"Шымкент қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды өтеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 6109 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 1116 қаулысы

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды өтеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 6109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 223-17 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шымкент қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай жекелеген санаттарын:

      1) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды;

      2) мүгедектігі бар балаларды;

      3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларды;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыруға жұмсалатын шығыстар толығымен өтелсін.".

      2. Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады