Күршім ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 маусымдағы № 54/4-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01 2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі (келісімімен) шетелдіктер үшін туристік жарна ставкалары туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Күршім аудандық мәслихатының төрағасы К. Бахтияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады