Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі "Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы" № 79/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 6/1 қаулысы

      Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі "Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы" №79/1 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулының 5-қосымшасының 15-тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

      "36-1) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды"

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Иманкулов

О внесении дополнения в постановление акимата Щербактинского района от 25 апреля 2022 года № 79/1 "Об утверждении Положений местных исполнительных органов Щербактинского района"

Постановление акимата Щербактинского района Павлодарской области от 16 января 2026 года № 6/1

      Акимат Щербактинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Щербактинского района от 25 апреля 2022 года №79/1 "Об утверждении Положений местных исполнительных органов Щербактинского района" следующее дополнение:

      пункт 15 приложения 5 к указанному постановлению дополнить подпунктом следующего содержания:

      "36-1) рассматривает дела об административных правонарушениях, предусмотренных статьей 75 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях"

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Щербактинского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района С. Иманкулов