"Қазақстан Республикасының Су Кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8356-11 болып тіркелген);
2) "Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8548-11 болып тіркелген).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы "3" қыркүйектегі № 173 қаулысына қосымша |
Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар
№ |
Су объектісінің | Көпшілік демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар | Орналасқан елді мекеннің атауы | Орналасқан жері (координаттары) |
1. | Жібек жолы каналы | "Сыр самалы" демалыс аймағы | Қызылорда қаласы | 44°48'34.34"C 65°30'59.12"B |
2. | Сырдария өзені | "Сыр толқыны" демалыс аймағы | Қызылорда қаласы | 44°45'16.64"C 65°32'25.42"B |
3. |
Эдельвейс | "Эдельвейс" демалыс аймағы | Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті |
44°46'40.0" N |
4. | Қамбаш көлі | "Аққұмшық" демалыс аймағы | Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі | 46°12'41.5"N 61°55'49.0"E |
5. | Сырдария өзені | "Мұратбаев" демалыс аймағы | Қармақшы ауданы, Жосалы кенті | 45°28'32.3"N 64°04'54.0"E |
6. | Қаншиелі көлі | "Асар" демалыс аймағы | Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округі | 45°00'36.5"N 64°33'37.8"E |
7. | Сырдария өзені | "Қалғандария" демалыс аймағы | Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті | 45°01'34.5"N 64°59'05.0"E |
8. | Ханқожа көлі | "Бәйгеқұм" демалыс аймағы | Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округі | 44°17'39.68"N 66°30'51.01"E |
44°17'47.72"N 66°27'55.55"E | ||||
9. | Борықты көлі | "Борықты" демалыс аймағы | Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті | 43°52'59.6154"N 67°14'18.6800"E; 43°52'58.4123"N 67°14'19.3443"E; 43°52'57.8116"N 67°14'17.2648"E; 43°52'59.0150"N 67°14'16.6004"E |