Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 69, 140-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймастан Байғанин және Шалқар аудандарында жария сервитут, жалпы көлемі 1009, 1404 гектарға "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының құрылыс кезеңіне екінші желісінің сызықтық бөлігін орналастыру үшін 5 жыл мерзімге белгіленсін.
2. Байғанин, Шалқар аудандарының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
қаулы қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шалқар ауданы бойынша 87 937 теңге сомасына және Байғанин ауданы бойынша 493 378 теңге сомасына жер учаскелерін шектеулі пайдалану (жария сервитут) шартын жасасуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы әкімдігінің 18.06.2026 № 112 қаулысымен.4. "Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясы жұмыстар аяқталғаннан кейін алты ай мерзімде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып, бұзылған жерлерді рекультивациялау бойынша іс-шаралар жүргізілсін.
4-1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) егер жария сервитутты белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларға алып келсе, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушыға келтірілген залал толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Ескерту. Қаулы 4-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 18.06.2026 № 112 қаулысымен.5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 48 қаулысына қосымша |
"Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
р/с № | Жер пайдаланушының және меншік иесінің атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің алаңы, гектар |
Байғанин ауданы | |||
1. | "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС | 02-023-024-548 | 0,2296 |
2. | Босалқы жер | - | 512,6497 |
Байғанин ауданы бойынша жиыны: | 512,8793 | ||
Шалқар ауданы | |||
3. | "ТетисАралГаз" ЖШС | 02-035-028-073 | 0,042 |
4. | "Еңбек" шаруа қожалығы | 02-035-028-069 | 23,2894 |
5. | "ТетисАралГаз" ЖШС | 02-035-026-421 | 0,0124 |
6. | "ТетисАралГаз" ЖШС | 02-035-028-032 | 0,0308 |
7. | "ТетисАралГаз" ЖШС | 02-035-028-103 | 0,0048 |
8. | "Адал Сервис Актобе" ЖШС | 02-035-028-163 | 0,0542 |
9. | "ТетисАралГаз" ЖШС | 02-035-026-514 | 0,126 |
10. | "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС | 02-035-030-1043 | 0,8343 |
11. | "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" ММ | 02-035-028-164 | 0,2303 |
12. | "Интергаз Орталық Азия" АҚ | 02-035-026-552 | 0,0263 |
13. | "Интергаз Центральная Азия" АҚ | 02-035-026-107 | 0,0001 |
14. | "Отар" шаруа қожалығы | 02-035-002-200 | 7,843 |
15. | "Отар" шаруа қожалығы | 02-035-002-052 | 6,385 |
16. | "Отар" шаруа қожалығы | 02-035-029-009 | 5,8386 |
17. | "Отар" шаруа қожалығы | 02-035-029-051 | 0,1071 |
18. | "Адилханит" шаруа қожалығы | 02-035-029-001 | 14,3953 |
19. | "Назар" шаруа қожалығы | 02-035-029-053 | 26,6187 |
20. | "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС | 02-035-026-479 | 0,0295 |
21. | "Ерболсын" ЖШС | 02-035-029-035 | 5,6031 |
22. | "Қуанышбай" шаруа қожалығы | 02-035-029-036 | 17,6646 |
23. | "Наурыз Е" шаруа қожалығы | 02-035-012-254 | 5,9946 |
24. | "Наурыз Е" шаруа қожалығы | 02-035-012-253 | 1,099 |
25. | "Кенжебаев Жүсіп атындағы" шаруа қожалығы | 02-035-012-198 | 15,2722 |
26. | "Береке" шаруа қожалығы | 02-035-012-194 | 7,9933 |
27. | "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС | 02-035-026-457 | 0,0286 |
28. | "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС | 02-035-012-282 | 0,0006 |
29. | Бозой ауылдық округі Бозой ауылының жерлері | - | 134,4784 |
30. | Босалқы жер | - | 222,2589 |
Шалқар ауданы бойынша жиыны: | 496,2611 | ||
Аудан бойынша жиыны: | 1009,1404 | ||