды.

      Адамның заңда кепілдендірілген құқықтарын сақтау мақсатында, оған қатысты іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылатын болса, процестің басқа да қатысушыларына сияқты оған және оның заңды өкіліне, істі тоқтату туралы немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жолдау туралы қаулы міндетті түрде тапсырылады.

      18. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстердi соттың іс жүргізуіне қабылдау және оны қарауға тағайындау судьяның қаулысымен ресімделуі керек. Қаулының қарар бөлiгiнде iстi қараудың күнi мен орнынан басқа, бұлтартпау шарасының, егер тергеуші немесе прокурор оның күшін жоймаса, күшін жою туралы, қажет болған жағдайда қауiпсiздiк шараларын таңдау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, сот iсiн жүргiзу тілі туралы, сот талқылауының жариялылығы туралы, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету шаралары туралы, iсi келiп түскен адамның сот отырысына қатысуы туралы, сот отырысына жәбiрленушiлердi, куәларды, сарапшыларды шақыру туралы, сондай-ақ iстiң дұрыс және заңды қаралуына маңызы бар басқа да мәселелер туралы шешiмдер көрсетiлуi тиіс.

      19. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істерді ҚПК-нің 306 - 309-баптарында белгіленген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы сот қарайды. Басты сот талқылауы барысында сотталушының есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны немесе оның психикасының бұзылғаны анықталса, есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану немесе қолданудан бас тарту туралы қаулы шығара отырып және басқа адамдарға қатысты шешім қабылдай отырып, істі мәні бойынша сол сот отырысында бір іс жүргізуде қарауға жол беріледі.

      Егер қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамдар туралы істерді қарау ұзақ уақытты қажет етсе, онда сот ҚПК-нің 44-бабының талаптарын сақтай отырып, есі дұрыс емес адамға қатысты материалдарды бөлек іс жүргізуге шығаруға құқылы.

      Істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша апелляциялық, кассациялық тәртіппен қарау барысында іс-әрекетті жасаған кезде адамның есі дұрыс емес күйде болғаны немесе қылмыс жасағаннан кейін, бірақ бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін болмайтын психикалық бұзылулармен ауырды деп пайымдауға негіз беретін мән-жайлар анықталған кезде, іс бойынша шығарылған сот актілері ҚПК-нің 54-тарауының қағидаларына сәйкес істі жаңадан сот қарауына жіберілуге жатады.

      20. Iстiң дұрыс шешiлуi үшін маңызы бар, адамның қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауiптi іс-әрекетті жасағанын белгілейтін немесе терiске шығаратын дәлелдемелердi, сондай-ақ басқа да елеулі мән-жайларды мұқият тексеру керек екендiгiне соттардың назары аударылсын. Осы мақсатта сот отырысына жәбiрленушілер, куәлар шақырылып, айғақтар алынуы, жазбаша дәлелдемелер жарияланып, зерделенуі, заттай дәлелдемелер зерттелуi тиiс. Адамның есi дұрыс еместігі, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, мәжбүрлеу шараларының түрiн айқындау туралы мәселенi шешу соттың құзыретіне жатады. Сондықтан психиатр-сарапшылардың қорытындысына iстегi барлық материалдармен жиынтықта мұқият баға берiлуi керек. Егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы оның қысқаша жазылғанына, уәжді болмауына немесе басқа да себептерге байланысты сенім тудырмаса, немесе онда сол санаттағы iстер бойынша анықталуға жататын мәселелердiң барлығы көрсетілмесе, соттар қосымша немесе қайта сараптамалар жүргiзудi тағайындауы қажет. Іс жүргізу қажет болған жағдайда сараптаманы қайта жүргiзу тәуелсiз сараптамаға тапсырылуы мүмкiн (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасының орталығы базасында ұйымдастырылған сот-психиатриялық сараптама, т.б.).

      21. Сот тергеуi прокурордың есi дұрыс емес деп танылған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттілігi туралы дәлелдерді баяндаудан басталатынын соттар ескерсiн. Бұл ретте прокурор ҚПК-нің 510-бабында көрсетілген мән-жайларды растайтын, сондай-ақ аурудың өзiне және өзге адамдарға қауiптілігiн куәландыратын iстегi барлық дәлелдемелердi келтіруі және олар дәлелденген жағдайда сотқа есi дұрыс емес адамға ҚК-нің 93-бабында көзделген медициналық мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдануды ұсынуы тиiс. Айыптау және қорғау тараптары iс бойынша жүргізiлген іс жүргізудің заңдылығын, ҚПК-нің 510-бабында көрсетiлген мән-жайлардың дәлелденгендiгiн тексеруге қатысуға, ал ҚПК-нің 383-бабында көзделген тәртiппен өткiзiлген жарыссөз кезiнде сотқа сот тергеуiнде анықталғанға, оның пікірінше, сәйкес келетін шешiм қабылдауды ұсынуға мiндеттi.

      22. ҚПК-нің 520-бабына сәйкес сот талқылауы барысында: іс-әрекеттiң болған-болмағанын; оның заңды бағасы; осы іс-әрекетті iсi қаралып жатқан адам жасаған-жасамағанын осы адамның іс-әрекеттi жасау кезінде есi дұрыс емес күйде болған-болмағанын немесе оны жасағаннан кейiн психикасы бұзылып ауырып қалған-қалмағанын; қылмыс жасағаннан кейiн ауырып қалған адамға жаза тағайындау және оны орындау мүмкіндігінің болатын-болмайтынын; ауру адамның өзiне және басқа адамдарға қауiптi-қауіпсіз екендігін және өзге де елеулi зиян келтiруi мүмкiндiгiнің бар-жоғын; мұндай адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану және нақты қандайын қолдану қажет немесе қажет еместігі анықталуы тиіс екендiгi түсiндiрiлсiн. Сонымен қатар сот азаматтық талап қою қанағаттандырылуға жататын-жатпайтынын кiмнiң пайдасына, және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап қою берiлмесе, мүлiктiк зиян өтелуге жататын-жатпайтынын; азаматтық талап қоюды қамтамасыз етуге тыйым салынған мүлiктi не iстеу керектігі; заттай дәлелдемелер туралы мәселелерді анықтауы тиiс.

      23. Сот талқылауы нәтижелері бойынша сот: ҚПК-нің 35-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлген негiздер бойынша, егер iс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар анықталса, iстi тоқтату туралы; адамды қылмыстық жауаптылықтан босату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдану туралы; адамды қылмыстық жазадан босату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбастан істі тоқтату; тергеп-тексеруді жалпы тәртіппен ұйымдастыру үшін істі прокурорға жолдау туралы қаулылардың бiрiн шығаруға тиiс. ҚК-нің 93-бабында көрсетiлген медициналық сипаттағы бір ғана мәжбүрлеу шаралары және тек ҚК-нің 91-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген мән-жайлар анықталған жағдайда ғана қолдануға құқылы екенiне соттардың назары аударылсын. Соттар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын таңдау кезінде ҚК-нің 92-бабында көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсатын негізге алуы, жасалған іс-әрекеттiң қоғамдық қауiптілігiн, психикалық бұзылудың дәрежесі мен асқынуын, осы адамның өзге адамдарға және өзiне қауiптi болуын және қауiптілік деңгейiн немесе психикасының бұзылуына байланысты өзге де елеулі зиян келтіру мүмкiндiгiн, сондай-ақ адамның емдеудi қажет ететiнiн ескеруi тиiс. Психикасы бұзылған адамның өзiне және өзге де адамдарға қауiптілiгiнiң дәрежесі және оның басқа да елеулі зиян келтіру мүмкiндiгi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрiн анықтау үшiн басым негiз болып табылады.

      24. Сот қаулысы ҚПК-нің 521-бабының талаптарына жауап беруi керек. Онда iсi қаралып жатқан адамның жасаған іс-әрекетiнiң сипаты, осы іс-әрекет қылмыстық заңның қай нормасында көзделгенi, іс-әрекеттi осы адамның жасағанын растайтын дәлелдемелер баяндалуы тиіс. Сонымен бiрге қаулыда адам психикасының бұзылуына шалдыққанына дәлелдемелер келтірілуі тиіс, бұл ретте адам іс-әрекеттi жасаған сәтте есi дұрыс емес күйде болған-болмағанын немесе психикасының бұзылуы қылмыс жасағаннан кейiн басталған-басталамағанын мiндеттi түрде көрсету қажет.

      Егер сот адамның қылмыс жасаған кезде өзiнiң әрекеттерiне жауап бере алған және оларды басқара алған, ал психикасы қылмыс жасалғаннан кейiн бұзылған деген қорытындыға келсе, онда қаулыда мiндеттi түрде оның ауруы қылмыстық жаза тағайындауға және оны орындауға кедергi болатын-болмайтыны туралы нақты дәлелдер келтірілуі тиiс.

      Психикасының бұзылуына байланысты адамның қылмыстық жауапты бола алмайтынын немесе қылмыстық жазаға тартыла алмайтынын тани отырып, сот қаулыда адамның өзi немесе айналасындағы адамдар үшiн қауiптілігi туралы немесе оның өзге де елеулі зиян келтiре алатындығы туралы тұжырымының себептерiн келтiруге мiндеттi.

      Маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы осы адамдарға тағылған айып бойынша қабылданған сот үкімінде немесе өзге де қорытынды шешiмiнде көрсетiледi. Ақтау үкімі шығарылған кезде маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу қолданылмайды.

      25. Қаулының қарар бөлiгiнде соттарға қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған адамды заңда көрсетілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолданып немесе осындай шараларды қолданбай, оны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы және iстi тоқтату туралы көрсетуі тиіс.

      Егер сотта адамның психикасы қылмыс жасағаннан кейiн бұзылғаны анықталса, сот қаулының қарар бөлiгiнде ҚК-нің 75-бабының бірінші бөлігінің негізінде, оған заңда көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолданып немесе оны қолданбай, адамды жазаны өтеуден босату және ҚК-нің 75-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ондай адамдарға жазылғаннан кейiн қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығын және ҚК-нің 71 және 77-баптарында белгiленген ескiру мерзiмдерi шеңберiнде қылмыстық жазаны қолдану мүмкіндігін ескере отырып, iс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы көрсетуге мiндеттi. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзiмдерi сот қаулысында көрсетiлмейдi. Қаулыда ісі қаралған адамның қорғаушысы, заңды өкілі немесе жақын туысы, жәбірленуші және оның өкілі апелляциялық тәртіппен шағым жасай алатыны, сондай-ақ ҚПК-нің 48-тарауында жазылған қағидалар бойынша прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін екендігі көрсетілуі тиіс. Iсi қаралған адамның жақын туысы оның iс бойынша заңды өкiл болған-болмағанына және iске қатысқан-қатыспағанына қарамастан, апелляциялық шағым беруге құқылы екенi түсiндiрiлсiн. Iсi қаралған адам, егер сараптама қорытындысы бойынша оның психикалық жай-күйі iс бойынша сот ісін жүргізуге қатысуға мүмкіндік берсе, сот қаулысына шағымдануға құқылы. Өзге жағдайларда бұл адамның, сондай-ақ азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдерінің шағым беру құқығы жоқ.

      26. ҚК-нің 91-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақтарында көзделген негiздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған сот қаулысының орындалуы қарамағында психиатриялық стационарлар бар денсаулық сақтау органдарына және iшкі iстер органдарына жүктеледi.

      Қылмыстық жазамен қатар мәжбүрлеп емдеу тағайындалған, маскүнемдiкпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен немесе психикасының бұзылуымен ауыратын адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiмен анықталады.

      27. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану және психиатриялық көмек көрсету жүктелген денсаулық сақтау органдары медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданған күннен бастап 6 ай өткен соң, ал одан кейiн жүйелi түрде 6 ай сайын ауруды куәландырып, қолданылған емдеу тәсiлдерiнiң және медициналық бақылаудың негiзiнде ҚК-нің 96-бабына сәйкес сотқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды өзгерту, мерзiмiн ұзарту немесе тоқтату туралы негiзделген қорытынды ұсынуға мiндеттi. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзiмiн соттың жүйелi түрде ұзартуынсыз адамды психиатриялық стационарда ұстау заңсыз болып табылады.

      28. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтату, өзгерту немесе мерзімін ұзарту қажеттігі туралы ұсынуын (қорытындысын) қарауды мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулыны шығарған соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады. Егер мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйым аталған соттардың аумақтық соттылығынан тыс жерде болса, онда ұсынуды медициналық ұйым орналасқан жердегі тиісті аумақтық сот қарайды. Сот қызметiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды негiзсiз өзгерту, мерзiмiн ұзарту немесе тоқтату фактiлерi жойылуы тиiс. Соттар есi дұрыс емес деп танылған адамның жасаған қылмысы ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға жататын жағдайларға, оның медициналық ұйымда болу мерзiмiне және дәрiгерлiк қорытындыда көрсетiлген оның психикасындағы өзгерiстерге ерекше назар аударуы керек. Мұндай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту өткiзiлген емдеуден кейiн немесе психикалық және тән күйiнiң өзгеруi салдарынан өзiне және өзге адамдарға қауiптi болмайтынын дәлелдейтiн шынайы, даусыз мән-жайларға негiзделуi тиіс.

      Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту, мерзiмiн ұзарту туралы ұсынуды қарау нәтижесiнде шығарылған қаулыға ҚПК-нің 522-бабында көрсетiлген адамдар шағым жасауы, наразылық келтіруі мүмкін.

      29. ҚПК-нің 477-бабының бірінші бөлігіне сәйкес айыптау үкімін шығарумен және қылмыстық жаза тағайындаумен қатар адамға қолданылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мерзiмiн ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелердi сотталушы жазаны өтеп жатқан мекеменiң ұсынысы бойынша немесе оның жеке өтiнiшхаты бойынша сотталушының жазаны өтеу орны бойынша аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шешетiнi соттарға түсiндiрiлсiн. ҚК-нің 75-бабында көзделген негіздер бойынша адамды жазадан босатып, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды, сотталған адамды жазадан босату туралы қаулыны шығарған аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады. Егер мәжбүрлеп емдеу сот үкімімен ҚК-нің 91-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тағайындалса, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы ұсынуды жаза өтелiп жатқан жердегi аудандық немесе оған теңестiрiлген сот қарайды.

      30. Осы қаулының қабылдануына байланысты Пленумның 1985 жылғы 1 қарашадағы № 17 қаулысымен енгiзілген өзгерiстермен "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, өзгерту және тоқтату жөніндегі сот тәжiрибесi туралы" КСРО Жоғарғы Сот Пленумының 1984 жылғы 26 сәуірдегі қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.";

      6. "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 6; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыбы мен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жәбiрленушімен, арыз берушімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 68-бабының негізiнде қылмыстық жауаптылықтан босату сот практикасын қорыту нәтижелерін талқылап, соттардың аталған заң нормаларын біркелкі қолдануы мақсатында мынадай түсiндiрме беруге қаулы етеді:";

      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тараптарды татуластыру институтын дұрыс қолдану жәбірленушінің, арыз берушінің қылмыстық процестегі рөлi мен белсенділігін арттыруға, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын толық және тез қалпына келтiруге ықпал етеді, бір мезгілде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, кейіннен жәбiрленушiмен, арыз берушімен татуласу және зиянды қалпына келтіру түрiнде байқалатын оң мінез-құлық танытқан адамдарға ізгілік танытуға бағытталған.

      Қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға, жәбірленушіге және арыз берушіге ҚК-нің 68-бабына сәйкес татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсіндіруге міндетті.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы ҚК-нің 68-бабының негізінде күдіктінің қорғаушысының қатысуымен жәбірленуші мен күдіктіге олардың татуласу құқығы туралы түсіндіреді, бұл туралы жеке хаттама толтырылады.

      Тараптан іс бойынша тараптарды татуластыру үшін медиаторды тарту туралы өтінішхат келіп түскен кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.

      Татуласу процесінде, оның ішінде медиация тәртібімен болашақта зиянды өтеу туралы келісімге қол жеткізу ҚК-нің 68-бабын қолдануға негіз болатын жәбірленушіге келтірілген зиянның орны толтырылды деп қаралуы мүмкін емес, бұл туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті мен жәбірленушіге түсіндіруі тиіс.";

      3) 3, 3-1, 3-2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 10-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылық жасаған адам, егер ол келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе және ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса немесе медиация тәртібімен татуласса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

      3-1. ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелері онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға қатысты мынадай негіздердің жиынтығы болған:

      ол жасаған қылмыстық жазаланатын іс-әрекет қазаға ұшыратуға байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатқан;

      қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен, сондай-ақ медиация тәртібімен татуласқан;

      қылмыс жасаған адам жәбірленушіге, арыз берушіге жасаған қылмысымен келтiрілген зиянды қалпына келтірген кезде қолданылады.

      Санамаланған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда ҚК-нің 68-бабының бірінші қолдануға жол берілмейді.

      Бұл ретте адам қылмыстық теріс қылықты немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасағаны не оның әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше рет жасалуы, жиынтығы немесе қайталануы, оның алдыңғы үкім бойынша жазасын өтеген-өтемегені немесе жаңа қылмысты жазасын өтеу кезеңінде не пробациялық бақылау немесе үкімді орындауды кейінге қалдыру не шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кезде жазасының өтелмеген бөлігі кезеңінде жасағаны маңызды емес.

      ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелерін қолдану кезінде осы бапта көрсетілген істі тоқтату негіздері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 32-бабының екінші және төртінші бөліктерінде, 35-бабы бірінші бөлігінің 5,7-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қолданылмайтынын ескерген жөн.

      3-2. ҚК-нің 68-бабы екінші бөлігі бойынша қазаға ұшыратуға немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты жасағаны туралы істі тоқтату мәселесін шешу, егер бұл қылмысты толық тізбесі ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар алғаш рет жасаса, мүмкін болады.

      ҚК-нің 68-бабы екінші бөлігінің ережелері қазаға ұшыратуға немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты мынадай негіздердің жиынтығы болған:

      қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар оны тәрбиелеп отырған әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер жасаған;

      кінәлі адам жасаған іс-әрекет қазаға ұшыратуға немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыстар санатына жатқан;

      қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласқан;

      қылмыс жасаған адам жәбірленушіге, арыз берушіге қылмыспен келтірген зиянды қалпына келтірген кезде қолданылады.

      Санамаланған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігін қолдануға жол берілмейді.

      Кәмелетке толмаған адамды қазаға ұшыратуға немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда оған тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

      4. Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс жасаған адамға ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігін қолдану туралы мәселені шешу кезінде алғаш рет жасалған қылмыс деп адамның іс жүзінде алғаш рет жасаған іс-әрекеті, не алғаш рет жасамаған, бірақ, егер бұрын жасаған қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылған немесе жазадан толық босатылған не сотталғандығы өтелген немесе алып тасталған іс-әрекеті түсінілуі тиіс (ҚК-нің 79-бабы).

      Екі және одан да көп қылмыс жасаған адам (бірнеше рет жасалуы немесе нақты жиынтығы кезінде) тұтастай алғанда қылмысты алғаш рет жасаған адам болып таныла алмайды. Сонымен қатар айыптаудың бірінші эпизоды бойынша адамды алғаш рет қылмыс жасаған деп санау қажет.

      5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам қалпына келтіруге жататын зиянға қылмыстық құқық бұзушылықпен жәбірленушіге, арыз берушіге келтірілген кез келген: моральдық, тәндік және мүліктік зиянды жатқызу қажет, бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты тікелей шығындар ғана емес, сонымен қатар жанама шығындар, оның iшiнде өкiлге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, алдын ала тергеуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстар да ескерілуі тиіс.

      Зиянды қалпына келтіру бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру, ұрланған мүлiктi қайтарып беру немесе соған тең мүлiктi беру, ақшалай өтемақы төлеу, дәрi-дәрмектердi, санаториялық-курорттық жолдамаларды сатып алу, жәбірленушіден, арыз берушіден кешiрiм сұрау түрiнде және заңмен тыйым салынбаған басқа да нысандарда болуы мүмкiн.

      6. Жәбiрленушiге, арыз берушіге нақты қандай зиян келтiрiлгенiн және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның келтірілген зиянды толық көлемде қалпына келтірген-келтірмегенін мұқият анықтау қажет. Келтiрiлген зиян үшiн жасалатын өтемақы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның емес, жәбiрленушiнiң, арыз берушінің көзқарасы бойынша жеткiлiктi болуға тиiс.

      Қылмыстық қудалау органдары мен сот жәбiрленушiнiң, арыз берушінің қалпына келтіруге жататын зиянның көлемi туралы талаптарын өзгертуге құқылы емес.

      Тараптар арасында зиянды өтеу көлемi туралы даудың болуы татуласудың болмағанын куәландырады және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам бұл жағдайда ҚК-нің 68-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін емес.

      Зиянды қалпына келтіру нақты болуы, тараптардың татуласуынан және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешiм қабылдауға дейін болуы тиіс. Жәбiрленушiнiң, арыз берушінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға зиянды қалпына келтіру туралы қойған талаптарынан ерiктi түрде бас тартуы осы мiндеттi ол орындамаған деп бағалана алмайды және өздігінен тараптардың татуласуы үшiн кедергі бола алмайды.

      ҚК-нiң 68-бабын қолдану үшiн зиянды қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның өзі немесе оның өтiнiшi бойынша туыстарының, басқа адамдардың не ұйымның қалпына келтіргені маңызды емес.

      7. Татуласу жәбiрленушiнiң, арыз берушінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қарсы қозғалған қылмыстық iстi тоқтату туралы өтінiшi түрiнде болады. Жәбiрленушінiң, арыз берушінің ерік бiлдiруi жазбаша арызбен ресiмделедi немесе алдын ала тергеп-тексеру сатысында одан жауап алу хаттамасында не сот отырысының хаттамасында көрсетiледi.

      Айыпталушыға (сотталушыға) материалдық наразылықтардың болмауына байланысты жазаны жеңілдету туралы жәбірленушінің, арыз берушінің өтінішхаты болған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам мен жәбірленушінің, арыз берушінің арасында татуласудың болған-болмағанын және ҚК-нің 68-бабын қолдану үшін қажетті өзге де негіздердің бар-жоғын анықтауға міндетті.

      8. Жәбiрленушінiң, арыз берушінің татуласу құқығын жүзеге асыруы кезiнде өз еркімен ерік білдіру фактісі iс бойынша дәлелдеу нысанасына кiредi. Жәбiрленушiнiң, арыз берушінің кiмнiң болса да мәжбүрлеуімен берген татуласу туралы арызы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босату үшiн негiз бола алмайды.

      Тараптардың келісімімен татуласу рәсіміне басқа адамдардың (туыстарының, достарының, қызметтестерінің, мемлекеттiк ұйымдар немесе қоғамдық бірлестіктер өкiлдерiнiң және т.б.) қатысуы жәбiрленушiнiң, арыз берушінің татуласу құқығына өз еркімен ерік білдіруін жоққа шығармайды.

      Қылмыстық қудалау органдары мен сот қандай да бір мақсатпен тараптардың татуласу процесiне қатысуға құқығы жоқ, олар тек жәбiрленушi, арыз беруші мен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсiндiруге тиiс.

      9. Қылмыстық қудалау органдары мен соттар адамдарға жәбiрленушi мәртебесiн берген кезде заң талаптарын қатаң сақтауы, жәбiрленушi деп танудан негiзсiз бас тартуы, сол сияқты шын мәнiсiнде жәбiрленушi болып табылмайтын адамға жәбiрленушiнiң құқықтарын заңсыз беру жағдайларын практикадан алып тастау қажет.

      ҚПК-нің 71-бабына сәйкес жеке тұлға, сонымен қатар заңды тұлға да жәбiрленушi болуы мүмкiн. Қылмыстық қудалау органдары мен сот қылмыс жасаған адаммен татуласуға жәбiрленушінiң өкiлi ретiнде қатысатын заңды тұлғаның өкiлеттігін тексеруге тиiс. Мұндай өкiлеттiктер iске қатысуға берiлген сенiмхатта көрсетiлуi тиіс.

      9-1. ҚК-нің 68-бабының бірінші, екінші бөліктерінің негізінде татуласуына байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға жәбірленуші (жеке немесе заңды тұлға), арыз беруші болған кезде ғана жол беріледі.

      ҚК-нің 68-бабының үшінші бөлігінің негізінде ҚК-нің 68-бабының бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам шын ниетімен өкінген және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды қалпына келтірген жағдайда, жәбірленуші, арыз беруші болмаған кезде де қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

      Тізбесі ҚК-нің 3-бабының 29-тармағында берілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істер бойынша ҚК-нің 68-бабын қолдануға жол берілмейді.

      9-2. ҚПК-нің 36-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, ҚК-нің 68-бабының екінші және үшінші бөліктерінің негізінде сотқа дейінгі сатыда - прокурор және оның келісімімен тергеуші немесе анықтау органы, сот талқылауы сатысында тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасымен сот (судья) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі тоқтатуға құқылы.

      10. Кәмелетке толмаған (он төрт жастан он сегіз жасқа дейiнгi) не әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған жәбiрленушiнiң қылмыс жасаған адаммен татуласуы жәбiрленушiнiң заңды өкiлiнiң келiсiмiмен ғана мүмкiн.

      Заңды өкiлдер болып табылатын адамдар тобы ҚПК-нің 7-бабының 13-тармағында белгіленген және кеңейтіп түсіндірілуге жатпайды.

      10-1. ҚК-нің 68-бабының (Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) ережелері ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.

      ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің (қылмыстық заңның кері күші) талаптарына сәйкес ҚК-нің 68-бабы төртінші бөлігі 8) тармағының ережелері 2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты бұрын қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға ғана қолданылады.

      Адамды тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі, ҚК-нің 71-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы қылмыс жасалған кезден бастап ҚК-нің 71-бабының бірінші бөлігінің қағидалары бойынша есептеледі.";

      4) 12, 13, 13-1, 13-2, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жәбiрленушінiң ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерi, апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi оның жақын туыстары болып табылады. ҚПК-нiң 7-бабының 11-тармағында көрсетiлген адамдардың осы тiзбесі түпкiлiктi болып табылады және кеңінен түсіндіруге жатпайды.

      13. Заңға сәйкес ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігінде көзделген норманы, қылмыстық қудалау органдары мен соттың адамды қылмыстық жауаптылықтан босату үшін көрсетілген негіздер жиынтығы болған кезде қолдануы үшін міндетті.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының күдіктіге және (немесе) жәбірленушіге ҚПК-нің 64-бабы тоғызыншы бөлігінің 15) тармағында және 71-бабы алтыншы бөлігінің 8) тармағында көзделген олардың құқықтарын түсіндірмеуі, сондай-ақ тараптардың татуласуға келісімі болған кезде, оларға ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің қағидаларын қолданбауы заңды елеулі бұзу болып табылады. Көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде, сот жекеше қаулымен тиісті шаралар қолдану үшін бұл туралы прокурордың назарына жеткізуге міндетті. 13-1. ҚК-нің 68-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген заң нормаларын қолдану міндетті (факультативтік) болып табылмайды.

      Заңның көрсетілген нормаларын қолдану кезінде жәбірленушілердің, арыз берушілердің позициясымен қатар, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды сипаттайтын деректер, қылмыстық құқық бұзушылықтан туындаған салдар және істің басқа да елеулі мән-жайлары ескерілуге тиіс.

      13-2. ҚК-нің 68-бабын іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, бөлігінде қолдану татуласуға қол жеткізілген қылмыстар мен эпизодтарға қатысты қылмыстардың жиынтығы болған және бірнеше рет жасалған кезде мүмкін болады. Бұл ретте татуласуға қол жеткізілмеген немесе заңда жол берілмеген қылмыстар бойынша іс жүргізу ҚПК-ге сәйкес жалғасады.

      Қылмыстар сыбайласып жасалған жағдайларда ҚК-нің 68-бабының қолданылуы жәбірленушімен, арыз берушімен татуласқан адамдарға ғана қатысты қолданылуы мүмкін. Жәбірленушімен, арыз берушімен татуласуға қол жеткізбеген қылмысқа сыбайлас қатысушыларға қатысты іс бойынша іс жүргізу ҚПК-ге сәйкес жалғасады.

      Бір іс жүргізуде қаралатын бірнеше рет жасалған қылмыстар туралы істер бойынша өзіне айыптаудың алдыңғы эпизоды бойынша ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелері қолданылған адам, ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінің 8) тармағында санамаланған адамдардың қатарына жатпайды, өйткені кейінгі қылмыс жасалған кезде бұл адам бұрын жасалған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылмайды.

      14. Заңда бір мезгілде екi және одан да көп объектiге қол сұғатын қылмыстар туралы iстер (мысалы, бұзақылық, әскери қылмыстар және т.б.) бойынша ҚК-нiң 68-бабын қолдануға жол беріледі. Осы санаттағы iстер бойынша қылмыстық процесті жүргізетiн орган тiкелей қылмыс арқылы моральдық, тәндік немесе мүліктік зиян келтiрілген барлық адамдарды (оның ішінде заңды тұлғаларды да) заңға сәйкес жәбірленуші деп тануға мiндетті.

      Егер жәбiрленушiлердiң ең болмағанда бiреуiмен татуласу болмаса қылмыс жасаған адам ҚК-нiң 68-бабының негізiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатпайды.

      15. ҚПК-нің 36-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ҚК-нiң 65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 441, 442, 444, 445, 446, 447, 448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда 68- бапты қолдану үшiн негiздер болған кезде сот қылмыстық iстi тоқтатуға не қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып айыптау үкiмiн шығаруға құқылы.

      Қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы алдын ала тыңдау сатысында және басты сот талқылауының кез келген сатысында шығарылуы мүмкiн.

      Yкiм басты сот талқылауы аяқталғаннан кейiн ғана шығарылуы мүмкін.

      Сот ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптау бойынша сотқа берiлген адамның әрекеттерiнде іс жүзінде ҚК-нің 68-бабы қолданылуы мүмкін құрам болды деп таныған жағдайларда да үкiм шығарады.

      16. Қылмыстық iстi ҚК-нiң 68-бабының негiзiнде тоқтатуды заң ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатқызады. Iс тоқтатылғанға дейiн қылмыс жасаған адамға жәбiрленушiге, арыз берушіге iстi тоқтату негiзiнiң құқықтық салдары мен осы негiз бойынша iстi тоқтатуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс. Жәбiрленушiге, арыз берушіге ҚК-нiң 68-бабы бойынша iс тоқтатылғаннан кейiн, осы айыптау бойынша сол қылмысты жасаған адамға қатысты қылмыстық қудалауды қайта бастау туралы мәселе қоюға құқылы емес екенiн түсiндiру қажет.

      Егер күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе жәбiрленушi, арыз беруші iстiң тоқтатылуына қарсы болса, онда ҚПК-нің 36-бабының бесінші бөлігіне сәйкес iстiң тоқтатылуына жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша іс жүргізу әдеттегі тәртіппен жалғасады.

      17. Қылмыстық қудалау органы немесе сот шығарған қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы, сондай-ақ үкiм заңда осындай процестік құжаттарға қойылатын жалпы талаптарға (тиiсiнше ҚПК-нің 288-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктері, 327, 344, 395, 396, 397, 398, 401-баптары) сәйкес болуға тиiс. Бұдан басқа онда қылмыстың ауырлық дәрежесі бойынша санаты көрсетіле отырып, іс-әрекетке заңдық баға берілуі, болған татуласудың еріктілігі аталып өтілуі, келтірілген зиянды қалпына келтіру нақты қалай жасалғаны да көрсетілуі, ал қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмыс жасаған адамға ҚК-нің 68-бабының екінші бөлігін қолдану жағдайларында адамның осы қылмысты алғаш рет жасағаны расталуы тиіс.

      18. Татуласу туралы арыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында әрі бiрiншi және апелляциялық сатыдағы берiлуі мүмкін. Қылмыстық қудалау органы мен сот, жәбірленушімен, арыз берушімен татуласуға байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату үшін заңда көзделген негіздердің жиынтығы болған кезде ҚК-нiң 68-бабын қолдану туралы мәселенi талқылауға және қабылданған шешiмдi уәждеуге міндетті.

      19. Кассациялық сатыдағы сотта ҚК-нің 68-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатуға, егер бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотта ҚК-нің 68-бабын қолдануға негіз болатын мән-жайлар анықталған, алайда осы заңды сот заңсыз немесе негізсіз қолданбаған жағдайда ғана жол беріледі.

      20. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      7. "Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы" 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 нормативтік қаулыларына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауруына байланысты жазадан босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы" 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Соттардың адамның ауруына байланысты жазадан босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы заңнаманы қолдану практикасын қорыту нәтижелерін талқылай отырып, дұрыс сот практикасын қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 75-бабына сәйкес ауруына байланысты адамды жазаны өтеуден босату негіздері мыналар болып табылатыны:

      адамның жазаны өтеу кезеңінде өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нақты сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын, оның салдарынан жазаны одан әрі орындау мүмкін болмайтын психикасының бұзылуы пайда болғаны;

      өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан басқа, адамның жазаны өтеуге кедергі келтіретін өзге де ауыр науқасқа ұшырағаны түсіндірілсін.

      2. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына, тағайындалған жаза мерзіміне, жазаның өтелмеген бөлігінің шамасына, сотталған адамның түзелу дәрежесіне және басқа да мән-жайларға қарамастан, адамның психикасының бұзылуы пайда болуына байланысты жазасын өтеуден босатылуға жатады. Мұндай адамды жазадан босату міндетті болып табылады және сот аталған мәселелерді талқылауға араласпауы тиіс.

      Психикасының бұзылуына байланысты жазаны өтеуден босатылған адамға ҚК-нің 91-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағы негізінде бір мезгілде ҚК-нің 93-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.

      Бұл ретте медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының ауырсынып бұзылуы осы адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.

      Сот жазасын өтеу кезеңінде психикасы бұзылып, ауырған адамның психикалық бұзылуының сипаты мен асқынуын, қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның өзге де айтарлықтай зиян келтіру мүмкіндіктерін, оның емделуді қажет етуін ескере отырып, дәрігер-психиатрдың қорытындысының негізінде мәжбүрлеу шараларының түрлерін таңдайды.

      3. Сот өзге де аурудан зардап шеккен адамды, егер оның ауруы арнаулы медициналық комиссия анықтаған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен бекітілген Жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесіне (бұдан әрі – Аурулар тізбесі) кірген жағдайда ғана, ҚК-нің 75-бабының екінші бөлігіне сәйкес жазасын өтеуден босатады.

      Сотталған адамның ауыр науқасы болса және осыған байланысты жазасын одан әрі өтей алмауы арнайы медициналық комиссияның қорытындысымен анықталады, бұл қорытынды ауруға жүргізілген емнің нәтижесіздігін куәландыратын мұқият жүргізілген медициналық тексерулерден кейін беріледі.";

      3) 5, 6, 6-1 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сот өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамнан басқа, жазасын өтеуге кедергі келтіретін өзге де ауыр науқастан зардап шегетін адамға жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануы мүмкін не оны сот жазасын өтеуден босатады немесе жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін.

      Егер аурудың сипаты сотталған адамға жазаның неғұрлым жеңіл түрін өтеуге кедергі келтірмесе, жаза (ҚК-нің 40-бабында көрсетілген түрлерге сәйкес) ауыстырылуы мүмкін.

      Бұл ретте жасалған қылмыстың ауырлығын, жазаның өтелген мерзімін, сотталған адамның денсаулық жағдайын, оның жеке басын сипаттайтын деректерді, оның түзелу дәрежесін және аурудың тағайындалған жазаны өтеуге қандай мөлшерде кедергі келтіретінін ескеру қажет. Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде соттаумен ауыстыруға не оны қысқартуға жол берілмейді.

      Жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚК-нің 75-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты қолданылмайды.

      6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚАК) 162-бабының бесінші және алтыншы бөліктеріне және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 478-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселені сот жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша немесе сотталған адамның (оның заңды өкілінің) не адвокат куәлігі мен қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны ұсынған қорғаушы - адвокаттың өтінішхаты бойынша қарайды.

      Жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігінің ұсынуында сотталған адам туралы, ол ауыратын аурудың сипаты туралы деректер, ал өзге ауыр науқастан зардап шегуші адамға қатысты оның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының ауырлығы, оның жеке басы туралы, жазаны өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы туралы мәліметтер де қамтылуы тиіс.

      Әкімшіліктің сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсынуына (сотталған адамның өтінішхатына) сот шешім қабылдау үшін негіз болатын тиісті құжаттар: арнаулы медициналық комиссияның қорытындысы, үкімнің көшірмесінен үзінді, Аурулар тізбесінен үзінді көшірме, сондай-ақ жазаның іс жүзінде өтелген мерзімін, сотталған адамның жазаны өтеу кезіндегі мінез-құлқын куәландыратын құжаттар және басқа да сипаттаушы деректер қоса тігілуі тиіс.

      Әкімшіліктің ұсынуымен (сотталған адамның өтінішхатымен) бір мезгілде сотқа материалдары сот отырысында зерттелуі тиіс сотталған адамның жеке ісі жіберіледі.

      6-1. Сотталған адамның Аурулар тізбесінде көрсетілген ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болып табылатын ауруының бар-жоғының анықтығын тексеру үшін жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі медициналық ұйым консилиумының шешімімен Арнаулы медициналық комиссияға (бұдан әрі - АМК) куәландыру үшін жіберетінін соттардың назарға алғаны жөн.

      Сотталған адамды куәландыруды және қорытынды беруді АМК ҚАК-тің 162-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен бекітілген Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.";

      4) 8, 9 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ауруына байланысты сотталған адамды жазасын өтеуден босатудан соттың бас тартуы, осы мәселені әкімшіліктің ұсынуы немесе сотталған адамның өтінішхаты қайталанып берілген жағдайда қарау үшін кедергі болып табылмайды.

      Сот ауруына байланысты жазасын өтеуден босатудан бас тартқан жазасын өтеуге кедергі келтіретін денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда, тиісті медициналық қорытындының негізінде материалдар соттың бас тарту туралы қаулы шығарған уақытына қарамастан сотқа қайтадан жіберіледі.

      9. Сот жазаны өтеуден босатуға жатпайтын адамның жазадан босатылуына жол бермеу мақсатында дәрігерлік қорытындының негізділігін, жүргізілген стационарлық емдеудің нәтижесін мұқият тексеруі қажет.

      Дәрігерлік қорытындыда адамның сот үкімі бойынша қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі психикалық жай-күйі, сондай-ақ психикасының бұзылу сипаты мен шамасы, анықталған ауруын ескере отырып, адамның өзіне және басқа адамдарға қауіп тудыратын-тудырмайтыны, оның өзге де елеулі зиян келтіру қабілетінің бар-жоғы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды және атап айтқанда қандай шараларды қолдануды қажет ететіні; адамның ауруының сипаты мен ауырлығына қарай, ҚПК-нің 478-бабының алтыншы бөлігінде көзделген өз құқықтарын жүзеге асыра алатын-алмайтыны туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

      Дәрігерлік қорытындыда өзге де ауыр науқастан зардап шегетін адамға қатысты аурудың сипаты, жүргізілген ем, стационарда емдеудің оң нәтиже бермегені, орны толмас зардаптары бар екені, асқынуы, оның салдарынан жазасын одан әрі өтеуге кедергі келтіретіні туралы деректер көрсетілуге тиіс.

      Егер дәрігерлік қорытындының негізділігіне күмән туындаған жағдайда, сот тиісті сараптама тағайындауға құқылы.";

      5) 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Егер әкімшіліктің ұсынуында және дәрігерлік қорытындыда жазасын өтеу кезінде психикасының бұзылуына байланысты ауырған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қажеттілігі көрсетілсе, онда ҚПК-нің 476-бабының 7) тармағының негізінде оны ауруына байланысты жазадан босату туралы мәселені медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы мәселемен бір мезгілде қаралады.

      12. ҚПК-нің 481-бабының төртінші бөлігіне және 478-бабының алтыншы және жетінші бөліктеріне сәйкес ауруына байланысты жазадан босату, жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, қорытынды берген медициналық комиссия өкілінің қатысуы міндетті. Қажетті жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.

      Егер сотталған адам сот отырысына қатысса, онда сот оның ҚПК-нің 478-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

      13. Сот отырысында хаттама жүргізіледі, онда соттың және сотқа қатысушылардың барлық әрекеттері, денсаулығының жағдайы бойынша қатысуға мүмкін болатын сотталған адамның, қорытынды берген медициналық комиссия өкілінің, ұсынысты жіберген орган өкілінің түсініктемелері, қоғаушы мен прокурордың пікірлері көрсетілуі тиіс.

      14. Адамды ауруына байланысты жазасынан босату, жазасын өтеуді кейінге қалдыру мәселесі бойынша қаулы уәжді болуы, соттың әкімшіліктің не сотталған адамның өтінішхатын қарау нәтижесінде жасаған түйінінің толық негіздемесін қамтуы тиіс.

      Қаулыда адамның жазасын өтеу кезеңінде пайда болған психикасының бұзылуынан немесе өзге де ауыр науқастан зардап шегетіні және жазасын одан әрі өтеуіне кедергі келтіретіні туралы дәлелдемелер келтірілуге тиіс, ал жазаның өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылған кезде, сот сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуден неліктен толық босатуды орынсыз деп тапқаны жөнінде уәж келтірілуі қажет.

      Сотталған адамды ауруына байланысты жазасынан босату немесе оның жазасын өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы сот қаулылары сотталған адамды күзеттен босату бөлігінде дереу орындалуға тиіс.

      15. Әкімшілік ұсынысын не сотталған адамның өтінішхатын қарау нәтижесі бойынша қаулының көшірмесі іске қосып тігу үшін үкімді шығарған сотқа, жазаны орындайтын мекемелерге немесе органдарға, ал кәмелетке толмағанға қатысты - оның тұрақты тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.

      16. Психикасының бұзылуына және өзге де ауыр науқасына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды жазаны орындайтын мекемелер немесе органдар жүзеге асырады.

      17. ҚК-нің 75-бабының үшінші бөлігіне және 97-бабына сәйкес, психикасының бұзылуынан және өзге де ауыр науқастан зардап шегетін адам сауыққан жағдайда, жазасын өтеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылғаннан кейін, егер ҚК-нің 71, 77, 88-баптарында көзделген айыптау үкімін орындаудың ескіру мерзімі өтпеген болса, не оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату үшін негіз болмаса, оған қатысты жазаның орындалуы қайта басталуы тиіс.

      Адамның сауығу, оның емделу фактісі дәрігерлердің тиісті комиссиясының қорытындысында анықталады, ол соттың мұқият тексеруіне жатады.

      Адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күнін бас бостандығынан айырудың бір күніне не қамаққа алудың бір күніне жатқызу жолымен жаза мерзіміне есептеледі.

      Жазаның орындалуын қайта жаңарту жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуымен сот қаулысы бойынша жүргізіледі.

      18. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылған адам жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, оның сауыққан-сауықпағанын анықтау мақсатында міндетті түрде дәрігерлік комиссияның куәландыруынан өтуге тиіс. Қылмыстық қудалау органдары медициналық қорытындыны қылмыстық іс материалдарына қоса тігуі тиіс.

      Егер ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылған адам сауыққанға дейін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, онда ол тек жаңа қылмыстық құқық бұзушылығы үшін жауапты болады, алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі соңғы үкім бойынша тағайындалған жазаға қосылмайды. ҚК-нің 60-бабының қағидасы бұл жағдайда қолданылмайды.

      Егер адам сауыққаннан және жазасын өтеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылғаннан кейін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, егер соттың алдыңғы үкім бойынша жазаны орындауды жаңарту туралы қаулысы болса, онда ҚК-нің 60-бабының бірінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі жаңа қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазаға толық немесе ішінара қосылады.

      Адам бұрынғы жаза ауыстырылған жазаның неғұрлым жеңіл түрін өтеу кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде жаза ҚК-нің 60-бабының қағидалары бойынша тағайындалады.

      19. Адамды ауруына байланысты жазадан босату, жазасын өтеуді кейінге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру мәселесі бойынша сот қаулысы апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.";

      6) 21-тармақтағы "сай" деген сөз "сәйкес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8. "Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 8; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2024 жылғы 29 қарашасындағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізудің жариялылығы қағидатын сақтау туралы 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Сот ісін жүргізудің жариялылығы қағидатының сақталуы жөніндегі сот практикасын зерделеу республика соттарының қылмыстық істердің басым көпшілігін ашық сот отырыстарында қарайтынын, ал жабық сот отырыстарын өткізу кезінде заңда белгіленген талаптарды басшылыққа алатынын көрсетті. Сонымен бірге сот ісін қараудың жариялылығын заңсыз шектеу жағдайлары да орын алуда.

      Сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 29-бабында бекітілген сот ісін жүргізудің жариялылығы қағидаты басқа да қағидаттар жиынтығымен бірге, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеуге және жауаптылыққа тартуға, сот талқылауын әділетті жүргізуге бағытталған қылмыстық процестің міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді. Осыған орай, соттар бұл қағидатты кеңінен іске асырып, барлық мүдделі адамдардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

      2. Соттар барлық сот сатыларында істерді ашық сот талқылауы туралы қылмыстық-процестік заңның талаптарын қатаң сақтауға және сот ісін жүргізудің жариялылығы қағидатын бұзу, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот залында немесе сот отырысы трансляцияланатын жеке залда болудан негізсіз бас тарту фактілеріне жол бермеуге міндетті. Адамдардың сот залына қатысу құқығын іске асыру сот талқылауының қалыпты барысына кедергі келтірмеуге тиіс.

      Жариялылықты заңсыз шектеу (іс материалдарын негізсіз құпиялау, заңда көзделмеген негіздер бойынша жабық отырыстар өткізу және т.б.) процеске қатысушылардың процестік құқықтарын кемсітуге және қысым көрсетуге алып келуі мүмкін.

      Осы бұзушылықтардың сипаты мен мәніне байланысты іс бойынша болған іс жүргізу шығарылған шешімнің күші жойылып, жарамсыз деп танылуы, не жиналған материалдар дәлелдемелік күші жоқ деп танылуы мүмкін.

      3. Сот ісін жүргізудің жариялылығы деп тек ашық сот талқылауын жүргізуді ғана емес, сонымен бірге оған тараптардың қатысуын қамтамасыз етуді, іске қатысы жоқ өзге де адамдардың қатысу мүмкіндігін түсіну қажет. Жариялылық процеске қатысушылардың істің барлық материалдарына, оның ішінде жедел-іздестіру шараларының барысында алынған материалдарға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор берген нұсқауларға (заңда көзделгендерден басқа) қолжетімділігін көздейдi. Бұдан басқа бұл қағидат сот шешімінің көпшілікке жария етілуін, тараптарға процеске басқа қатысушылардан түскен шағымдар туралы хабарлауды және оларды таныстыруды, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар етуді, соттардың заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларының бірыңғай дерекқорын құруды және оларға, сот актілерінің орындалуы жөніндегі ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтиды.

      Жариялылық қағидатын сақтау соттардың қызметіне араласумен сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 1-тармағына сәйкес судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болып табылмайды және Конституцияға мен заңға ғана бағынады.

      4. Іс бойынша іс жүргізудің сотқа дейінгі сатыларындағы жариялылығының шегін ҚПК-нің 201-бабына сәйкес прокурор, ал сот отырысында - сот айқындайды.

      Сот басты сот талқылауын тағайындау кезінде, тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша қаулыда тиісті негіздеме келтіре отырып, істі ашық немесе жабық қарау мәселесін шешуге міндетті.

      5. Процеске қатысушылар сот талқылауының жариялылығын шектеу туралы өтінішхаттарды басты сот талқылауын тағайындау (істі алдын ала тыңдау) кезінде де, басты сот талқылауының барысында да мәлімдей алады.

      Өзге адамдардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің істі ашық немесе жабық сот отырысында қарау туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқығы жоқ.

      6. Жариялылықты шектеу туралы өтінішхаттар мемлекеттік құпияларды қорғау, іске қатысатын адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтердің жария етілуін болғызбау, жәбірленушілердің, куәлардың және басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмаған сотталушылардың мүддесін қорғау мақсатында ҚПК-нің 29-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде ғана қанағаттандыруға жатады. ҚПК-нің 106-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес тергеу судьясы шағымды сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды жабық сот отырысында тиісті адамдар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.";

      3) 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сот талқылауының жариялылығын шектеу - сот отырысының бүкіл кезеңіне немесе оның ҚПК-нің 29-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың зерттелетін бөлігіне қолданылуы мүмкін, қаулыда бұл туралы көрсетілуге тиіс.

      Егер мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты жекелеген сотталған адамдарға қатысты жабық сот талқылауын өткізуге негіз болса, ал осы мән-жайлар басқа сотталғандарға қатысты болмаса, сот жабық сот отырысында қаралуға жататын қылмыстық істі басқа қылмыстық істен бөліп алып, жеке іс жүргізуге шығаруға құқылы.

      Егер істі бөліп шығару зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығына және істің шешілуіне әсер ететін болса, онда ҚПК-нің 44-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, мұндай процестік әрекетке жол берілмейді. Бұл жағдайда сот іс бойынша жабық сот талқылауын өткізу туралы мәселені тұтастай ҚПК-нің 29-бабының бірінші бөлігіне сәйкес шешеді.

      8. Төрағалық етуші басты сот талқылауын бастаған кезде істің ашық немесе жабық сот отырысында қаралатынын жариялайды. Сот отырысының хаттамасына тиісті жазба енгізіледі.

      Басты сот талқылауына істі жабық сот отырысында қарау туралы өтінішхат келіп түскен жағдайда, сот өтінішхатты мәлімдеген адамнан сот сот талқылауының жариялылығын шектеу туралы мәселенің заңда көзделген қандай негіздер бойынша қойылып отырғанын анықтауға және процеске қатысатын басқа да адамдардың пікірлерін білуге міндетті. Мәлімделген өтінішхат бойынша шешімді сот жеке процестік құжат түрінде қаулы шығара отырып, кеңесу бөлмесінде қабылдайды.

      9. ҚПК-нің 347-1-бабының талаптарына сәйкес сот отырысының барысын түсіріп алуды сот отырысының хатшысы аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырады. Жабдықтардың техникалық ақауының болуынан аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазбаны пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып, сот отырысын жалғастыруға кедергі келтірмейді.

      Соттың сот отырыстарында аудио-, бейнежазбаны қолдануы сот ісін жүргізу мақсатында ғана сот талқылауының барысын дәл түсіріп алу үшін, сондай-ақ іс бойынша нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады, бұл соттың жариялылық қағидатты жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

      10. Төрағалық етуші процеске қатысушылардың келісімімен бүкіл басты сот талқылауының барысында, сондай-ақ басты сот талқылауының белгілі бір бөлігінде не процеске кейбір қатысушыларға қатысты фотосуретке түсіруге, аудио-, бейнежазбаны, киноға түсіруді қолдануға, сондай-ақ сот отырысын трансляциялауға рұқсат бере алады. Бұл әрекеттер сот талқылауының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.

      11. Төрағалық етушінің сот талқылауы залында аудио-, бейнежазбаны қолдану мәселелері бойынша барлық өкімдері сот отырысы хаттамасында көрсетіледі.

      ҚПК-нің төрағалық етушінің өкімдері процестің барлық қатысушылары мен сот залында қатысып отырған өзге тұлғалар үшін міндеттілігі туралы 57-бабын негізге ала отырып, оның аудио-, бейнежазбаға қолдануға тыйым салу немесе оны тоқтату туралы өкімі орындалуға тиіс. Бұл ереже сот отырысына онлайн форматта қатысатын тұлғаларға да қолданылады.

      Төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбау ҚПК-нің 346-бабында көзделген шараларды қолдануға алып келеді, ал адамның жеке өміріне, жеке және отбасылық құпиясына қол сұғылмайтыны туралы конституциялық құқықтар бұзылған жағдайларда кінәлі адамдар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

      12. ҚПК-нің 415-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот талқылауының жариялылығы мәселесі бойынша сот отырысының барысында қабылданған соттың қаулылары жеке шағым беруге және наразылық келтіруге жатпайды. Оларға қарсылықтар үкімге келтірілген апелляциялық шағымдарда, наразылықтарда жазылуы мүмкін.

      13. Апелляциялық, кассациялық сатылар істерді қарау кезінде төмен тұрған соттардың сот талқылауының жариялылығы туралы заң талаптарын орындауына назар аударуы, бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша тиісті түрде ден қоюы қажет.

      14. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      9. "Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 9; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қорғалу құқығын реттейтін қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      Әркімнің білікті заң көмегін алу құқығы туралы конституциялық ережені, оның ішінде адвокаттың (қорғаушының) қатысуымен іске асыру сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы және тең құқылығы негізінде жүзеге асыруға, іс бойынша ақиқатты анықтауға, заңды, негізделген сот шешімін шығаруға ықпал етеді.

      Қылмыстық процестің барлық сатыларында қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға қылмыстық қудалаудан, айыптаудан және соттаудан қорғалу құқығы заңмен берілген және кепілдік берілген.

      Сот практикасын зерделеу сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот төрелігін іске асыру кезінде конституциялық нормалар мен қылмыстық - процестік заңның қорғалу құқығы туралы талаптарының сақталатынын көрсетті.

      Сонымен қатар, қылмыстық процесті жүргізетін органдар қорғалу құқығын реттейтін нормалардың бұзылуына жол беретін, ал адвокаттар оларға берілген қорғауды жүзеге асыру мүмкіндіктерін толық көлемде пайдаланбайтын жағдайлар орын алады.

      Қылмыстық-процестік заңдағы кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою, қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғалу құқығын қамтамасыз ету бойынша сот практикасында туындайтын мәселелерді дұрыс әрі біркелкі шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 13-бабында және 16-бабының 3-тармағында танылған және кепілдік берілген, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 26-бабында көзделген қылмыстық процесс қағидаттарының бірі болып табылатын қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның және ақталған адамның қорғалуға құқығы бар.

      2. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның құқығы - бұл туындаған күдікті теріске шығару немесе жауаптылық пен жазаны жеңілдету үшін заңмен берілген барлық процестік мүмкіндіктердің жиынтығы, сонымен қатар ақталған адамның заңсыз ұстаудан, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарудан, бұлтартпау шарасын қолданудан, сотқа тартудан және соттаудан келтірілген зиянды өтеу құқығы.

      3. Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғалу құқығын қылмыстық процестің басқа да қағидаттары жиынтығымен қамтамасыз етуі істі әділ талқылаудың және ол бойынша дұрыс шешім қабылдаудың кепілі болып табылады. Сондықтан қорғалу құқығын бұзушылық ҚПК-нің 9-бабында көзделген салдарға алып келуі мүмкін.

      4. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады, сондай-ақ ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қорғаушылар ретінде тек адвокатпен бірге іске қатысуға құқылы адамдар жіберілуі мүмкін.

      Күдікті (қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам) қорғау үшін бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы. Адвокатпен (бірнеше адвокатпен) қатар оны қорғауды ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың біреуі ғана қосымша жүзеге асыра алады. Егер қорғаушы ретінде бірнеше адам қатысқысы келсе, онда олардың ішінен қорғаушыны таңдау қорғауындағы адамның өзіне тиесілі.

      5. Адвокат куәлігін және тиісті адамды қорғау туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде адвокат іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген басқа адамдар өздерінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, қорғалуға құқығы бар куәмен, күдіктімен, айыпталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.";

      3) 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шетелдік адвокаттар Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен өзара түсіністік негiзде жасасқан халықаралық шартының негізінде ғана қорғаушылар ретінде қатыса алады.

      Өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке куәлікпен, адвокаттың мәртебесін куәландыратын құжатпен, сондай-ақ адвокат пен қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның арасындағы заң көмегін көрсету туралы келісіммен расталуға тиіс.

      8. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар ҚПК-нің 67-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының міндетті қатысуы туралы заң талабын қатаң орындауы қажет. Көрсетілген норма ережелерінің сақталмауын процестік заңның елеулі түрде бұзылуы деп қараған жөн, ал жиналған материалдар дәлелдемелік күші жоқ деп танылуы мүмкін.

      9. Қорғалу құқығының бұзылуы деп қорғалуға құқығы бар куәға, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға қорғаушыны ұсынбау ғана емес, сонымен қатар олардың процестік құқықтарын кез келген шектеулер, атап айтқанда ана тілін немесе өздері білетін басқа тілді қолдану айғақтар беру, дәлелдемелер ұсыну, өтінішхат мәлімдеу, дәлелдемелерді зерттеуге және сот жарыссөзіне қатысу, соңғы сөз айту, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтіру және басқалары танылуы мүмкін екенін ескерген жөн.

      10. Заңда қорғаушының міндетті түрде іске қатысуына негіз болатын дене бітімінің және психикасының кемістіктері тізбесі көрсетілмегендіктен, әрбір нақты жағдайда қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның және ақталған адамның өз кемістіктеріне байланысты қорғалу құқығын іс жүзінде толық көлемде жүзеге асыра алу мүмкіндігінің бар-жоғы не оның кемістіктер дәрежесі оған заңмен берілген құқықтарын пайдалануға едәуір қиындық туғызатыны негізге алынуы қажет.

      Дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдардың қатарына есінің дұрыс еместігін жоққа шығармайтын, психикасының бұзылуынан, сондай-ақ сөйлеу, көру, есту кемістігінен немесе басқа ауыр дерттен зардап шегетін адамдарды да жатқызу қажет.

      Адамның дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабілеті күмән туғызғанда, ҚПК-нің 271-бабының бірінші бөлігінің 4-тармағына сәйкес сараптама тағайындау және жүргізу міндетті.

      11. ҚПК-нің 64-бабының бірінші бөлігінде көзделген қандай да бір әрекетті жүргізу сәтінен бастап күдіктіге іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария етуге дейін оған қорғаушы беру туралы заң талабы мүлтіксіз орындалуға жатады.

      Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы талаптарды орындау үшін ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамды қорғаушы ретінде қатыстыру туралы тиісті қаулы, ал адвокатқа қатысты іске кіріскен адвокатты қорғаушы ретінде тану туралы қаулы шығаруы тиіс. Іске қорғау туралы жазбаша хабарлама, қорғаушы ретінде қатысуға рұқсат етілген өзге адамның құжаттары қоса тігіледі.

      12. Адвокат іске қорғаушы ретінде кіріскен сәттен бастап қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге алғашқы жауап алуға дейін қорғаушымен оңаша және құпия кездесуіне нақты мүмкіндік жасап, олардың саны мен ұзақтығын шектемеуі тиіс.

      13. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар қорғалу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ қорғаушыға өзінің қорғау функциясын орындауы үшін жағдай жасау мақсатында қорғаушылар мен олардың қорғауындағы адамдарынан қандай процестік әрекеттерге бірлесіп қатысқанды қажет деп санайтынын анықтап, оларға сондай мүмкіндік беруге міндетті.

      Әдетте қорғаушы күдіктінің құқықтарын түсіндіру және одан жауап алу, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау жүргізуде тергеу эксперименті, тануды беттестіру прокурордың жауап алуы және бұлтартпау шарасын таңдау, тағайындалатын сараптаманың сұрақтарын құрастыру және маманды тарту кезінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы және сот талқылауы кезеңдерінде қатысуы тиіс.

      Прокурордың процестік әрекеттерге қатысуы немесе іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процестік әрекеттерді өзінің жүргізуі, егер қорғаушының іске қатысуы заңда тікелей көзделсе, оның қатысуын жоққа шығармайды.

      Қорғаушы өзі қорғайтын адамның қатысуымен жүргізілетін барлық тергеу және процестік әрекеттерге, сондай-ақ қорғауындағы адамның өтінішхаты не қорғаушының өз өтінішхаты бойынша жүргізілетін басқа да процестік әрекеттерге қатысуға құқылы.

      Қорғаушының тергеу және процестік әрекеттерге қатысуы туралы өтінішхаты іске қоса тігіледі.

      Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның олардың қорғаушыларының қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу-қатыспауына қарамастан, өздеріне тиесілі барлық қорғалу құқықтары сақталады және оларды кемсіту қорғалу құқығын бұзушылық болып табылады.

      14. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қаражатының бар-жоғына қарамастан, оған қорғаушы тағайындау мүмкіндігі туралы құқығы түсіндіруге тиіс.

      Қорғаушыдан бас тарту сот ісін жүргізудің кез келген сатысында тек күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бастамасы бойынша қорғаушының қатысуымен ғана жол берілуі мүмкін және бұл заң көмегі үшін төленетін қаражатының жоқтығына байланысты болмауға тиіс. Адвокаттың еңбегіне ақы төлеу үшін іс жүзінде қаражат болмаған кезде қорғаушыдан бас тарту мәжбүрлі деп танылып, қабылданбауы тиіс.

      Қорғаушыдан бас тартуды қабылдау туралы мәселені шешу қылмыстық процесті жүргізетін органның айырықша құзыретіне жатады.

      Қорғаушыдан бас тарту туралы өтінішхат бойынша шешім ҚПК-нің 99-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес уәжді қаулымен ресімделеді, оған қорғаушы, күдікті, айыпталушы, сотталушы өз қолдарын қойып, дереу таныстырылуы тиіс. Қорғаушының қатысуы қылмыстық іс материалдарына қорғау туралы жазбаша хабарламаны не қорғаушы ретінде қатысуға рұқсат берілген өзге адамның тиісті құжатының көшірмелерін қоса тігу арқылы расталады.

      15. Қорғаушыдан бас тарту ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қабылданбайды.

      Қорғаушыдан бас тарту істің белгілі бір мән-жайларына (айыптаудың ауқымдылығы, жауаптылыққа тартылатын адамдар санының айтарлықтай болуы, күдікті, айыпталушы, сотталушы үшін зерттелуі күрделі материалдардың істе болуы және т.с.с.) байланысты да қабылданбауы мүмкін.

      ҚПК-нің 94-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, қорғаушыны іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттету қылмыстық процесті жүргізетін органды күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны беру міндетінен босатпайды.

      Қорғаушыны іске қатысудан шеттеткен кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган қаулы шығарады, оған сотқа дейінгі іс жүргізуде ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен, ал басты сот талқылауында ҚПК-нің 422-бабының ережелері бойынша шағым жасалуы мүмкін.

      16. Қорғалуға құқығы бар куәні, күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны айғақтар беруге, оған тағылған айыпты мойындатуға, заттай дәлелдемелер беруге өзіне қарсы куәлік етпеу құқығының бұзылуына байланысты өзге де әрекеттер жасауға мәжбүрлеу, қорғалу құқығын елеулі түрде бұзушылық деп қарастырылған жөн.

      Осыған байланысты қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның өзіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының заңсыз әдістерді қолдануы туралы арызы мұқият тексерілуі тиіс және ол расталған жағдайда істің тиісті материалдары процестік заңның талаптары бұзыла отырып алынуына байланысты дәлелдемелік күші жоқ деп танылуға тиіс.

      17. ҚПК-нің 31-бабына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттері мен шешімдеріне қылмыстық-процестік заңда белгіленген шағым жасау құқығы мен тәртібі түсіндірілуге тиіс.

      18. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғалу құқығының бұзылуы басты сот талқылауын тағайындау үшін кедергі болмайды. Мұндай бұзушылықтың елеулілігі басты сот талқылауында дәлелдемелердің жол берілетіндігі мен анықтығын және олардың сотталушының кінәлілігін немесе кінәсіздігін шешуге жеткіліктілігін бағалау кезінде ескерілуге тиіс.

      19. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары жол берген қорғалу құқығын бұзушылықтар іс бойынша жиналған дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тануға негіз болған және айыптау тарапы сотталушының кінәсін дәлелдейтін өзге дәлелдемелер ұсынбаған жағдайларда, сот ақтау үкімін шығаруға міндетті.

      20. Соттар қорғаушысының болған-болмағанына қарамастан, сотталушының сот жарыссөзіне қатысуын ескеруі қажет. Сотталушыны аталған құқықтан айыру, сондай-ақ оған соңғы сөз бермеу, тағылған айып бойынша дәлелдерін баяндауына шектеу қою ҚПК-нің 436-бабына сәйкес үкімнің күшін жоюға әкеп соғатын оның қорғалу құқығын бұзушылық болып табылады.

      21. Сотталған адамды (ақталған адамды) өзі білетін тілде үкімнің (қаулының) көшірмесін алу, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер беру, процестің басқа қатысушыларының шағымдарымен (прокурордың өтінішхатымен) танысу және оларға қарсылық білдіру құқықтарынан айыру, олардың шағымдары мен қарсылықтарын қабылдаудан заңсыз бас тарту қорғалу құқығын бұзушылық болып табылатынын соттар ескергені жөн.

      Қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарылған ақталған адамға, айыпталушыға (күдіктіге), сотталушыға, ақталған адамға қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеткізу құқығын түсіндірмеу де қорғалу құқығын бұзушылық болып табылады.

      Егер сот үкімі мәні бойынша дұрыс шығарылса, аталған құқық бұзушылықтар оның күшін жоюға себеп бола алмайды.

      22. Қорғаушы өз бастамасы бойынша сотталған адамның, ақталған адамның мүддесі үшін, сот істі қарау кезінде заңсыз шешімнің күшін жоюға әкеп соғатын процестік құқықтарды елеулі бұзушылықтарға жол берген іс бойынша сот шешіміне шағым жасауға құқылы. Сотталған адамды (ақталған адамды) сот аталған шағыммен таныстыруға және оған шағымды кері қайтарып алу құқығын түсіндіруге міндетті.

      23. Егер айыптау тарапының шағымында немесе өтінішхатында күзетпен ұсталатын сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, бірінші сатыдағы сот оған апелляциялық сатыдағы отырысқа қатысу құқығын түсіндіруге міндетті. Сотталған адамның қарсылықтары мен оның алқа отырысына қатысу жөніндегі пікірі іс материалдарына қоса тігіледі.

      Жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған сотталған адамның өз өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысуы істің мән-жайларын жан-жақты, толық зерттеудің және шағымды немесе прокурордың өтінішхатын объективті түрде қараудың қосымша кепілі болып табылады.

      Сотталған адамның (ақталған адамның) көрсетілген құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін заң талаптарын бірінші сатыдағы соттардың сақтағаны-сақтамағанын апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар мұқият тексерулері қажет.

      Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабында көрсетілген жағдайларда және ҚПК-нің 428-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.

      Қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Іс сотталған адамның, ақталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің өтінішхаты, прокурордың өтінішхаты бойынша қаралатын жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы міндетті болып табылады.

      24. Сотталған адам, ақталған адам апелляциялық, кассациялық сатыларда қорғаушыдан бас тартқан және өзі берген шағымды (өтінішхатты) кері қайтарып алған жағдайда, егер істі қарау үшін заңда көзделген басқа да негіздер болмаса, қорғаушының шағымы (өтінішхаты) бойынша қозғалған іс жүргізу тоқтатылады. Қорғаушыдан бас тарту қабылданбаған кезде шағым (өтінішхат) іспен бірге мәні бойынша қаралады. Қабылданған шешімдер туралы қаулы қабылданады.

      Егер шағымды (өтінішхатты) бірінші сатыдағы сотқа қатысқан қорғаушы берсе, ал үкім шығарылғаннан кейін іске басқа қорғаушы қатысса, ол жаңа дәлелдер келтіріп не бұрынғы дәлелдерді өзгертіп, апелляциялық шағымға (өтінішхатқа) толықтырулар беруге құқылы.

      25. Сотталған адамдарға қатысты үкімдерді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының іске қатысуы міндетті екенін соттардың ескергені жөн. Заңның көрсетілген талабының орындалмауы сот қабылдаған қаулының күшін жоюға алып келетін қорғалу құқығын бұзу болып табылады.

      26. Қылмыстық істерді қараған кезде апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қылмыстық процесті жүргізетін органның күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғалу құқығымен қамтамасыз еткен-етпегенін мұқият тексеріп, осындай заң бұзушылықтарды ден қоюсыз қалдырмауы тиіс.

      Адвокаттардың өз міндеттерін тиісінше атқармағаны (формальды қатысу, процестік әрекеттердің таза бланктеріне қол қою, қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жол берілетін заң бұзушылықтарды ден қоюсыз қалдыру және т.б.) фактілері анықталған жағдайда, соттар жекеше қаулылар шығару арқылы ден қоюға құқылы.

      27. Адвокаттың заң көмегін көрсеткеніне бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу туралы қаулы шығару кезінде соттарға ҚПК-нің 178-бабына сәйкес аталған норманың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ақы төлеуге байланысты процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алу арқылы мемлекетке өтеу туралы мәселені бір мезгілде шешу қажет екені түсіндірілсін.

      Қорғаушы ҚПК-нің 67-бабының үшінші бөлігіне, 76-бабының екінші бөлігіне сәйкес іске қатысқан жағдайларда, мемлекетке шығыстарды өтеуден босатуға жол беріледі.

      Адвокатқа төленуге жататын соманы есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жалақының ең төменгі мөлшеріне пайыздық арақатынаста есептелетін сағаттық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

      28. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      10. "Соттардың қылмыстық істер бойынша жекеше қаулылар шығару тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 21; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 13; 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2016 жылғы 25 қарашадағы № 10; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттардың қылмыстық істер бойынша жекеше қаулылар шығару практикасы туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Республика соттарының жекеше қаулылар шығару практикасына талдау құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаумен қатар, олар анықтау және алдын ала тергеп-тексеру органдарының, прокурорлық қадағалау мен сот практикасы қызметін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқыққа құрметпен қарауын қалыптастыруға оң ықпал ететінін көрсетіп отыр.

      Жекеше қаулыларды шығарудың біркелкі практикасын әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 5-1, 5-2, 6, 7, 8, 9 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Соттар қылмыстық істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 8-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібін адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға тиіс екенін ескерулері қажет.

      Осыған байланысты соттардың жекеше қаулылары заңдылықты сақтаудың, адам құқықтары мен бостандықтарының бастапқылығы мен ажырамастығын танудың, қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алудың, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіндегі кемшіліктерді ашу мен жоюдың пәрменді құралы болуы тиіс.

      2. Соттар азаматтардың заңды мүдделері мен конституциялық құқықтарына қысымшылық жасауға әкеп соққан анықтау, тергеу органдары, прокурорлар жіберген процестік заңдар нормаларының бұзуылуын елеусіз қалдырмауы тиіс. Бұл жағдайларда соттар қателіктерді жіберген лауазымды адамдарды нақты көрсетіп, жекеше қаулылар шығаруы тиіс.

      3. ҚПК-нің 405-бабында көрсетілген жекеше қаулылар шығару негіздерінің тізбесі толық қамтылмағандықтан, соттар басқа да фактілерге: сот процестерін болдырмауға, сотты құрметтемеуге, анықтау, тергеу органдарының мерзімдерді бұзуына ден қоюға құқылы.

      Сот жекеше қаулыларды көтермелеу сипатында да шығара алады.

      Егер басты сот талқылауы кезінде дереу жоюды талап ететін заң бұзушылықтар анықталса, сот ҚПК-нің 344-бабына сәйкес істі талқылауды тоқтата туруға және кеңесу бөлмесінде жекеше қаулы шығаруға құқылы, ол дереу сот залында жарияланады және орындау үшін жіберіледі.

      4. ҚПК-нің 23-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерінен басқа, қандай да болсын мүдделерді білдірмейді, сондықтан, егер қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар лауазымды адамның немесе қылмыс белгілері бар өзге адамның әрекетінің не әрекетсіздігінің салдары болып табылса, ол жекеше қаулыда оларды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәселе көтеруге құқылы емес, тек осы фактіні құзыретті органдардың назарына жеткізе алады.

      5. ҚПК-нің 53-бабының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар ҚПК-нің 405-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған жағдайда, ҚПК-нің 471-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес орындалатын жекеше қаулыны шығарады.

      5-1. Тергеу судьясы ҚПК-нің 55-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырған кезде ҚПК-нің 56-бабының алтыншы бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша жекеше қаулы шығаруға құқылы. Бұл ретте тергеу судьясы қылмыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қарау нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, оның ішінде кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы және жеткiлiктiлiгi туралы тұжырымдар жасауға тиіс емес.

      5-2. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтарға кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы және заңсыз шектелуі фактілерін анықтау кезінде, сондай-ақ ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу фактілерін және өзге де бұзушылықтарды анықтау кезінде, сот бақылауы шеңберінде оларды жою және заң бұзушылығына жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту туралы жекеше қаулы шығарады.

      6. Бірінші сатыдағы соттың жекеше қаулы шығаруы осы іс бойынша ұқсас ден қоюды қажет ететін басқа да мән-жайлар болған жағдайда, жоғары сатыдағы соттардың жекеше қаулы шығаруына кедергі болмайды.

      7. Жекеше қаулы заңды, негізделген және істің жан-жақты, толық әрі объективті зерттелуіне құрылуы керек, себебі ҚПК-нің 405-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес ол құқықтық салдарға әкеп соғатын міндеттеуші құжат болып табылады.

      Соттардың қабылданған шешімнің заңдылығына және негізділігіне күмән келтіретін мән-жайларды жекеше қаулыларда көрсетуге құқығы жоқ.

      Жекеше қаулыда жалпы тұжырымдалулар мен сөз тіркестері болмауға тиіс. Онда нақты заң бұзушылық, оған жол берген адамдар, сот анықтаған, қылмыс жасауға немесе басқа құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ сот қорытындысын негіздейтін дәлелдемелер көрсетіледі. Жекеше қаулыда тиісті органның не ұйымның айрықша құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелері бойынша ұсыныстар, нұсқаулар берілуі мүмкін емес.

      Сот сондай-ақ жәбірленушінің, куәнің, аудармашының, сарапшының, маманның сот актісінде тиісті бағаланған көрінеу жалған айғақтар беру фактісін, сол сияқты құжаттардың жалғандығын анықтап, оларға сот актісінде тиісті баға беріп, осы айғақтардың дұрыс еместігі және құжаттардың жалғандығы туралы өз түйіндерін жекеше қаулыда көрсетіп тиісті шаралар қабылдау үшін прокурорға жіберуге құқылы.

      8. ҚПК-нің 405-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жекеше қаулылар соттың кеңесу бөлмесінде қабылданып, тек сотта тікелей қаралып жатқан нақты іс бойынша ғана шығарылуға тиіс, онда басқа істерден мәліметтер мен фактілер болмауы керек.

      Қаулының қарар бөлігінде оған шағым жасау және прокурордың өтінішхат келтіру мерзімі мен тәртібі көрсетілуі тиіс.

      Сот кеңесу бөлмесінен келгеннен кейін жекеше қаулының мәтінін толық жария етеді, бұл туралы басты сот талқылау хаттамасында, ол қағаз жеткізгіште жасалған жағдайда, көрсетілуі тиіс.

      Егер жекеше қаулының мәтіні көлемі үлкен болса, төрағалық етуші қаулының кіріспе және қарар бөліктерін ғана жария етуге құқылы.

      9. Жекеше қаулыға істің мәні бойынша шығарылған сот актісіне шағым жасау (прокурордың өтінішхат келтіруі) үшін көзделген тәртіпте және мерзімдерде жекеше қаулыларға шағымдануға (прокурордың өтінішхат келтіруіне) болады. Жекеше қаулыға шағымдану не прокурордың өтінішхат келтіруі мерзімдерін анықтаған кезде ҚПК-нің 422-бабының екінші бөлігін негізге алған жөн, оған сәйкес бірінші сатыдағы сот қаулысына жекеше шағымдарды, прокурордың өтінішхатын ҚПК-нің 414-бабында және 414-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, ол шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде, ал күзетпен ұсталатын сотталған адамдар – оған жекеше қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап сол мерзімде беруі керек.

      Жекеше қаулыға, егер олардың мүдделері тікелей қозғалатын болса, істе тараптар болып табылмайтын тұлғалар да шағымдануға құқылы.

      Өздерінің атына шығарылған жекеше қаулы туралы ол заңды күшіне енгеннен кейін мәлім болған тұлғалар жекеше қаулы шығарған сотқа шағымдану мерзімін қалпына келтіру үшін өтінішхатпен жүгінуге құқылы.";

      3) 11, 12, 13, 14, 15 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Апелляциялық және кассациялық сатылар төменгі тұрған саты сотының істің мәні бойынша шығарылған шешіміне келіп түскен шағым немесе прокурордың өтінішхаты не наразылығы бойынша істі қарай отырып, ҚПК-нің 24-бабының және 426-бабы үшінші бөлігінің, 484-бабы бірінші бөлігінің талаптарын негізге ала отырып, оған шағым не прокурордың өтінішхаты немесе наразылық болмаған жағдайда да жекеше қаулының заңдылығы мен негізділігін қарауға құқылы.

      12. Істің мәні бойынша шығарылған сот шешімінің күшін жою барлық жағдайда жекеше қаулының күшін жоюға әкеп соқпайды.

      Сот шешімінің күшін жоюмен қатар жекеше қаулы істі жаңадан тергеп-тексеру немесе сот талқылауы кезінде бағалау мен зерттеуге жататын шығарылған сот шешімі мен іс материалдарына қатысты болса, жекеше қаулының күші де жойылуы мүмкін.

      13. ҚПК-нің 471-бабына сәйкес бірінші саты сотының жекеше қаулысы шағымдану немесе прокурордың өтінішхат келтіру мерзімі өткен соң не шағым жасалған немесе прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін заңды күшіне енеді және орындауға енгізіледі.

      ҚПК-нің 444-бабының үшінші бөлігіне сәйкес апелляциялық сатының қаулысы оның толық мәтіні жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.

      14. Жекеше қаулы әрекетінде заң бұзушылықтар белгіленген адамға, өзінің лауазымдық жағдайына байланысты қылмыс жасауға ықпал еткен сот анықтаған себептер мен жағдайларды жоя алатын және жоюға міндетті өзге лауазымды тұлғаға (ұйым басшысына) не заң бұзушылықтарға жол берген нақты адамдардың жауаптылығы мәселелерін қоюға құқылы адамға тікелей жіберілуі мүмкін.

      15. Соттар жекеше қаулылардың пәрменді әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында барлық ұйымдар мен лауазымды адамдардың мүлтіксіз орындауына тиісті бақылауды жүзеге асырулары қажет.

      Лауазымды тұлға жекеше қаулыны қараусыз қалдырса немесе онда көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдамаса, сол сияқты жекеше қаулыға жауапты уақтылы ұсынбаған кезде, тиісті сот төрағасы немесе іс бойынша төрағалық етуші Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 804-бабы бірінші бөлігінің 57) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау туралы сот приставына немесе басқа да сот қызметкерлеріне осы фактіні куәландыратын қажетті құжаттарды қоса бере отырып, ӘҚБтК-нің 684-бабына сәйкес осы әкімшілік істі қарау соттылығы бар тиісті аумақтық сотқа жолдау үшін нұсқау беруге құқылы. Бұл ретте ӘҚБтК-нің 49-тарауына сәйкес артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарды, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 32-бабының қағидалары бойынша тартылуы шешілетін адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартудың ерекшеліктері ескеріледі.";

      4) 16 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты "Қылмыс жасауға итермелейтін себеп пен жағдайды жою шараларын анықтау мен қабылдау бойынша Алматы облыстық және Оңтүстік Қазақстан өлкесі соттарының жұмыс жағдайы мен оларды жетілдіру шаралары туралы" 1963 жылғы 19 шілдедегі № 3 Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының күші жойылды деп танылсын.";

      11. "Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы № 16 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 14; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот практикасын жетілдіру, сараптаманы дайындау, тағайындау, оның нәтижелерін бағалау, сондай-ақ сот ісін жүргізу кезінде арнайы білімді пайдалану жөнінде бірыңғай практика қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 11-1, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 270-бабына сәйкес іс үшін маңызы бар нақты деректер сараптама сарапшының iс материалдарын арнайы ғылыми білімдер негiзiнде жүргiзетiн зерттеуінің нәтижесiнде ғана алынуы мүмкін жағдайларда қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің ерекше процестік нысаны ретінде сараптама тағайындалатыны түсіндірілсін.

      2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның назары сараптама тағайындау мен жүргізу кезінде қылмыстық-процестік заңнаманы қатаң сақтау, осы орайда сараптамаға тартылған айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәнің және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты іс жүргізіліп жатқан адамның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне аударылсын.

      3. Сот сараптамасын жүргізу ҚПК-нің 273-бабының бірінші бөлігінде және "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VI Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарға ғана,

      сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

      лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

      бір жолғы тәртіппен - сот сараптама тапсырған арнайы білімі бар өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін.

      4. Істі алдын ала тыңдау барысында сараптама тағайындау дәлелдемелерге баға беруге байланысты болмаса, ал оны жүргізу ҚПК-нің 271-бабына сәйкес міндетті болған жағдайларда ғана, сот сараптама тағайындау туралы қаулыны тек тараптардың өтінішхаты бойынша шығаруы мүмкін.

      Егер басты сот талқылауында арнайы ғылыми білім негізінде анықтауды қажет ететін мән-жайлар туындаса, сот тараптардың өтінішхаты бойынша да, өз бастамасымен де тиісті сараптама тағайындауға міндетті. Бұл ретте айыптау шегін кеңейтуге алып келуі мүмкін мән-жайларды анықтау үшін сараптама айыптау тарапының өтінішхаты бойынша ғана тағайындалады.

      Апелляциялық сатының соты, егер іс бойынша сотталған адамның ақыл-есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi күмән туғызған кезде оның психикасының күйін; жәбiрленушiнiң, куәнің iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабілетіне күмән туындаған жағдайларда олардың психикасының күйiн анықтау қажет болса, тараптардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасымен сот-психиатриялық сараптама тағайындауға құқылы.

      Апелляциялық сатыдағы сот өзге сараптаманы істегі бар және сот отырысында зерттеуді талап етпейтін, тараптар қосымша ұсынған материалдар бойынша жүргізуге болатын жағдайларда ғана тағайындауы мүмкін.

      Егер апелляциялық саты істі қараған кезде сараптамалық зерттеу жүргізу қажет деп таныса, онда мұндай жағдайларда сараптаманы жүргізу және алынған қорытындыны бағалау ҚПК-нің 429-бабының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Сараптама жүргізу кассациялық сатыдағы соттың құзыретіне кірмейді. Материалдарды, оның ішінде қосымша келіп түскен және дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы бар материалдарды сараптамалық зерттеу қажет болған кезде, олар сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот қарауына жібере алады.

      5. Сот сараптамаларын тағайындау туралы шешім істе зерттеліп отырған мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар болған кезде де, олар болмаған кезде де қабылдануы мүмкін.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде сараптама жүргізілмеген, ал іс материалдары бойынша оны жүргізу қажет болған жағдайларда, сот ҚПК-нің 281, 282 -баптарына сәйкес жеке-дара, комиссиялық не кешенді сараптама жүргізуді тағайындайды.

      Егер сараптаманың нәтижелері анық болмаса және мұны сарапшыдан жауап алу жолымен жою мүмкін болмаса не сарапшы өзінің алдына қойылған мәселелерді толық шешпесе немесе осының алдында жүргізілген зерттеуге байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайда ҚПК-нің 287-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес қосымша сараптама тағайындалады. Оны жүргізу сол сарапшының өзіне немесе өзге сот сарапшысына тапсырылуы мүмкін.

      Егер сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi негiзделмесе не оның дұрыстығы күмән туғызса не сараптама тағайындау мен жүргiзудің процестік нормалары елеулі бұзылса, қылмыстық процесті жүргізетін орган нақ сол нысандарды зерттеу және нақ сол мәселелердi шешу үшiн ҚПК-нің 287-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қайталама сараптама тағайындайды. Оны жүргізу сот сарапшыларының комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сот сараптамасын жүргізген сот сарапшылары сараптаманы қайта жүргізген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, бірақ олар сараптамалық зерттеуге және тұжырым жасауға қатыспайды.

      Қандай да бір мән-жайды жекелеген сараптамалар жүргізу арқылы анықтау мүмкін болмаған жағдайда ҚПК-нің 287-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кешенді сараптама тағайындалады. Әртүрлi арнайы білім салаларын пайдаланудың негізінде бірқатар зерттеулер жүргізу үшін түрлі мамандықтағы сарапшыларға сараптама жүргізу тапсырылады.

      6. Қылмыстық процесті жүргізетін орган сарапшының қорытынды беруіне қажетті мән-жайларды зерттеу үшін заңда көзделген шараларды қабылдауға, содан кейін тараптарға, олардың пікірінше, сарапшыға қойылуға тиіс сұрақтарды жазбаша нысанда беруді ұсынуға және процеске басқа қатысушылардың олар бойынша пікірін тыңдауға тиіс.

      Тараптар сонымен қатар қандай объектілердің сараптамалық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптаманы жүргізу кімге тапсырылуы мүмкін екенін көрсетуге және сарапшы ретінде шақырылған адамға қарсылық білдіруге құқылы.

      Істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар сұрақтар сарапшының алдына қойылған сұрақтардың сараптама жүргізу тапсырылған адамның арнайы білімінің шегінен аспауы керектігін ескере отырып, сараптама тағайындау туралы соттың қаулысында тұжырымдалуға тиіс.

      Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сарапшының құзыретіне кірмейтін құқықтық сұрақтарды, сондай-ақ іске қатысы жоқ өзге де сұрақтарды шешу туралы міндет қойылмауға тиіс.

      7. Сараптаманы тағайындаған кезде сараптамалық зерттеу объектілері табылған, алынған, тіркелген кезде ҚПК талаптарының сақталған-сақталмағанын және олардың бар-жоғын тексеру қажет.

      Егер сот қаулысы бойынша алынуға тиіс объектілер сараптамалық зерттеуге жататын болса, оларды алып қою, буып-түю және сараптамалық зерттеуге жеткізу сот қаулысының осы бөлігін орындау жүктелген органдардың тиісті мамандарының қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.

      Сараптамаға ұсынылған объектілердің сипаттамасы, олардың сыртқы түрі, мөлшері, буылып-түйілуі осы заттардың сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетілген сипаттамасымен, бумалардағы жазбамен салыстырылып, бұл туралы сараптама актісінде көрсетілуге тиіс.

      Тараптар заттарды, құжаттарды және өзге де заттай дәлелдемелерді сараптамалық зерттеу объектілері ретінде ұсынуға құқылы. Заттарды, құжаттарды және өзге де заттай дәлелдемелерді осы сараптамалық зерттеу объектілері қатарынан алып тастау үшін қылмыстық процесті жүргізетін орган уәжді қаулы шығаруға міндетті.

      Сараптамаға тартылған жәбірленуші, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ куә және өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізіліп жатқан адам, егер оның психикалық жай-күйі мүмкіндік берсе, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сараптама жүргізу кезінде қатысып отыруға құқылы.

      8. Сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажет болған жағдайда тексерілетін адамды психиатриялық ауруханаға жатқызуға ҚПК-нің 14, 279-баптарының талаптары сақталып жол берілетінін назарда ұстаған жөн.

      Егер сот-психиатриялық сараптама жүргізілуге тиіс адамның психикасының уақытша бұзылғаны (ауруының қозуы) анықталса және мұның өзі сараптама жүргізуге кедергі келтірсе және осыған байланысты оны емдеу қажет болса, онда мұндай адамды психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тек сот қаулысы бойынша жүргізіледі. Мұндай жағдайда қылмыстық іс бойынша іс жүргізу ҚПК-нің 45-бабының бірінші бөлігінің 2-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрады.

      Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру тек соттың шешiмiмен, ал сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн тиісінше соттың шешiмi немесе прокурордың санкциясы бойынша жол беріледі.

      9. Сараптама тағайындау туралы сот қаулысы сараптама мекемелері үшін де және сот сараптамалық зерттеу объектілерін алу, буып-түю және жеткізу міндетін жүктеген басқа да органдар (адамдар) үшін орындауға міндетті болып табылады.

      10. ҚПК-нің 341-бабына сәйкес сараптаманы тағайындау іс бойынша тыңдауды кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін сот талқылауы жалғасады.

      Соттар сараптама жүргізу мерзімін бақылап, қажет болған жағдайларда сараптама мекемелерінен сараптама қорытындысының дайындығы туралы сұратуы керек.

      11. Сарапшының қорытындысы зерттелуге және бағалануға тиіс. Сарапшының қорытындысын зерттеу кезінде оның басқа дәлелдемелерден қандай да бір артықшылығының және алдын ала белгіленген күшінің жоқ екенін, ол іс бойынша жиынтығында басқа дәлелдемелермен қоса талдануға, салыстыруға және бағалануға жататынын ескеру қажет.

      Сарапшының қорытындысымен соттың келіспеуі үкімде немесе қаулыда уәжді болуға тиіс.

      11-1. ҚПК-нің 273-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың (сот сараптамасы органдарының қызметкерінің; лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімінде тұрған адамның; заңда көзделген тәртіппен және шарттарда сараптама жүргізу біржолғы тәртіппен тапсырылған өзге де адамның) сараптамалық қорытындыларының бір-бірінің алдында қандай да бір артықшылығы жоқ.

      12. Сарапшының қорытындысын бағалау бірқатар мәселелерді реттілікпен шешуден тұратындығы, олардың ішінде:

      осы іске қатысты зерттеу объектілерінің ұсынылған-ұсынылмағаны және олардың сараптамалық зерттеу үшін жеткіліктілігі-жеткіліксіздігі;

      сараптамалық зерттеудің толықтығы бірін бірі толықтыратын әртүрлі зерттеу әдістерін қолдануға және сараптамаға ұсынылған барлық объектілерді зерттеумен толық қамтылуына тікелей байланысты екенін назарға ала отырып, сараптамалық зерттеудің жеткілікті толық жүргізілген-жүргізілмегені;

      сарапшы қорытындысының ғылыми ережелерге негізделген-негізделмегені;

      сараптаманы білікті адамның жүргізген-жүргізбегені, сарапшының өз құзыретінің шегінен шыққан-шықпағаны;

      сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде қылмыстық-процестік заң талаптары сақталған-сақталмағанының ең елеулі мәні бар екені түсіндірілсін.

      13. Сарапшының қорытындысына қойылатын нысаны және мазмұны бойынша сәйкес келуге тиіс ҚПК-нің 283-бабының талаптарына назар аудару қажет.

      Қайталама сараптама жүргізген сарапшылардың қорытындысында олардың алдыңғы сарапшы қорытындысының дұрыс не қате екендігін растау туралы пікірге қандай мәліметтердің, зерттеу қорытындыларының негізінде келгені міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      Кешенді сараптама қорытындысында әрбір сарапшы қандай зерттеулер жүргізгені, қандай көлемде және олардың әрқайсысы қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс, одан кейін ортақ түйінді тұжырымдайды, оған алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар қол қояды.

      Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда, олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бiр бөлігі жеке қорытынды бере алады.

      14. Сараптамалық зерттеу объектілерін табу, алып қою және тіркеу, сараптама тағайындау және жүргізу кезінде жол берілген қылмыстық-процестік заңның елеулі бұзушылықтары сарапшының қорытындысын жол берілмейтін дәлелдеме деп тануға алып келуі мүмкін.

      Мұндай бұзушылықтарға:

      сараптамалық зерттеу объектілерін сараптамаға дайындаудың, жіберудің процестік тәртібінің бұзылуы;

      сараптамалық зерттеуді (зерттеудің бір бөлігін) осы сараптаманы жүргізу тапсырылмаған адамдардың жүргізуі;

      сараптаманы жүргізуге құқығы жоқ немесе заңға сәйкес қарсылық білдіруге жататын адамның сараптама жүргізуі;

      сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде процеске қатысушылардың құқықтарының бұзылуы;

      басқа бұзушылықтар, егер олар іс жүзінде сараптамалық зерттеудің толықтығы мен жан-жақтылығына, сарапшы қорытындысының объективтілігі мен негізділігіне әсер етсе, жатқызылуы мүмкін.

      15. ҚПК-нің 374-бабына сәйкес сот талқылауы барысында сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін.

      Сарапшының ауызша түсіндірмелері, нақтылаулары немесе толықтырулары ол бұрын берген жазбаша қорытындының бөлігінде және шегінде ғана дәлелдемелер болып табылады.

      ҚПК-нің 285-бабы төртінші бөлігінің талабына сәйкес сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, оның қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алуға тыйым салынады.

      16. ҚПК-нің 111-бабына сәйкес маманның қорытындысы қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып табылады.

      Маманның қорытындысы, сарапшының қорытындысы сияқты, басқа дәлелдемелерден қандай да бір артықшылығы және алдын ала белгіленген күші болмайды, іс бойынша басқа дәлелдемелермен жиынтығында талдауға, салыстыруға және бағалауға жатады.

      17. Сараптама мекемесі қызметкерлерінің сараптама жүргізуіне байланысты процестік шығындар сотталған адамнан немесе оның заңды өкілінен мемлекет кірісіне өндіріп алынады немесе мемлекет есебіне қабылданады.

      Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ лицензиясы жоқ, бірақ біржолғы тәртіппен сараптама жүргізу үшін тартылған адамдардың сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстары қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша сарапшылар есепті ұсынғаннан кейін олардың пайдасына өндіріледі.

      18. Сот іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау кезінде ҚПК-нің 390-бабы бірінші бөлігінің 12-тармағының талаптарына сәйкес сараптамалық зерттеу объектілері болған заттардың қайда жіберілетіні туралы мәселені шешуге міндетті. Осы орайда ҚПК-нің 118-бабының ережелерін басшылыққа алған жөн.

      19. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      12. "Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 19; 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 16; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Сот практикасында қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау туралы заңнама нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау сот төрелігін іске асырудың жеделдігін арттыратынына, сот іс жүргізуге байланысты шығыстарды төмендететініне, сот шығындарын қысқартатынына, судьялар мен процеске қатысушылардың уақытын үнемдейтініне соттардың назары аударылсын.

      2. Соттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық - процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 382-бабының бірінші бөлігіне сәйкес онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар және ауыр қылмыстар туралы істер қысқартылған тәртіппен қаралатынын назарда ұстағандары жөн. Істерді қысқартылған тәртіппен қарауда, оның ішінде кәмелетке толмағандарға, сот iсi жүргiзілетін тiлдi бiлмейтiн тұлғаларға қатысты, жәбірленушісі жоқ және басқа да істер бойынша заңда қандай да бір шектеулер белгіленбеген.

      Егер сотталушы кінәсін толық көлемде, оның ішінде оған қойылған талап қою талаптарын мойындаса, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ҚПК-де белгіленген және процеске қатысушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін қағидаларды бұзушылыққа жол берілмесе, сондай-ақ процеске қатысушылар iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң қатыстылығы мен жол берілетіндігіне дауласпаса және оларды сот отырысында зерттеудi талап етпесе, сондай-ақ сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері бойынша немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде сот істі қысқартылған тәртiппен қарау туралы шешім қабылдайды.

      3. Сот істі қысқартылған тәртіппен қарау мәселесін ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздерді анықтағаннан кейін, істі іс жүргізуге қабылдаған кезде дербес, сондай-ақ басты сот талқылауының басында тараптардың пікірін ескере отырып шешеді. Соттың шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда немесе тікелей сот талқылауының барысында жазылады.

      4. Сот, егер басты сот талқылауы барысында прокурор аса ауыр қылмыс жасады деген айыпты басқа одан неғұрлым жеңіл қылмыс жасады деген айыпқа өзгертсе, сот отырысын қысқартылған тәртіппен жүргізу мәселесін қарауға тиіс.

      Тараптар істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы өтінішхат берген жағдайда істі іс жүргізуге қабылдау кезінде және оған ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде алдын ала тыңдау ҚПК-нің 321-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      3) 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 13-1, 13-2, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сот істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешім қабылдау кезінде ҚПК-нің 319, 320-баптарында көрсетілген мәселелерді де, атап айтқанда:

      істің осы соттың соттылығына жататын-жатпайтынын;

      таңдалған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе күшін жоюға жататын-жатпайтынын;

      істі тоқтату немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіздердің бар-жоғын;

      анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу, жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу, кінәні мойындау туралы процестік келісім, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу кезінде басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын бұзушылықтарға жол берілген-берілмегенін және басқаларды анықтауға міндетті.

      7. Соттың істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда не басты сот талқылауында жеке құжат ретінде немесе оны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып, жазылады.

      8. Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу кезінде сот тергеуі ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте басқа дәлелдемелерді жариялау және зерттеу талап етілмейді, өйткені оларға ешкім дау айтпайды және анық, қатысты әрі жол берілетін болып танылады. Сот жарыссөзі мен істің қаралуын аяқтау олар бойынша сот жарыссөзі жүргізілмейтін және сотталушы соңғы сөзді айтпайтын медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істерді қоспағанда, ҚПК-нің 383, 384, 385, 386-баптарында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.

      Сот талқылауының қысқартылған тәртібі кезінде процеске қатысушылардың процестік құқықтарына қысым жасауға немесе шектеуге жол берілмейді.

      Егер ол іс бойынша тарап болып табылмайтын басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне әсер ететін болса, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізілуі мүмкін емес.

      9. Сот ҚПК-нің 382-бабы үшінші бөлігінің негізінде, егер басты сот талқылауы барысында айыпталушыдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде сот отырысында зерттеуді талап ететін мән-жайлар анықталса, сот тергеуін толық көлемде жүргізу туралы қаулы шығара алады. Егер сот жарыссөздерінде сөз сөйлеуші немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасымен ҚПК-нің 385-бабының негізінде, сот тергеуін қайта бастайды. Қайта жүргізілген сот тергеуі аяқталғаннан кейін сот жарыссөзін сот қайтадан ашады және сотталушыға соңғы сөз береді. Егер процеске қатысушылар жаңа мән-жайларға дау айтса сот тергеуін әдеттегі тәртіппен жүргізу туралы қаулы етеді.

      Істі сотта іс жүргізуге қабылдау сатысында басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі бұзушылықтар анықталған кезде, ал сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері бойынша, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша және басты сот талқылауы барысында осы бұзушылықтар анықталса, сот оларды жою үшін уәжді қаулымен ҚПК-нің 323-бабының тәртібімен істі прокурорға қайтарады.

      Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері, кінәні мойындау туралы процестік келісімі бар істер бойынша басты сот талқылауы барысында анықталған қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтар деп сотты оны жүргізу мүмкіндігінен айыратын осындай бұзушылықтарды таныған жөн.

      Атап айтқанда, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері бойынша басты сот талқылауын жүргізуге ҚПК-нің 190-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша ҚПК-нің 613-бабында көрсетілген шарттардың бұзылуы кедергі болуы мүмкін.

      10. Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау мерзімдерін қатаң сақтағандары жөн. Істің қысқартылған тәртіппен сот талқылауы он тәулікке дейінгі мерзімде аяқталуға тиіс, ол сот талқылауы басталған кезден бастап есептеледі. ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес бұл мерзім айрықша жағдайларда судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

      Істерді қарау мерзімдерін ұзартудың негіздері сотталушының, жәбірленушінің келмеуі; тараптардың залалды өз еркімен өтеу үшін мерзім беруге өтінішхат беруі; процестік келісім жасасу туралы өтінішхат беруі және т.б. болуы мүмкін.

      11. Істі қысқартылған тәртіппен қараған кезде сот айыптау үкімін, сондай-ақ ақтау үкімін шығаруға, іс жүргізумен істі тоқтатуға не сотталғанды заңда көзделген негіздер бойынша жазадан босатуға құқылы. Сот үкімде істің қысқартылған тәртіппен қаралғаны туралы жазып, сот отырысында зерттелмеген іс материалдарындағы дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы. Істерді қараудың қысқартылған тәртібі сотталушының кінәсін мойындауды көздейтіндіктен, бұл мән-жайды жазаны тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін ретінде ескеру қажет.

      12. Қысқартылған тәртіппен ҚПК-ге қатаң сәйкес түрде жүргізілген сот тергеуін толық емес немесе біржақты деп бағалауға болмайды, ал үкімді тексерілмегендігі немесе дәлелдердің жеткіліксіздігі уәждері бойынша негізсіз және күші жойылған деп санауға болмайды. Қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша сот үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.

      13. Соттар қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерге, қаулыларға апелляциялық шағымдар, кассациялық өтінішхаттар, наразылықтар бойынша істерді қарау кезінде бірінші сатыдағы соттың ҚПК-нің 382-бабының талаптарын сақтаған-сақтамағанын тексеруге тиіс.

      13-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстық істерді жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қысқартылған тәртіппен қарау кезінде жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзімін және мөлшерін ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайды.

      13-2. Кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар қылмыстық істер арнайы норма болғандықтан, ҚПК-нің 64-тарауының талаптарын сақтай отырып, келісімдік іс жүргізу тәртібімен шешіледі. Ынтымақтастық туралы процестік келісімі бар істер қысқартылған тәртіппен қаралуға жатпайды және ҚПК-нің 51-тарауына сәйкес сот шешімдерін орындау сатысында шешіледі.

      14. Қылмыстық-процестік заңның нормаларын бұзушылықтармен байланысты істі жаңа сот қарауына жібере отырып, қысқартылған тәртіппен қарау кезінде шығарылған үкімнің күші жойылған кезде іс ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінің талаптары сақталған кезде қысқартылған тәртіппен қайта қаралады.

      15. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      13. "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтық талап қоюды қылмыстық процесте қарау туралы" 20 маусымдағы 2005 жыл № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Қылмыстық процесте азаматтық талап қоюларды қарауды реттейтін қылмыстық-процестік заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16,17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық талап қоюды Қазақтан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде (бұдан әрі – ҚПК) көзделген тәртіппен қылмыстық іспен бірге қарау қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамдардың қоғамға қауіпті іс-әрекетiмен моральдық, тәндік немесе мүліктік зиян келтірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін уақтылы қорғаудың кепілі болып табылады. Осыған байланысты соттар қылмыстық істерді қарау кезінде берілген азаматтық талап қоюларды материалдық және процестік заңдардың талаптарын сақтай отырып, дұрыс шешуді қамтамасыз етуге тиіс.

      ҚПК-нің 2-бабының екінші бөлігіне және 166-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық процесте азаматтық талап қоюға қатысты мәселелер қылмыстық-процестік заңның негізінде шешіледі. Процестік қатынастар ҚПК-де реттелмеген жағдайларда ҚПК-ге қайшы келмейтiн бөлiгiнде азаматтық процестік заңнаманың нормалары қолданылады.

      2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот азаматқа немесе заңды тұлғаға, егер іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетімен мүліктік немесе моральдық зиян келтірілгені байқалса, олардың азаматтық талап қою құқығын түсіндіреді.

      3. Адамдар азаматтық талап қойғаннан кейін азаматтық талапкер деп танылады.

      Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық талап қоюға құқылы адамдардың тобы ҚПК-нің 58, 73 және 167-баптарында айқындалған. Оларға: қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетімен зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалар, олардың заңды өкілдері мен өкілдер, прокурор жатады.

      Мүліктік зиян келтірілген кезде жойылған не бүлінген мүліктің меншік иесі де, заңды негіздермен өзінде тұрған мүліктің иесі де (жалға алушы, сақтаушы және басқалары) азаматтық талап қоюға құқылы.

      ҚПК-нің 71-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, жәбiрленушiнiң өзiне келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер мұндай талап қылмыстық iсте қойылмаса не қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қоюға құқылы.

      Азаматтық талап қою қылмыстық құқық бұзушылық аяқталса да, аяқталмаса да кез келген уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен бастап, бірақ сот тергеуі аяқталғанға дейін не есі дұрыс емес адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған, сондай-ақ күдікті анықталмаған кезде де қойылуы мүмкін.

      4. Азаматтық талап қоюлар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.

      Талап қою онда азаматтық жауапкерлер ретінде көрсетілген адамдардың саны бойынша көшірмелерімен қоса берілуге тиіс.

      Азаматтық талап қоюды қарау туралы өтініш ҚПК-нің 408-бабының тәртібімен жекеше айыптауды қозғау туралы шағымда да жазылуы мүмкін.

      Егер берілген азаматтық талап қоюдың негіздерін немесе талап қоюдағы талаптардың мөлшерін нақтылау қажет болса, онда азаматтық талап қою қосымша толықтырылуы мүмкін.

      Талапкер қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде азаматтық талап қоюды берген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      Қылмыстық істе қойылған азаматтық талап қоюдың соттылығы қылмыстық істің соттылығымен айқындалады.

      5. Адамды азаматтық талапкер деп тану туралы, азаматтық талапкер деп танудан бас тарту туралы немесе адамның қылмыстық процеске азаматтық талапкер ретінде қатысуын тоқтату туралы шешімді қылмыстық процесті жүргізетін орган уәжді қаулы шығару арқылы қабылдайды. Қаулы тиісінше талап қою түскеннен кейін дереу не адамның аталған процестік жағдайда болуға негіздердің жоқ екенін көрсететін мән-жайлар анықталғаннан кейін шығарылуға тиіс.

      Қабылданған шешім туралы азаматтық талапты қойған адам, сондай-ақ азаматтық талап қоюда мүдделері қозғалып отырған процеске қатысушылар хабардар етіледі.

      Азаматтық талапкер деп танылған адамдарға бір мезгілде олардың ҚПК-нің 73-бабында көзделген процестік құқықтары мен міндеттері түсіндірілуге тиіс.

      Прокурордың азаматтық талап қоюды бергені туралы мүддесі үшін талап қойылған адамдар да хабардар етіледі.

      Басқа адамдардың мүддесін қорғап азаматтық талап қойған прокурор азаматтық талапкер деп танылуға жатпайды, өйткені оның дербес процестік жағдайы ҚПК-нің 58-бабында айқындалған. Бұл жағдайда мүддесі үшін талап қою берілген адам талапкер болып танылады.

      6. Анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде ҚПК-нің 58,73 және 167-баптарында көрсетілген адамдардың ҚПК-нің 166-бабына сәйкес берген талап қоюларын қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.

      Азаматтық талапкер берген талап қоюды қайтару туралы арыздың негізінде қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық процестің кез келген сатысында талап қоюды қайтару туралы қаулы шығарады. Мұндай арыз сот жарыссөздерін өткізу кезінде келіп түскен жағдайда, судья оны қарау және процестік шешім қабылдау үшін сот тергеуін қайта бастайды.

      7. Қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қойған адам, егер оған дейін осындай шешім қабылданбаса, оны азаматтық талапкер деп тануды талап етуге құқылы. Қылмыстық процесті жүргізетін орган азаматтық талапкер деп тану туралы арыздарды (өтінішхаттарды) алған кезден бастап үш тәулік ішінде қарап, қабылданған шешім туралы арыз иесіне дереу хабардар етуге және оның арызы (өтінішхаты) бойынша шығарылған уәжді қаулының көшірмелерін жіберуге тиіс.

      Прокурор заңда көзделген жағдайларда өз бастамасы бойынша жеке немесе заңды тұлғаны азаматтық талапкер деп тануға құқылы.

      Жәбірленушілердің өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен әрекеттері өздігінен олардың азаматтық талап қоюларды беруіне кедергі емес немесе осындай адамдарды азаматтық талапкерлер деп танудан бас тартуға негіз болмайды.

      Адамды азаматтық талапкер деп танудан бас тартуға ҚПК-нің 105 және 106-баптарында және ҚПК-нің 109-бабының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде және тәртіппен прокурорға немесе сотқа шағым берілуі мүмкін.

      8. Азаматтық талап қою ҚПК-нің 74, 167, 198, 344-баптарына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен азаматтық жауапкерлер деп танылуға тиіс күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе келтірілген зиян үшін немесе есі дұрыс адамның қоғамға қауіпті іс-әрекеттерімен келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдарға қойылады.

      Іске азаматтық жауапкер ретінде қатыстыруға тарту туралы қаулы өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға немесе оның өкіліне ҚПК-нің 74-бабында көзделген олардың процестік құқықтарын бір мезгілде түсіндіре отырып және талап қою көшірмесін тапсыра отырып дереу хабарланады.

      Қызметкер еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде зиян келтірген жағдайларда, азаматтық жауапкер деп Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 921-бабына сәйкес заңды тұлға немесе қарамағында кінәлі адам еңбек не азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істеген азамат танылуы мүмкін.

      Бұл ретте АК-нің 917-бабының ережелерін ескере отырып, егер зиян қызметкердің өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген болса және оның іс-әрекеті еңбек міндеттерін атқарумен байланысты болмаса, талап қою жалпы тәртіппен, яғни зиянды келтірген адамнан өндіріп алынуға жататындығын негізге алу қажет.

      9. Егер басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында адамдардың азаматтық талапкерлер немесе азаматтық жауапкерлер деп негізсіз танылғаны анықталса, судья өз бастамасымен немесе тараптардың өтінішхаты бойынша істі алдын ала тыңдауды тағайындап, оның барысында осындай адамдардың азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің процестік жағдайында болуын тоқтату туралы мәселені қарап, оның қорытындысы бойынша тиісті уәжді қаулы шығарады. Сот жәбірленуші деп танылған және азаматтық талапкер деп танылуы мүмкін адамға оның азаматтық талап қою құқығы туралы түсіндірмені бір мезгілде жіберуге тиіс.

      10. Судья ҚПК-нің 320-бабының 6) тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетімен келтірiлген залалды өтеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын анықтауға тиіс.

      Азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдамауы басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтірмейді, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға алып келмейді және істі прокурорға жіберу үшін негіз болмайды.

      Судья азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажет екенін анықтай келіп, ҚПК-нің 325-бабына сәйкес қаулы шығарып, онда қылмыстық қудалау органдарын қажетті қамтамасыз ету шараларын қабылдауға, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынған мүлікті сақтау жөнінде шара қолдануды (мүлікті алу, оны жауапты сақтауға беру және т.б.) міндеттейді.

      Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда сот ҚПК-нің 322-бабында көрсетілген басқа мәселелермен қатар азаматтық талапкерлер мен азаматтық жауапкерлерді сот отырысына шақырту туралы мәселені де қамтуға тиіс.

      11. ҚПК-нің 166-бабына сәйкес басты сот талқылауы барысында қылмыстық іспен қоса тiкелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды өтеу туралы азаматтық талап қоюлардың қарауға жататынын назарда ұстаған жөн.

      Қылмыстық іс бойынша анықталған мән-жайлардан туындайтын басқа да азаматтық талап қоюлар, егер олар жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге, оның өзінің және оның өкілінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге және сотқа қатысуына жұмсалған шығыстарды өтеу мақсатында қойылса, қылмыстық іспен бір іс жүргізуде қаралуға тиіс.

      Регрестік талап қоюлар жәбірленушіге қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетімен зиян келтірілуіне байланысты сақтандыру өтемі ретiнде төленген сомаларды, жәрдемақыны немесе зейнетақыны өтеу мақсатында қойылғанда ғана олар қылмыстық іспен қоса бір мезгілде қаралуы мүмкін.

      12. Азаматтық талапкер, сондай-ақ қандай да бір адамның мүддесі талап қойған прокурор қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде, бірақ сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін талап қоюдан бас тартуды мәлімдеуге құқылы.

      Азаматтық талап қоюдан бас тарту, әдетте, азаматтық талапкердің жазбаша арызында не электрондық құжат нысанында баяндалуға тиіс, сот отырысында оның азаматтық талап қоюдан бас тартатыны туралы ауызша арызы сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

      Қылмыстық процесті жүргізетін орган талапкерге азаматтық талап қоюдан бас тарту салдарын түсіндіруге міндетті және азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау туралы мәселені шешу кезінде ҚПК-нің 169-бабын және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 170-бабын басшылыққа алуға тиіс, егер бұл заңға қайшы келсе немесе қандай да бір адамның құқықтарын немесе заңды мүдделерін бұзса, бас тартуды қабылдамауға тиіс.

      Сот талап қоюдан бас тартуды қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселе бойынша ҚПК-нің 169-бабына сәйкес уәжді қаулы шығарады. Жоғарыда аталған қаулыны шығару үшін сот ҚПК-нің 344-бабының екінші бөлігіне сәйкес кеңесу бөлмесіне кетуге тиіс.

      Талап қоюдан бас тартуды қабылдау қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді осы бөлігінде және адамның азаматтық талапкер ретінде қатысуын тоқтатуға алып келеді, сондай-ақ сотқа сол тараптар арасында, сол нысана мен сол негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен дау бойынша қайтадан жүгінуді болғызбайды.

      Прокурордың азаматтық талап қоюдан бас тартуы оның мүддесі үшін талап қою берілген азаматтық талапкерді немесе оның өкілдерін сотта талап қоюды дербес қолдау құқығынан айырмайды.

      13. ҚПК-нің 113-бабына сәйкес азаматтық талап қою бойынша дәлелдеу әрбір қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде дәлелденуге тиісті мән-жайлардың қатарына жатады. Дәлелдеу кезінде: азаматтық талап қоюдың негіздері; қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның түрі, сипаты, мөлшері мен дәрежесі; зиянның кімге келтірілгені және кімнің азаматтық талапкер ретінде болатыны; келтірілген зиян үшін кімнің жауапты болатыны және кімнің іс бойынша азаматтық жауапкер болатыны; қылмыстық құқық бұзушылық жасалған сәтте өзіне зиян келтірілген адамның мінез-құлқы; күдіктінің, айыпталушының (азаматтық жауапкердің) мүліктік жағдайы анықталуға тиіс.

      ҚПК-нің 121-бабына сәйкес зиянның сипаты мен мөлшерін сот отырысында дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктелген.

      ҚПК-нің 410-бабына сәйкес, жекеше айыптау істері бойынша азаматтық талап қоюды дәлелдеу ауыртпалығы азаматтық талапкерлерге (жекеше айыптаушыларға) жүктеледі, олар өздеріне мүліктік залал немесе моральдық зиян келтірілуіне байланысты құқықтарын қорғауға қажетті тиісті дәлелдемелерді сотқа ұсынуға, ал мүмкін болмаған жағдайда - судьяға оларды қайдан алуға болатынын хабарлауы және оларды алдырту туралы өтінішхат беруі тиіс. Жекеше айыптаушыға азаматтық талап бойынша дәлелдемелер жинауға көмектесу, егер ол бұл туралы өтінішхат білдірсе, соттың функциясы болып табылады.

      14. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері қылмыстық процесті жүргізетін органға тиісті дәлелдемелерді ұсынуға немесе оларды алдырту туралы өтінішхат беруге, ҚПК-нің тиісінше 73 және 74-баптарында көзделген өздерінің басқа барлық құқықтарын пайдалануға құқылы.

      Бұл ретте ҚПК-нің 74-бабының үшінші бөлігінде міндеттерінің шеңбері белгіленген азаматтық жауапкерге қойылған талаптың нысанасын, негізін немесе мөлшерін жоққа шығаратын дәлелдемелерді ұсыну міндеті жүктелуі мүмкін емес.

      15. Мүлікті жымқыру, бүлдіру немесе жою салдарынан келтірілген залал жәбірленушіге оны өтеу туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан бағалар ескеріле отырып өтеледі.

      Сот қажет болған жағдайда мүлікті жымқыру, бүлдіру немесе жою салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін сараптама қорытындысының негізінде айқындайды не залалды мамандар немесе сот осы мақсатта тағайындаған комиссия айқындауы мүмкін.

      Сот іс бойынша іс жүргізу кезінде қалыптасқан бағаларды ескеріп, егер өтелуге жататын залалдың мөлшерін ұлғайту туралы шешім сотталушыны неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәлі деп тануға алып келмесе немесе оның жағдайын өзгеше түрде нашарлатпаса және қорғану құқығын бұзбаса, өтелуге жататын залалдың мөлшерін ұлғайтуға құқылы.

      16. Тәндік зиянның сипатын айқындау кезінде денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау өлшемшарттарын негізге алып және әрбір іс бойынша денсаулыққа келтірілген зиян жеңіл екенін, денсаулықтан қысқа уақытқа айырғанын немесе айырмағанын не денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіргенін не денсаулыққа ауыр зиян келтіргенін немесе адамды қазаға ұшыратқанын бағалаған жөн. Денсаулыққа келтірілген зиянның көлемі мен дәрежесін анықтау үшін тиісті сот сараптамасын жүргізу міндетті.

      ҚПК-нің 166-бабының бірінші бөлігінде көрсетілмеген залалды не өзге де зиянды өтеу туралы талап қоюлар (мысалы, шығындарды немесе алынбаған пайданы өндіріп алу туралы талап қоюлар, жәбірленушілер болып табылмайтын үшінші тұлғалардың талап қоюлары және басқалары) қылмыстық процесте қарауға жатпайды. Қылмыстық іс бойынша осындай талап қоюлар келіп түскен кезде сот арыз берушіге азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.

      17. Моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюларды қарау кезінде "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын басшылыққа алған жөн.

      18. Жәбірленушінің өзіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанға дейін немесе жасалған сәттегі мінез-құлқы зиян келтірушінің қылмыстық жауаптылығына да, азаматтық-құқықтық жауаптылығына да ықпал ететінін және белгілі бір жағдайларда осы әрекет заңсыз деп (қасақана әрекет немесе өрескел абайсыздық) танылуы мүмкін екенін назарда ұстаған жөн.

      Жәбірленушінің өрескел абайсыздығы (мас болу, жол қозғалысының ережелерін бұзу және т.с.) кезінде өтелетін зиянның мөлшері азайтылуы немесе оны өтеуден бас тартылуы мүмкін.

      19. Азаматтық жауапкердің мүліктік жағдайын айқындау үшін оның еңбекақысының мөлшерін, отбасы мүшелерінің санын, отбасының кірісін және асырауындағы адамдардың бар-жоғын, оның жеке және ортақ меншігінде жылжитын және жылжымайтын мүліктің болуын анықтаған жөн.

      20. Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы кезінде төрағалық етуші азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің өздерінің процестік құқықтарын іске асыру мүмкіндігін, оның ішінде қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қоюға қатысты барлық мән-жайларды зерттеуге және сот жарыссөздеріне қатысу құқығын қамтамасыз етуге міндетті.

      Азаматтық талапкер сот отырысында талап қою арызын жария етуге тиіс. Сот азаматтық талапкердің, оның өкілдерінің азаматтық талап қоюды қолдайтын-қолдамайтынын, қандай мөлшерде қолдайтынын анықтауға, егер талап қоюды прокурор қойса, азаматтық талап қоюды мемлекеттік айыптаушының қолдайтын-қолдамайтынын анықтауға міндетті. Сонымен қатар азаматтық жауапкер мен оның өкілдерінен олардың қойылған азаматтық талап қоюды мойындайтын-мойындамайтынын, қандай мөлшерде мойындайтынын анықтау керек.

      Азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне азаматтық сот отырысында қойылған азаматтық талап қою бойынша түсініктеме беруге, азаматтық талап қоюға қатысты материалдарды қылмыстық іске тігу үшін ұсынуға мүмкіндік берілуге тиіс.

      Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері өздерінің қолдарында бар заттарды, құжаттарды, өзге де дәлелдемелерді соттың талабы бойынша, егер сот оларды талап қоюды дұрыс шешу үшін зерттеу қажет деп тапса ұсынуға міндетті.

      21. Азаматтық талапкер талап қою талаптарының мөлшерін азайту жағына (мысалы, айыпталушы немесе азаматтық жауапкер зиянды өз еркімен ішінара өтесе) немесе ұлғайту жағына өзгертуге құқылы. Бұл ретте, егер сот отырысында азаматтық талапкер көрсеткен талап қою сомасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталған сомадан жоғары екені анықталса және бұл қылмыстық құқық бұзушылықты саралауға ықпалын тигізсе, онда осы мән-жай ҚПК-нің 340-бабының бесінші бөлігінің тәртібімен істі қарауды кейінге қалдыру және прокурорға жаңа айыптау актісін жасау үшін қажет уақытты беру үшін негіз болуы мүмкін.

      22. Сотталушының (азаматтық жауапкердің, оның өкілдерінің) азаматтық талап қоюды мойындауының өзі азаматтық талап қоюды қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болатынын соттар назарда ұстағаны жөн. Азаматтық талап қою бойынша шешім қабылданғанға дейін сотталушының жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәлі екені немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасағаны, сондай-ақ олардың іс-әрекеттері мен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет. Осы мақсатта залалдың сотталушының немесе есі дұрыс емес адамның қандай әрекетімен немесе әрекетсіздігімен келтірілгені, мұның қандай дәлелдемелермен расталатыны, залал сомасының қаншалықты екені, оның неден құралатыны, кімнің заңға сәйкес материалдық жауаптылықта болатыны және залалдың кімнің пайдасына өндірілетіні тиянақты анықталғаны жөн.

      23. Сотталушы (азаматтық жауапкер, оның өкілдері) талап қою талаптарын мойындауға құқылы, бұл сотты істі мұқият және әділ талқылап, азаматтық талап қою бойынша заңды шешім қабылдаудан босатпайды.

      Істі қысқартылған тәртіппен сотта талқылауды жүргізу кезінде азаматтық талап қою бойынша зерттеу жүзеге асырылмайды. Сотталушының (азаматтық жауапкер мен оның өкілдерінің) азаматтық талап қоюды мойындамауы қылмыстық іс бойынша сот тергеуін, оның ішінде азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайларды зерттеп толық көлемде жүргізуге алып келеді.

      24. Егер қылмыстық істі қараған кезде жәбірленуші (әрі азаматтық талапкер) сотталушымен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат берсе және қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне келтірілген зиянның толық өтелгенін мәлімдесе, сот оған осы негіз бойынша, оның ішінде азаматтық талап қою бөлігінде істі тоқтату салдарын түсіндіруі, сондай-ақ жәбірленушінің аталған арызды өз еркімен бергенін, зиянды өтеудің мән-жайларын және оның мөлшерін анықтауы қажет.

      25. Азаматтық талап қоюды қарау нәтижелері бойынша сот: азаматтық талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы; азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы; азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюын қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен соттың қарауына беру туралы; азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы; татуласу келісімін не дауды азаматтық талап қою бойынша медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы; азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығара алады.

      Үкімнің (қаулының) сипаттама-уәждеу бөлігінде сот тараптардың азаматтық талап қоюға көзқарасын көрсетіп, сот азаматтық талап қою туралы мәселені шешу кезінде қолданған материалдық және процестік заңдардың нормаларына сілтеме жасап, азаматтық талап қою бойынша шешімнің тиісті уәждері мен негіздерін көрсетуге тиіс. Соттың азаматтық талап қою бойынша шешімі үкімнің (қаулының) қарар бөлігінде баяндалады.

      26. Егер сот қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарса немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарса, азаматтық талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылуға жатады. Талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешімді сот келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерінің дәлелденгенін, оның қандай мән-жайларға байланысты келтірілгенін негізге ала отырып қабылдайды.

      Азаматтық талап қою ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған кезде де толық қанағаттандырылуға жатады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе олардың заңды өкілдері келтірілген залалдың сомасын даулаған жағдайда, азаматтық талап қою даудың мәні бойынша шешіле отырып, іс бойынша іс жүргізу ҚПК-нің 35-бабының төртінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша жалғасады.

      Азаматтық талап қоюды қылмыстық іспен бірге қарау кезінде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеудің негіздері, шарттары, көлемі мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заң нормаларына сәйкес айқындалады. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi АК-нің Ерекше бөлігінің 47-тарауында белгіленген.

      27. Сот үкімнің қарар бөлігінде өндіріп алынуға жататын соманы көрсете отырып, азаматтық талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не азаматтық талапкердің талап қоюын қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшері туралы мәселені соттың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауына беру туралы не азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы не азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы, жауапкерден (жауапкерлерден) мемлекет кірісіне өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың мөлшері туралы шешімді баяндайды.

      Бірнеше сотталушыға қойылған азаматтық талапты қанағаттандыру кезінде сот үкімнің қарар бөлігінде нақты қандай соманың және кімнен, ортақ немесе үлестік тәртіппен өтелетінін көрсетеді. Егер мүліктік зиян аса ауыр қылмыс жасау салдарынан келтірілсе және сотталған адамда оны өтеу үшін жеткілікті мүлік болмаса, үкім шығарған сот жәбірленушінің немесе оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша ҚПК-нің 71-бабының жетінші бөлігіне сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен толық көлемде, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, ақшалай өтемақыны төлеу туралы қаулы шығаруға тиіс. Соттың аталған қаулысы атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп орындалуға жатады.

      Егер залал бірнеше адамның бірлесіп жасаған қылмыстық әрекеттерінің салдарынан келтірілсе, онда сотталып отырғандардың ересектері де, кәмелетке толмағандары да өздерінде мүлік немесе өзге кіріс көздері болған жағдайда АК-нің 932-бабына сәйкес ортақ материалдық жауаптылықта болады. Сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүддесі үшін зиянды бірлесіп келтірген адамдарға үлестік жауаптылық жүктеуі мүмкін.

      Сот талап қоюды қанағаттандыра отырып, үкімнің (қаулының) қарар бөлігінде азаматтық жауапкердің шешімді азаматтық талап қою бойынша өз еркімен орындау мерзімін белгілеуге және үкімде (қаулыда) көрсетілген мерзім өткеннен кейін сот актісі азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындауға жататыны туралы көрсетуге тиіс.

      Үкімді азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындау атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      Сот басқа адамдардың иелігіндегі мүліктің сотталушыға тиесілі екенін, сондай-ақ оның басқа адамдармен бірге ортақ меншігіндегі мүліктің қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынғанын анықтап, тиісті дәлелдемелер келтіре отырып, залалды өтеуге өндіріп алу осы мүлікке де қолданылуы мүмкін екенін үкімде көрсетуге тиіс.

      28. Азаматтық талап қойылған кезде қылмыстық істе талапкер ғана мемлекеттік баж төлеуден босатылады, сондықтан талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот үкімде жауапкерден (жауапкерлерден) мемлекеттік бажды мемлекеттің кірісіне толық немесе талап қою қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріп алу туралы мәселелерді шешеді.

      29. Сот азаматтық жауапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану туралы және оның мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беру туралы шешімді үкімде (қаулыда) көрсетеді және қылмыстық істің басты сот талқылауы кезінде талап қоюды қанағаттандыру үшін заңда көзделген барлық негіздер анықталған жағдайларда ғана және олар талап қоюдың негізді екенін куәландырса, алайда оның мөлшерін қылмыстық істі талқылауды кейінге қалдырмай дәл анықтау мүмкін болмаса (мысалы, мүліктік залалдың мөлшерін растайтын қажетті құжаттардың болмауына орай және басқалары), осындай шешім қабылдануы мүмкін.

      30. Соттың азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын танып, азаматтық талап қоюдың мөлшері туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беруі үкім заңды күшіне енген кезде соттың үкімнің және азаматтық талап қоюға қатысты материалдардың тиісінше куәландырылған көшірмелерін қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиян үшін өндірілуге жататын өтемақының мөлшерін азаматтық талапкердің пайдасына толық есептеу үшін соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберуін білдіреді. Бұл ретте қылмыстық істі қарайтын сот азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыруға құқығын тани отырып, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жататын мәселелерді алдын ала анықтап, олар бойынша түйіндерді үкімде көрсетуге құқылы емес.

      Сот қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиян үшін өндіріп алынуға жататын өтемақының мөлшерін есептеу туралы мәселені азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қараған кезде талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға немесе талапты кері қайтаруға құқылы емес, өйткені ҚПК-нің 127-бабының үшінші бөлігіне сәйкес соттың заңды күшiне енген, талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкiмi сот үшiн оның азаматтық iсті қарауы кезiнде осы бөлiгінде мiндеттi.

      Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын жәбірленушілердің стационарда емделуіне жұмсалған қаражатын өтеу туралы істердің соттылығы жөніндегі мәселені шешу кезінде олар АПК-нің 30-бабының бесінші бөлігіне орай, талапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілген жер бойынша соттарда қаралуы мүмкін екенін назарда ұстаған жөн.

      31. Азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының анықталмауы не сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысуы не есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасағаны дәлелденбеуі бойынша ақтау үкімі шығарылған кезде қабылданады.

      Егер сот отырысында қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен зиян келтірілмегені не сотталушының немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетінің және келтірілген зиянның арасында себепті байланыстың жоқ екені анықталған жағдайда да талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылуға тиіс.

      32. Қылмыстық істі мәні бойынша шешкен кезде азаматтық талап қоюды қарамай негізсіз қалдыруға жол берілмейтінін соттардың назарда ұстағаны жөн.

      ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7), 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылған кезде азаматтық талап қою қараусыз қалдырылуы мүмкін.

      Сот сотталушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін немесе істі тоқтату туралы және есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіздердің жоқ екендігі туралы қаулы шығарған кезде де азаматтық талап қою қараусыз қалдырылуға жатады.

      Азаматтық талап қою азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің сот отырысына келмеуіне байланысты да қараусыз қалдырылуы мүмкін. Алайда, сот азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің келген-келмегеніне қарамастан, егер ол өз бастамасымен мұны қажет деп тапса не басты сот талқылауына қатысып отырған прокурор азаматтық талап қоюды қолдаса немесе азаматтық талапкердің және оның өкілінің азаматтық талап қоюды өздерінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхаты болса, азаматтық талап қоюды қарауға құқылы.

      Қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру азаматтық талапкерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қою құқығынан айырмайды.

      33. Азаматтық талап қойылып және оны қамтамасыз ету шаралары қолданылған қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда сот азаматтық талапкерге көрсетілген шаралардың күші жойылатынын түсіндіруге міндетті. Талапкер мұндай жағдайларда талап қоюды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы талап қоюмен және өтінішхатпен жүгінуге құқылы.

      34. Сот жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, олардың өкілдеріне басты сот талқылауының хаттамасымен, басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасымен танысу және оларға өздерінің ескертулерін жасау құқығын түсіндіруге міндетті, бұл сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс. Сот отырысының хаттамасына ескертулер жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі. Белгіленген мерзімдер бұзылып ресімделген хаттамаға қол қойылған күн туралы аталған адамдар хабардар етілуге тиіс.

      35. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері сот үкімінің азаматтық талап қою бөлігіндегі шешіміне апелляциялық шағым бере алады. Азаматтық талапкерлердің әрқайсысы үкімге тек өздерінің талап қою талаптарына қатысты бөлігіне ғана шағым беруге құқылы. Апелляциялық өтінішхатты тиісті прокурор ҚПК-нің 414-бабының екінші бөлігіне сәйкес бере алады.

      Шағымдарды немесе өтінішхатты берген адамдар оларды апелляциялық сатыда сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып ала алады. Сондай-ақ өтінішхатты жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.

      Процеске қатысушылар түскен шағымдар, өтінішхаттар туралы хабардар етілуге тиіс, оларға өз қарсылықтарын беру құқығы түсіндірілуге тиіс, олар сондай-ақ апелляциялық шағымдар, өтінішхат бойынша істің қаралатын уақыты мен орны туралы хабардар етілуге тиіс.

      36. Азаматтық талапкерлер мен азаматтық жауапкерлер, олардың өкілдері апелляциялық сатының отырысына қатысуға, азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайлар бойынша түсініктемелер беруге құқылы. Апелляциялық саты отырысының болатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген жағдайда олардың сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі келтірмейді.

      Күзетпен ұстаудағы азаматтық жауапкерді (сотталған адамды) сот отырысына шақыртудың қажеттілігін апелляциялық сатының соты шешеді. Егер шағымда, өтінішхатта өндіріп алынатын соманың мөлшерін ұлғайту немесе азаматтық талап қою бойынша сотталған адамның жағдайын өзгедей нашарлату туралы мәселе қойылса, оның апелляциялық сатыға қатысу туралы өтінішхаты міндетті түрде қанағаттандырылуға тиіс.

      37. Апелляциялық сатыдағы сот үкімнің азаматтық талап қою бөлігіндегі заңдылығын тексере келіп, ҚПК-нің 432-бабының талаптарын ескере отырып, үкімді азаматтық талап қою бөлігінде өзгертуге құқылы. Азаматтық талап қою бойынша шешім үкімнің қарар бөлігінде көрсетілмеген жағдайларда, сот талап қоюды зерттемеген, мәлімделген азаматтық талап қою бойынша талапкер мен жауапкерден жауап алмаған, үкімде азаматтық талап қою жөнінде ешқандай тұжырым жасамаған және қарар бөлігінде азаматтық талап қою бойынша шешімін мүлде көрсетпеген жағдайларда, апелляциялық сатыдағы сот азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің сот талқылауына және азаматтық талап қоюды мәні бойынша қарауға қатысуы туралы заң талаптарын орындай отырып, сот тергеуін жүргізеді. Сот қарауының қорытындылары бойынша апелляциялық сатыдағы сот ҚПК-нің 432-бабының талаптарына сәйкес талап қою бойынша уәжді шешім қабылдап, үкімді азаматтық талап қою бөлігінде өзгертеді.

      ҚПК-нің 433-бабында көрсетілген негіздер бойынша үкімнің күшін жою үкімге шағым жасалған-жасалмағанына, сонымен қатар прокурор осы бөлікте оған өтінішхат келтіргеніне қарамастан, азаматтық талап қою бөлігінде де оның күшін жоюға алып келеді.

      Сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына не қоғам үшін қауіп төндірмейтін және мәжбүрлеп емдеуді қажет етпейтін есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздердің болмауына байланысты немесе ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7) және 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша үкімнің күші жойылған және іс тоқтатылған кезде апелляциялық саты азаматтық талап қоюды қараусыз қалдырады.

      Егер апелляциялық саты ақтау үкімін шығарса, сол сияқты қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе есі дұрыс емес адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі - ҚК) тыйым салынған іс-әрекеті анықталмауына, не сотталушының қатысуы немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасағаны дәлелденбеуіне, не сотталушының немесе өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы мәселе шешіліп жатқан адамның қылмыстық құқық бұзушылықты немесе ҚК-де тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәсі анықталмауына орай іс тоқтатылса, онда осы саты азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      ҚПК-нің 170-бабының үшінші бөлігінде және алтыншы бөлігінің 3) тармағында көзделген жағдайларда азаматтық талап қарау қылмыстық істен бөлектеп және АПК-де көзделген соттылық қағидалары негізінде асырылады.

      Үкімнің күші толық көлемде жойылғаннан кейін қылмыстық істі жаңадан қарау кезінде азаматтық талап қою ҚПК-де көзделген жалпы негіздер бойынша қайтадан қаралады.

      38. Азаматтық талапкердің, оның өкілінің шағымында немесе прокурордың өтінішхатында көрсетілген тиісті дәлелдер болғанда ғана апелляциялық саты үкімді азаматтық талап қою бөлігінде өндіріп алынатын соманы ұлғайту жағына қарай өзгертуі (есептік қатені түзеуден басқа), талап қоюдан бас тарту туралы шешімнің күшін жоюы және оны қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауы не азаматтық жауапкердің (сотталған адамның) жағдайын нашарлататын азаматтық талап қою бойынша өзге шешім қабылдауы мүмкін.

      39. ҚПК-нің 494-бабының он төртінші бөлігінің талаптарына сәйкес істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде сот өтінішхаттың немесе наразылықтың шегінен шығып, егер осы орайда сотталған адамның жағдайы нашарламаса, шағым жасалған, наразылық келтірілген үкімнің заңдылығын азаматтық талап қою бөлігінде толық көлемде тексеруге құқылы.

      ҚПК-нің 665-бабына сәйкес алқабилердің қатысуымен шығарылған үкім азаматтық талап қою бөлігінде ҚПК-нің 485-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағында және екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде ғана кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      40. Соттар азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік зиянды өтеуге бағытталған заң талаптарының бұзылуының әрбір жағдайына жекеше қаулы шығару арқылы ден қоюы тиіс.

      41. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты "Қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1979 жылғы 23 наурыздағы № 1 қаулысын Пленумның 1984 жылғы 26 сәуірдегі № 7 қаулысымен енгізілген толықтыруларымен қоса Республика соттарының орындау барысы туралы" 1990 жылғы 19 наурыздағы № 1 Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      42. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      14. "Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын қолдану туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 15, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 11 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Сот отырысының хаттамасын жүргізу, дайындау және процеске қатысушылардың онымен танысу мен ескертулер беру құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ осы процестік құжатпен байланысты өзге мәселелерді қарау тәртібін реттейтін қылмыстық-процестік заңнаманың нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қылмыстық іс бойынша сот отырысының хаттамасы (бұдан әрі - Хаттама) - сот қаулысының негізі болатын, процеске қатысқан адамдардың құқықтарын, тараптардың жарыспалылық, тең құқылық қағидатын және қылмыстық сот ісін жүргізудің басқа да қағидаттарын соттың сақтауы туралы, өткізілген талқылаудың объективтілігі, толықтығы және жан-жақтылығы туралы мәселелерді шешу кезінде апелляциялық, кассациялық сатылар пайдаланатын аса маңызды процестік құжат.

      2. Хаттамада сот өткізген отырыстың түрі, оның өткізілген орны, күні мен уақыты, соттың атауы мен құрамы туралы, сот отырысына қатысқан басқа адамдар туралы қажетті деректер, мәлімделген өтінішхаттар, қарсылықтар мен олар жөнінде қабылданған шешімдер, тараптар келтірген уәждер, қаралған, зерттелген құжаттар, сараптамалар тағайындау, сотты құрметтемеу фактілері мен сот отырысындағы өзге де тәртіп бұзушылықтар, тәртіп бұзушыларға қолданылған шаралар, қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүргізілген өзге де процестік әрекеттер туралы толық және нақты ақпараттар қамтылуы тиіс.

      3. Тиісті процестік әрекеттердің хаттамалары олардың мазмұны және оларда сот ісін жүргізудің қай сатысы тіркелгені ескеріліп аталуы тиіс.

      Хаттамада нақты қылмыстық іс бойынша тараптар (айыптау, қорғау) өкілдерінің ең болмағанда біреуінің, азаматтық талапкердің, жауапкердің, олардың өкілдерінің, куәнің қатысуымен өткізілетін кез келген сот отырысы, сондай-ақ онда процестік шешімдер (істі тоқтату, соттылығы бойынша беру, оны жүргізуді тоқтата тұру туралы, сот талқылауын кейінге қалдыру туралы үкім, қаулы шығару және т. б.). қабылданатын отырыс сот отырысы деп аталады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 321-бабының тәртібімен сот өткізетін отырыс Хаттамада алдын ала тыңдау деп аталады.

      ҚПК-нің 43, 44, 45, 46-тарауларында көзделген процестік әрекеттер, оның ішінде басты сот талқылауының дайындық бөлігі, сот тергеуі, сот жарыссөзі, соңғы сөздің айтылуы, үкімнің жариялануы шеңберіндегі отырыс Хаттамада басты сот талқылауы (басты сот отырысы) деп аталады.

      4. Хаттамада соттың толық атауы мен орналасқан ауданы және облысы (Астана, Алматы қалалары) көрсетілуі тиіс. Соттың құрамы, отырысқа қатысушылар (айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман) туралы деректер тегі ғана емес, атының, әкесінің атының (болған жағдайда) бас әріптері, отырысқа белгілі бір органның өкілі ретінде отырысқа қатысатын адамның лауазымы көрсетіледі.

      5. ҚПК-нің 321-бабында, ҚПК-нің 43, 44, 45, 46-тарауларында көзделген жағдайлардан басқа, Хаттаманы:

      ҚПК-нің 106-бабындағы тәртіппен жабық сот отырысында прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген шағымдарды қарау;

      ҚПК-нің 55-бабы бірінші бөлігінің 1, 2, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында, екінші бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген күзетпен ұстауды санкциялау; үйқамақты санкциялау; экстрадициялық қамақты санкциялау; күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту; кепіл қолдануды; мүлікке тыйым салуды санкциялау мәселелерін; тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы; сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтауға қою туралы мәселелерді қарау;

      ҚПК-нің 429-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда істі апелляциялық сатыда қарау;

      ҚПК-нің 475-482-баптарының тәртібімен үкімнің орындалуымен байланысты мәселелерді шешу;

      ҚПК-нің 54, 59, 60, 62-тарауларында көзделген тәртіппен ерекше іс жүргізудегі істерді қарау (медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану; шет мемлекет сотының процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмасын орындау; шет мемлекет сотының үкімін орындаумен байланысты мәселелерді шешу);

      ҚПК-нің 53-тарауында көзделген тәртіппен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс бойынша іс жүргізуді жаңадан бастау туралы өтінішхаттарды қарау кезінде жүргізу де міндетті.

      6. Хаттамадағы мәтін жеңіл оқылатын шрифтпен баяндалуға тиіс, сондықтан, әдетте, компьютерді пайдалана отырып жасалады және айрықша жағдайларда машинкалық жазба тәсілімен дайындалуы не түсінікті қолжазбамен жазылуы мүмкін.

      Хаттаманың құжаттың атауы, соттың атауы, істің нөмірі, сот отырысының өткізілетін орны көрсетілген бөлігін жасаған кезде дайын бланктерді қолдануға рұқсат етіледі.

      7. Хаттамада айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз баяндалады, сұрақтар мен олардың жауаптары жауап алу кезінде орын алған реттілікпен жазылады. Хаттамада сот қарсылық білдірген, сондай-ақ жауап алынып отырған адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары да, оларды қабылдамаудың немесе бас тартудың уәждері көрсетіле отырып, тіркелуге тиіс.

      Хаттамада қойылған сұрақтың және оған берілген жауаптың, мәлімделген өтінішхаттың және ол бойынша айтылған пікірдің мәнін ашпайтын қысқартылған тұжырымдарды қолдануға жол берілмейді.

      8. Егер процеске қатысушы мәлімдеген ескертулер, қарсылық білдірулер және өтінішхаттар сотқа жазбаша нысанда ұсынылса, олар ҚПК-нің 123-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Хаттамаға қоса беріледі, ал сот отырысының хатшысы Хаттамада жасалған арыздардың мәнін көрсетеді.

      Тараптың жарыссөздерде сөйлеген сөзінің жазбаша нысаны Хаттамаға қоса берілуі сот отырысының хатшысын Хаттамада сөйлеушінің сөзінің негізгі мазмұнын тіркеу міндетінен босатпайды.

      Істі алдын ала тыңдау хаттамасында сотталушыға, айыпталушыға заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 170 (төртiншi бөлiгiнде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртiншi бөлiгiнде), 263 (бесінші бөлiгiнде), 286 (төртiншi бөлiгiнде), 297 (төртiншi бөлiгiнде), 298 (төртiншi бөлiгiнде), 299 (төртiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны, сондай-ақ төтенше жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар кезінде адам өлтіргені үшін оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат беру құқығы түсіндірілгені, осы мәселе бойынша оның ұстанымын, тараптардың мәлімделген өтінішхат бойынша тараптардың пікірін көрсету қажет.

      9. Соттың бөлек уәжді қаулы шығаруы қабылданған шешімнің мәні көрсетіліп, Хаттамада жазылуға тиіс.

      Сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне бармай шығаратын қаулылары да Хаттамаға енгізілуге жатады, бұл ретте онда мәлімделген өтінішхатты қанағаттандыру не қабылдамау туралы қаулының мәнін көрсетуден басқа, қабылданған шешімнің сот жариялаған уәждері көрсетіледі.

      10. Алқалы құрамда істі қарайтын судьяның болмауына байланысты (ауруына байланысты және т.с.) сот талқылауы кейінге қалдырылған жағдайда қабылданған шешім туралы сот отырысына төрағалық етуші (судьялардың бірі) және хатшысы қол қоятын Хаттамада белгі жасалады.

      Осындай себеппен істі жеке - дара қарайтын судья болмаған кезде сот талқылауын кейінге қалдыру туралы шешімді сот төрағасы не басқа судья қаулы нысанында қабылдайды.

      11. Егер Хаттамада төрағалық етушінің куәға, жәбірленушіге немесе процестің басқа да қатысушысына келесі отырыстың күні, уақыты мен орны туралы ауызша хабарланғаны көрсетілсе, аталған адамдар отырысқа келу қажеттілігі туралы тиісті түрде ескертілді деп есептеледі. Сот отырысына келуге міндетті адамның өтінішхаты бойынша сот оған отырысқа келу қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама беруге тиіс.

      12. Сот отырысы үзілістен кейін немесе сот талқылауы кейінге қалдырылған соң өткізіліп отырғанына қарамастан, алдыңғы сот отырыстарына қатыспаған адамдардың кезекті сот отырысына келуі, келмеген адамдардың қатысуынсыз істі қараудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу және олардың келмеу себептерін анықтау Хаттамада көрсетілуі тиіс.

      13. Келген жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін отырыстың белгілі бір бөлігіне қатысудан босата отырып, сот оларға барлық келесі сот отырыстарына қатысу құқығы түсіндірілгені туралы фактіні Хаттамада көрсетуге тиіс.

      14. Егер сотталушы сот отырысында айғақтар беруден бас тартпаса, оған тағылған айыптың мәні бойынша сотталушының айғақтарын Хаттамада көрсетпеу, сот отырысында дәлелдемелерді соттың толық зерттемегені болып көрінуі мүмкін.

      Сотталушыға сот жарыссөздеріне қатысу құқығын пайдалануға және соңғы сөзін айтуға мүмкіндіктің берілгендігі туралы деректердің Хаттамада болмауы, егер ол осы құқықтардан бас тартпаса, сот актісінің күшін сөзсіз жоюға алып келетін процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзу болып табылады.

      15. Соттың заттай дәлелдемелерді, жергілікті жерді, үй-жайларды қарау, құжаттарды жариялау бойынша барлық әрекеттері Хаттамада көрсетілуге тиіс. Зерттеумен байланысты мән-жайлар мен іс үшін маңызы бар қарап-тексерудің көрінетін нәтижелері Хаттамаға төрағалық етушінің не маманның, соттың тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге адамның сөздерінен жазылады.

      16. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды, онда мыналар көрсетіледі: сот отырысының күні мен орны, сот отырысының басталу және аяқталу уақыты, істі қарайтын соттың атауы мен құрамы, судьялардың, сот отырысы хатшысының тегі мен аты-жөні, істің атауы, сотталушының жеке басы туралы деректер, соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер, аудио-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы, процеске қатысушылардың және басқа да адамдардың келгені туралы мәліметтер, іске қатысатын адамдар дәлелдемелер ретінде ұсынған қосымша материалдардың іске қоса тіркелгені туралы мәліметтер, түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні.

      Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.

      Аудио-, бейнежазбаны қамтитын материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.

      Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио-, бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайларда іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазба және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, олардың аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

      17. Хаттаманың дұрыс және уақтылы жазылуына, істі қарау кезінде төрағалық еткен судья да, сот отырысының хатшысы да жауапты болады.

      ҚПК-нің 83, 123-баптарына сәйкес қаралып жатқан іске мүдделі емес және сот штатында мемлекеттік қызметшінің тиісті лауазымын атқаратын адам сот отырысының хатшысы болып табылады.

      Қажет болған кезде сот ҚПК-нің 83, 86, 91-баптарының талаптарын сақтай отырып, басқа соттың (аумақ бойынша) соттың осындай лауазымындағы қызметкерін сот отырысының хатшысы ретінде іске қатысуға тартуға құқылы.

      18. ҚПК-нің 347-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірілмей толық дайын болуға тиіс, ал бес тәуліктен артық мерзімге үзіліс жариялаған немесе сот талқылауы кейінге қалдырған кезде сот отырысының өткізілген бөлігінің Хаттамасы жасалады.

      Хаттама толығымен немесе оның бір бөлігі дайын деп оларға сот отырысының хатшысы және істі қарау кезінде төрағалық еткен судья Хаттамаға қол қойған сәттен бастап есептеледі.

      19. Төрағалық етуші және сот отырысының хатшысы Хаттамаға қол қойғаннан кейін, жіберілген қателіктің маңыздылық дәрежесіне және себептеріне қарамастан, оған қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      20. Хаттаманың мазмұнына жөнінде төрағалық етушімен келіспеушілік болған жағдайда сот отырысының хатшысы өзінің қарсылығын оған қоса тіркеуге құқылы, бірақ ол хатшыны Хаттамаға қол қою міндетінен босатпайды.

      Сот отырысы хатшысының қарсылықтары тікелей Хаттамадан кейін тігіледі және ҚПК-нің 24-бабының талаптарына сәйкес істің басқа материалдарымен қатар сот сатыларында зерттеу нысанасы болуы мүмкін.

      21. Сот басты сот талқылауының Хаттамасы дайындалғаны туралы тараптарға дереу хабарлауға және оларға онымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.

      Сот қаулысына дау айтқан процеске қатысушыларды Хаттамамен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етпеу апелляциялық сатыдағы соттың істі толық ресімдеуге қайтаруы үшін негіз болып табылады.

      22. Сот талқылауы барысында жауап алынған адамның өзінің айғақтарының Хаттамадағы жазбасымен таныстыру туралы өтінішхаты жазбаша немесе ауызша өтінішхат мәлімделгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей міндетті түрде қанағаттандырылуға жатады. Мұндай жағдайда танысу үшін ұсынылатын Хаттаманың бөлігіне төрағалық етушінің және сот отырысы хатшысының қолы қойылуға тиіс.";

      3) 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тарап Хаттамамен танысу уақытын анық қасақана ұзаққа созған жағдайда төрағалық етуші Хаттаманың көлемін, онымен танысуға ниет білдірген процеске қатысушылардың санын және басқа осыған ұқсас мән-жайларды ескере отырып, белгілі бір мерзімді белгілеуге құқылы.

      25. ҚПК-нің 123-бабының бесінші бөлігіне сәйкес Хаттаманың қандай да бір бөлігімен танысқан адамдар, осы бөліктің әр бетінің соңына және ең соңына өз қолдарын қояды.

      Хаттамамен танысқан адам оған өзінің қолын қоюдан бас тартқан кезде төрағалық етуші және сот отырысының хатшысы өз қолдарымен куәландырып осы Хаттамаға тиісті белгі жасайды. Өз қолын қоюдан бас тартқан адам бас тартудың себебін түсіндіруге құқылы және бұл түсіндірме Хаттамаға енгізілуге тиіс.

      26. Хаттамамен танысқаннан кейін тарап, сондай-ақ ҚПК-нің 347-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген өзге де адамдар, оған өздерінің ескертулерін жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында бес тәулік ішінде беруге құқылы.

      ҚПК-нің 348-бабына сәйкес сот отырысы хаттамасының көлемі үлкен болған жағдайда, төрағалық етуші тараптардың өтінішхаты бойынша олардың танысуы және ескертулер беруі үшін неғұрлым ұзақ қисынды мерзім белгілейді.

      Істің талқылауы аяқталған сот актісінің көшірмесін тарапқа уақтылы бермеу, Хаттамаға ескерту беру мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылмайды.

      Хаттамамен танысу және оған ескертулер беру мерзімдерін ұзарту апелляциялық шағым, наразылық келтіру мерзімін қалпына келтіруге негіз болып табылмайды.

      27. Хаттамамен танысқан адам Хаттамаға ескертулерімен бірге соттың рұқсатымен жасалған сот процесінің бейне, -аудиожазбаларына (техникалық құралдармен тіркеудің өзге де материалдарына) қосымша, жазбаша нысанда өз редакциясын ұсынуға құқылы.

      28. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер берген адамдарды сот нақтылау үшін ҚПК-нің 349-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен шақыртуы мүмкін. Бұл жағдайда ескертулер отырыста Хаттама жүргізумен қаралады.

      29. Хаттамаға берілген ескертулерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулыда сот ескертулердің қандай бөлігінің қанағаттандырылғанын, ал қандай бөлігі негізсіз деп танылғанын анық көрсетуге тиіс.

      Ескертулердің қанағаттандырылғандығын қаулыда тараптар ұсынған және ескертулерде келтірілген Хаттама мәтінінің сот отырысында орын алған мән-жайларға сәйкес келетіндігі көрсетілгенін білдіреді.

      30. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулерді қараудың нәтижелері туралы қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін бірден ескертулерді берген адамға міндетті түрде жіберіледі.";

      15. "Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып пен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

      Жекеше айыптау қылмыстық iстері бойынша iс жүргiзу кезiнде заңнаманы біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында және сот практикасында туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      2) 1, 2, 2-1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Соттар жекеше айыптау қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде әркімнің ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын, олардың өзге де конституциялық құқықтарын сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын дәлме-дәл және бұлжытпай сақтауға тиіс.

      2. Жекеше айыптауды қозғауға жәбірленушінің: 18 жасқа толған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 71, 76-баптарында көрсетілген жәбірленушінің заңды өкілдерінің және өкілдерінің шағымы себеп болады.

      ҚПК-нің 32-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, егер іс-әрекет дәрменсіз немесе тәуелді күйдегі не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жекеше айыптау істері бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауы мүмкін.

      Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдарға қатысты жекеше айыптау бойынша іс жүргізу кезінде ҚПК-нің 57-тарауында көзделген іс жүргізу ерекшеліктері қолданылатынын соттардың ескергені жөн.

      Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдарға қатысты жекеше айыптауды заңда көзделген тәртіппен және негіздерде прокурор ғана қозғайды.

      2-1. Жекеше айыптау істерінің соттылығын айқындау кезінде қылмыстық істің қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі сотта қаралуға жататындығы туралы ҚПК-нің 314-бабының ережелерін сақтау қажет.

      ҚК-нің 131-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істердің соттылығын айқындау кезінде мынадай ережелерді негізге алған жөн. Адам өз атына айтылған қорлау сөздерді естіген (алынған) кезде қорлау құрамы аяқталған болып саналады. Осыған байланысты адресатқа пошта не факсимильдік байланыс немесе әлеуметтік желілер арқылы жіберу жолымен не телефон арқылы ауызша нысанда білдірілген қорлау фактісі бойынша қылмыстық істерді сот қорлық көрген адамның тұрған жері бойынша қарауға тиіс.

      3. Соттар шағымда сипатталған іс-әрекеттерде оқиғаның немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, оның ішінде жасалған әрекеттің маңызы жағынан болмашы болуы, дәлелдемелердің болмауы, шағымға айыпталушының бұрынғы соттылығы, психикалық жағдайы туралы және басқа да деректердің қоса тіркелмеуі уәждері бойынша шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.

      Шағым берген тұлға судьяның шағымды тиісті процестік нысанға келтіру бойынша нұсқауын орындамаса, шағымды тиісті емес адам бермесе және сол сияқты басқа да жағдайларда жәбірленушінің шағымын іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту жүзеге асырылады. Жәбірленушінің шағымын іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту соттың уәжді қаулысымен ресімделеді.

      4. Жәбірленушінің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағымы жекеше айыптауды қозғайтын процестік құжат болып табылады және ол сот талқылауының шегін айқындайды. Бұл ретте сот қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығармайды. Судья шағымды қабылдау кезінде ҚПК-нің 409-бабының бірінші бөлігін басшылыққа алуы және онда шағымды дұрыс шешілуі үшін, атап айтқанда: қашан, кім, қай жерде құқыққа қарсы әрекет жасағандығы, оның нақты қандай түрде болғаны және шағым берілген адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жәбірленушінің өтініші немен расталатыны туралы барлық қажетті деректер қамтылған-қамтылмағанына көз жеткізуі тиіс.

      Жәбірленушінің ауызша не анонимді түрде берілген шағымы іс жүргізуге қабылданбайды.

      5. Судья кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрап, жекеше айыптау ісі бойынша сотқа шағыммен жүгінген жәбірленушіге көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертуі тиіс. Бұл туралы шағымда белгі қойылады немесе арыз беруші қол қоятын бөлек хаттама жасалады.

      6. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламалар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келіп түскен кезде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі және олар бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері үш күн ішінде жүргізілуі тиіс.

      Хабарламада жеке тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық туралы мәселенің қойылғаны туралы факт анықталған және бұл ретте жәбірленушінің өз шағымы болмаған кезде осы хабарлама бойынша іс жүргізу ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатылуға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыда істің іс-әрекет фактісі бойынша емес, жекеше айыптау бойынша жәбірленуші шағымының болмауына орай тоқтатылғаны міндетті түрде көрсетілуі тиіс, бұл жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға) заңда көзделген тәртіппен жекеше шағым беруіне кедергі келтірмейді.

      Егер жекеше айыптау ісі бойынша шағымды жәбірленушінің өзі берсе, онда ол кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерінің материалдарымен бірге ҚПК-нің 179-бабының бесінші бөлігіне сәйкес аудандық және оған теңестірілген сотқа істің аумақтық соттылығы бойынша жіберіледі, бұл туралы арыз беруші хабардар етіледі.

      Егер өтініште жекеше айыптау құқық бұзумен қатар жекеше-жариялы немесе жариялы тәртіппен қудаланатын басқа да құқық бұзушылықтардың орын алғаны көрсетілсе, онда сотқа дейінгі іс жүргізу органы құқық бұзушылықтың осы құрамдары бойынша шешім қабылдауы тиіс.

      7. Қылмыстық қудалау органдарынан түскен немесе арыз беруші тікелей сотқа жіберген шағым бойынша судья жәбірленушіні шақыртады және оның адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағымда көрсетілген өз арызын қолдайтынын-қолдамайтынын, сондай-ақ оны дұрыс шешуді қамтамасыз ететін басқа да мән-жайларды анықтауы тиіс.

      Шағым ҚПК-нің 408-бабы екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда судья ҚПК-нің 409-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаулы шығарады, онда шағым авторына оны көрсетілген талаптарға сәйкес келтіруді ұсынады және ол үшін мерзім белгілейді.

      ҚПК-нің 409-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімді есептеу ҚПК-нің 408-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келетін шағым келіп түскен күннен бастап жүзеге асырылады. Сот шағымды заңда көзделген талаптарға сәйкес келтіру үшін оны берген адамға жіберген жағдайда, ҚПК-нің 409-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзім осы шағым тиісті түрде келіп түскен күнінен бастап есептелуі тиіс.

      Егер шағымның мазмұнынан жекеше-жария немесе жария тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтың бар екені анық байқалса, судья шағымды ҚПК-нің 409-бабына сәйкес өзінің іс жүргізуіне қабылдамай тергеулігі бойынша жіберуге міндетті.

      8. Сот шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдай отырып, өз қаулысында шағыммен жүгінген адамды жәбірленуші деп тану туралы көрсетуі тиіс.

      Жекеше айыптау істерін қарау кезінде жәбірленушіге айыптауды қолдау құқығын беретін процестік нормаларды сақтау міндеттілігіне соттардың назарын аудару қажет. Айыптауды қолдау сот жарыссөздеріне қатысумен ғана шектелмейді, өтінішхаттарды мәлімдеу, дәлелдемелерді ұсыну және т.с.с. арқылы бүкіл сот талқылауы барысында жүзеге асырылады.

      Қарсы айыптаулар бір іс жүргізуге біріктірілген жағдайда сот жарыссөздеріне қатысушылардың сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді. Жәбірленуші немесе оның заңды өкілі өз айыптауын өзі тұжырымдайды және негіздейді, оны сотталушының жағдайын нашарлатпайтын жаққа өзгертуге құқылы.

      9. Жекеше айыптау істері бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктерінің бірі, жәбірленушінің шағым келтірілген адаммен татуласу мүмкіндігі болып табылады. Тараптардың татуласуы құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан соттар осы мақсатқа қол жеткізу үшін шаралар қабылдауы тиіс және шағымды қабылдау кезінде судья жәбірленушіге жауаптылыққа тартуды сұраған адаммен оның татуласу құқығын түсіндіруге міндетті. Бұған қоса судья арыз берушіге айыптау расталмаған жағдайда оған сот шығындарын өтеу міндеті жүктелетінін түсіндіруі тиіс.

      Егер тараптар татуласса, судья ҚПК-нің 412-бабы бірінші бөлігінің 2-тармағының негізінде істі тоқтату туралы қаулы шығарады. Татуласуға қол жеткізілмеген жағдайда, судья істі ҚПК-нің 322-бабының қағидалары бойынша сот отырысында қарауға тағайындайды.

      Сот отырысының дайындық бөлігінде ҚПК-нің 411-бабы төртінші бөлігінің талаптарына сәйкес сот жәбірленушіге оның айыпталушымен, оның ішінде судья татуластыруға шаралар қабылдаған, бірақ оған қол жеткізілмегеніне қарамастан, іс тыңдауға тағайындалғанға дейін медиация тәртібімен татуласу құқығын түсіндіруге міндетті. Татуласу кез келген сатыда сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін орын алуы мүмкін.

      Соттар әрбір жағдайда жәбірленушілерге ҚПК-нің 408-бабының тоғызыншы бөлігіне сәйкес айыптаудан бас тартқан және айыпталушымен татуласқан жағдайда, сол адамды қайтадан сол іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру мүмкіндігі жойылатынын түсіндіруі тиіс.

      Сотқа шағыммен жүгінген күні 18 жасқа толмаған зардап шегуші немесе өзінің әрекеттеріне есеп беруге қабілетсіз болса және тәндік немесе психикалық кемістігі салдарынан оларды басқара алмайтын болса, заңды өкілінің келісімінсіз тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатуды талап етуге құқылы емес.

      Тараптарды татуластыру бойынша судьяның әрекеттері барлық жағдайларда шағымды іс жүргізуге қабылдау және сот отырысын тағайындау туралы қаулыда, егер олар сот отырысында орын алса, хаттамада көрсетілуі тиіс.

      10. Сот жекеше айыптау ісі қаралып жатқан адамға қатысты бұлтартпау шарасын қолдануы мүмкін. Бұл ретте соттар ҚПК-нің 147-бабының бірінші бөлігіне сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы онша ауыр емес қылмысты жасады деп айыптау кезінде тек айрықша жағдайларда және заң талаптарына қатаң сәйкестікте қолданылуы мүмкін екенін ескеруі тиіс.

      11. Сотқа жәбірленушінің шағымымен қатар жекеше айыптаушы немесе оның өкілі шағым берген адамның қарсы шағымы келіп түскен кезде, судья ҚПК-нің 408-бабының сегізінші бөлігі және 411-бабының үшінші бөлігі негізінде, егер жәбірленушінің шағымы және қарсы берілген шағым іс жүргізу қозғалған қылмыстық жазаланатын әрекеттің нысанасымен байланысты болса, екі шағымды бір іс жүргізуге біріктіруі және оларды бір мезгілде қарауы тиіс.

      Шағымдарды бір іс жүргізуге біріктіруге судьяның қаулысы бойынша сот тергеуі басталғанға дейін жол беріледі.

      Қарсы шағымды жәбірленушінің шағымымен бірге бір іс жүргізуге біріктіру барысында екі адам сол бір процесте тек жәбірленуші ретінде емес, сотталушылар ретінде де қатысатындықтан, сот олардың әрқайсысының жәбірленуші, сонымен қатар сотталушы ретінде де заңда берілген барлық процестік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

      12. Егер қарсы шағым сот талқылауы барысында түссе, оны біріктіріп қарау туралы мәселе оң шешілген кезде, сот қарсы шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауы тиіс. Қарсы шағым түскен адамның қорғалу құқығын қамтамасыз ету үшін оның өтінішхаты бойынша сот талқылауы ҚПК-нің 411-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес үш тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте сот қарсы шағымның көшірмесін тапсыруы, сондай-ақ басқа да қажетті процестік әрекеттерді жүргізуі тиіс.

      13. Жекеше айыптау істері бойынша сот отырысы тағайындалған кезде соттар ҚПК-нің 409-бабы төртінші бөлігінің талаптарын қатаң сақтауы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға істің қаралу уақыты мен орны туралы хабарланған кезден бастап, сондай-ақ сотталушы судьяның шағымды іс жүргізуге қабылдау туралы қаулысының көшірмесін алған кезден бастап кемінде үш тәулік өткеннен кейін басталуға тиіс.

      Сотқа жекеше айыптаушының өкілі, азаматтық талапкер мен мемлекеттік айыптаушы қатысқан кезде ҚПК-нің 67-бабы бірінші бөлігінің 8), 9) тармақтарына сәйкес жарыспалылық қағидатын іске асыру мақсатында сотталушының қорғаушысы қатысуы міндетті.

      14. ҚПК-нің 411-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, жекеше айыптаушының немесе оның өкілінің сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей қалуы, егер айыптаушы істі қарау кезінде жеке өзі қатыспаса, жекеше айыптау ісі ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген негіз бойынша, яғни іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуға жатады.

      Осыған байланысты сот дәлелді себептерге ҚПК-нің 157-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар жататынын ескеріп, әрбір жағдайда жекеше айыптаушының немесе оның өкілінің сот отырысына келмей қалу себептерін анықтауы қажет. Бұл себептердің дәлелсіз екенін сенімді куәландыратын деректер болған кезде ғана іс жүргізу тоқтатылуы мүмкін.

      15. ҚПК-нің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес сотталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және сотқа келуден жалтарған жағдайда жекеше айыптау ісі сотталушының қатысуынсыз қаралуы мүмкін.

      Сотталушының өтінішхаты бойынша жекеше айыптау ісі ҚПК-нің 335-бабы екінші бөлігінің 1) тармағына және 411-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес оның қатысуынсыз мәні бойынша қаралуы мүмкін.

      Сотталушының орнына оның өкілі қатысқан жағдайда сотталушының болмауына байланысты соңғы сөз берілмейді.

      16. Жекеше айыптау істері бойынша жәбірленуші сотқа шағым бергенге дейін қайтыс болған жағдайда, қылмыстық қудалаудың құқық мирасқорлығы көзделмеуіне байланысты оның туыстарының арызы негізінде іс қозғалуы мүмкін емес.

      Егер сотталушы жекеше айыптау қозғалғаннан кейін, бірақ сотта іс қаралғанға дейін қайтыс болса, сотталушының жақын туыстары оны ақтау мақсатында істі қарауды талап еткен жағдайларды қоспағанда іс тоқтатылуы тиіс.

      17. Егер жекеше айыптаушының немесе оның өкілінің шағымы бойынша қозғалған істі қарау кезінде сотталушының іс-әрекеті жекеше жариялы және жариялы тәртіппен қылмыстық қудалауға жататыны анықталса, сот ҚПК-нің 412-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу мәселесін шешу үшін істі тиісті прокурорға жібереді. Бұл жағдайда сот айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.

      Егер жариялы айыптау ісін қарау барысында ол саралауды өзгерту нәтижесінде жекеше айыптау сипатын алса, ал жәбірленушінің шағымы болмаса, онда ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 5-тармағының негізінде, ол бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Дәл осындай жағдайда, бірақ жәбірленушінің шағымы немесе оның сот отырысында айтқан кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болса, істі одан әрі қарай сот ҚПК-нің 47-тарауының қағидалары бойынша қарайды. Бұл жағдайда мемлекеттік айыптаушы процеске қатысудан босатылады, ал айыптауды әрі қарай жәбірленуші немесе оның өкілі қолдайды.

      18. Соттар жекеше айыптау істерін қарау кезінде басқа істерді қараған кездегідей істің барлық мән жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу туралы ҚПК-нің 24-бабының талаптарын қатаң түрде орындауы, сотталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ оның жауаптылығын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды анықтауы тиіс.

      Әрбір іс бойынша айыпталушының, сотталушының пиғылының бағытталуы, ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың уәждері және мақсаттары анықталуы тиіс, себебі оның әрекеттерін заңдық негізде дұрыс бағалау және жекеше айыптау істерін басқа қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырату осыған байланысты болып табылады.

      Жекеше айыптаушы өзі берген айыптауды өзгерту туралы арызды берген кезде егер жаңа айыптау жекеше айыптау тәртібімен қаралуға тиіс болса, сотталушының жағдайын нашарлатпаса және оның қорғалу құқығын бұзбаса, сот оны қабылдауы мүмкін.

      Жекеше айыптаушы бас тарту уәждерін келтірмей айыптаудан бас тартуға құқылы (ҚПК-нің 411-бабының бесінші бөлігі). Сот отырысында басты сот талқылауының хаттамасына енгізіле отырып, жазбаша не ауызша нысанда айыптаудан бас тартуға жол беріледі.

      Егер сот істі басты сот талқылауында қарап, жарыссөздер өткізгеннен және соңғы сөзді тыңдаған соң кеңесу бөлмесінде әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмады деген қорытындыға келсе, істі тоқтату туралы қаулы емес, ақтау үкімін шығарады.

      19. Сотталушының спирттік ішімдіктерді немесе есірткі заттарын асыра қабылдағаны туралы деректер болса, оның созылмалы ауру түрлерімен (алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық және басқа) ауыратын-ауырмайтыны тексерілуі және негіз болған жағдайда, оған қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесі талқылануы қажет.

      20. Жекеше айыптау істерін қарау кезінде азаматтық талап қоюларды беру, қарау мәселелері ҚПК-нің 20-тарауында реттеледі.

      "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес жекеше айыптау істері бойынша азаматтық талап қоюды дәлелдеу ауыртпалығы ҚПК-нің 410-бабына сәйкес мүліктік залал немесе моральдық зиян келтірілуіне байланысты өз құқықтарын қорғау үшін қажетті тиісті дәлелдемелерді сотқа ұсынуы, ал егер мүмкін болмаса, судьяға олардың қайда тұрғанын хабарлауы және оларды алу туралы өтінішхат жасауы тиіс азаматтық талапкерлерге (жекеше айыптаушыларға) жүктелетінін соттардың назарға алғаны жөн. Соттың функциясы жекеше айыптаушыға азаматтық талап қою бойынша дәлелдемелерді жинауға, егер ол бұл туралы өтінішхат берсе, көмек көрсету болып табылады.

      Азаматтық талап қоюды азаматтық процесте қараудың орындылығын сылтау етіп, оны қабылдаудан бас тартуға болмайды.

      21. Соттар жекеше айыптау істері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың себептерін және жасалу жағдайларын анықтауы, қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерге жекеше қаулылар арқылы, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ете отырып, ден қоюы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
А. Мерғалиев
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан по уголовному и уголовно-процессуальному законодательству на казахском языке

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 27 ноября 2025 года № 6

      1. Внести изменения и дополнения в следующие нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан:

      1. "О практике применения законодательства, регламентирующего права и обязанности лиц, потерпевших от уголовных правонарушений" от 24 апреля 1992 года № 2 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года № 3; от 25 июня 2010 года № 5; от 21 апреля 2011 года № 1; от 20 апреля 2018 года № 8; от 11 декабря 2020 года № 6):

      1) в заголовок и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      2. "О судебной практике по делам о хищении огнестрельного оружия, боевых припасов, вооружения и взрывчатых веществ, незаконном приобретении, ношении, хранении, изготовлении или сбыте их, и небрежном хранении огнестрельного оружия" от 21 июля 1995 года № 4 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года № 5; от 21 апреля 2011 года № 1; от 20 апреля 2018 года № 8; от 22 декабря 2022 года № 10):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      3. "О практике применения законодательства об уголовной ответственности за контрабанду" от 18 июля 1997 года № 10 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 30 апреля 1999 года № 3; от 18 июня 2004 года № 3; от 22 декабря 2008 года № 7; от 21 апреля 2011 года № 1; от 20 апреля 2018 года № 8; от 11 декабря 2020 года № 6):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      4. "О практике применения законодательства по возмещению вреда, причиненного незаконными действиями органов, ведущих уголовный процесс" от 9 июля 1999 года № 7 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июня 2010 года № 6, от 31 марта 2017 года № 3; от 24 января 2020 года № 2; от 29 ноября 2024 года № 6):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      5. "О судебной практике по применению принудительных мер медицинского характера" от 9 июля 1999 года № 8 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 15 августа 2002 года № 18; от 22 декабря 2008 года № 10; от 25 июня 2010 года № 7; от 24 декабря 2014 года № 4; от 11 декабря 2020 года № 6; от 22 декабря 2022 года № 10):

      1) в преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      6. "О судебной практике по применению статьи 68 Уголовного кодекса Республики Казахстан" от 21 июня 2001 года № 4 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 11 июля 2003 года № 6; от 21 апреля 2011 года № 1; от 31 марта 2017 года № 3; от 11 декабря 2020 года № 6; от 22 декабря 2022 года № 10):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      7. "Об освобождении от наказания, замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания или отсрочке отбывания наказания в связи с болезнью" от 11 апреля 2002 года № 7 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 1, от 20 апреля 2018 года № 8; от 28 сентября 2023 года № 1):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      8. "О соблюдении принципа гласности судопроизводства по уголовным делам" от 6 декабря 2002 года № 25 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июня 2010 года № 8; от 24 декабря 2014 года № 4; от 31 марта 2017 года № 3; от 29 ноября 2024 года № 6):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      9. "О практике применения уголовно-процессуального законодательства, регулирующего право на защиту" от 6 декабря 2002 года № 26 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июня 2010 года № 9; от 31 марта 2017 года № 3; от 11 декабря 2020 года № 6; от 22 декабря 2022 года № 10):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      10. "О практике вынесения судами частных постановлений по уголовным делам" от 19 декабря 2003 года № 11 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 2008 года № 21; от 25 июня 2010 года № 13; от 4 апреля 2013 года № 2; от 24 декабря 2014 года № 4; от 25 ноября 2016 года № 10; от 11 декабря 2020 года № 6):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      11. "О судебной экспертизе по уголовным делам" от 26 ноября 2004 года № 16 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июня 2010 года № 14; от 31 марта 2017 года № 3; от 11 декабря 2020 года № 6):

      1) в заголовок и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      12. "О рассмотрении судами уголовных дел в сокращенном порядке" от 26 ноября 2004 года № 17 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июня 2010 года № 19; от 22 декабря 2016 года № 16; от 11 декабря 2020 года № 6):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      13. "О рассмотрении гражданского иска в уголовном процессе" от 20 июня 2005 года № 1 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июня 2010 года № 10; от 21 апреля 2011 года № 1; от 4 апреля 2013 года № 2; от 20 апреля 2018 года № 8; от 11 декабря 2020 года № 6):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения;

      2) по всему тексту слова "Исковое заявление должно", "исковое заявление", "искового заявления", "исковых заявлений" заменить соответственно словами "Иск должен", "иск", "иска", "исков";

      3) в остальной части текст на русском языке не меняется;

      14. "О применении норм уголовно-процессуального закона о протоколе судебного заседания" от 23 декабря 2005 года № 11 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 25 июня 2010 года № 15, от 21 апреля 2011 года № 1; от 31 марта 2017 года № 3):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      15. "О судебной практике по делам частного обвинения" от 25 декабря 2006 года № 13 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 4 апреля 2013 года № 2; от 20 апреля 2018 года № 8; от 11 декабря 2020 года № 6):

      1) в заголовок, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется.

      2. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель Верховного Суда
Республики Казахстан
А. Мергалиев

      Судья Верховного Суда
Республики Казахстан,
секретарь пленарного заседания
Г. Альмагамбетова