БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері
№ | Жабайы хайуанның атауы | Зиянды өтеу ставкасының мөлшері айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін) |
1 | 2 | 3 |
Жердегі сүт қоректілер | ||
1 | Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы) | 1500 |
2 | Ілбіс* | 2000 |
3 | Борсық | 10 |
4 | Тиін | 5 |
5 | Құндыз | 15 |
6 | Қызыл қасқыр* | 600 |
7 | Орта азия кәмшаты* | 400 |
8 | Терістік кәмшаты | 10 |
9 | Сусары | 10 |
10 | Қабылан* | 2000 |
11 | Ақкіс | 10 |
12 | Қарақұйрық* | 400 |
13 | Үнді жайрасы* | 200 |
14 | Қара кірпі | 5 |
15 | Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян) | 5 |
16 | Доңыз | 250 |
17 | Құдыр | 250 |
18 | Қарақал* | 600 |
19 | Құндыз жарғанаты | 100 |
20 | Сібір тау текесі | 250 |
21 | Сасық күзен | 10 |
22 | Қарсақ | 5 |
23 | Елік | 250 |
24 | Шағыл мысығы* | 200 |
25 | Ала аяқ мәлін | 5 |
26 | Түрікмен құланы* | 2000 |
27 | Ақтөс* және орман* сусарысы | 200 |
28 | Ақ құлақ | 10 |
29 | Түлкі | 5 |
30 | Бұлан | 500 |
31 | Сабаншы* | 300 |
32 | Қоңыр аю | 200 |
33 | Тян-шань қоңыр аюы* | 700 |
34 | Балжегіш аю* | 600 |
35 | Американ күзені | 10 |
36 | Еуропа күзені* | 600 |
37 | Теңбіл бұғы* | 700 |
38 | Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы) | 200 |
39 | Су тышқан | 5 |
40 | Шұбар күзен* | 200 |
41 | Ала жертесер | 5 |
42 | Құну | 100 |
43 | Түркістан сілеусіні* | 200 |
44 | Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа) | 20 |
45 | Жолман* | 200 |
46 | Серке киік | 500 |
47 | Ұрғашы киік, төлі | 350 |
48 | Бүрме ерінді жарқанат* | 200 |
49 | Үлкен көртышқан* | 200 |
50 | Жанат текті ит | 10 |
51 | Бұлғын | 40 |
52 | Саршұнақ | 5 |
53 | Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр) | 10 |
54 | Мензбир суыры* | 400 |
55 | Балпақ-зорман | 5 |
56 | Сасық күзен | 5 |
57 | Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері | 100 |
58 | Сүтқоректілердің басқа да түрлері | 5 |
Құстар | ||
59 | Қара ләйлек* | 200 |
60 | Үлкен, кіші суқұзғын | 1 |
61 | Ителгі* | 700 |
62 | Бүркіт* | 400 |
63 | Сақалтай* | 400 |
64 | Тарбақ шырғалақ* | 200 |
65 | Тарбақ (үлкен және кіші) | 5 |
66 | Үлкен және кіші әупілдек | 5 |
67 | Қызыл және қара мамыққаз | 10 |
68 | Саңырау құр | 10 |
69 | Құр | 5 |
70 | Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген) | 10 |
71 | Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі) | 5 |
72 | Қутұмсық қаз* | 600 |
73 | Тұрымтай | 5 |
74 | Жек дуадақ* | 700 |
75 | Дуадақ* | 700 |
76 | Ақбас тырна* | 100 |
77 | Сұр тырна* | 200 |
78 | Жыланжегіш қыран* | 400 |
79 | Қызыл жемсаулы қараша қаз* | 200 |
80 | Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ қысқы, жамансары) | 10 |
81 | Қарабай* | 100 |
82 | Бақылдауық | 5 |
83 | Кекілік | 5 |
84 | Қалбағай* | 200 |
85 | Сұнқар* | 200 |
86 | Тарғақ* | 400 |
87 | Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)* | 200 |
88 | Шалшықшы (ірі және орта) | 5 |
89 | Құмай* | 100 |
90 | Шіл | 5 |
91 | Сұңқылдақ аққу*, кішісі* | 400 |
92 | Сыбырлақ аққу | 50 |
93 | Құладын (батпақ құладынынан басқасы) | 5 |
94 | Қасқалдақ | 5 |
95 | Шыбыншы торғай* | 100 |
96 | Бақалтақ қыран* | 100 |
97 | Дала қыраны | 20 |
98 | Жыртқыш қыран | 20 |
99 | Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт* | 400 |
100 | Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан* | 400 |
101 | Бөдене | 5 |
102 | Ақ құйрық қызғыш* | 200 |
103 | Сұқсыр | 5 |
104 | Шаңқылдақ қыран | 10 |
105 | Көкқұс* | 100 |
106 | Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық* | 200 |
107 | Қарабауыр шіл | 5 |
108 | Убақ* | 100 |
109 | Лашын* | 600 |
110 | Балықшы тұйғын* | 600 |
111 | Жапалақ, байғыз (үкіден басқа) | 5 |
112 | Ақ тырна* | 700 |
113 | Алтай ұлары* | 200 |
114 | Гималай ұлары | 10 |
115 |
Үйректер (Жануарлардың сирек кездесетiн және | 5 |
116 | Қырғауыл | 5 |
117 | Үкі* | 200 |
118 | Қоқиқаз* | 400 |
119 | Дара шағала* | 200 |
120 | Бидайық* | 700 |
121 | Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген құстардың басқа да түрлері | 100 |
122 | Басқа да құс түрлері | 5 |
Бауырымен жорғалаушылар | ||
123 | Сұр кесіртке | 20 |
124 | Сары қыран кесіртке | 1 |
125 | Шұбар батбат | 1 |
126 | Сары қыран әбжылан | 1 |
127 | Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және төртжолақтылар) | 1 |
128 | Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар | 1 |
129 | Улы сұр жыландар | 1 |
130 | Қалқантұмсық жылан | 2 |
131 | Тасбақалар | 2 |
132 | Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері | 1 |
Қос мекенділер | ||
133 | Жетісу бақатісі | 100 |
134 | Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да түрлері | 1 |
Жәндіктер | ||
135 | Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген қоңыздар мен көбелектер | 3 |
136 | Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа қоңыздар мен көбелектер | 0,5 |
137 | Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жарғаққанаттылар | 3 |
138 | Жабайы аралар (ұясы үшін) | 0,5 |
139 | Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да түрлері | 0,5 |
Өрмекші тектілер | ||
140 | Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері | 0,2 |
Ескертпелер:
*1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген түрлерге жататын жануарлар, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының ұрығы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) бекітілген Дериваттар тізбесіне сәйкес, әрбір заңсыз алынған немесе сатып алынған дериват үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.
2. Басқа жануарлар түрлері:
Заңсыз алынған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен бекітілген дериваттар тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 тіркелген), осы жануар түрінің ересек дарасы (еркегі немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі.
3. Iрi мөлшер – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні.
4. Аса ірі мөлшер – экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні.