2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 116 қаулысы

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2025 жылға Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қостанай облысы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а Е. Алматов

  Жангелдин ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "24" қараша
  № 116 қаулысына
  қосымша

2025 жылға Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Түрі

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

1

Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ

Үйде

44254,63

2107,36

      Ескерту:

      КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады