Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 10 маусымдағы № 50 Бұйрықпен бекітілген |
Ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттар
Жіктеу факторлары | Өлшем бірлігі | Шекті мәндер | Көрсеткіштер (балл) | ||
1. Экономикалық блок (40 балл) | |||||
Жер ресурстары | Егістік, гектар | > 10 000 | 3 | ||
< 10 000 | (гектар/10000)*3 | ||||
Жайылымдар, гектар | > 10 000 | 3 | |||
< 10 000 | (гектар/10000)*3 | ||||
Шабындықтар, гектар | > 3 000 | 3 | |||
< 3 000 | (гектар/10000)*3 | ||||
Іскерлік белсенділік | Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны | >3 | 3 | ||
< 3 | (Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны/3)*3 | ||||
Ауыл шаруашылығы емес бизнестің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің саны | >3 | 3 | |||
<3 | (Ауыл шаруашылығы емес бизнестің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің саны/3)*3 | ||||
Өнеркәсіп өндірісінің (немесе ірі базалық кәсіпорынның) болуы | Бар | 3 | |||
Жоқ | 0 | ||||
Бағалау құны* | Мал басының жалпы құны, млн. теңге | 150 миллион теңгеден астам | 3 | ||
150 миллион теңгеден аз | (Бас саны * бір бастың бағасы) / 150 миллион теңге * 3 | ||||
Өнімнің жалпы құны, млн теңге | 240 миллион теңгеден астам | 2 | |||
240 миллион теңгеден аз | (Өнімнің көлемі * бір тоннаның бағасы) / 240 миллион теңге* 2 | ||||
Жалдамалы жұмыскерлер саны | Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы жалдамалы жұмыскерлер саны, адам | 50%-дан астам | 3 | ||
50%-дан астам | (Жалдамалы жұмыскерлер саны / Жұмыспен қамтылған халықтың саны) * 6 | ||||
Өткізу нарықтарынан қашықтық дәрежесі | Ауылдық елді мекендерден аудан орталығына, т/ж станциясына, жақын қалаға дейінгі ара қашықтық, километр | 20 км дейін | 4 | ||
20-80 км бастап | 2 | ||||
80 км астам | 0 | ||||
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту | Бар | 3 | |||
Жоқ | 0 | ||||
Халықтың шаруашылық әлеуеті (тауар массасы) | Халық шаруашылықтарының бір жылдағы ет өндірісі (тірі салмақта), тонна | 100 тоннадан астам | 3 | ||
100 тоннадан аз | 0 | ||||
Халық шаруашылықтарының ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинауы, центнер | 1000 центнерден астам | 3 | |||
1000 центнерден аз | 0 | ||||
2. Инфрақұрылымдық блок (30 балл) | |||||
Орталықтандырылған сумен жабдықтау | Халықтың жалпы санынан орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген халықтың үлесі, % | 90% астам | 6 | ||
90% аз | Үлес / 90% *6 | ||||
Облыстық және / немесе республикалық маңызы бар автомобиль жолына дейінгі ұзындық | Автомобиль жолына дейінгі қашықтық, километр | 20 километрден астам | 0 | ||
20 километрден аз | [1 - (Қашықтық / 20)] * 6 | ||||
Кентішілік жолдар | Кентішілік жолдармен қамтамасыз етілуі, километр / мың тұрғын | 4,5 километрден астам / мың тұрғын | 3 | ||
4,5 километрден аз /мың тұрғын | (жолдардың километрі / мың тұрғын) / 4,5 * 3 | ||||
Мектепке дейінгі мекемелер | Мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі, орын / мың тұрғын | 45-тен астаморын / мың тұрғын | 3 | ||
45-тен аз орын/мың тұрғын | (орын саны / мың тұрғын) / 45 * 3 | ||||
Мектеп мекемелері | Мектеп мекемелерімен қамтамасыз етілуі, орын / мың тұрғын | 130-дан астам орын / мың тұрғын | 3 | ||
130-дан аз орын/мың тұрғын | (орын саны / мың тұрғын) / 130 * 3 | ||||
Медициналық мекемелер | Медициналық мекемелермен қамтамасыз етілуі, орын / мың тұрғын | Стационарлық мекеме (ауруханалар) болған жағдайда | 4-тен артық төсек-орын / мың тұрғын | 3 | |
4 төсек-орыннан аз /мың тұрғын | (төсек-орын саны / мың тұрғын) / 4 * 3 | ||||
Амбулаторлық мекемелердің сыйымдылығы баламалы түрде қолданылады | 6 барудан астам / адам | 3 | |||
6 барудан аз / адам | (жылдық өткізу қабілеті / мың тұрғын) / 6 * 3 | ||||
Ұялы байланыс | Ұялы байланыстың болуы | Бар | 3 | ||
Жоқ | 0 | ||||
Интернетке кең жолақты қолжетімділік | Интернетке кең жолақты қолжетімділіктің болуы | Бар | 3 | ||
Жоқ | 0 | ||||
3. Демографиялық блок (25 балл) | |||||
Халық саны | Тұрғындар саны, адам | Халық тығыз қоныстанған облыстар | 7 200 адамнан астам | 10 | |
7 200 адамнан аз | Халық саны / 7 200 * 10 | ||||
Халық орташа қоныстанған өңірлер | 2 400 адамнан астам | 10 | |||
2 400 адамнан аз | Халық саны / 2 400 * 10 | ||||
Халықтың көші-қоны | Халық санының өсімі/халықтың кетуі, адам |
Бірінші бесжылдық кезең: | Бастапқы жылдан +20% астам | 6 | |
-20%-дан +20%-ға дейін | (Бесжылдық кезеңдегі халық санының өзгеруі пайызбен + 20%) / 40% * 6 | ||||
-20%-дан аз | 0 | ||||
Екінші бесжылдық кезең: бірінші бесжылдық кезеңге дейінгі 5 жылдағы халық динамикасы (4 балл) | Бастапқы жылдан +20%-дан астам | 4 | |||
-20%-дан +20%-ға дейін | (Бесжылдық кезеңдегі халық санының өзгеруі пайызбен + 20%) / 40% * 4 | ||||
-20% аз | 0 | ||||
Халықтың ұзақ мерзімді әлеуеті | Халықтың жалпы санындағы жастардың (15-34 жас) үлесі, % | 30% астам | 5 | ||
30% аз | (15-34 жастағы халық / Жалпы саны) / 30% * 5 | ||||
4. Геокеңістіктік блок (±5 балл) | |||||
Туристік аймақтар | Бағдарламалық құжаттарда көрсетілген туристік объектілерден қашықтық, километр | Республикалық деңгейдегі туристік объектілерден 30 километрден аз | 3 | ||
Өңірлік деңгейдегі туристік объектілерден 10 километрден аз | 2 | ||||
Экологиялық аймақтар | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше радиациялық қатер және экологиялық апат аймақтары шегінде орналасқан жер | -5 | |||
Шекара маңындағы ауылдық елді мекендер | Шекара маңындағы ауылдық елді мекендерінің тізімдері облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен қалыптастырылады және бекітіледі | ||||
Балдар | |||||
Даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендер | Халық тығыз қоныстанған облыстар | Халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек ауылдық елді мекендері | 60 балдан астам | ||
Халық орташа қоныстанған облыстар | Халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек ауылдық елді мекендері | 50 балдан астам | |||
Даму әлеуеті төмен ауылдық елді мекендер | халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің даму әлеулеті төмен ауылдық елді мекендері | 60 балдан аз | |||
халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің даму әлеулеті төмен ауылдық елді мекендері | 50 балдан аз |
* Осы фактордың көрсеткіштері бағалау көрсеткіштері болып табылады және мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының ақшалай мәндегі көлемін бағалауды, сондай-ақ жергілікті экономикаға мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытудағы ағымдағы экономикалық үлесті бағалауды айқындау үшін қолданылады. Жергілікті атқарушы органдардың деректері осы көрсеткіштердің көздері болып табылады
Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған осы өлшемшарттар олардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін есептеуге арналған.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің есеп-қисабы осы өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес түсіндірме бойынша жүзеге асырылады.
Ескертпе: / - бөлу белгісі, * - көбейту белгісі
Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарға қосымша |
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің есеп-қисабы бойынша түсіндірме
1. Ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - АЕМ) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттардың негізгі мақсаты кластерлер, сондай-ақ жақын жатқан (спутниктік) және шекара маңындағы ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ) шеңберінде қаралатын тірек ауылдық елді мекендерді айқындау болып табылады.
Тірек АЕМ – сол жерде тұратын халықты және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарын мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдар жасалатын, абаттандырылған ауылдық елді мекен.
Кластерлерді қалыптастыру бойынша қашықтық халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін 15 километрді (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғистау және Түркістан облыстары) және орташа қоныстанған өңірлер үшін 25 километрді (Абай, Жетiсу, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары) құрайды
2. Өлшемшарттар 27 жиынтық көрсеткішті қамтитын мынадай 4 блокқа: экономикалық, инфрақұрылымдық, демографиялық және геокеңістіктік болып бөлінеді.
3. АЕМ әлеуетін бағалау кезінде әлеуметтік-демографиялық дамудың басымдықтарын ескере отырып, көрсеткіштердің әрқайсысына балдардың жиынтық саны сомасында олардың маңыздылығын сипаттайтын салмақ белгіленді. Экономикалық блок көрсеткіштерінің салмағы ең көп – ең жоғары жиынтық балл 40, инфрақұрылымдық блоктың көрсеткіштері – 30 балл, демографиялық блоктың көрсеткіштері – 25 балл, геокеңістіктік блок – ± 5 балл.
Төменде келтірілген шекті мәндер халықаралық тәжірибеге (21 елдің көрсеткіштері талданды), елішілік көрсеткіштерге, республика бойынша орташа мәндердің есеп-қисаптарына сүйене отырып есептелді.
4. Қазақстан Республикасының АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне кешенді бағалау жүргізу үшін ақпарат көздері:
1) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері;
2) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат;
3) ведомстволық статистикалық байқаулардың деректері;
4) әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері болып табылады.
5. Экономикалық блоктың жіктеу факторлары:
1) жер ресурстары – 9 балл. АӨК дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктерді айқындайды. Бұл фактор үш санатқа бөлінеді:
а) егістік жерлер – 3 балл. Егіншілік дамуының мүмкіндіктерін айқындайды. Шекті мәндер ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданына қарай айқындалады.
Айқындаушы параметр ретінде шекті мәні 10 000 гектар ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы алынған. Ауыл шаруашылығы алқабының ауданы 10 000 гектардан асқан жағдайда ең жоғары балл беріледі.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (егістік жер ауданы, гектар/ 10000)*3.
б) жайылымдар – 3 балл. Айқындаушы параметр ретінде шекті мәні 10 000 гектар ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы алынған. Ауыл шаруашылығы алқабының ауданы 10 000 гектардан асқан жағдайда ең жоғары балл беріледі.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (жайылымдар ауданы, гектар / 10000)*3.
в) шабындықтар – 3 балл. Жоғары протеинді мал азығын алуды айқындайды, мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Айқындаушы параметр ретінде шекті мәні 3 000 гектар ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы алынған. Ауыл шаруашылығы алқабының ауданы 3 000 гектардан асқан жағдайда ең жоғары балл беріледі.
Ауылшаруашылығы алқаптары 3 000 гектардан аз болған кездегі жіктеу факторының есеп-қисабы: (шабындық жер ауданы, гектар/ 3000)*3.
2) іскерлік белсенділік – 9 балл. АЕМ экономикалық белсенділігі деңгейін айқындайды. Бұл фактор үш санатқа бөлінеді:
а) ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 3 балл. Айқындаушы параметр ретінде шекті мәні ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс істеп тұрған 3 бірлік шағын және орта бизнес субъектілерінің саны алынды. АЕМ-де ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 3 және одан астам болған кезде ең жоғары балл беріледі.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3 бірліктен кем болған кездегі жіктеу факторының есеп-қисабы: (ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны/3)*3.
б) ауыл шаруашылығы емес саладағы шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны – 3 балл. Айқындаушы параметр ретінде шекті мәні ауыл шаруашылығы емес саладағы жұмыс істеп тұрған 3 бірлік шағын және орта бизнес субъектілерінің саны алынды. АЕМ-де ауыл шаруашылығы емес саладағы 3 және одан да көп жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері болған кезде ең жоғары балл беріледі.
Ауыл шаруашылығы емес саладағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3 бірліктен кем болған кездегі жіктеу факторының есеп-қисабы: (ауыл шаруашылығы емес саладағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны/3)*3.
в) өнеркәсіп кәсіпорындарының (не ірі базалық кәсіпорынның) болуы – 3 балл. Бұл көрсеткіш АЕМ-де өнеркәсіптің не заңды тұлға (АҚ, ЖШС, ірі ШҚ және т.б.) нысанында тіркелген ірі (базалық) кәсіпорынның болуымен сипатталады, онда ауылдық елді мекен халқының едәуір немесе тіпті негізгі бөлігі жұмыс істейді, осыған байланысты ол халықтың жұмыспен қамтылуына айқындаушы түрде әсер етеді. Ірі (базалық) кәсіпорынның негізгі өлшемшарттарының бірі нақты ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысу болып табылады. Өнеркәсіп кәсіпорындары не ірі (базалық) кәсіпорындар бар АЕМ 3 баллмен, жоқ АЕМ – 0 балмен бағаланады;
3) бағалау құны – жиынтығы 6 балл.
Осы фактордың көрсеткіштері бағалау болып табылады және ақшалай мәндегі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы көлемін бағалауды, сондай-ақ мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытудағы жергілікті экономикаға ағымдағы экономикалық үлесті бағалауды айқындау үшін қолданылады. Жергілікті атқарушы органдардың деректері осы көрсеткіштердің көздері болып табылады.
Бұл фактор екі санатқа бөлінеді:
а) мал басының жалпы құны, миллион теңге – 3 балл. Малдың жекелеген түрлері құнының сомасы ретінде айқындалады. Малдың санын малдың әр түрі бойынша баға құраушыға көбейту арқылы есептеледі. Шекті мән – 150 миллион теңгеге тең. Ақпарат көзі – жергілікті атқарушы органдардың деректері.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (Мал басының саны*мал басының бағасы, миллион теңге / 150 миллион теңге)*3;
б) егіннің жалпы құны, миллион теңге – 3 балл. Ағымдағы жылғы егіннен алынған барлық ауыл шаруашылығы дақылдары құнының сомасы ретінде айқындалады. Өсімдік шаруашылығының ЖҚҚ өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндіруді өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі бойынша баға құрауышының бөлігіне заттай түрде көбейту жолымен есептеледі. Шекті мән – 240 миллион теңгеге тең. Ақпарат көзі – жергілікті атқарушы органдардың деректері.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (егін көлемі*бір тоннасының бағасы, миллион теңге / 240 миллион теңге)*3.
4) жалдамалы жұмыскерлер саны – 3 балл. Бағалау жалдамалы жұмыс істейтіндердің жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына қатынасына байланысты. Көрсеткіш 50%-дан астамға тең болған кезде ең жоғары балл беріледі.
Көрсеткіш 50%-дан азға тең болған кездегі жіктеу факторының есеп-қисабы: (жалдамалы жұмыскерлер саны / жұмыспен қамтылған халық саны) *6.
5) өткізу нарықтарынан қашықтық дәрежесі – 4 балл. АЕМ-нен аудан орталығына, темір жол станциясына, қалаға дейінгі ара қашықтықты өткізу нарықтарының қол жетімділігі көрсеткіші үшін негіз ретінде пайдалануға болады. Төменгі мән ретінде 20 километрге тең және кем, 4 балға бағаланған арақашықтық қабылданған. Қадамның мөлшері 60 км құрайды, ал көрсеткіштің ең төмен шекті мәні ретінде 80 километрге тең және одан артық арақашықтық қабылданған;
6) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту - 3 балл. Тиісті аумақта қосылған құнның өсу мүмкіндіктерін сипаттайды және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу объектілерінің болуымен айқындалады. Шекті мән АЕМ-де өнеркәсіп объектілерінің болуымен немесе болмауымен айқындалады (бар – 3 балл/жоқ-0 балл);
7) халық шаруашылықтарының әлеуеті (тауар массасы) – 6 балл. АЕМ-дегі жеке қосалқы шаруашылықтардың даму деңгейін сипаттайды.
Бұл фактор екі санатқа бөлінеді:
а) халық шаруашылықтарының бір жылдағы ет өндіруі (тірі салмақта), тонна – 3 балл. Халық шаруашылықтарында сойылған немесе тірі салмақта союға өткізілген мал мен құстың негізгі түрлерінің жалпы салмағының ай сайынғы көлемінің сомасы ретінде айқындалады.
Шекті мән союға өткізілген мал мен құстың жекелеген түрінің жылдық көлеміне байланысты айқындалады және бір АЕМ-де 0-ден 100 тоннаға дейін және одан да көп өзгереді.
б) халық шаруашылықтарының ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинауы, центнер – 3 балл. Халық шаруашылықтарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру туралы деректері заттай түрде пайдаланылады.
Шекті мән халықтың шаруашылықтарының өсімдік шаруашылығы өнімінің жекелеген түрінің жылдық көлеміне байланысты айқындалады және бір АЕМ-де 0-ден 10000 және одан астам центнерге дейін өзгереді.
6. Инфрақұрылымдық блоктың жіктеу факторлары:
1) орталықтандырылған сумен жабдықтау – 6 балл. Балдар шекті мәні ~90% қамтамасыз етілуді негізге ала отырып, халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу үлесі бойынша беріледі.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген халық саны / халықтың жалпы саны) * 6;
2) облыстық және/немесе республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына дейінгі ұзындық – 6 балл. Айқындаушы параметр ретінде шекті мәні 20 километр жақын облыстық және/немесе республикалық маңызы бар автомобиль жолына дейінгі қашықтық алынды. Ең жоғары балл АЕМ автомобиль жолының бойында орналасқан кезде беріледі - 0 километр.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (1-(трассаға дейінгі қашықтық, км / 20))*6;
3) кентішілік жолдар – 3 балл. Шекті мәні 4,5 километр / мың тұрғын болатын қатты жабынды кентішілік жолдармен қамтамасыз етілу. Ең жоғары балл нақты көрсеткіш 4,5 километр / мыңнан тұрғыннан артық болған кезде беріледі.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (қатты жабынды жолдардың ұзындығы, километр / халық саны) / 4,5*3;
4) мектепке дейінгі мекемелер – 3 балл. Шекті мәні 45 орын/мың тұрғын болатын халықтың мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі (100%-ға дейін).
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (мектепке дейінгі мекемелердің сыйымдылығы / халық саны) / 45 * 3;
5) мектеп мекемелері – 3 балл. Шекті мәні 130 орын / мың тұрғын болатын халықтың мектеп мекемелерімен қамтамасыз етілуі (100% - ға дейін).
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (мектеп мекемелерінің сыйымдылығы/халық саны) / 130*3;
6) медициналық мекемелер – 3 балл. Халықты стационарлық қызмет көрсету мекемелері үшін (аурухана) шекті мәні 6 төсек-орын / мың тұрғын (100% дейін) және амбулаторлық қызмет көрсететін мекемелер үшін (емханалар, алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталықтары, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт) 6 бару/ адам болатын медициналық мекемелермен қамтамасыз ету.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (төсек-орын саны немесе медициналық мекеменің өткізу қабілеттілігі / халық саны) / 4 (немесе 6)*3;
7) ұялы байланыс – 3 балл. Шекті мән АЕМ-де ұялы байланыстың болуымен немесе болмауымен айқындалады (бар – 3 балл/жоқ – 0 балл);
8) интернетке кең жолақты қолжетімділік (бұдан әрі – КЖҚ) – 3 балл. Интернетке КЖҚ болуына қарай (бар – 3 балл/жоқ – 0 балл).
7. Демографиялық блоктың жіктеу факторлары:
1) халық саны – 10 балл. Есеп-қисап ретінде өңірлік демографиялық шектердің (бұдан әрі – ӨДШ) халқының санына қарай айқындалған 4-ке тең түзету коэффициенті алынды.
ӨДШ АЕМ халқының санын облыстар бойынша бөлудің орташа мәні (медианы) негізінде айқындалған және мынадай екі санатқа бөлінеді:
а) халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін – 1 800 адам/АЕМ;
б) халық орташа қоныстанған өңірлер үшін – 600 адам/АЕМ.
Жіктеу факторының есеп-қисабыі: халықтың ағымдағы саны/ (ӨДШ*4)*10 (ең жоғары мән 10 балл болған кезде).
Бұл ретте, "ӨДШ*4" өрнегінің мынаған тең тіркелген мәні болады:
халық тығыз қоныстанған өңірлер үшін – 7 200 адам (1 800 адам/ АЕМ*4);
халық орташа қоныстанған өңірлер үшін – 2 400 адам (600 адам/АЕМ*4);
2) халықтың көші-қоны – 10 балл. Бұл көрсеткіш екі шекті мәнге бөлінеді:
бірінші бесжылдық кезең (мысалы 2019-2023 жылдары) –- есепті жылға дейінгі соңғы 5 жылдағы халық серпіні – 6 балл, шекті мәндерді негізге ала отырып ± 20% құрайды;
екінші бесжылдық кезең (мысалы 2014-2018 жылдары) – бірінші бесжылдық кезеңге дейінгі 5 жылдағы халық серпіні – 4 балл, шекті мәндерді негізге ала отырып ± 20% құрайды.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: балл саны * (Бесжылдық кезеңдегі халық санының өзгеруі пайызбен + 20%) / 40% *;
3) халықтың ұзақ мерзімді әлеуеті – 5 балл. Бұл көрсеткіш халықтың жалпы санындағы жас (15-34 жас) халықтың үлесінен көрінеді. Шекті мән 30%-ға тең.
Жіктеу факторының есеп-қисабы: (15-34 жастағы халық саны / халықтың жалпы саны) / 30%*5.
8. Геокеңістіктік блок:
1) туристік аймақтар – қосымша +5 (немесе +3) балл. Туристификация картасының республикалық және өнірлік деңгейдегі объектілерінің тізбесінде көрсетілген туристік объектілерден қашықтық.
Республикалық деңгейдегі туристік объектілерден 30 километрден жақын орналасқан АЕМ – 3 балл.
Өңірлік деңгейдегі туристік объектілерден 10 километрден жақын орналасқан АЕМ – 2 балл;
2) экологиялық аймақтар – (-5) балл. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы және "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес төтенше радиациялық қатер және экологиялық апат аймақтарында орналасқан АЕМ;
3) шекара маңындағы АЕМ стратегиялық маңыздылығына, сауда-экономикалық өзара іс-қимылға және басқа да факторларға сүйене отырып, облыстар әкімдіктерінің қаулыларымен айқындалып, бекітіледі.
9. Жиынтық балдар сомасы негізінде АЕМ топтастырылады және мынадай санаттарға бөлінеді:
1) даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ:
Халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек АЕМ – 60 балдан бастап;
Халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің тірек АЕМ – 50 балдан бастап;
2) даму әлеуеті төмен АЕМ:
халық тығыз қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің АЕМ – 60 балдан аз;
халық орташа қоныстанған өңірлердегі ауылдық кластерлердің АЕМ – 50 балдан аз.