"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 914-1-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 158-1267 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
Р/с | Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдар | Қоғамдық жұмыстың түрлері |
1 | 2 | 3 |
1. | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару комитеті Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті" мемлекеттік мекемесі | Аумақты тазалау, оның ішінде қарды, қоқысты және мұз қатпарын (көктайғақты) жою, іргелес аумақтарды таза күйде ұстау, сондай-ақ басқа да абаттандыру және санитарлық шараларды жүзеге асыру |
2. | Астана қаласы әкімдігінің "Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | |
3. | Астана қаласы әкімдігінің М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | |
4. | "Астана қаласы әкімдігінің "Наз" мемлекеттік би театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | |
5. | "Астана қаласы әкімдігінің "Жастар" театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | |
6. | Астана қаласы әкімдігінің Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | |
7. | "Астана-Аймақтық Электр Желілік компаниясы" акционерлік қоғамы | |
8. | "Астана-Теплотранзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
9. | "AstanaInvest" қалалық инвестицияларды дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
10. | "Абат" БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
1 | 2 | 3 |
11. | "Астана-Өрнек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
12. | "Астана Орманы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
13. | "Астана - қалалық жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
14. | "Астана Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
15. | "ЖакЕрКурылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
16. | "BSP-A" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
17. | "JPM group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
18. | "ТурБек Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
19. | "Атыраупромгеофизик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
20. | "KAD ENGINEERING" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
21. | "ЦЕЛИНА СЕРВИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
22. | "Dostar Stroi Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | |
23. | "Тургумбаев К.А." жеке кәсіпкер | |
24. | "Астана-Зеленстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Жасыл желектерді күтіп-баптау және оларды күтіп-ұстау жұмыстары |