Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2 – 10 - тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкен Нарын ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарындағы, хостелдерді, қонақ жайларды және жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Сыдыкова |