Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 45-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20)-тармақшасына, 39-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 124 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі одан "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы қайта құрылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Тайынша ауданының әкімі | Б. Әлжанов |
| Қосымша 1 | |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Тайынша ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы " " қаңтардағы | |
| № қаулысымен | |
| бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тайынша қ.
1. Жалпы ережелер
1. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. а "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің ведомстволары бар: "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-ның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде болуға құқығы бар.
7. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 151000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 203.
10. аОсы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не кәсіпкерлік субъектілермен "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндетері:
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси сенімдеріне, дінге деген көзқарасына және еңбек бостандығы құқығын іске асырудың кез келген өзге мән-жайларына және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;
үздіксіз біліктілік пен кәсіби деңгейді арттыру;
бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуы жөнінде түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
2) міндеттері:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
коммуналдық мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарларын бекіту;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15. Қызметтері:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру;
2) ахалықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
3) ақолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік қаражаттарға қажеттілікті болжау және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және республикалық және жергілікті бюджет есебінен өзге де әлеуметтік көмекті көрсету;
6) еңбек нарығын талдау және болжау, аудандағы еңбек нарығының жағдайы туралы халықты және жергілікті атқарушы органдарды ақпараттау;
7) қызметкерлерді жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;
8) аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органын хабардар ету;
9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
11) ұлттық жобалар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
12) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыс орындарын құруды қолдау;
13) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
14) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
15) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;
17) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
20) 24) жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаториялық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
21) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
22) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдар үшін жеке көмекшіні, жеке бағдарламаға сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
24) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру;
25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және консультация беру;
26) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинарларды, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
27) "Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру", "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" әлеуметтік жобасының іске асырылуын бақылау;
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің басшылығын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметін жүзеге асыруға жеке жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
17. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің бірінші басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.
18. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің бірінші басшысының өкілеттігі:
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ орынбасарының, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
заңнамаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына шаралар қолданады көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
өз құзыреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлері, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады;
әкімшісі болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын растайды;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің атынан мемлекеттік мекемелерде,
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын жүргізеді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды, ол үшін дербес жауапкершілік белгіленеді;
өз өкілеттіктеріне сәйкес басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасары жүзеге асырады.
20. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарының өкілеттігін айқындайды.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі
21. а"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің мүлкі оған меншік иесімен тапсырылған мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.
22. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-ге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгелер қарастырылмаса, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оларға басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
24. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды Тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі,209.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды Тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі,203.
| Қосымша 2 | |
| Тайынша ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы " " _________ | |
| №____қаулысымен бекітілді |
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы
Тайынша қ.
2026 ж.
Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді кешенді түрде жүзеге асыру үшін құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады және мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған.
2. Орталық Тайынша ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы №11 қаулысына сәйкес құрылған.
3. Орталықтың құрылтайшысы Орталыққа қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі (бұдан әрі-жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) Орталыққа қатысты уәкілетті орган болып табылады.
5. Мемлекеттік тілдегі мекеменің атауы:
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Центр оказания специальных социальных услуг" коммунального государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"
6. Орталықтың заңды мекенжайы және орналасқан жері: индексі: 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 203.
1. Орталықтың заңды мәртебесі
7. Орталық аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
8. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Орталық өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауап береді. Орталықта ақша жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиалауға жауаптылықта болады.
11. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
2. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Орталық қызметінің мәні:
1) үйде қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету:
- бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар;
- бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар;
- психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға.
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
3) мүгедек адамдарды автомобиль көлігімен (инватакси) тасымалдауды үйлестіру;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждық туындауының алдын алуды жүргізу;
5) адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы жұртшылықты хабардар ету болып табылады.
13. Орталық қызметінің мақсаты арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну болып табылады.
14. Мақсатқа жету үшін Орталық келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) тұрмыста қызмет алушылардың тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету;
2) қызмет алушылардың денсаулығын қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету;
3) олардың алдында тұрған педагогикалық мәселелерді шешуде қызмет алушыларға білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету;
4) әлеуметтік бейімделуге, әлеуметтенуге және тіршілік ету ортасына интеграциялануға бағытталған қызмет алушылардың психологиялық жай-күйін түзетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету;
5) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, олар үшін қалдық еңбек дағдыларын сақтау және еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету;
6) бос уақытты ұйымдастыруға, мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға қызмет алушыларды тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету;
7) қызмет алушылардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсету;
8) құқықтық мәртебесін сақтауға немесе өзгертуге, заң көмегін көрсетуге, қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету;
9) өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) профилактика және кешенді қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
10) адам саудасының құрбандарына көмек көрсету;
11) мүгедектігі бар адамдарды аудан инфрақұрылымының әлеуметтік маңызы бар объектілеріне және кері (медициналық, құқықтық, экономикалық, психологиялық, еңбек, педагогикалық, тұрмыстық, мәдени-демалыс сипатындағы мәселелер бойынша) тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтер көрсету.
12) арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктерді бағалау және анықтау.
15. Халықтың осал топтарына көмек көрсету мәселелері бойынша түрлі қайырымдылық қорларымен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
16. Орталықтың Жарғыда бекітілген қызметін жүзеге асыруына, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауына жол берілмейді.
17. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген қызмет мақсаттарына қайшы, не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылады.
3. Орталықты басқару
18. Орталықты басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
19. Жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орталықты қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;
2) орталық мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін, орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;
4) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Орталыққа берілген мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Орталықтың басшысы директор болып табылады. Директорды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Директор орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
22. Директор біржолғы болу қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын оның құзыретіне сәйкес орталық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
23. Директордың орталықтың жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері Еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
24. Қызметті жүзеге асыру кезінде директор:
1) орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Орталықтың мүдделерін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхат береді;
5) қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту орталығының тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
10) өз орынбасарының және орталықтың өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Орталықтың мүлкін құру тәртібі
25. Орталықтың жедел басқару құқығында Тайынша ауданының коммуналдық меншігіне жататын оқшауланған мүлкі бар.
26. Орталықтың мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Орталықтың мүлкі:
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен қалыптасады;
27. Орталықтың өзіне бекітілген мүлікті, оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
28. Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, орталықтың қызметін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
29. Орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
30. Орталықтың Қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5 . Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі
31. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі құрылтай құжаттарына
32. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшымен келісім бойынша уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.
33. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
7. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
34. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
35. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
36. Орталықтың құрылымы мен бекітілген штат санына сәйкес Тайынша ауданының кенттерінде, ауылдарында құрылымдық бөлімшелері мен штат бірліктері болады.