Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-ш шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35–бабына және "Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ 2025 жылғы 03 желтоқсандағы № 175 бұйрығына сәйкес Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Копыченка ауылы, Луговая көшесі аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,00169 гектар жер учаскесіне БЖТҚ-1600/10/0,4 кВ жиынтық трансформаторлық қосалқы станциясын орналастыру үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Федоров ауданы әкімдігінің Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгіділеді.

      Б. Бакитжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады