Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" № 1193 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2. "Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Х. Хабылбеков |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "__" _________ № _____ қаулысына қосымша |
Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар
қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына
ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасы негізінде әзірленді.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы - жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
2 тарау. Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын
ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына
ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
3. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
4. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" № 1193 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
5. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлерге төленетін сыйлықақыларды, қосымша ақыларды, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағын кеңейткені, үстеме және басқа жұмыстар үшін үстемеақыларды тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
6. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
7. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
8. Ынталандырушы үстемеақылар:
1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
3) ұйымда бір айдан аз жұмыс істеген қызметкерлерге;
4) лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша атқарған жағдайда;
5) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
6) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
7) оқу демалысы кезеңінде;
8) жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
9) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде төленбейді.
9. Павлодар қаласының бюджеті бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
10. Қала бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Павлодар қалалық мәслихатының шешімі бойынша осы қала бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шартына қосымшада көрсетілген санаттар бойынша белгіленеді.
11. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында ұйымның қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуі тиіс.
3-тарау. Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын
ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына
ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
12. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілік қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінім жолдайды.
13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ынталандырушы үстемеақылар төлеуге қаражаттың қосымша қажеттілігін қалалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
14. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде ұйым басшысы құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынуы (бұдан әрі – Ұсыну) негізінде қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
Ұйымның басшысы Ұсынуды қарау нәтижесінде оны тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі не лауазымдық айлықақыға ынталандырушы үстемеақыны белгілеуден бас тарту себептерін негіздеумен тіркеген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады.
Қызметкер шешім қабылданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.
15. Ұсынуда:
1) қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;
2) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
3) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;
4) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды, күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
5) ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
6) тәртіптік жазаның болмауы туралы мәлімет;
7) ынталандырушы үстемеақының мөлшері көрсетіледі.
16. 8-тармақта көрсетілген шарттар қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарына қосымша |
Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
"Коммунсервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің
лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар
Р/с № | Лауазымдардың толық жазылуы | Лауазымдық айлықақыға үстемеақы, % |
1 | 2 | 3 |
1 | Директор | 80 |
2 | Бас бухгалтер | 80 |
3 | Директордың орынбасары | 80 |
4 | Бухгалтер | 80 |
5 | Бухгалтер | 80 |
6 | Бухгалтер | 80 |
7 | Бухгалтер | 80 |
8 | Кадрлар жөніндегі инспектор | 80 |
9 | Заңгер | 80 |
10 | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман | 80 |
11 | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман | 80 |
12 | Сметашы | 80 |
13 | Іс жүргізу жөніндегі инспектор, сметашы | 50 |
14 | Компьютерлік техника операторы | 50 |
15 | Басшының хатшысы | 50 |
16 | Шаруашылық меңгерушісі | 50 |
17 | Қызметтік және өндірістік үй-жайларды тазалаушы | 50 |
18 | Аула тазалаушы | 40 |
19 | Күзетші | 40 |
20 | Қойма меңгерушісі | 100 |
21 | Инженер | 100 |
22 | Еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі инженер | 100 |
23 | Биодәретханаларды тазалаушы | 50 |
24 | Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі | 100 |
25 | Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі | 100 |
26 | Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі | 100 |
27 | Электрик | 100 |
28 | Электрик | 100 |
29 | Слесарь - сантехник | 100 |
30 | Слесарь - сантехник | 100 |
31 | Электр-газбен дәнекерлеуші | 100 |
32 | Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі | 100 |
33 | Жүргізуші | 100 |
34 | Жүргізуші | 100 |
35 | Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі | 100 |
36 | Машинист | 30 |
37 | Машинист | 30 |