Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10355-10 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11-жолдармен толықтырылсын:
"
7 | Кардиология (ересектер, балалар) |
8 | Акушер ісі және гинекология (ересектер, балалар) |
9 | Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
10 | Педиатрия |
11 | Онкология (ересектер) |
".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |