Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 676 ҚБП қаулысының 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді.
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 17.08.2026 № 554 бұйрығымен.3. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр | М. Такиев |
| бұйрығымен бекітілген |
Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Экономиканы жедел дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі №676-қбпү қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 4-тармағына сәйкес әзірленген және Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Инфрақұрылымдық даму қоры (бұдан әрі – Қор) – ақшаны есепке жатқызу және жұмсау үшін Қаулыға сәйкес мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
2) жобалардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің ____ жылғы № ___ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларына сай келетін және Қор қаражаты есебінен әрі қарай қаржыландыру үшін Республикалық бюджет комиссиясымен (бұдан әрі – РБК) мақұлданған жобалардың тізімі;
3) кеңейтілген қазынашылық сүйемелдеу – Бюджет кодексінің 110-бабына сәйкес объектілерді салумен және реконструкциялаумен байланысты мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, төлемдерді қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы жүргізудің барлық кезеңдерінде, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыруға барлық қатысушылардың – тапсырыс беруші, бас мердігер мен қосалқы мердігердің және кейінгі деңгейлердегі өнім берушілердің (кооперацияның бүкіл тізбегі бойынша) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеудің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;
4) тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының Қор қаражаты есебінен қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ИДҚ ЖУО ҚАБШ) – жергілікті атқарушы органдардың Қор қаражатының түсімдерін есепке жатқызумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
5) тиісті саланың орталық уәкілетті органының Қор қаражаты есебінен қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ИДҚ ОМО ҚАБШ) – орталық мемлекеттік органдардың Қор қаражатының түсімдерін есепке жатқызумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
6) Қор қаражаты есебінен квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ИДҚ КСС ҚАБШ) тиісті жобаны іске асыруға Қор қаржатын есепке жатқызуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алу үшін квазимемлекеттік сектор субъекттісіне мемлекеттік қазынашылықта ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шоты.
3. Қор Ұлттық қордан берілетін трансферттер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
4. Қор қаражатының түсімдері бойынша операциялар "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес есепке алынады.
2-тарау. Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын пайдалану тәртібі
5. Қор қаражатының бөлінуі Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Тізбе жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тиісті саланың орталық уәкілетті органдарының (бұдан әрі – ОМО) өтінішхаттары негізінде қалыптастырады.
7. Жергілікті атқарушы органдардың жобаларын қаржыландыру кезінде ОМО тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдарының (бұдан әрі – ЖУО) ұсынылған өтінішхаттарын олардың Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық құжат айналымы арқылы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
ЖУО-ның Тізбе жобасына енгізуге өтінішхаты осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес келмеген кезде, ОМО өтінішхатты ЖУО-ға қайтаруды жүзеге асырады.
ЖУО-ның өтінішхаты белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, ОУО оны мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, оның ішінде мемлекеттік органдардың немесе астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың даму жоспарларына, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларына және (немесе) іс-шарларына, сондай-автономды білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды алу үшін бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Сонымен қатар өтінішхат Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобасларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
ОМО-ның Тізбе жобасына енгізуге арналған өтінішхаты (бұдан әрі – өтінішхат) ЖУО-лардан келіп түскен өтінішхаттар және ОУО-ның өз бастамасы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әрбір объекті бойыншша жасалады.
8. ОМО өтінішхатының жобасын ведомстволық бюджет комиссиясы (бұдан әрі – ВБК) қарауға енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттар болған кезде қарайды:
1) құрылыс нормативтеріне немесе комерциялық ұсыныстарға сәйкес мемлекеттік инвестициялық жобаның құны бойынша есептер мен негіздемелер.
2) қаражат бөлудің негізділігін растайтын құжаттар мен мәліметтер;
3) жергілікті атқарушы органдардың жобалары қаралған жағдайда – астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың әкімі қол қойған ЖУО-ның өтінішхаты, оған ЖУО басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам қол қойған түсіндірме жазба қоса беріледі;
4) ОМО басшысының орынбасары қол қойған түсіндірме жазба;
5) инвестициялық ұсынысқа салалық сараптаманың қорытындысы;
6) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы;
7) инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды;
8) бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы ережелерге сәйкес келетін құжаттама қоса беріле отырып жолданады.
ВБК мақұлдаған ОМО-ның өтінішхаты (өңірлер мен объектілер бөлінісінде) 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы РБК-ның қарауына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттармен бірге жіберіледі:
1) мыналар көрсетілген объектілер тізімі:
жобаларды іске асыру мерзімдері;
жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындыларына сәйкес жобалардың құны;
2) ВБК хаттамасы;
3) ОМО-ның өтінішхаты;
4) ЖУО-ның өтінішхаты (жергілікті атқарушы органдардың жобалары қаралған жағдайда);
5) республикалық инвестициялық жобалар бойынша қаражат бөлудің негізділігін растайтын құжаттар мен мәліметтер.
9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ОМО өтінішхаты негізінде Қор қаражаты шегінде Тізбе жобасын қалыптастырады.
Тізбенің жобасы әрбір объект бойынша мынадай мәліметтер көрсетілген жобалар тізбесінен тұрады:
жобаларды іске асыру мерзімдері;
жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындылары бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылысы туралы ережелерге сәйкес келетін құжаттамаға сәйкес жобалардың құны.
10. РБК мақұлдаған және Қор қаражаты есебінен қаржыландыру үшін Тізбеге енгізілген жобалардың құны РБК шешім қабылдаған күнгі Қор шотындағы қаражат сомасынан немесе Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – ҰҚБК) хаттамасында көрсетілген сомадан аспауға тиіс.
11. РБК мақұлдаған Тізбе 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем құжаттарын қалыптастыру, сондай-ақ Қор қаражатының пайдаланылуына әрі қарай мониторинг жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, тиісті ОМО мен ЖУО-ларға жіберіледі.
12. Қор қаражаты Тізбеге енгізу үшін мақұлданған жобаларды іске асыруға жұмсалады, мыналарға байланысты шығыстарды қоспағанда:
1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;
2) техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) техникалық тапсырманы және "толық бітіріп берілетін" құрылысының есептік құнын әзірлеуге;
3) қажетті сараптамалардан өтуге;
4) жер учаскелерін бөлуге.
Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шығыстар тиісті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Қор қаражаты мақұлданған Тізбеге енгізілген жобаларды іске асыруға жобалау-сметалық құжаттамамен бекітілген құн көлемінде, кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылысы туралы ережелерге сәйкес келетін құжаттамаға сәйкес бағытталады.
14. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгізуге байланысты Қор қаражаты есебінен іске асырылатын жобалардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
15. Мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыруға тапсырыс беруші квазимемлекеттік сектор субъектісі (бұдан әрі – КСС) болып табылған жағдайда, мемлекеттік қазынашылықта квазимемлекеттік сектор субъектісіне қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылады.
16. Қор қаражатын мемлекеттік қазынышылық РБК шешіміне және мақұлданған Тізбеге сәйкес, орындалған жұмыстар актілерін (бұдан әрі – ОЖА) ұсына отырып, төлеуге берілетін шот негізінде ИДҚ ОМО ҚАБШ, ИДҚ ЖУО ҚАБШ, ИДҚ КСС ҚАБШ-сына мынадай тәртіппен аударады:
Бас мердігер ОЖА-ны қоса бере отырып, төлем тапсырмасын қалыптастырады? Ол тапсырыс берушіге – ОМО-ға, ЖУО-ға, КСС-қа жібереді.
Егер тапсырыс беруші ЖУО және (немесе) КСС болып табылса, төлем тапсырмасы мен ОЖА ОМО-ға жіберіледі, ОМО өз кезегінде аталған құжаттарды төлем жүргізу үшін мемлекеттік қазынашылыққа жібереді.
Егер ОМО тапсырыс беруші болып табылса, төлем жүргізу үшін бас мердігерден алынған құжаттар мемлекеттік қазынашылыққа жіберіледі.
Мемлекеттік қазынашылықтың төлем жүргізуі кері тізбек бойынша жүзеге асырылады: Қордың ҚАБШ-сынан ИДҚ ОМО ҚАБШ-сына, ИДҚ ОМО ҚАБШ-сынан ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сына және (немесе) ИДҚ КСС ҚАБШ-сына және одан әрі бас мердігердің сатып алуға арналған ҚАБШ-сына.
17. Қор қаражатын ИДҚ ОМО ҚАБШ-сына, ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сына, ИДҚ КСС ҚАБШ-сына аудару "Қазынашылық-клиент" цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
18. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мақұлдаған Тізбеге енгізілмеген жобаларды іске асыруға ИДҚ ОМО ҚАБШ-сынан, ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сынан, ИДҚ КСС ҚАБШ-сынан қаражат жұмсауға жол берілмейді.
19. Қордың ҚАБШ-сын, ИДҚ ОМО ҚАБШ-сын, ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сын, ИДҚ КСС ҚАБШ-сын ашу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 "Бюджетті қазынашылық атқару және оған кассалық қызмет көрсету, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Бюджетті қазынашылық атқару және оған кассалық қызмет көрсету, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің (бұдан әрі – Рәсімдер) 4-тарауының 3 және 8-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру шеңберінде ОМО, ЖУО, КСС азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында міндетті тіркелуге жатады.
Қор қаражаты есебінен жасалған шарттар мемлекеттік қазынашылықта немесе мемлекеттік қазынашылық органдарында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тіркеу Рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
21. ИДҚ ОМО ҚАБШ-сындағы және (немесе) ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сындағы қаражат Рәсімдерге және осы Қағидаларға сәйкес жұмсалады.
22. ИДҚ ОМО ҚАБШ, ИДҚ ЖУО ҚАБШ, ИДҚ КСС ҚАБШ-сынан Қор қаражатын пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу Рәсімдердің 6-тарауының 7, 8, 9 және 10-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қор қаражаты есебінен төлемдер бюджет шығыстарының экономикалық жіктемесінің 462 "Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын жұмсау" ерекшелігі бойынша жүргізіледі.
23. Қор қаражаты есебінен жобалар бойынша қаржыландыру және есеп айырысуларды жүргізу ОМО, ЖУО, КСС (тапсырыс беруші) бас мердігермен (өнім берушімен) жасасқан шарттың (келісімшарттың) бүкіл сомасына қатысты, сондай-ақ бас мердігердің қосалқы мердігерлермен және кейінгі деңгейдегі өнім берушілермен жасасатын барлық шарттары бойынша (барлық кооперация тізбегі бойынша) кеңейтілген қазынашылық сүйемелдеуді қолдана отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін бас мердігерлерге, қосалқы мердігерлерге және өнім берушілерге мемлекеттік қазынашылық органында тек тиісті жоба бойынша операцияларды есепке алуға арналған сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі – сатып алудың ҚАБШ) ашылады
Бас мердігерге, қосалқы мердігерлерге сатып алудың ҚАБШ-сын ашу Рәсімдердің 8-тарауының 2-параграфына сәйкес және осы Қағидалардың ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Көрсетілген сатып алудың ҚАБШ-сында есепке алынатын қаражат тек тиісті жобаны іске асыру мақсаттарына пайдаланылады және өзге міндеттемелерді қаржыландыруға пайдаланылмайды.
24. Бас мердігердің сатып алудың ҚАБШ-сынан ақшаны жұмсау және аудару мынадай төлемдерді банктік шоттарға аудару жағдайларын қоспағанда, қосалқы мердігерлер мен өнім берушілердің сатып алудың ҚАБШ-сына ғана жүзеге асырылады:
1) бас мердігер (қосалқы мердігерлер) жұмыскерлерінің жалақысын аударуға, сондай-ақ коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
2) уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін отандық өндірушілердің тізілімдеріне (дерекқорларына) енгізілген отандық тауар өндірушілерге тауарлар жеткізгені үшін;
3) Қазақстан Республикасының аумағында аналогтары өндірілмейтін технологиялық жабдықтарды, материалдар мен жиынтықтауыштарды жеткізуге арналған импорттық келісімшарттар бойынша (олардың шығу тегі мен импорттау шарттары расталған кезде);
4) шарт талаптарына сәйкес тапсырыс беруші нақты орындаған және қабылдаған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) көлеміне пропорционалды түрде айқындалатын бас мердігерге (қосалқы мердігерге) тиесілі маржаны (пайданы) төлеу бойынша.
Бас мердігердің бірінші басшысы Бюджет кодексінің 41-бабының 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
25. Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 (отыз) пайызына дейінгі мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
26. Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу (шарттың жалпы сомасының ұсталған бес пайызы) жоба бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін және тапсырыс беруші мемлекеттік қазынашылық органына Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қол қойылған объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік комиссияның құрамына ішкі мемлекеттік аудит органы өкілінің енгізілуі міндетті.
27. Мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу немесе аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау қорытындылары бойынша ИДҚ ОМО ҚАБШ-сында және (немесе) ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сында қаражат үнемі пайда болған жағдайда, ОМО және (немесе) ЖУО үнем сомасын бір ай мерзімде Қордың ҚАБШ-сына қайтарады.
Бұл ретте ЖУО үнем сомасын ИДҚ ОМО ҚАБШ-сына қайтарады, ал ОМО өз кезегінде үнем сомасын Қордың ҚАБШ-сына аударады.
ОМО және (немесе) ЖУО үнем сомасын белгіленген бір ай мерзімде қайтару жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, мемлекеттік қазынашылық тиісті соманы Қордың ҚАБШ-сына аудару үшін ИДҚ ОМО ҚАБШ-сынан және (немесе) ИДҚ ЖУО ҚАБШ-сынан мәжбүрлеп есептен шығаруды жүзеге асырады.
Бұл ретте есептен шығару қаражаттың пайдаланылуына жүргізілген мониторинг деректері және (немесе) объектілерді пайдалануға қабылдау актілері негізінде жүзеге асырылады.
28. Қор қаражатын игеру кезеңі жобаны іске асыру мерзімі болып табылады.
Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша қалыптасқан пайдаланылмаған қаражат қалдығы 27-тармақта айқындалған тәртіппен бір ай мерзімде Қордың ҚАБШ-сына қайтарылуға жатады
3-тарау. Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын пайдалануды мониторингтеу тәртібі
28. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын 25-і күніне дейін мемлекеттік қазынашылық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы Қордың ҚАБШ-сына қаражаттың келіп түсуіне мониторинг жүргізеді.
29. ОМО және ЖУО Қордан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады:
ЖУО – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6-күнінен кешіктірмей және есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 23 қаңтарынан кешіктірмей "е-Минфин" цифрлық жүйесі арқылы;
ОМО – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 8-күнінен кешіктірмей және есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей "е-Минфин" цифрлық жүйесі арқылы ұсынады.
30. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тарауының 29-тармағында көрсетілген есептердің және осы Қағидалардың 3-тарауының 28-тармағына сәйкес алынған жедел деректердің негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларында белгіленген нысан бойынша Қор қаражатының пайдаланылуы туралы жиынтық есепті қалыптастырады.
31. Мониторинг шеңберінде деректерді салыстырып тексеру үшін мемлекеттік қазынашылық органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 8-күнінен кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 8 қаңтарынан кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ИДҚ ОМО ҚАБШ, ИДҚ ЖУО ҚАБШ, ИДҚ КСС ҚАБШ-сындағы Қор қаражатының қалдықтары туралы жедел ақпаратты ұсынады.
| Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларына 1-қосымша |
Өтінішхат
Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын
инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларына, өлшемшарттарына сәйкес орталық
мемлекеттік орган/жергілікті уәкілетті орган
_________________________________________________________________
(жобаның атауын көрсету) Тізбе жобасына енгізуді сұрайды.
Жобаның негізгі сәйкестендіру сипаттамалары:
1) сметалық құны ________ мың теңге , оның ішінде ЖІЖ ________ мың теңге;
1.1) шарттар бойынша құны (басталған жобалар бойынша) ________ мың теңге,
бұрын қаржыландырылған шығыстар туралы ақпарат (қаржыландыру көздері мен
жылдар бөлінісінде) ________ мың теңге;
2) жобаның (техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық
құжаттаманың) кешенді ведомстводан тыс сараптамасының 20__ жылғы "___"
________ № ___ оң қорытындысы;
3) мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша 20__ жылғы "___" ________ № ___
салалық қорытынды;
4) мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша 20__ жылғы "___" ________ № ___
экономикалық қорытынды;
5) жер учаскесіне құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (кадастрлық нөмірі);
6) жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы 20__ жылғы "___" ________ № ___
бұйрық;
7) бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті органның жобаның мыналарға сәйкестігі
туралы қорытындысы:
а) мемлекеттік органдардың немесе астананың республикалық маңызы бар
қалалардың, облыстардың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің даму жоспарларын және (немесе) іс-шараларын, сондай-ақ дербес
білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын қоса алғанда,
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына: __________________________;
(сәйкес келеді/сәйкес келмейді)
б) Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын
инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларында, өлшемшарттарында айқындалған
өлшемшарттардың біріне:____________________________________.
(өлшемшарттың атауы)
Инвестициялық жоба бойынша Қордан талап етілетін қаржыландыру сомасы:
________________________________________________ мың теңге.
(цифрмен және жазбаша)
Орталық мемлекеттік органның басшысы/ астананың, республикалық маңызы бар
қаланың және облыстың әкімі _______________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөр орны
| Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға/ тиісті саланың орталық мемлекеттік органына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ИДҚ
Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын
Есепті кезең: ______ ай _______ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: тиісті саланың орталық уәкілетті органы/ тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы үшін – есепті айдан кейінгі айдың 6-күнінен кешіктірмей және тиісті қаржы жылы үшін есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 23 қаңтарынан кешіктірмей;
тиісті саланың орталық уәкілетті органы үшін – есепті айдан кейінгі айдың 8-күнінен кешіктірмей және тиісті қаржы жылы үшін есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
![]()
Жинау әдісі: электрондық түрде
Өлшем бірлігі: мың теңге
Код | Орталық мемлекеттік органның/ жергілікті уәкілетті органның атауы | Жобаның атауы | Сметалық құны (жобалау- сметалық құжаттама бойынша) | Жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша құны | Шарттың күні мен нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Жыл басындағы пайдаланылмаған қалдық | Арнаулы шотқа аударылды | Пайдаланылды | Есепті кезеңнің соңында пайдаланылмаған қалдық | Үнемдеу сомасы | Инфрақұрылымдық даму қорына қайтарылатын сома | Қол жеткізілген нәтиже/қол жеткізбеу себептері |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Мекенжайы:______________________________________________________
___________________________________
Телефоны:___________________________
Электрондық пошта мекенжайы: ________________________________
Орындаушы: __________________________ _______________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Орталық мемлекеттік органның басшысы / астана, облыс, республикалық маңызы бар
қала әкімі _____________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
________________________________________________________
Ескертпе: "Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы
туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Инфрақұрылымдық даму
қорынан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" нысанына қосымшада
келтірілген.
| "Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (1-ИДҚ, ай сайын, жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша тиісті саланың орталық мемлекеттік органдары/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органдары жасауға және ұсынуға арналған.
2. Нысанға тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, орталық мемлекеттік органның басшысы/астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі қол қояды.
3. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. 1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі.
5. 2-бағанда орталық мемлекеттік органның немесе жергілікті уәкілетті органның атауы көрсетіледі.
6. 3-бағанда жобаның атауы көрсетіледі.
7. 4-бағанда құрылыстың сметалық құны көрсетіледі.
8. 5-бағанда жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша жұмыстардың құны көрсетіледі.
9. 6-бағанда өнім берушімен жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
10. 7-бағанда бас мердігердің және қосалқы мердігерлердің атауы көрсетіледі.
11. 8-бағанда жыл басына бюджет қаражатының пайдаланылмаған қалдығы/Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты көрсетіледі.
12. 9-бағанда арнаулы шотқа аударылған Инфрақұрылымдық даму қорының қаражат сомасы көрсетіледі.
13. 10-бағанда Инфрақұрылымдық даму қорының пайдаланылған қаражат сомасы көрсетіледі.
14. 11-бағанда есепті кезеңнің соңына Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы көрсетіледі.
15. 12-бағанда Инфрақұрылымдық даму қор қаражатының үнемдеу сомасы көрсетіледі.
16. 13-бағанда Инфрақұрылымдық даму қорына қайтарылатын сома көрсетіледі (Инфрақұрылымдық даму қорының қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларының 23 және 25-тармақтарына сәйкес).
17. 14-бағанда қол жеткізілген нәтиже не қол жеткізбеу себептері көрсетіледі.