2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 20 және 22-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 47 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін қолданудың шарттары мен тәртібі туралы ереженің негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 1-тармағының 2, 5, 7 және 8-тармақшаларын және 2-тармақтың 2 және 6-тармақшаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 1-тармағының 5 және 8-тармақшалары осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 6 ай өткен соң күшіне енеді.
Өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 1-тармағының 2 және 7-тармақшасы және 2-тармағының 2 және 6-тармақшасы осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 12 ай өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 24 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциясының бірыңғай жүйесін пайдаланушы – дамушы елдердің тізбесінде (көрсетілген Шешімге № 2 қосымша):
1) позицияларды нөмірлеу алып тасталсын;
2) "Боливия Көпұлтты Мемлекеті" позициясынан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Бутан Корольдігі";
3) "Зимбабве Республикасы" позициясынан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Иордан Хашимит Корольдігі";
4) "Куба Республикасы" позициясынан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Ливан Республикасы";
5) "Маршалл аралдары Республикасы" позициясы алып тасталсын;
6) "Папуа Жаңа Гвинея Тәуелсіз Мемлекеті" позициясынан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Самоа Тәуелсіз Мемлекеті";
7) "Самоа Тәуелсіз Мемлекеті" позициясынан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы";
8) "Эль-Сальвадор Республикасы" позициясы алып тасталсын.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференциясының бірыңғай жүйесін пайдаланушы неғұрлым төмен дамыған елдердің тізбесінде (көрсетілген Шешімге № 3 қосымша):
1) позицияларды нөмірлеу алып тасталсын;
2) "Бутан Корольдігі" позициясы алып тасталсын;
3) "Мьянма Одағы Республикасы" позициясының қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;
4) "Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы" позициясы мынадай редакцияда жазсылсын:
"Непал";
5) "Руанда Республикасы" позициясының қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;
6) "Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы" позициясы алып тасталсын.