Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы және деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ҚР ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-нің" деген сөздер "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Республика соттарының жекеше қаулылар шығару практикасына талдау құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаумен қатар, олар анықтау және алдын ала тергеп-тексеру органдарының, прокурорлық қадағалау мен сот практикасы қызметін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқыққа құрметпен қарауын қалыптастыруға оң ықпал ететінін көрсетіп отыр.
Жекеше қаулыларды шығарудың біркелкі практикасын әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Соттар қылмыстық істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 8-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібін адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға тиіс екенін ескерулері қажет.
Осыған байланысты соттардың жекеше қаулылары заңдылықты сақтаудың, адам құқықтары мен бостандықтарының бастапқылығы мен ажырамастығын танудың, қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алудың, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіндегі кемшіліктерді ашу мен жоюдың пәрменді құралы болуы тиіс.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Соттар азаматтардың заңды мүдделері мен конституциялық құқықтарына қысымшылық жасауға әкеп соққан анықтау, тергеу органдары, прокурорлар жіберген процестік заңдар нормаларының бұзуылуын елеусіз қалдырмауы тиіс. Бұл жағдайларда соттар қателіктерді жіберген лауазымды адамдарды нақты көрсетіп, жекеше қаулылар шығаруы тиіс.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3. ҚПК-нің 405-бабында көрсетілген жекеше қаулылар шығару негіздерінің тізбесі толық қамтылмағандықтан, соттар басқа да фактілерге: сот процестерін болдырмауға, сотты құрметтемеуге, анықтау, тергеу органдарының мерзімдерді бұзуына ден қоюға құқылы.
Сот жекеше қаулыларды көтермелеу сипатында да шығара алады.
Егер басты сот талқылауы кезінде дереу жоюды талап ететін заң бұзушылықтар анықталса, сот ҚПК-нің 344-бабына сәйкес істі талқылауды тоқтата туруға және кеңесу бөлмесінде жекеше қаулы шығаруға құқылы, ол дереу сот залында жарияланады және орындау үшін жіберіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. ҚПК-нің 23-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерінен басқа, қандай да болсын мүдделерді білдірмейді, сондықтан, егер қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар лауазымды адамның немесе қылмыс белгілері бар өзге адамның әрекетінің не әрекетсіздігінің салдары болып табылса, ол жекеше қаулыда оларды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәселе көтеруге құқылы емес, тек осы фактіні құзыретті органдардың назарына жеткізе алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. ҚПК-нің 53-бабының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар ҚПК-нің 405-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған жағдайда, ҚПК-нің 471-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес орындалатын жекеше қаулыны шығарады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5-1. Тергеу судьясы ҚПК-нің 55-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырған кезде ҚПК-нің 56-бабының алтыншы бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша жекеше қаулы шығаруға құқылы. Бұл ретте тергеу судьясы қылмыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қарау нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, оның ішінде кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы және жеткiлiктiлiгi туралы тұжырымдар жасауға тиіс емес.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.5-2. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтарға кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы және заңсыз шектелуі фактілерін анықтау кезінде, сондай-ақ ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу фактілерін және өзге де бұзушылықтарды анықтау кезінде, сот бақылауы шеңберінде оларды жою және заң бұзушылығына жол берген лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту туралы жекеше қаулы шығарады.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.6. Бірінші сатыдағы соттың жекеше қаулы шығаруы осы іс бойынша ұқсас ден қоюды қажет ететін басқа да мән-жайлар болған жағдайда, жоғары сатыдағы соттардың жекеше қаулы шығаруына кедергі болмайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Жекеше қаулы заңды, негізделген және істің жан-жақты, толық әрі объективті зерттелуіне құрылуы керек, себебі ҚПК-нің 405-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес ол құқықтық салдарға әкеп соғатын міндеттеуші құжат болып табылады.
Соттардың қабылданған шешімнің заңдылығына және негізділігіне күмән келтіретін мән-жайларды жекеше қаулыларда көрсетуге құқығы жоқ.
Жекеше қаулыда жалпы тұжырымдалулар мен сөз тіркестері болмауға тиіс. Онда нақты заң бұзушылық, оған жол берген адамдар, сот анықтаған, қылмыс жасауға немесе басқа құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сондай-ақ сот қорытындысын негіздейтін дәлелдемелер көрсетіледі. Жекеше қаулыда тиісті органның не ұйымның айрықша құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелері бойынша ұсыныстар, нұсқаулар берілуі мүмкін емес.
Сот сондай-ақ жәбірленушінің, куәнің, аудармашының, сарапшының, маманның сот актісінде тиісті бағаланған көрінеу жалған айғақтар беру фактісін, сол сияқты құжаттардың жалғандығын анықтап, оларға сот актісінде тиісті баға беріп, осы айғақтардың дұрыс еместігі және құжаттардың жалғандығы туралы өз түйіндерін жекеше қаулыда көрсетіп тиісті шаралар қабылдау үшін прокурорға жіберуге құқылы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. ҚПК-нің 405-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жекеше қаулылар соттың кеңесу бөлмесінде қабылданып, тек сотта тікелей қаралып жатқан нақты іс бойынша ғана шығарылуға тиіс, онда басқа істерден мәліметтер мен фактілер болмауы керек.
Қаулының қарар бөлігінде оған шағым жасау және прокурордың өтінішхат келтіру мерзімі мен тәртібі көрсетілуі тиіс.
Сот кеңесу бөлмесінен келгеннен кейін жекеше қаулының мәтінін толық жария етеді, бұл туралы басты сот талқылау хаттамасында, ол қағаз жеткізгіште жасалған жағдайда, көрсетілуі тиіс.
Егер жекеше қаулының мәтіні көлемі үлкен болса, төрағалық етуші қаулының кіріспе және қарар бөліктерін ғана жария етуге құқылы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Жекеше қаулыға істің мәні бойынша шығарылған сот актісіне шағым жасау (прокурордың өтінішхат келтіруі) үшін көзделген тәртіпте және мерзімдерде жекеше қаулыларға шағымдануға (прокурордың өтінішхат келтіруіне) болады. Жекеше қаулыға шағымдану не прокурордың өтінішхат келтіруі мерзімдерін анықтаған кезде ҚПК-нің 422-бабының екінші бөлігін негізге алған жөн, оған сәйкес бірінші сатыдағы сот қаулысына жекеше шағымдарды, прокурордың өтінішхатын ҚПК-нің 414-бабында және 414-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, ол шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде, ал күзетпен ұсталатын сотталған адамдар – оған жекеше қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап сол мерзімде беруі керек.
Жекеше қаулыға, егер олардың мүдделері тікелей қозғалатын болса, істе тараптар болып табылмайтын тұлғалар да шағымдануға құқылы.
Өздерінің атына шығарылған жекеше қаулы туралы ол заңды күшіне енгеннен кейін мәлім болған тұлғалар жекеше қаулы шығарған сотқа шағымдану мерзімін қалпына келтіру үшін өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
10-1. Төмен тұрған сатыларда шығарылған жекеше қаулыларға, ҚПК-нің 484-бабында көрсетілген ерекшеліктерді қоспағанда, ҚПК-нің 485-бабында көзделген негіздер бойынша кассациялық өтінішхат, наразылық берілуі мүмкін.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.11. Апелляциялық және кассациялық сатылар төменгі тұрған саты сотының істің мәні бойынша шығарылған шешіміне келіп түскен шағым немесе прокурордың өтінішхаты не наразылығы бойынша істі қарай отырып, ҚПК-нің 24-бабының және 426-бабы үшінші бөлігінің, 484-бабы бірінші бөлігінің талаптарын негізге ала отырып, оған шағым не прокурордың өтінішхаты немесе наразылық болмаған жағдайда да жекеше қаулының заңдылығы мен негізділігін қарауға құқылы.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Істің мәні бойынша шығарылған сот шешімінің күшін жою барлық жағдайда жекеше қаулының күшін жоюға әкеп соқпайды.
Сот шешімінің күшін жоюмен қатар жекеше қаулы істі жаңадан тергеп-тексеру немесе сот талқылауы кезінде бағалау мен зерттеуге жататын шығарылған сот шешімі мен іс материалдарына қатысты болса, жекеше қаулының күші де жойылуы мүмкін.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. ҚПК-нің 471-бабына сәйкес бірінші саты сотының жекеше қаулысы шағымдану немесе прокурордың өтінішхат келтіру мерзімі өткен соң не шағым жасалған немесе прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін заңды күшіне енеді және орындауға енгізіледі.
ҚПК-нің 444-бабының үшінші бөлігіне сәйкес апелляциялық сатының қаулысы оның толық мәтіні жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Жекеше қаулы әрекетінде заң бұзушылықтар белгіленген адамға, өзінің лауазымдық жағдайына байланысты қылмыс жасауға ықпал еткен сот анықтаған себептер мен жағдайларды жоя алатын және жоюға міндетті өзге лауазымды тұлғаға (ұйым басшысына) не заң бұзушылықтарға жол берген нақты адамдардың жауаптылығы мәселелерін қоюға құқылы адамға тікелей жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. Соттар жекеше қаулылардың пәрменді әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында барлық ұйымдар мен лауазымды адамдардың мүлтіксіз орындауына тиісті бақылауды жүзеге асырулары қажет.
Лауазымды тұлға жекеше қаулыны қараусыз қалдырса немесе онда көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдамаса, сол сияқты жекеше қаулыға жауапты уақтылы ұсынбаған кезде, тиісті сот төрағасы немесе іс бойынша төрағалық етуші Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 804-бабы бірінші бөлігінің 57) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау туралы сот приставына немесе басқа да сот қызметкерлеріне осы фактіні куәландыратын қажетті құжаттарды қоса бере отырып, ӘҚБтК-нің 684-бабына сәйкес осы әкімшілік істі қарау соттылығы бар тиісті аумақтық сотқа жолдау үшін нұсқау беруге құқылы. Бұл ретте ӘҚБтК-нің 49-тарауына сәйкес артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарды, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 32-бабының қағидалары бойынша тартылуы шешілетін адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартудың ерекшеліктері ескеріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15-1. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
16. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты "Қылмыс жасауға итермелейтін себеп пен жағдайды жою шараларын анықтау мен қабылдау бойынша Алматы облыстық және Оңтүстік Қазақстан өлкесі соттарының жұмыс жағдайы мен оларды жетілдіру шаралары туралы" 1963 жылғы 19 шілдедегі № 3 Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.17. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |