Бу шкафын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 54 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2 т. қараңыз

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Есігі бар корпустан тұратын, 220 В айнымалы ток кернеуі бар, басқару панелімен, сөремен, ілгішпен, су беру және жинау бактарымен жабдықталған, киім мен тоқыма бұйымдарын жұмсақ кептіруге, сондай-ақ су беруге арналған бактың көлеміне есептелген бу өндіру жөніндегі жұмыс ұзақтығымен қатпарларды, шұңқырларды, қыртыстарды, ластануларды жою, иістерді жою үшін суды қайнау температурасына дейін қыздыру кезінде пайда болатын қысым есебінен түсетін бумен өңдеуге арналған электр қыздырғыш элементі бар электр құралын білдіретін бу шкафы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8516 позициясында сыныпталады.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады